Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекция когнитив.doc
Скачиваний:
83
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
667.65 Кб
Скачать

4 Сабақ. Адам танымын қалыптастырудағы психологияның рөлі. (1 сағат)

Адам - ерекше құбылыс. Ал психология адам жанын зерттейтін сала. «Психология – психикалық құбылыстардың (жан қуаттарының) пайда болу, даму қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы әр түрлі бейнелері болып табылады.» [19 :4 ],- дейді, Қ.Жарықпаев. Бұдан әрі ол жан қуаттарының күрделі ағымын аңғару үшін оларды үш топқа бөледі: психологиялық процестер, психикалық қасиеттер, психикалық қалып.

Психикалық қалып –адамның (күрделі) түрлі көңіл-күйінің (шабыт, зерігу, үрейлену, абыржу, сергектік, белсенділік, т.б.) тұрақты компоненттері.

Психикалық қасиеттер– бір адамды екінші бір адамнан ажыратуға негіз болатын ең маңызды, ең тұрлаулы ерекшеліктер. Бұған әрбір адамның мінезі мен темперамент, қабілеті мен дүние танымы, сенімі мен талғамы, қызығуы жатады.

Психикалық процестер–сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы түрлі бейнелері. Мысалы: «Аспанда жұлдыздар жымыңдап, бір өшіп, бір жанып тұр. Оқтын –оқтын самал желдің ақырын ғана құлаққа шалынаады»,- деген әсем көрініс осындайларды адам түйсік, қабылдау деп аталатын процестері арқылы сезінеді.

Мәселен Абайдың мына бір өлең жолдарынан аңғаруымызға болады:

«Ақыл мен жан, - «мен өзім», «тән -менікі»

«Мен» мен «менікінің» мағынасы екі

«Мен өлмекке тағдыр жоқ әуел бастан,

«Менікі» өлсе-өлсін, оған бекі», - десе,

Ж. Аймауытов: «Жан мен тән –егіз, «жан» тәннің көлеңкесі, сүлдері ауа тәрізді көзге көрінбейтін бірдемесі деген нанымға адам баласы қазіргі кезде келген. Адамда екі түрлі «мен» бар: біреуі – жан, біреуі тән. «Жан» көрінбейтін «мен», көрінбесе де көрінетін «менді » қозғап, жүргізіп тұратын тетігі. «Тән»-жанның қабы,- дейді.

Тіл үйрету ісінде психологиялық әрекеттердің табиғатын зерттеп білу – бірден - бір маңызды мәселелердің бірі. Адамзат қауымының немесе оқушылардың тілді сапалы, әрі тиімді әдіспен үйрену процесінің психологиялық негіздерін зерттеумен Л.С. Выготский, А.А. Алхазшивили, К.С. Ильинский, А.А. Леонтьев, И.А. Зимняя, Б.В. Беляев, Н.И. Жинкин, т.б. ғалымдар, ал қазақ тілінде М. Муқанов, А.Алдамуратов, Қ. Оразбеков, Е.Суфиев, Қ. Жарықбаев айналысқан. Тіл үйрету кезінде соңғы жылдары көптеген факторлардың әсерінен тілдік әрекеттерді оқыту оларды таныту нысаны ретінде анықтау тенденциясы қалыптасып келеді. Жалпы алғанда тілдік әрекет – оқытудың ең үлкен нысаны ретінде өз алдына жүйелі қарастырылуда.

Белгілі ғалым А.А. Алхазшивили тілдік әрекеттердің психологиялық табиғаттарын анықтай отырып, бұл әрекеттердің адамның мінез – құлқының жалпы құрлымына бағыныштылығы тұрғысынан тарап, олардың өз бетінше еріксіз қарым – қатынас жасау мақсатының болмайтындығын дәлелдейді [20:120].

Адам – күрделі жүйе. Оның құрлымы арнаулы рухани - психологиялық, психосоматикалық (психика мен тән бірлігі негізіндегі санасыз әрекеттер мен қасиеттер) қабілеттер мен процестердің деңгейлерінен тұрады.

Адамға тұтастық деп қарау бірінші ғылымның зерттеу әдістері мен құралдарының бір проблема үстінде тоғысуына әкелмек. Және теориялар бір-бірін кесіп өтеді. Көптеген теориялар қолданыста трансформацияға ұшырайды деген ғылымда тұжырымдамалар да бар.

Бұл мәселелерден шығатын ең басты тұжырымды түйін: таным мен тілдің ара қатысының адам проблемасын шешумен түйінделуі. – дейді. Қ. Жаманбаева өз еңбегінде. (Бұдан олай болса шығатын қорытынды) адам баласының интелектуалды өмірінде тіл мен ойлаудың, тіл мен танымның ара қатысы қаншалықты жоғары рөл атқаратыны байқаймыз. Бұдан ары қарай зерттеуші ғалым тіл мен таным ара қатысын сипаттайтын ұғымдар белгілі бір құрлымға түсетінін айтып кетеді. [ 6:3 ]. (Аталмыш прцестерге психологияны қатыспауы мүмкін емес).

