Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КАЗ Инструкция по движению поездов.doc
Скачиваний:
86
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
1.72 Mб
Скачать

Маневрлер жасау

2.9. Маневрлер кезінде стрелкаларды бұруды төмендегілер жүзеге асы- руы мүмкін:

а) поезд диспетчері орталық пунктінен тиісті қызметкерлерге манев- рлік қозғалулар үшін маршруттың дайын болғандығы жөнінде радиобай- ланыс арқылы немесе станциялардың қылталарында орнатылатын теле- фондар арқылы диспетчерлік байланыс бойынша нұсқаулар бере отырып жүзеге асырады;

б) станция бастығы немесе станцияны резервтік басқаруға тапсыру кезіндегі поездарды қабылдау және жөнелту жөніндегі әрекеттерді орындау ісі жүктелген өзге қызметкерлер жүзеге асырады;

в) поездарды құрастырушы немесе станцияның өзге қызметкері станцияның жекелеген стрелкаларын жергілікті басқаруға тапсыру кезінде «ҚТЖ»¥К»АҚ басшылығы белгілеген тәртіпке сәйкес жүзеге асырады.

Станциялық жолдар бойынша жекелеген локомотивтер мен ар-найы өздігінен жүретін жылжымалы құрам қозғалған кезде жергілік-ті басқаруға тапсырылған стрелкаларды бұру ісін локомотивтік бригада қызметкерлерінің бірі (жүргізуші) орындауы мүмкін.

Стрелкаларды бұрушы қызметкер әрбір бұрудан кейін жергілікті басқару пультіндегі бақылау аспаптары бойынша немесе үшкірлердің қалпы бойынша үшкірлердің дұрыс қалпында тұрғанына көз жеткізіп отыруы тиіс.

2.10. Стрелкалық оқшауланған телім босағанша, ал стрелканың оқшаулауы тәуелділікке қосылмаған жерлерде стрелка жылжымалы құрамнан босағанша стрелканы жергілікті басқару пультінен немесе жергі- лікті басқару кілтімен бұруға тыйым салынады.

2.11. Маневрлер аяқталғанда стрелкалық және маневрлік қолтұтқалар, сонымен қатар жергілікті басқару кілті қалыпты жағдайға қойылады, манев- рлерді басқарушы жұмыстың аяқталғандығы жөнінде поезд диспетчеріне баяндайды, ал соңғысы тиісті батырмаларды қалыпты жағдайға қояды.

32

2.12. Жергілікті басқару пульттері әрдайым бекітілген болуы тиіс. Өздерін пайдалану немесе тексеру үшін жергілікті басқару пультте- ріне қол жеткізуге рұқсат етілетін қызметкерлердің тізімін, сонымен қатар пульттердің кілттерін тапсыру және сақтау тәртібін «ҚТЖ»¥К»АҚ басшылығы белгілейді.

Диспетчерлік орталықтандыру құрылғылары ақауланган кездегі әрекеттердің тәртібі

2.13. Егер маршрут дұрыс белгіленіп, қабылдау жолы бос болса (басқару аспаптарының көрсетулері бойынша) кіру бағдаршамы ашылмаса, поезд станцияға оның тыйым салуды көрсетіп тұрған кезінде поезд диспетчерінің локомотив машинисіне беретін тіркелетін бұйрығы бойынша енгізіледі:

«№ ... поезын ... станциясының ... жолына кіру бағдаршамының тыйым салуды көрсетуі кезінде енгізуге рұқсат етемін. ДНЦ ...».

Станцияға қарай поезд диспетчерінің бұйрығы бойынша жүрген кез-де машинист поезды сағатына 20 км-ден аспайтын жылдамдықпен, ерекше абайлықпен және ары қарайғы қозғалыс үшін кедергі пайда бола қалған жағдайда дереу тоқтауға дайын түрде жүргізуі тиіс.

Егер станция резервтік басқаруда болса, кіру бағдаршамы ақауланған кездегі поезды қабылдау ісі осы Нұсқаулықтың 9.30-тармағында ескерілген тәртіп бойынша орындалады.

2.14. Кіру бағдаршамы ақауланған кездегі поезды жөнелту ісі тек қарсы бағыттағы поездардан бос аралықта ғана және жөнелтілетін поездың қозғалу бағыты белгіленген жағдайда ғана поезд диспетчерінің магшиниске беріле- тін тіркелетін бұйрығы бойынша орындалады:

«... поезына... станциясының... жолынан... шығу бағдаршамының тыйым салуды көрсетуі кезінде жөнелуге рұқсат етемін. ДНЦ ...».

