Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
задания СРСП каз Алия Сатаева .doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
173.06 Кб
Скачать

50Мың км. Қашықтықты жүріп өткен автотүсіргінің қалдық құнын анықтау керек.

Есеп 12

Экскаватордың бір күрделі жөндеу құны 760 мың теңге. Нормативті қызмет көрсету мерзімі 12 жыл. Жөндеу аралық цикл ұзақтығы 4 жыл. Экскаватордың қызмет көрсету мерзіміндегі күрделі жөндеулердің құнын анықтау керек.

Тақырып: Айналым қорлары

Есеп 1

Кәсіпорынның айналым қоры 1287 млн. теңгені құрайды, оның ішінде (млн. теңгемен алғанда): шикізат, негізгі материалдар және және сатып алынған жартылай дайын өнім – 32,6, қосалқы материалдар – 206,2, отын – 3,85, тара – 2,59, қосалқы бөлшектер – 46,7, аз құнды және жылдам тозатын құралдар – 176,4, бітпеген өндіріс – 23,8, болашақ кезеңдегі шығындар – 270,5, дайын өнім – 182,6, тиелген тауар – 166,3, есептеудегі құралдар – 32,1, қаржы – 20,7, басқалары – 122,66.

Айналым қорларының құрылымын анықтау керек, оның ішінде өндіріс және айналым саласындағы мөлшерленетін және мөлшерленбейтін қор құрылымын жеке анықтау.

Есеп 2

Разрезде жоспар бойынша маусымдарға бөліп бір жыл ішінде 13,5 млн. т. тау-кен массасын алу қарастырылған: 1 маусым – 3; 2 маусым – 3,2; 3 маусым – 3,5; 4 маусым – 3,8 млн. т., 1т. ВВ кететін меншікті шығын орта есеппен 0,25кг. құрайды.Жеткізулер арасындағы орта ара қашықтық 15 күн. Шығу бекетінен баратын бекетке дейін ВВ тасымалдау 7күн, тиелген жүктің есеп құжаттарын ВВ разрезіне жеткізу және оларды төлеу 4 күн, ВВ сақтандыру қоры 3күн. ВВ 1кг. массасының құны 35 0 теңге. ВВ нормативті қорын құруға арналған разрездің айналым қорларының нормативін анықтау керек.

Есеп 3

Келесі көрсеткіштер бойынша маусымға арналған материалдар бойынша айналым қорларының нормативін анықтаңыз:

Маиериал атауы

Жоспарлы материал шығыны, мың теңге

Ұзақтығы, күндер

Айналым қорларының нормасы, күндер

Қабылдау тиеу

іріктеу

жинау

Өндіріске дайындау

Ағымдағы қор

Кепілдік қор

Жолда

А

100

1

3

20

10

3,2

37,2

Б

200

1

-

7

-

1

9

В

600

2

2

30

2

15

51

Есеп 4

Карьердің жоспарлы өндіріс қуаты 15500 мың т. шикі кен болып бекітілген. Карьердің жұмыс істеу тәртібі үзілісті бір күн демалыспен.

Тауарлық кеннің қор нормасы 5 күн.

1т. тауарлық кен өндіру үшін 1,5т. шикі кен жұмсалады.

1т. тауарлық кеннің өзіндік құны 3 840 теңге.

Дайын өнім бойынша нормативті анықтау керек.

Есеп 5

Арнаулы жұмыс киімі бойынша нормативті анықтау керек. Арнаулы жұмыс киімі тегін берілетін шахтадағы жұмыскерлер саны 857. Арнаулы жұмыс киімінің бі жиынтығының құны 13800теңге. Қор нормасы 6 ай.

Есеп 6

Арнаулы жұмыс киімі бойынша нормативті анықтау керек. Тау-кен кәсіпорнындағы жұмыскерлер саны 1120 адам. Бір жұмыскерге арнаулы жұмыс киімінің жылдық шығыны 16700 теңге.

Есеп 7

Бірінші маусымда серіктестік 18 374,2 мың теңге құнындағы өнімді жүзеге асырды. Айналым қорларының орташа қалдық құны: қаңтарда 1811,25 теңге, ақпанда 1825,25 теңге, наурызда 1824,71 теңге. Айналым коэффициентін және айналым ұзақтығын анықтаңыз.

