Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силлабус Проф этика юриста.doc
Скачиваний:
9
Добавлен:
09.02.2016
Размер:
97.79 Кб
Скачать

Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі

Ш. ЕСЕНОВ атындағы

КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК

ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ

«ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ» факультеті

«ҚҰҚЫҚТАНУ» кафедрасы

«5В 030100 – Құқықтану»

мамандығы

«ЗАҢГЕРДІҢ КӘСІБИ ЭТИКАСЫ»

ПӘНІНІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ

(SYLLABUS)

АҚТАУ 2013

1. Оқитын пәннің сипаттамасы

Бүгінгі күні құқық қорғау органдары қызметкерінің кәсіби ісі заң пәндерінің негіздерін білумен ғана шектелмеу қажет, ол өз іскерлігін тэжірибеде, түрлі категориядағы азаматтармен өзара әрекеттесу жасағанда қолдана білуі тиіс. Құкықтық білімнен басқа заңгер-маман кәсіби-кызметтік міндеттерді аса белсенділікпен шеше алуға мүмкіндік жасайтын ізгілікті-этикалық нормаларын игеру қажет. Ол өзін-өзі ұстай алуы керек, салмақты болып, жас мамандарға үлгі тұтатындай өнегелі қызметкер болуы тиіс.

Моральдык-ізгілікті түрақтылығы. педагогикалық әдеп, салмақтылық. өзін-өзі ұстай білу, намысшыл болу, басқа адамды түсіне алу, басқаларға әсер ете алу - заңгердің кәсіби мінездемесінің толық тізімі емес. Бұл мінездемелер кәсіптік дайындықты тиімді ету критериі ретінде қабылдануы мүмкін.

Заңгердің құқық қорғау, жазалау, қадағалау функцияларын ғана атқармай, түзету. Тәрбиелеу және ізгілендіру жұмысын жүргізуі тиіс.

Сол себептен «Заңгердің кәсіби этикасы» атты курсын оқу - құқық қорғау органдары қызметкерінің кәсіптік дайындығының міндетті бөлігі болып табылады.

Аталмыш курс кәсіптік дайындықтың бастапқы кезеңінде оқытылады.Курс мақсаты – кәсіби этиканы құрайтын теория мен тэжірибе негіздерінде тыңдаушылар бойында құқық қорғау органдары қызметкерінің кәсіби этикасына сәйкес келетін әдептілік туралы білім жүйесін қалыптастыру.

2. Пәннің мақсаттары мен міндеттері

Курсты оқытудың мақсаты: кәсіби этиканы құрайтын терия мен тәжірибе негіздерінде, тыңдаушылар бойында құқық қорғау органдары қызметкерінің кәсіби этикасына сәйкес келетін әдептілік туралы білім жүйесін қалыптастыру.

Пәнді оқытудың міндеттері:

1. Этиканың ғылым ретінде теориялық негіздерін ашу.

2. Заң саласындағы түрлі мамандардың кәсіби этикасы спецификасының қажеттілігін негіздеу.

3. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің этикалық жағынан расталған әдептілікке, күрделі, төтенше, жанжал жағдайларында дұрыс шешім қабылдай алуына дайындалуына жол беру.

4. Білікті заңгердің іскерлік этикасын игеруге көмек көрсету.

3. Пәннің қысқаша мазмұны

Кәсіптік этиканың негіздерін, оның ізгілікті мәнін және мамандық проблемаларын білу құқық қорғау органдарының әр қызметкеріне міндетті. Кәсіптік этиканы оқу кажеттілігі қазіргі мемлекеттің дамуы және қалыптасу ерекшеліктерімен, қоғамдық және мемлекеттік өмірдің ізгілендіруін жетілдірумен. адам, оның кұкықтары мен бостандықтарын қамқор етуімен шарттанып отыр. Сонымен бірге заң мамандығының негізінде адамның қарым-қатынастары, олардың мүдделерін. мұқтажын шешу, олардың кұқықтары мен бостандығын шектеу, адамның тағдырына әсер ететін шешімдерді қабылдау жатыр.

Жоғарыда аталғанның негізінде кәсіптік этиканы окып-үйрену-құқық қорғау органдарының мамандарын дайындаудың міндетті компоненті болып табылады.

Курсты окып-үйренудің мақсаты- жоғары білікті, теориялық білім мен тэжірибелік қызмет негізінде құқық қорғау органдары қызметкерінің кэсіптік этикасына сәйкес келетін кәсіптік қызметті іске асыра алатын қабілеті бар маманды даярлау.