Аталмыш бұйрық болған жағдайда машинист станциядан жөнеліп, поезды сағатына 20-км-ден аспайтын жылдамдықпен ерекше абайлықпен және ары қарайғы қозғалыс үшін кедергі пайда бола қалған жағдайда дереу тоқтауға дайын түрде алғашқы етпелі бағдаршамға дейін, ал одан әрі авто-блоктау сигналдары бойынша жүргізуге құқылы.

Автоматтық локомотивтік сигнал берумен жабдықталған телімдерде поезд аралыққа кіргеннен кейін машинист осы Нұсқаулықтың 1.18-тармағында қарастырылған тәртіп бойынша әрекет етеді.

Егер де станция резервтік басқаруда болса шығу бағдаршамы ақауланған жағдайдағы поезды жөнелту ісі осы Нұсқаулықтың 1.14 және 1.15-тармақтарында ескерілген тәртіп бойынша орандалады.

2.15. Егер де стрелканы орталық пунктінен бұру мүмкін болмаса, поезд диспетчері стрелкаларды тазартатын қызметкерді немесе станцияның өзге

33

қызметкерін шақыртып, одан стрелканы қарап шығуды және мүмкіндігінше басқарудың бұзылу себебін жоюды (мысалы, үшкір мен рамалық рельстің арасына кіріп кеткен бөгде затты алып тастауды) талап етеді. Егер де тиісті қызметкер сырттан қарау арқылы стрелканы бұру мүмкін болмауының себе-бін анықтай алмаса және оны жоя алмаса, диспетчер стрелка өзге жағдайда бұрылуы тиіс маршруттар бойынша поездарды өткізуді тоқтатып, оны тек-серу және жөндеу үшін электрмеханигін шақыртады, ал аталмыш стрел-каны бұру ісі жергілікті басқару пультінен орындалады немесе станция ре-зервтік басқаруға тапсырылады.

Стрелканы жергілікті басқару пультінен немесе резервтік басқару пультінен бұру мүмкін болмаған жағдайда стрелка осы Нұсқаулықтың 13.9-тармағында белгіленген тәртіп бойынша қолмен басқаруға тапсырылады, ол үшін поезд диспетчерінің бұйрығы ресімделеді.

Кезекші қызметкерлер күтімге алмайтын бөлу пунктілерінде стрел-каларды тексеру, ал қажет болған жағдайда бұру үшін «ҚТЖ»¥К»АҚ басшылығы белгілейтін тәртіп бойынша өтіп жатқан поездардың локомо-тивтік бригадалары қатыстырылуы мүмкін.

  1. Стрелкалық оқшауланған телім ақауланып жалған бос еместікті көрсетіп тұрған кезде стрелкалардың тиісті тобы жергілікті басқару пульті-нен ауыстырылады немесе станция резервтік басқаруға тапсырылады.

  2. Табло қабылдау жолының жалған түрдегі бос еместігін көрсетіп тұрған кезде поезд диспетчері, әдетте, зақымдануды жойғанша бұл жолға по-ездарды қабылдамауы тиіс. Қажет болған жағдайда поезды аталмыш жолға қабылдау ісі кіру бағдаршамы жабық болған кезде поезд диспетчерінің стан-ция бастығы немесе поездарды қабылдау және жөнелту әрекеттерін орындау ісі жүктелген өзге қызметкер арқылы қабылдау жолының бостығын тексергеннен кейін жүзеге асырылады немесе станция резервгік басқаруға тапсырылады.

Тасымалдау қызметінің кезекші қызметкерлері күтімге алмайтын бөлу ггунктілерінде поезды қабылдау жолының бостығын тексеру ісі «ҚТЖ»¥К» АҚ басшылығы белгілеген тәртіп бойынша локомотивтік бригадаға жүктелуі мүмкін.

2.18. Бір немесе бірнеше станцияларды резервтік басқаруға тапсыруы тиіс.

Бұл жағдайда диспетчерге осы станциялардың жолдарының стрел-калары мен бағдаршамдардың қалпын (күйін) бақылайтын аспаптардың көрсетулерін басшылыққа алуға тыйым салынады.

