Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
050709 Спецкурс по инф- каз.doc
Скачиваний:
27
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
406.53 Кб
Скачать

Сдж арналған бақылау тапсырмалары

1. Функционалдық математикалық үлгілер мысалдарын дайындау.

2. Құюда физикалық үлгілеу пайдалануды айту.

3. Конструкторлық АЖЖ-нің ақпараттық қамтамасыздандыруының функцияларын баяндау.

5-тақырып Компьютерлік графиканың жүйелері, әр түрлері, қолдану салалары. Конструкторлық құжаттар дайындауды автоматтандыру

Дәрістер жоспары

1. Деректерді графикалық көрсету негіздері. Растрлік және векторлық графика.

2. Графиканың екі өлшемдік және үш өлшемдік жүйелері, қатты денелі үлгілеу: AutoCAD, T-FLEX, CATIA, КОМПАС, Cimatron, SolidWorks, Autodesk Invertor т.б.

3. Компьютерлік графиканың объектті бағытталған жүйелері.

4. Қері (реверсив) инжиниринг жүйелері.

КОМПАС-3D V8 жүйесі үш өлшемдік параметрлік жобалаудың классикалық процесін – идеядан ассоциациялық көлемдік үлгіге, үлгіден конструкторлық құжаттарға – іске асыруға мүмкіншілік береді.

КОМПАС-3D негізгі компоненттері – үш өлшемдік қатты денелі үлгілеу жүйесі, сызба-графикалық редактор және спецификациялар жобалау модулі. Олар оңай меңгеріледі, орыс тіліндегі интерфейс пен анықтамалық жүйеге ие.

Өндірісті конструкторлық-технологиялық дайындауды оңтайлы ету есептерін шешетін CAD/CAM/CAE/PDM корпоратив кешендері құрамында жұмыс істеп, КОМПАС-3D электрондық архивті жүргізетін және деректі басқаратын ЛОЦМАН:РLМ жүйесімен (немесе тапсырма беруші қолданатын басқа PDM-жүйелерімен) және деректердің бірыңғай базаларымен әрекеттеседі. Онымен қатар КОМПАС-3D және КОМПАС-график жұмыс орнын автоматтандыруға ең орынды тандауы болып табылады, өйткені оның “құны-функционалдығы” көрсеткіштері ең жақсы.

КОМПАС-3D жүйесі жеке бөлшектер мен түпнұскалық және стандартталған конструкциялық элементтері бар құрастыру бірліктерінің үш өлшемдік ассоциациялық үлгілер құруға арналады. Параметрлік технология бір рет жобаланған прототип негізінде типтік бұйымдар үлгілерін тез алуға мүмкіндік туғызады.

КОМПАС-3D негізгі өзгешелігі АСКОН мамандарымен дайындалған өз математикалық ядросы мен параметрлік технологияларын пайдалануы.

Жүйемен шешілетін негізгі есеп – жобалау мерзімін бырталай қысқыртып өндіріске ең тез кіргізу мақсатымен бұйымдарды үлгілеу. Бұл мақсаттар келесі мүмкіншіліктер арқасында алынады:

– бұйым шығаруға қажетті конструкторлық және технологиялық құжаттарды (құрастыру сызбаларын, спецификацияларды, бөлшектеулерді) тез алу;

– бұйым геометриясын есептеуіш пакеттерге беру;

– бұйым геометриясын СББмен құрал-жабдықтардың басқару бағдарламаларын дайындайтын пакеттерге беру;

– бұйымның қосымша кескіндерін жасау, мысалы, каталогтар құрастыру, техникалық құжаттарға иллюстрациялар құру үшін т.б.

Үлгілер импорттау-экспорттау құралдары (КОМПАС-ЗD IGES, SAT, XT, STEP, VRML форматтарды ұстап тұрады) түрлі CAD/CAM/CAE жүйелерімен жабдықталған кешендер жұмысын қамтамасыз етеді.

КОМПАС-ЗD жүйеде өнімдер үлгілеуді түрлі әдістермен жүргізуге болады: “астынан үстіне қарай” (дайын компоненттерді пайдаланып), “үстінен астына қарай” (конструкция құрамында компоненттерді жобалап отырып), ұйымдастыру эскизге (мысалы, кинематикалық эскизге) тіреліп немесе құрама тәсілмен. Бұндай идеология жеңіл түрлендіріленетін ассоциациялық үлгілер алуды қамтамасыз етеді.

