Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЭПиУ ГП.doc
Скачиваний:
34
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
1.42 Mб
Скачать

9 Пайда мен табыстың экономикалық мазмұны

Пайда кәсіпорынның қызметі жинақтап бағалау көрсеткіштердің бipi болып саналады.

Пайда eкi негізгі қызметті атқарады:

  1. кәсіпорын қызметінің соңғы қаржылық нәтижелері мен оның ақшалай жинағының өлшемін сипаттайды;

  2. кәсіпорынның әлеуметтік және өндірістік дамуын қаржыландырудың негізгі көзі болып табылады. Пайда тауарды сатудан келген кipicтiң өндіріс шығынынан асуы болады.

Нарықтық қатынастың дамуымен кipic пен шығын айырмашылығына байланысты пайда түсінігі кеңейеді. Бұл пайданың "бухгалтерлік" анықтамасына сай келеді. Нарыққа өту кезінде бухгалтерлікпен қатар "экономикалық" пайда анықталады.

Бухгалтерлік есептерде пайда күнделікті шығын мен банкінің қысқа мерзімді несиелері пайыздарының орнын толтырғаннан кейін қалған кipic бөлігі түрінде болып кeлeдi, негізінде оны былай анықтауға болады:

П = Д – Н,

мұнда П – пайда;

Д – кipic;

Н - өндіріс шығындары.

Табыстар – кәсіпорын (фирма) жұмысының маңызды экономикалық көрсеткіші, ол қызметтің барлық түрлерінен гүсетін қаржыны көрсетеді, оның соңғы нәтижесі тапсырушы төлеген өндірістің және сатылган өнім (көрсетілг қзмет, орындалған жұмыстар) болып табылады.

Фирмалар шығынының түрлеріне сәйкес кipicтep де бөлінеді:

а) қарапайым пайда – бұл тауардың нақты бөлігін сатудан түскен ақшалай сома. Бұл тауардың осы мөлшеріне көбейтілген тауар бағасына тең;

б) орташа табыс - өнім бipлiгiнiң мөлшеріне бөлінгсн табысқа тең;

в) табыс шегі - өндірілген өнім мөлшерінің шексіз аздан ұлғаюы есебінен жалпы табыстың өcyi.

Табыс шегі әpбip қосымша шығарылған өнім бірлігінің сатылу мүмкіндігін бағалауға көмeктeceдi. Ол шекті шығындар көрсеткішімен үйлестікте өндірісті ұлғайту мүмкіндігінің құндық бағдары болады.

Әpбip қосымша өнім бірлігін өндірy шекті шығыны шығын мөлшерін жоғарлатады, бipaқ та онымен қоса жалпы табыс шекті табыс шығынына жоғарлайды.

10 Пайданың түрлері

Басшылық етyшi субъект деңгейінде пайданың тұтас жүйесі пайда болады:

- жалпы пайда;

  • негізгі қорды және өндірістің басқа мүліктерін сатудан түскен пайда;

  • таза пайда.

Онымен қатар салық салынатын және салынбайтын салық деп бөлінеді. Жалпы пайда өнімді, негізгі қорды, кәсіпорынның басқадай заттарын сатқаннан және сатудан тыс операцияларға жұмсалған шығынды азайтқанда түскен кірістің сомасы түрінде болады.

Пв=Ппр + Прф+ Пвн ,

мұнда Пв – жалпы пайда;

Прп - өшімді сатудан түскен пайда;

Прф – кәсіпорынның негізгі мүлкін сатқаннан түскен пайда;

Пн – сатудан тыс түскен пайда.

Сатылған өнімнен түскен пайда (жұмыс, қызмет) өнімді сатудан түскен; ақша мен өнімнің өзіндік құнына кіретін, өндіру мен сату шығындарының арасындағы айырмашылық ретінде анықталады.

Прп= ВД - НДС - А-И ,

мұнда ВД – сатылған өнімнен түскен ақша;

НДС – қосымша бағаға салық;

А – акциздер;

И - өнімді өңдеуге және сатуға жұмсалатын шығындар.

Негізгі қорлар мен басқа заттарды сатудан түскен пайданы анықтау кезінде салық салу үшін бұл қорлар мен заттардың (мүліктердің) құны арасындағы айырмашылық ескеріледі. Осы кезде мүліктің негізгі қорларға материалдық емес активтерге және тез тозушы құралдарға есептелінеді.

