Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
OTChET_REFLEKSIYa_I_ZhZh.docx
Скачиваний:
43
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
2.18 Mб
Скачать

«Ы.Алтынсарин атындағы жбб №25 орта мектебі» кмм

4Б сынбының әдебиеттік оқу пәнінен бір сабаққа рефлексивті есебі

Сабақ жоспарларын құру барысында бағдарламадағы жеті модульді өзара ықпалдастыра отырып, "Блум таксономиясына" негіздедім.

Оқушыларымның қалай білім алғандығы жайлы,тізбектелген сабақтар топтасында жоспарланғанБ.Момышұлының "Егіншілік дәстүрі"әңгімесі бойынша өткізілген сабаққа тоқталсақ. Осы сабаққа қойған мақсатым: еңбекке деген көзқарасын қалыптастыру арқылы сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

Адам өміріндегі еңбектің маңыздылығын анықтау. Өзі байқаған, көрген іс-әрекет, оқиғалар бойынша ойын түйіндеуге үйрету. Әңгіменің негізгі идеясын ашып, адам еңбегін бағалауға үйрету.

Бұл сабақтан күтілетін нәтиже: Адам өміріндегі еңбектің маңыздылығын түсінеді. Әңгіменің негізгі идеясын ашуға үйренеді. Оқиға бойынша өзіне түйгенін айта алады. Сөйлеу дағдылары қалыптастырып, өз ойларын анық жеткізе алады. Болжамдарын айтып, қорытынды жасауға дағдыланады.

Сабағымда оқушылардың оқудағы әлеуметтік, когнитивттік, эмоционалдық кедергілерін жою мақсатында сыныптағы ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырып, тұлғааралық байланысты орнату үшін сабағымды шаттық шеңберімен бастадым.

Сабақтың ұйымдастыру кезеңіндебалаларға сынып ішінде еркін жүру керектігін айтып, бір-біріне деген жақсы лебіздерін айтуларын ұсындым.(1-сурет) Осыдан кейін оқушылар бір-бірімен еркін сөйлесіп, мақтап-мадақтап тілектер айта бастады. Бұл олардың бір-біріне деген сыйластықтарын жеткізіп, өзінің бойындағы еркіндігін сезініп, сынып ішінде өз орны барын түсінуіне ықпал етті.

Сынып білім алушыларына қағаздарды алуды ұсындым. Қағаздағы жазылған дақылдардың аттарына қарай топқа бөлінулерін сұрадым. Оқушылар өз орындарына отырды.

Осыдан кейін оқушылардан үй тапсырмасын қаншалықты меңгергенін, білу деңгейін анықтау мақсатымен "1 сұрақ, 1 жауап" әдісін қолдандым.(2-сурет)Бұл жерде оқушыларға үйде оқып келген тақырып бойынша 1 сұрақ жазып, оған 1 жауап жазуларын ұсындым. Оқушылардың сыныптағы тақырыпты түсінуінде қол жеткізген жетістіктері мен өздері қойған сұрақтарының сұрақ қоюдың қай дәрежесінде болатынын байқағым келді. Осы ретте топ ішінде жазылған сұрақтарын келесі топқа беріп, сұрақтарды іріктеуі мен ішіндегі өздерін қызықтырған ерекше сұрақты таңдауын ұсындым.Бұл әдіс арқылы оқушылар сұрақ қою арқылы өзара бір-бірін үйретті, сұрақ қою дағдыларын қалыптастырды. Оқушылар іріктеген сұрақты неге қызықтырғанын А. деген оқушы "Бізге Қ. деген оқушының сұрағы ұнады, оның "Дақылдардың басқа қандай түрін білесіңдер?"деген сұрағына, жауабы кітапта жоқ болғандықтан, оны өз білетіндерімізді еске түсіру арқылы жауап беруге тырыстық"деді.