Есеп 8

Тау-кен кәсіпорнының айналым қорларының қалдығы 1496 мың теңгені құрайды. Айналым ұзақтығы 24 күн. Айналым коэффициентін және өнім шығару көлемін анықтау керек.

Есеп 9

Жоспар бойынша шахтада 1500 мың теңге табу қарастырылған. Бір тонна көмірдің өзіндік құны 2960 теңге.бір тонна көмірге ВВ меншікті шығыны 0125кг, орман материалдары 13,5 м3 1000тоннаға, отынға көмір шығыны бір жылда 18 мың т., бөлшек шығыны 107 мың теңге.Бі жұмыскерге аз бағаланатын құрал 13800 теңге. ВВ жеткізудің орташа интервалы 10күн, орман материалдарына 15 күн. ВВ сақтандыру қоры 6 күн, орман материалдарыныкі 10күн. Қосалқы бөлшектердің қор нормасы 120 күн, дайын өнім 5 күн, отын 3 күн. Шахтадағы жұмыскерлер саны 986 адам. Бір кг. ВВ құны 350 теңге, 1м3 орман материалдарының құны 7600теңге. Шахта бойынша айналым қорларының нормативін анықтаңыз.

Есеп 10

Тау-кен кәсіпорнының айналым қорларының қалдығы 1496 мың теңгені құрайды. Айналым қорларының бір айналымының орташа ұзақтығы 24 күн. Айналым коэффициентін және Шығарылған өнім көлемін анықтаңыз.

Есеп 11

Кәсіпорын бір жыл ішінде шығарған өнімінің көлемі 6357 мың теңгені құрады. Айналым қорларының бір айналымының орташа ұзақтығы 22 күн. Айналым қорларының қалдығын және айналым коэффициентін анықтаңыз.

Тақырып: Қызметкерлер және еңбек өнімділігі

Есеп 1

1 қазанда тізім бойынша кәсіпорындағы жұмыскерлер саны 800 адамды құрады, 13 қазанда 8 адам әскерге шақыртылды, 18 қазанда 10 адам қабылданды, 22 қазанда 7 адам өз еркімен жұмыстан шықты. Қазан айы бойынша жұмыскерлердің орташа тізімдік санын, 1 қарашаға жұмыскерлер санын және жұмыс күшінің тұрақсыздық коэффициентін анықтаңыз.

Есеп 2

Маусымдық кәсіпорын жұмысын 17 мамырдан бастады. Тізім бойынша жұмыскерлер саны (адам): 17мамырда – 300, 18 мамырда – 330, 19 мамырда – 350, 20 мамырда – 360, 21-31 мамыр аралығында – 380, 1 маусым мен 31 желтоқсан аралығында – 400. Мамырдағы, 2,3,4 маусымдағы және жыл бойындағы орташа тізімдік жұмыскерлер санын анықтаңыз.

Есеп 3

Цехта 50 станок орнатылған, жұмыс тәртібі 3 кезекті, қызмет көрсету нормасы – бір жөндеушіге 10 станок. Жоспарланатын жұмысқа шықпай қалу 10% құрайды.

Жөндеушілердің келу және тізімдік санын анықтаңыз.

Есеп 4

Ақпан, наурыз, 1 маусымдағы жұмыскерлердің орташа тізімдік санын анықтаңыз. 100 жұмыскері бар кәсіпорын жұмысын 1 ақпанда бастады және 15 наурызда жойылды.

Есеп 5

Тара бойынша айналым қорларының нормативін анықтаңыз, егерде бір тәулік ішінде шахтаға келген тара құны 16570 теңгені құрады.

Есеп 6

30 сағаттық жұмыс аптасы бекітілген жер асты жұмыскерлері үшін тізімдік құрам коэффициентін анықтаңыз. Кезекті демалыс ұзақтығы 26 жұмыс күні. Шахта үзілісті жұмыс тәртібінде бір демалыс күнімен жұмыс істейді.

Есеп 7

Шикі кен өндіретін темір кен кәсіпорнындағы жұмыскерлердің жылдық орташа еңбек өнімділігі 5590т. Шикі кеннің жылдық өндірісі 496,7 млн.т. құрады. Тізімдік құрам коэффициенті – 1,4.

Темір кен кәсіпорнындағы жұмыскерлердің келу және тізімдік құрамын анықтаңыз.