Кәсәпорынның негізгі қорлары және басқа мүліктерін сатқанннан түскен пайда

Прф = Врф – СФН * Iинф ,

мұнда Врф – негізгі қорлар мен мүлікті сатқаннан түскен акша;

СФН Iинф - құнсыздану индексіне есептелген негізгі қор құны.

Сатудан тыс операциялардан түскен табыс құрамына кіреді: басқа кәсіпорындардың жұмысына қатысудан алынатын пайда; мүлікті жалгерлікке беруден түсетін пайда; кәсіпорындарға жататын құнды қағаз, облигация, акциядан түскен табыс, өнім өндіруге, сатуға қатысы жоқ операпиядан, шығынның орнын толтыру мен санкциядан түскен табыстар.

Сатудан тыс операциядан түсетін пайда:

Пвн = Дв – Рв ,

мұнда Д в - сатудан тыс операциядан түсетінтабыс;

Рв- сатудан тыс операцияларға жұмсалатын шығындар.

Таза пайда жалпы пайдадан салықты және басқадай негізгі төлемдерді төлегсннен кейін пайда болады. Таза пайда өндірістің қарауында толық қалады.

11 Кәсіпорынның пайдасын бөлу

Пайда белгіленген мөлшер бойынша салықты есептеу және төлеу объектісі болып табылады, осының нәтижесінде "бюджет пен мекемелер арасында қаржылық қатынастар пайда болады.

Пайдаға салынған салықты төлеу үшін пайдаға салынатын салық бойынша жеңілдіктері ескеріледі. Жеңілдіктің түрлері:

  1. барлық төлеушілер үшін ортақ пайдаға салынған салықты төмендету немесе шығындарда төлеуден босату;

  2. Keйбip төлеушілерге қосымша жеңілдіктер: пайдаға салынатын мөлшерін төмендету немесе босату.

Мүгедектер немесе зейнеткерлердің 70%-нан құралатын шағын кәсіпорындарға қосымша жеңілдіктер ескеріледі.

Егер жарғыда бекітілмесе, басқарушы субъект таза пайданы қолдану бағытын жеке анықтайды.

Пайданың бөлінуі:

Резервтік қор - қызмет тоқтату жағдайына және несиелік қарызды жабу үшін құрылады.

Жинақтау қоры – кәсіпорынның айналым қаражатын қалыптастыру және негізгі қорларды сатып алу үшін қолданылады.

Тутыну қоры – кәсіпорынның ұжымын әлеуметтік дамыту және материалдық көтермелеу шараларын жузеге асыру үшін арналады.

12 Рентабельділік

Рентабельділік бip жолғы және ағымдағы шығындардың тиімділігінің көрсеткіші. Жалпы рентабельділік пайданы бip жолғы және ағамдағы шығындарына қатынасымен анықталады, осының арқасында пайда алынады.

"Өндіріс рентабельділігі" және "өнім рентабельділігі" деп бөлінеді.

Өндіріс рентабельділігі өндіріс мүлікті қаншалықты пайдалы қолданылатындығын көрсетеді және төмендегідей анықталады:

R = (Пв /(Фо + Фоб))*100 ,

мұнда Пв - баланстық пайда, мың.тенге;

Фо – негізгі қорлардың орташа жылдық құны, мың.тенге;

Фоб – айналым қаражатының мөлшері, мың.тенге.

Өнім рентабельділігі ағымдағы шығындардың нәтижелігін көрсетеді, ол анықталады:

Rп = Ппр / Сп*100 ,

мұнда Ппр - сатылған өнімнен түскен пайда, мың.тенге;

Сп - сатылатын өнімнің өзіндік құны, мың.тенге.

Өніm рентабельділігін толық барлық өнім бойынша немесе оның жеке түрлері бойынша анықтауға болады. Соңғы кездерде өндірістің "денсаулығын" анықтау үшін нарықтық экономикасы жақсы дамыған елдерде қолданылатын көптеген жаңа көрсеткіштерді пайдалану ұсынылады.

Ұсынылатын әдебиеттер (1,2,3,4)