Сабақта оқушылардың оқу үдерісінің барлық аспектілеріне белсенді қатысу керектігін ескеріп, олардың өздігінен болжамдар жасап, сұрақтар құрастырып, бір-біріне кеңес берулерін дамыту керек деп ескердім. Оқушылардың жаңа тақырыпты өздері ашу үшін назарларын интербелсенді тақтаға аударуын ұсындым. Оқушылардың алған ақпартты сақтауының орташа пайызында көрсетілген аудио-визуалды 20% қабылдауын ескере отырып, оқушыларға зер салып тыңдауын сақтап қалу мақсатында "Ой қозғау" әдісінде алдарына интербелсенді тақтадан "Егіс алқабында егін жинау" тақырыбында видео қойылым көрсеттім. (3-сурет)Оқушыларға бейнежазбаданқандай көріністі көргендеріңізді есте сақтаңыздар деген мақсат қойдым. Бейнежазба көргеннен кейін, олардың нені түсінгендігі жайлы білу үшін, оқушыларға түрткі сұрақтар қойдым. "Бейнежазбадан қандай көріністі көрдіңзідер?"деген сұрағыма, оқушылар: "Егін алқабы", "Егін орып жатыр", "Бидайды орып жатыр"деген алғашқы түсініктерін білдірді. Осы ретте анағұрлым толық жауап алу мақсатында қайтадан сынақтан өткізу сұрақтарын қойдым. "Неге олай ойлайсың?", "Мысал келтіре аласыңдар ма?" деген сұрақтарға оқушылар, өз берген жауаптарын дәлелдей бастады. А. деген оқушы:"Себебі, күзде егін піседі", А. деген оқушы: "Күзде жануарлар қысқы азығын жинайды.", Д. деген оқушы. "Айнала сап-сары, бұл күз мезгілінде ғана болады"деп жауап бере бастады. С деңгейіндегі оқушылар топта отырғанда топ ішінен суырылып шығып, сұраққа жауап беруге ұмтылды.

Бүгінгі сабақта не жайында әңгімелесеміз деп ойлайсыңдар?деген түрткі сұрақ қойдым. Оқушылар "Егін жинау", "Егінді өсіру ", "Бақшадағы еңбек"деген жауаптарын берді. Бірақ жауаптары бір сарынды.Қайта бағыттау сұрақтарын қойғанда оқушылардың ойы өзгеріп, А. деген оқушы: " Бейнежазбадан егінді жинап жатқанын көрдік." , Д. деген оқушы: "Күздегі еңбектің бірі егін жинау болғандықтан" деген жауаптары бейнежазбада көрген көрініспенсабақтың тақырыбын байланыстырып айтты.

Түсіну деңгейін қалыптастыру мен топтың барлық мүшелері сабаққа қатыстырылып, ынтымақтастықта жұмыс жасай отырып, әңгіменің мағынасын талдауға үйрету мақсатында"Егін жинау", "Бақшадағы еңбек" тақырыптарында "Визуалды айғақтар" әдіс-тәсілін қолдандым. (4-сурет) Визуалды айғақтарды талдай отырып, оқушылардың ынтымақтастықта жұмыс жасағанын, визуалды айғақтарды, сұрақ қойып, өз білетін мәліметтерін ұсынып, талдағанын байқадым. Топпен қорғау барысында З. деген оқушы "Ата-аналар балаларына еңбек ету жолын үйретіп жатыр", Д. деген оқушы "Бұлар қысқы азығын дайындап жатыр", А. деген оқушы "Адамның еңбегін бағалау керек",деген жауаптар берді. Топппен жұмыс істеу барысында С деңгейіндегі оқушылардың тапсырмаларды орындауда білу, түсіну деңгейінде қалмай, логикалық қорытынды жасауға тырысқаны байқалды. Топ ішінде әлі де өзін ашуға, топ алдында ойын ашып айтуға ұяңдық танытатын оқушылар бар. Себебі, менің сабағымның бойында, топтық жұмыс барысында С деңгейіндегі оқушылар А деңгейіндегі оқушылардың іс-әрекетін бақылап отырып, өздері де, сол әрекетті істеуге талпынғанын аңғардым.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]