Есеп 8

Шахта бойынша көмір өндірудің жылдық көлемі 1200мың т. Жұмыс 305 күн шамасында жүзеге асырылды. Жалпы шахта бойынша жұмыскерлердің ауысымдық еңбек өнімділігі 4,6т. Шахта жұмыскерлерінің келу құрамын анықтаңыз.

Есеп 9

Карьеь бір күн демалыспен жылдық үзілісті тәртіппен жұмыс істейді. Қыркүйекті жұмыскерлер саны мынадай: 1 қыркүйекте -720,2,3-718,5-719,6,7,-721,8,9,10-723,12-722,13,14,15-724,16,17-725,19,20,21,22-726,23,24-725,26,27,28-727,29 және 30-726. Айдың қалған күндері демалыс. Қыркүйек айындағы карьердегі жұмыскерлердің орташа тәуліктік санын анықтаңыз.

Есеп 10

Кеніштегі жылдық кен өндіру көлемі 2,4 млн. т. Бір тоннаның құны 4400, жұмыскерлер саны 1846адам. Барлық жұмыскерлердің жұмысқа шығуының орташа айлық саны 41535. Натуралды және құндық түрдегі айлық және ауысымдық еңбек өнімділігін анықтаңыз.

Есеп 11

Демалыс (негізгі және қосымша) ұзақтығы 21 жұмыс күніне тең, шахта бетінде жұмыс істейтін жұмыскерлердің тізімдік құрам коэффициентін анықтаңыз. Шахта және жұмыскерлер аптасына бір күн демалыспен үзілісті жұмыс тәртібімен жұмыс жасайды.

Есеп 12

Демалыс (негізгі және қосымша) ұзақтығы 30 жұмыс күніне тең, жер астында жұмыс істейтін жұмыскерлердің тізімдік құрам коэффициентін анықтаңыз. Жұмыскерлер үшін жұмыс аптасы 30сағат, ауысым ұзақтығы 6 сағат болып бекітілген. Шахта аптасына бір күн демалыспен үзілісті жұмыс тәртібімен жұмыс жасайды.

Есеп 13

Шахтаның үзіліссіз үрдістерінде(вентиляция, су төкпе, оқпан бойымен адамдарды көтеру және түсіру) жұмыс жасайтын жұмыскерлердің тізімдік құрам коэффициентін анықтаңыз. Жұмыскерлер аптасына екі күн демалыспен демалыспен үзілісті жұмыс тәртібімен жұмыс жасайды.Жұмыскерлердің кезекті демалысының орташа ұзақтығы 23 күн.

Есеп 14

Егер тазалау кенжары бойынша көмір өндіру 600т/тәулік, ал өндірудің кешенді нормасы – 12т/адам-ауысым болса, жұмыскерлердің өндіру нормасын орындау коэффициентін және тазалау кенжары жұмыскерлерінің келу санын анықтаңыз.

Есеп 15

Егер тазалау кенжары бойынша көмір өндіру 900т/тәулік, бір жұмыскердің ауысымдық өндіру нормасы 18 т. құрайды, өндіру нормасын орындау коэффициенті 1,15 болса, көмір өндіру бойынша кешендік бригада жұмыскерлерінің келу және тізімдік құрамын анықтаңыз. Бір жыл ішіндегі кенжар жұмысының күні – 305, ал жұмыскердікі – 222.

Есеп 16

Шахта жұмыскерлерінің тізімдік құрамын анықтаңыз, егерде келу құрамы мынадай болса: жұмыскерлер – 1230 адам, қызметкерлер – 42 адам, мамандар – 98 адам (оның ішінде тау-кен шебері – 37 адам), кіші қызмет көрсетушілер – 35 адам, оқушылар – 15 адам. Тізімдік құрам коэффициенті 1,35.

Есеп 17

Егерде жұмыстағы тізім 245 адам болып бекітілсе, жұмыскердің бір жылдағы демалыс күні 104 болса, көмір байыту фабрикасы жұмыскерлерінің тізімдік құрамын есептеңіз. Кезекті демалыстың орташа ұзақтығы 23 күн. Байыту фабрикасы үзілісті жұмыс тәртібімен жұмыс жасайды – аптасына 6 күн.

Есеп 18

Кәсіпорын өз жұмысын 1-ақпаннан бастады.Ақпанда жұмыскерлердің орташа тізімдік құрамы 820, наурызда 800 адамды құрады, кейіннен кәсіпорынды таратып жіберді.