Адам танымын қалыптастыруда тілдік механизімнің де рөлі ерекше. Тілдік механизімнің психологиялық проблемаларымен айналысқан ғалым - Н.И. Жинкин. Ол тілдік механизімдерге «Механизм речи –это живой, постоянно престраиваюшийся и в норме постоянно совершенствуюшийся механизм» - деп анықтама берсе, [21,167] Қ.Жаманбаева: «Дара тұлғаның жасалуы терең негізі бар ішкі қажеттіліктен байланысты. Ал қажеттіліктер - өздігінен пайда болатын, өздігінен өрістейтін процесс. Ішкі кернеудің күшейіп, тепе – теңдіктің бұзылуын ғылыми қажеттіліктің оянуы». –дейді [6:27].

Көбіне оқу мен жазуға үйрету тілдік механизімдерді дамытумен байланысты болады. Ғалымдық тілдік механизімдерге отырып, қабылдау мен сыртқа шығару тілдік механизімнің ең бастысы дейді. Психолингвистер тілдік механизімдерде негізгі 3 бөлікті атап көрсетеді:

  1. Сөзді қабылдау.

  2. Сөздің өнімділігі ( продуктивтігі )

  3. Ішкі сөйлеу.

Осылардың ішінде ең маңыздысы ішкі сөйлесуболып табылады. Оның себебі мынада: таным сыртқы дүние заттарына бағытталған сияқты көрінгенімен, оны жүзеге асырып отырған адам болмысы тұрғысынан бағдарласақ, айтылған процестің үнемі ішке қарай (адамның ішкі жан дүниесіне қарай) бағытталғанын көреміз. Таным процесі адамның ішкі дүниесіні күрделі құрылымдарын тудырады және соған сәйкес сипаты да өзгеріп отырады. Осылайша, танымның жүрісін адам баласының ішкі қажеттіліктер дәрежесін белгілейді. Таным процесі адамда өзінен-өзі пайда бола сала ма? Танымның қозғаушы күштері нелер? Осы сұрақтарға жоғарыда аталған ғалымдар мен өзге де зерттеушілердің еңбектеріне арқа сүйеи отыра жауап қатып көрелік. Жоғарыда аталған үш ұғымдар да (сөзді қабылдау, сөздің өнімділігі, ішкі сөйлеу) адам бойындағы ерекше дара қасиет өзін-өзі жетілдіру, өзектендіруді (самоактуализация) тудырады. Өзін-өзі жетілдіру таным процесінің тууына әсерін тигізеді.

Когнитивтік лингвистика үшін өзін-өзі жетілдіру бірден-бір қажет процесс. Себебі когнитивтік лингвистика адам баласы танымындағы әр бір сөзді назардан тыс қалдырмайды.

Қ. Жаманбаева таным процесінің қозғаушы күшіне мыналарды жатқызады: Ішкі терең қажеттілік.«Ағзаның биологиялық, психологиялық, әлеуметтік, рухани проблемасы қажеттілік негізінде туысады. Қажеттілік - ағзаның өзін-өзі сақтау, өзі-өзі дамыту, жетілдіру мақсатындағы әректін ұйымдастырушы тетік. Жеке адамның жетілу дәрежесі – қоғамның болашақ мүмкіндігінің көрсеткіші болып есептелді. Адамның өздігінен даму түйсіктері ішкі қажеттілік шамасына қарай дамып жетіледі. Жетілу таным арқылы жүреді. Ал танымның шексіз жолы ішкі қажеттіліктің сипатына байланысты. Қажеттіліктер әр дәуірде санаға түсініксіз қалыпта құрылымды туып, қайтадан жасалып, толығып, жаңаша формада өрістеп отырады. Бұл - адам әрекетінің ішкі құрылымының күрделеніп, дамуына орай болатын процесс. Адам баласы көбіне қажеттіліктерді тап басып тани алмай кетеді. Себебі қажеттіліктерді қанағаттандыру, ішкі кернеуді бәсеңдету бірден жүзеге аса салмайды, ол түрлі жолдар мен формалар арқылы көрініс табады. Дара тұлғада ішкі қысым бәсеңдемей, тепе-теңдік үздіксіз бұзылады. Бұл - адамдардың ішкі дүниесінің жаңа формаларды қажетсінуі.

- Символдар;

- Дара тұлға;

- Эмоция;

- Тілдік сана;[6 , 7] .

Аталған ұғымдар түсінікті болу үшін зерттеушілердің өз сөзіне тоқталуды жөн көрдік.

Ішкі терең қажеттіліктер символдарарқылы оянады. Бұл процесс санаға эмоция арқылы белгілі болады. Енді өз кезегінде сана ішкі қажеттілкті қанағаттандыру үшін қайтадан символдар дүниесіне жүгінеді. Сөйтіп, терең негізі бар қажеттіліктертің сипаты символдар арқылы анықталады.

