Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лаб_ЦИУ_казвсе.doc
Скачиваний:
12
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
8.22 Mб
Скачать

3 Сурет – Периодты өлшеудің блок-сұлбасы.

Строб-импульстің ұзақтығы өлшенетің сигналдың периодына тең. Соңына дейін санау жүйесі бар кірістік санағыш декадаларға уақытты таңбалайтын генераторлардан таңбалар келіп жетеді.

Периодты барынша нақты өлшеу жиілікті декадалық бөлумен орындалады. Бұл жағдайда кірістік сигнал құрылғаннан кейін оның периоды 10, 102, 103 немесе 104 есе көбейтілетін декадалық бөлгіштерге, кейін автоматиканың сұлбаларына келеді. Строб-импульстің ұзақтығы бұл жағдайда, қолданатын бөлгіштің бөлгіш коэффициентіне көбейтілетін, өлшенетін сигнал периодына тең.

Құрылғымен периодты өлшегендегі негізгі қатыстық ауытқуы (%):

-синусоидалды сигналда

= + [ + 0,03/n + T / (nTx)] 100; (5)

-импульстік сигналда, кірістік импульс фронтының ұзақтығы уақыт таңбалар периодының жартысынан аспағанда

= [ + T /(nTx)] 100, (6)

мұндағы – іштей кварцтық генератор немесе сырттай үлгілі жиілік көзінің негізгі қатыстық ауытқуы;

Тх - өлшенген период, с,

Т – уақыт таңбаларының реттік периоды, с;

n – периодтың көбейтілу коэффициенті.

3.2. Периодты өлшеу реті.

3.2.1. "РОД РАБОТЫ" ауыстырғышын "Тв" қалпына қою.

3.2.2. "РАЗДЕЛЬНО. СОВМЕСТНО" ауыстырғышын "РАЗДЕЛЬНО" қалпына қою.

3.2.3. "В" аттенюатор каналы ауыстырғышын "1:100" қалпына қойып және "-)В" уақыт интервалының ұяшық блогына өлшенетін сигналды жіберу.

3.2.4. "МЕТКИ ВРЕМЕНИ" ауыстырғышын "0,1 ms" қалпына қою.

3.2.5. "МНОЖИТЕЛЬ ПЕРИОДА" ауыстырғышын "1" қалпына қою.

3.2.6. "В" каналын реттеуді жүргізу. "-) В" тұрақты нақты кіріс болғандықтан, өлшеу жүргізудің алдында осциллографтың көмегімен оған келетін сигналдарды (тұрақты құрамның болуы, импульстің полярлығы мен ұзақтығы, нөлдік түзуге қатысты сигналдың орналасуы) анықтау керек. Сонда "УРОВЕНЬ" ауыстырғышымен дұрыс қолдана аламыз, яғни кірістік құрылғының қосылу деңгейін бір қалыпты өзгертеміз.

Тумблермен "_ - _" бастаушы және тоқтатушы импульсті сигналдар фронты таңдалады.

"УРОВЕНЬ" ауыстырғышын ақырын бұрап отырып, орта кезінде периодты өлшеуді жүргізу.

3.2.7. "ВРЕМЯ ИНДИКАЦИИ" ауыстырғышымен индикация уақытын санауға қолайлысын таңдау.

3.2.8. МЕТКИ ВРЕМЕНИ" және "МНОЖИТЕЛЬ ПЕРИОДА" ауыстырғыштарын қажетті нақты өлшейтіндей етіп қою.

3.2.9. Өлшеу нәтижелерін кестеге енгізу.

Өлшенген период

Уақыт таңбасы

Периодтың көбейткіші

Қатысты ауытқу

1

10

10

10

10

4. Уақыт интервалын өлшеу.

4.1. Уақыт интервалын және импульс ұзақтығын өлшеу 4 суретте бейнеленген блок-сұлба бойынша жүргізіледі.

4 Сурет – Уақыт интервалын өлшеу блок-сұлбасы

Уақыт интервалдары өлшенетін импульстар кірісінде "В" және "Г" құратын құрылғыға келеді. Ұзақтығы өлшенетін уақыт интервалына тең строб-импульсті автоматикалық сұлба шығарады.

Сонына дейін санау жүйесі бар кірістік санағыш декадаларға уақытты таңбалайтын генераторлардан таңбалар келіп жетеді. Импульс ұзақтығын өлшеуде кірістік сигнал бір уақытта "В" және "Г" кірістеріне келеді,ал автоматиканы қосу және үзу үшін фронтты таңдау тумблермен "_| |_" орындалады.

4.2. Уақыт интервалын өлшеу реті.

4.2.1. "РАЗДЕЛЬНО. СОВМЕСТНО" ауыстырғышын "РАЗДЕЛЬНО" қалпына қою.

4.2.2. . "РОД РАБОТЫ" ауыстырғышын "ТВ -г " қалпына қою.

4.2.3. "МЕТКИ ВРЕМЕНИ" ауыстырғышын "0,1 ms" қалпына қою.

4.2.4. "В" және "Г" аттенюатор каналдарын "1:100" қалпына қою.

4.2.5. Уақыт интервалын өлшеп, "-) В" және "-) Г" ұяшықтарына сигнал жіберу. Тумблердің "_ - _" көмегімен араларында уақыт интервалы өлшенетін фронтты таңдау.

4.2.6. "В" каналын реттеуді жүргізу. "УРОВЕНЬ" ауыстырғышын ақырын айналдырып, іске асу зонасында индикаторлық таблода үзіліссіз санауды жүзеге асыру.

Қажетті жағдайда аттенюатордың кірістік сигналының әлсіреу дәрежесін өзгертеміз, яғни оны "1:30", "1:10" және т.с.с. қалыпта орнату.

4.2.7. "Г" каналын реттеуді жүргізу. Ол үшін 3.2.6. пунктағы операцияларды орындау керек, бірақ "Г" каналды "УРОВЕНЬ" ауыстырғышын айналдырғанда үзіліссіз санау тоқтап және құрылғы уақыт интервалын өлшеуді орындауы керек.

4.2.8. "ВРЕМЯ ИНДИКАЦИИ" ауыстырғышын санауға қолайлы етіп ауыстырамыз.

4.2.9. "МЕТКИ ВРЕМЕНИ" ауыстырғышын қажетті өлшеу нақтылығын алатындай етіп ауыстырамыз.

4.2.10. Өлшеудің нәтижелерін кестеге енгіземіз.

Өлшенген интервал

Уақыт таңбалары

Периодтың көбейткіші

Қатыстық ауытқу

1

10

10

10

10