Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ебек орау блімі.doc
Скачиваний:
25
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
176.13 Кб
Скачать

5.3 Шудың деңгейін есептеу

Мекеме іші қатты диск пен 2 кулер бар 3 компьютермен жабдықталған. Көрсетілген тораптар өзіндік шу шығарады. Біріншісі қоректендіру блогын салқындатады, екіншісі процессор. Сонымен қатар, мекеме бөлмесіндегі принтер де шу шығарады.

Бірнеше көзден пайда болатын шудың сомалық деңгейі келесі формула бойынша есептелінеді:

, (5.1)

Біздің жағдай үшін:

(5.2)

мұнда nжл, nк, nч, nприн – дыбыстың, сәйкесінше қатты дискілер, кулерлер, адамдар, принтер дыбысының қарқындылық деңгейі.

Қатты дискілердің саны компьютерлердің санына тең, яғни nжл = 3.

Кулерлердің саны nк, =6, өйткені барлық компьютерлерде олар 2-ден.

Мекемеде сөйлесетін адамдар саны nч, =3.

Дыбыстың, орташа, қатты дискілердің қарқындылық деңгейі Lжд =30 дбА, кулерлердікі Lк =35 дбА, жай сөйлейтін адамдікі Lч =40дбА, Lприн =50дбА.

Мәндерді (5.2) формулаға қоямыз:

(5.2)

Мекеме орында ЭЕМ негізгі жұмысты ұйымдастыратындықтан СанЕН №1 1.01.004.01 сәйкес 50 дбА құрайтынды, принтер уақытының 90% қосылып тұрады дерлік. Мәндерді қоя отырып, келесі түрде анықтаймыз:

Есептен, шудың деңгейі СанЕН №1 1.01.2004.01 сәйкес келетінін көреміз.

5.4 Өрт қауіпсіздігі

Өндірістерде өрт және жарылыстар технологиялық режимдердің бұзылуынан, электр қондырғылардың дұрыс қолданбаудан, найзағай разрядтарынан т.б. жағдайларға байланысты зерттеулер көрсетті.

Өрт қауіпсіздігі – өрт шығу мүмкіндігінің болмауын, оның қауіпті факторларының адамдарға тимеуін және материалдық мүліктің оттан, жайылудан сақталуын қамтамасыз ететін объектінің күйі.

Өрт бақылауға болмайтын, арнайы ошақтан тыс болатын, материалдық шығын келтіретін жану процесі. Жану процесі басталып дамуына 3 фактор қажет: жанғыш зат, тотықтырғыш және тұтану көзі [1].

Бірақ өрт шығып өршу үшін бұл факторлар жеткіліксіз. Ол үшін сонымен қатар төмендегідей жағдайлар болу керек:

- жану зонасында жанғыш заттар мен оттегі белгілі сандық және сапалық -қатынаста болу керек;

- тұтандыру көзінің температурасы және жылу энергиясы жану;

- ортасын өздігінен тұтану температурасына дейін қыздыратындай болу керек;

- жану ортасы және тұтану көзі өзара түйісуі керек.

Бастапқы сатыда өртті сөндіру үшін өрт сөндірудің алғашқы жабдықтары қолданылады. Мысалы: ішкі өрт су құбырлары, қол немесе қозғалмалы өрт сөндіргіштері, құрғақ құм, асбестті жамылғыштар, киіздер және т.б.

Өрт үлкен материалдық шығын әкеледі және кейбір жағдайларда адам өліміне де әкеледі. Сондықтан өрттен қорғау қоғамның әрбір мүшесінің маңызды міндеттерінің бірі болып саналады.

Ең күрделі, зиян тигізетін өрттер өртке қауіпті объектілерде және басқа да зақымдау факторлары (жарылыс, улы заттардың жиналуы т.б.) бар объектілерде болады.  Сонымен бірге, адамдардың көп шоғырланған жерлерде де өрт шығу қаупі бар.

Өрт салдарлары зақымдау факторларының әрекеттеріне байланысты болады. Оларға жататындар:

-   жанған затқа оттың тікелей әсері;

-   сәулелер есебінен жоғары температуралы заттар мен объектілерге қашықтықтық әсері;

-   жану зонасында иісті газбен улану;

-   жану кезіндегі токсинді өнімдерден улану;

-   құрылыстардың конструктивті бөліктерінің бұзылып құлауынан адамдардың жарақат алуы немесе қаза болуы.