Орыс тіл білімінде «языковая личность» деген тұлға «средний носитель» қызметін атқарады. Бізде «средний носитель » деген тұлға жоқ. Жоғарғы интеллектуалды тұлға дара тұлға нысанына алынады. Дара тұлға жүйе. Оның қатынасы ішкі жүйеге бағытталады. Және дара тұлға болмысы абстракцияланып, «сана» дәрежесіне көтеріледі [ 6:9] .

«...сана сыртқы факторларға таңдаулы түрдегі тәуелдігін немесе ішкі өсу, жетілу қажеттігін белгілі бір модельдің, форманың бойына жинақтау арқылы шешеді. Дара тұлға тудырған модель, форма-тілдік сана тетігі іске қосылғанда барып көптің қолданысына көшеді... [6,11].

Себебі көзі тереңде жатқан құндылықтарды тани алатын – дара тұлғалар. Және ол өз кезегінде көпшіліктің ішкі интенциясын (иманеттік жан қозғалыстары, ішкі ұмтылыс) жетілдіруге тікелей ықпал етеді. Тілдік сананың жалпы түсінігі осындай. Тілдік сана –монаданың (әрбір дара болмысының субстанциясы) әрекеттеріне негізделген жоғарғы өлшемдегі құндылық ретінде, үш тағанды күрделі жүйе ретінде танылады. Тілдік сананың болмысы жүйелер теориясының қағидаларына толық жауап береді.

Адамның жан дүниесі психология ғылымында мынадай ішкі құбылыстарымен жіктеліп беріліп жүр: психологиялық процестер, психологиялық күй ( состояние ), жеке адамдардың (тұлғаның) қасиеті. Шындығында, бұл әрекет үстінде біртұтас болып көрінеді. Дегенмен, адамдардың ішкі дүниесін біртұтас деп алу үшін ғылымда табан тірейтін нысан бар: ол психологиялық күй. (Біз оны жан күйі деп қазақша ұғымда ыңғайладық). «Жан күйі психологиялық процестер мен адамамдардың ішкі қасиеттерін тұтастырып тұрады. Жан күйі алғашқы түйсік сатысында санаға білінбейді. Ол түйсіктің күші, сипаты санаға рефлекция арқылы жетеді. Жан күйінің бірі –эмоция. Эмоция,қазіргі ғылымда, белгілі бір уақыт шамасында жан дүниеге қатысты түрлі процестерді біріктіріп, тұтастырып жіберетін психологиялық құрлым болып табылады». ( 6: 48 )

Аталмыш ұғымдардың бәрін зерттеуші бір-біріне гештальт құбылысы арқылы өтетінін айтады. Гештальт-когнитивтік лингвистиканың негізгі ұғымдарына жататыны жайлы алдыңғы бөлімдерде біршама сөз болған. Олай болса, танымның қалыптасуына (жоғарыдағыдай) психологиялық процестің атқаратын рөлі зор. Себебі адамдардың өзін-өзі тануына көмектесетін әрекеттер психологияның аясында жүзеге асады. Мұнымен біз таным процесін тек психология саласының шеңберінде қараймыз деген ой тумауы керек.

Біз жоғарыда танымның пайда болу процестері туралы мәселенің көлемінде сөз қозғадық Енді мәселе адам танымын қалыптастырудың тиімді жолы қандай болмақ? Соған тоқталсақ.

Таным процесінде адамға, алдымен, шындықты көркем түрде бейнелеу қажеттігі туады. Соның әсерімен жасалған көркемдік әлем адамның үйлесім мен жарасымдыққа ұмтылысын қанағаттандырады. Осыдан кейін ғылыми талдау мен қорыту, дерексіз ұғымдар мен түсініктерді белгілеуге мүмкіндік беретін таным жолы ашылады.

Сонымен қатар аталмыш лекция көлемінде когнитивті лингвистика ғылымына қатысты кейбір мәселелер толық қамтылмады. Себебі, қазақ тіл біліміне когнитивті лингвистика ғылымы кештеп енген ғылым саласы болғандықтан, аталған ғылымның кейбір мәселелері ғылыми зерттеулерде әлі де толық қанды шешілген жоқ. Сондықтан да біз өз лекциямызға ғылымда әлі де бір жүйеге келмеген мәселелерді толықтай айтып жатуды қажет санамадық. Бірақта осы лекциямызда қазақ тіл біліміндегі тілдің танымдық қасиетін әртүрлі аспекті де қарастырған қазақ тіл білімінің корифилерінің еңбектерін толықтай қамтымадық. Және де өз лекциямызда қазақ тілінің танымдық қасиетін, тіл мен танымның өзара бірлестігін зерттеген зерттеуші Э.Н. Оразалиеваның «Танымдық қазақ тілі» деп аталатын (Алматы: Мұрагер, 2005, 174 б.) еңбегін пайдаланғанымызды ескертеміз. Сонымен бірге қазақ тілінің танымдық ерекшелігін, жалпы когнитивті лингвистика ғылымы жайлы ауқымды түрде мағлұмат алғысы келетін ізденушілерге осы еңбекпен танысуына шақырамыз.