Жобалармен жұмыс істеу үшін жүйе құрамында бірнеше мың бөлшектер мен стандартты бұйымдар бар күшті функционалмен жабдықталған. Ол орташа деңгейлі АЖЖ үшін стандарт болып қалған үш өлшемдік қатты денелі үлгілеудің барлық мүмкіншіліктерді ұстап тұрады:

– типтік қалыптастыру элементтермен бульдің операциялары;

– беттер құрастыру;

– элементтер параметлерін ассоциациялық беру;

– қосымша түзулер мен беттерді, эскиздерді, кеңістік қисық сызықтарды (сынық, сплайндарды, түрлі спиралдерді) құру;

– конструкциялық элементтерді – фаскаларды, дөңғалануларды, тесіктерді, қатаңдық қабырғаларын, жұқа қабырғалы қабыршақтарды – жасау;

– құю қалыптарын істеуді жеңілдететін өзгеше мүмкіншіліктері: құю еністері, ажырау сызықтары, бөлшек пішіні бойынша қуыстары (оның ішінде шөгуді ескере отыратын);

– темір табақ материалдан бөлшектер үлгілеу үшін функционал – темір табақ дене жасау, темір табақ денеде июлер, тесіктер, жалюзи, буртиктер, ойықтар істеу, бұрыштарды тұйықтау, сондай-ақ алынған темір табақ дененің жазбасын құру (оның арасында жазбаның ассоциациялық сызбасын қалыптастыру);

– құрастырулардың (сборки) қалыптастыру элементтері мен компоненттерінің кез келген массивтерін құру;

– үлгіге кітапханадан стандартты бұйымдар енгізу, пайдаланушының үлгілер кітапханасын қалыптастыру;

– құрастырудың контекстінде компоненттерді үлгілеу, құрастырудың құрамындағы бөлшектерді өзара анықтау;

– құрастырудың компонеттеріне жанасуларды салу (бұл кезде жанасуларды автоматты түрде салу мүмкіншілігі құрастыруды жасау жылдамдығын талай көбейтеді);

– бөлшектердің өзара енуін анықтау, бөлшектер мен құрастыруларды иілімді редакциялау мүмкіншілігі, бүкіл үлгіні қайта құруды керек қылып ететін жобалаудың кез келген мезгілінде кез келген элементтің көрсеткіштерін қайта анықтау мүмкіншілігі.

Кітапханада түрлі типтік машина жасау элементтерінің (болттардың, гайкалардың, тойтарма шегелері мен басқа бекіткіш элементтердің, подшипниктердің, прокат профильдерінің, манжеталардың т.б.) 200 астам параметрлік кескіндері бар.

Стандартты бекіткіш бұйымдардың кез келген пакетін құрып алып графикалық құжатқа кіргізу мүмкіншілігі қарастырылған. Пакет кескінін сызбаға енгізу кезінде бекіткіш элемент сырығының ұзындығы стандартты қатардан автоматты түрде сұрыпталады. Кітапхана бекіткіш бұйымдардың дайын кешендерін ұстап тұрады және де пайдаланушы істеген жинақтарды сақтауға болады. Стандартты элементті сызбаға кіргізгенде кейін спецификация қалыптастыру кезінде керекті қосымша ақпарат беріледі. Кітапхана машина жасаудың құрастыру және бөлшектеу сызбаларын дайындау үшін жұмсалатын конструктор уақытының шығындарын едәуір мөлшерде төмендетеді.

Спецификациялар жобалау жүйесі тараулар мен тараулар астыларын (подраздел) толтыруды және олардың ішінде жолдардың стандартты тәртібін ұстап тұрады. Жолдар реттеу ережелері стандартқа тиісті, алайда керек болса пайдаланушы оны өзгерте алады.

КОМПАС тобының түрлі қолданбалы кітапханаларды пайдалана отырып кез келген өнер кәсіп әр алуан салаларда типтік есептер шешуге бағытталған бағдарламалық кешендерді модульдік принципі арқылы құрастыра алады, мысалы, жетектер, механикалық берілістер, инженерлік коммуникациялар жобалау.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1, 2, 3, 4, 12].