Өрттің алдын алу шараларын мыналар кіреді:

-   құрылыстық-жобалау;

-   техникалық;

-   ұйымдастырушылық;

-   өрт сөндіру тәсілдері мен құралдары.

Құрылыстық-жобалау шаралары ғимараттар мен құрылыстардың отқа төзімділігімен анықталады (конструкция материалдары жанғыш, қиын жанатын, жанбайтын болып бөлінеді).  Отқа төзімділік шегі дегеніміз – бұл оттың әсерінен құрылыс конструкцияларының бірінші сызат пайда болғанға дейінгі шыдайтын уақыт интервалы. Барлық құрылыс конструкциялары отқа төзімділік шегі бойынша 8 деңгейге бөлінеді. Ғимараттардың отқа төзімділік деңгейіне байланысты өрт кезінде эвакуациялау үшін шығатын жерлерге дейінгі қашықтықтар белгіленеді.

«Өрт қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 1-бабына сәйкес,. осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар. Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) адамдар жаппай жиналатын объект - бір мезгілде 100 және одан көп адамның келуіне есептелген мәдени ойын-сауық, көңіл көтеру, спорт, сауда мақсатындағы объект, сондай-ақ бір мезгілде 25 және одан көп адамның келуіне есептелген емдеу мекемелері мен білім беру ұйымдары;

2) аккредиттеу - заңды тұлғаның қатерлерді тәуелсіз бағалауды жүргізу жөніндегі жұмыстарды орындауға құқықтылығын өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның ресми тануы;

3) аккредиттеу аттестаты - өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті орган беретін, заңды тұлғаның өрт қауіпсіздігі саласындағы қатерлерді тәуелсіз бағалауды жүргізу жөніндегі жұмыстарды орындау құқығын куәландыратын құжат;

4) ерікті өрт сөндіруші - өрттің алдын алу және (немесе) оны сендіру жөніндегі қызметке ерікті негізде (еңбек шартын жасаспай) тікелей қатысатын азамат;

5) қоныстану аумағы - елді мекен аумағының тұрғын үй қорын, қоғамдық ғимараттар мен құрылыстарды, сондай-ақ жекелеген коммуналдық және өнеркәсіптік объектілерді орналастыруға арналған бөлігі;

6) объект - жеке немесе заңды тұлғалардың мүлкі, мемлекеттік мүлік, оның ішінде ғимараттар, құрылыстар, құрылымдар, технологиялық қондырғылар, жабдық, агрегаттар мен өрттің алдын алу және өрт кезінде адамдарды қорғау үшін өрт қауіпсіздігі талаптары белгіленген немесе белгіленуі тиіс өзге де мүлік;

7) өрт - өмір мен денсаулыққа зиян, адамдарға, қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне материалдық залал келтіретін бақылаусыз жану;

8) өртке қарсы ерікті құралымдар - азаматтардың елді мекендер мен ұйымдарда өрттің алдын алуды және оны сөндіруді ұйымдастыруға қатысу нысаны [5].

Өндіріс категориясы: А – жарылу қауіпі бар; Б,В - өрт және жарылу қауіпі бар; Г,Д- өрт қауіпі бар. Барлық ғимараттар екіге бөлінеді: 1) өрт қауіпі бар, егер ғимарат ішінде біртексіз жанғыш қоспа болса; 2) жарылу кауіпі бар, егер біртекті жанғыш заттар болса.

Сонымен, өрт қауіпіне қарсы ара қашықтықтар (минималды ара қашықтық – 9 метр, егер А және Б өндіріс дәрежесі болса 60 м астам) таңдап алынады.

Өрт болғанда құрылыс материалдар мен конструкциялардың өз қалпында сақталу қасиеті - өртке төзімділік дәрежесі деп аталады. Ол өртке төзімділік шегімен және құрылыс материалдың жану тобы бойынша анықталады.

Өртке төзімділік шегі дегеніміз өрт болған жағдайда құрылыс материалдардың конструкциялардың еш өзгеріссіз тұру уақыты.