2.19. Автоблоктау ақауланған жағдайда поезд диспетчерінің нұсқауы бойынша аралықты шектейтін станцияларда станция бастықтары неме- се поездарды қабылдау және жөнелту әрекеттерін орындау ісі жүктелген қызметкерлер кезекшілікке кіріседі.

Автоблоктаудың әрекет етуі поезд диспетчерінің бұйрығы бойын-ша тоқтатылып, поездардың телефондық байлыныс құралдары бойынша қозғалысы белгіленеді. Поезд диспетчері телефондық байланысқа ауысуды ресімдемес бұрын станцияаралық аралықтың бастығын анықтап, станция-ларды резервтік басқаруға тапсыруы тиіс.

34

Егер автоблоктауы ақауланған аралықтар поездарды қабылдау және жөнелту бойынша әрекеттерді орындайтын кезекші қызметкерлер шта-ты жоқ бөлу пунктілерімен шектелсе, тиісті қызметкерлерді станцияға шақыртқанға дейін поезд диспетчерінде жолдар мен стрелкаларды бақылау құрылғылары болған жағдайда жекелеген поездвр бос тұрған аралыққа поезд диспетчерінің локомотив машинисіне берілетін осы Нұсқаулықтың 1.26-тармағында ескерілген нысандағы тіркелетін бұйрығы бойынша жөнелтілуі мүмкін. Аталмыш тәртіпті қолдануға рұқсат етілетін аралықтар мен поездар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету талап-тарын «ҚТЖ»¥К»АҚ басшылығы белгілейді.

2.20. Автоблоктауды басқару аспаптары қосалқы режим қолтұтқаларымен немесе батырмаларымен жабдықталған дара жол- ды аралықтарда, егер поезд диспетчері қозғалыс бағытын өзгерте алмаса және өзінің іс-жүзінде бос тұрған кезінде аралықтың бос еместігі жөніндегі көрсету себептерімен шығу бағдаршамын аша алмаса, автоблоктаудың әрекет етуін жабу қажет болмайды. Бұл поезд диспетчері аралықтың бос болуын анықтап, шектейтін бөлу пунктілеріне станция бастықтарын не- месе поездарды қабылдау және жөнелту бойынша әрекеттерді орындау ісі жүктелген өзге қызметкерлерді шақыртып оларға арнайы қолтұтқаларды (батырмаларды) қолдана отырып автоблоктаудың бағытын өзгерту жөнінде нұсқау береді. Шақыртылған қызметкерлер пломбыларды шевдіп алып, автоблоктаудың бағытын өзгертеді және бақылау аспаптарының көрсетулері бойынша бағыттың өзгертілгеніне көз жеткізіп, қосалқы қолтұтқаларды (ба- тырмаларды) қалыпты жағдайға қояды. Осыдан кейін поездарды жөнелту ісін поезд диспетчері автоблоктау бойынша орындайды.

Қозғалыс бағытын өзгертумен байланысты болатын әрекеттерді орын-дау үшін станцияға шақыртылуы мүмкін қызметкерлер штаты жоқ белу пунктілерімен шектелген жекелеген аралықтарда қозғалыс бағытын ав-тоблоктау бойынша өзгертуге арналған қосалқы қолтұтқалар (батырмалар) тікелей поезд диспетчерінің пультінде орнатылуы мүмкін. Аталмыш аралықтардың тізбесі мен поезд диспетчерінің қозғалыс бағытын өзгерту жөніндегі әрекеттерді орындау тәртібін «ҚТЖ»¥К»АҚ басшылығы белгі-лейді.

Автоблоктаудың бағытын өзгерту мүмкін болмаған жағдайда оны пай-далану ісі тоқтатылады.

2.21. Осы бөлімде көрсетілгентәртіп диспетчерлік орталықтандыру негі- зіндегі поездар қозғалысы мен маневрлік жұмысты ұйымдастыру жөніндегі негізгі ережелерді белгілейді.

Осы ережелерге сәйкес әрбір телім үшін (бағыт) нақты жағдайлардың есебімен «ҚТЖ»¥К»АҚ басшылығы бекітетін диспетчерлік орталықтандыру кезіндегі поездар қозғалысы мен маневрлік жұмысты ұйымдастыру жөніндегі жергілікті нұсқаулық әзірленеді.

35

3-тарау