Максималды – 4 сағат, өртке қарсы қоршаулар, 2-сағат – жай қоршаулар өртке қарсы тура алады. Жану тобы: а) жанбайтын құрылыс материалдар ( өрт болған кезде жанбай түтіндейді, егер өрт көзін сөндірген жағдайда түтіндеу процессі аяқталады);

б) қиын жанатын – жануы мүмкін бірақ өрт көзін тоқтатқан жағдайда түтіндену процессі жалғаса береді; в)жанатын ( егер өрт көзін сөндірсе де жана беретін құрылыс материалдар).

Өрт төзімділігінің 5 дәрежесі бар: 1 - ең қымбат құрылыс материалдар, бұл құрылыс материалдар өрт болған кезде 2,5 сағат өртке төзе алады ( А өндіріс дәрежесі); Өндірістік кәсіпорындарда 3-4 дәрежелі өртке төзімділігі 1,5 сағат құрайды ( қиын жанатын және мүлдем жанбайтын құрылыс материалдар).

Өндірістік бөлмелер А,Б,В,Г,Д, Е категорияларымен жіктеледі.

Ұйымдастырушылық шаралар құрамына өрт қауіпсіздігі бойынша оқу өткізу, өрт қауіпсіздігі шараларының сақталуын тексеру кіреді.

Өрт сөндіру заттары ретінде су, құм, көпіршіктер, ұнтақтар, өрт тудырмайтын газ тәріздес заттар, инертті газдар, булар қолданылады.

Өрт сөндіру құралдары 2-ге бөлінеді:

-   қол көмегімен жұмыс істейтін құралдар (құм салынған жәшіктер, асбест жабындары, өртке қарсы құрал-саймандары бар тақталар; химиялық көпіршікті от сөндіргіштер; ұнтақты отсөндіргіштер; көміроттекті отсөндіргіштер; хладонды отсөндіргіштер; құрама отсөндіргіштер);

-   өртке қарсы жүйелер (сумен жабдықтау жүйелері; көпіршікті генераторлар; автоматты сигнал беру құралдарын қолдану арқылы автоматты өрт сөндіру жүйелері).

Кез келген объектілерді эксплуатациялауды (туристік фирмаларды, қонақ үйлерді, демалыс базаларын) бекітілген нормативті құжаттар талаптарына сай қатаң түрде жүзеге асыру қажет.

Барлық қоғамдық және өндірістік ғимараттарда нақты көрсетілген кедергісіз тез шығуға кепіл беретін апатты жағдайларда шығатын жерлер болуы тиіс. Есіктер іш жағынан ашылуы керек. Бұл жерлерде кедергі келтіретін бөгде заттар мен отқа жанғын материалдар болмауы керек. Бұдан басқа да құтқару жолдары қарастырылуы жөн (мысалы, сыртқа шығатын сатылар мен шатырға шығатын жерлер). Өрт кезінде ешқашан лифтті қолдануға болмайды.

Ұйымның барлық жұмысшылары тек өртке қарсы нұсқаулықтан өткеннен кейін ғана жұмысқа жіберіледі, ал жұмыс сипаты өзгерген жағдайда ұйым басшылары бекіткен тәртіппен ықтимал өрттердің алдын алу және сөндіру бойынша қосымша оқудан өтеді.

Мекеменің эвакуация сызбасы 5.2-суретте көрсетілген.

Сурет 5.2 - Ғимараттың өрт кезіндегі эвакуация сызбасы терезесі

Негізгі бөлімде СанЕН №1 1.01.2004.01 нормаларына сәйкес мекеме бөлмелелерінің жағдайлары салыстырылып сипатталды.

Санитарлы ережелер және нормалар СанЕН N 1.01.2004.01 ЭЕМ жұмысты ұйымдастыру шарттарының 5.2.6 тарауындағы, жұмыс орны аяққа арналған тіреуіштермен жабдықталмағаны анықталды.

Мекеме орында ЭЕМ негізгі жұмысты ұйымдастыратындықтан СанЕН №1 1.01.004.01 сәйкес шудың деңгейінің мөлшері нормадан асырылмағаны дәлелденді.