Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
срсп 7.doc
Скачиваний:
20
Добавлен:
04.02.2016
Размер:
76.29 Кб
Скачать

Микроэкономикалық жоспарлау

Микроэкономикалық жоспарлау деп жеке кәсіпорын мен оның барлық құрылымдық бөлімшелерінің өндірістік-шаруашылық қызметінің шаралары мен көрсеткіштері жүйесінің жоспарын жасауды айтады. Мұнда ең алдымен техникалық-экономика есептер жасалады, жалпы кәсіпорын бойынша да, оның құрылымдық бөлімшелері бойынша да қажетті нормалар мен көрсеткіштер әзірленіп негізделеді, сондай-ақ шаруашылық қызметтің жүзеге асырылуына басшылық жасалып, бақылау орнатылады, ішкі өндірістік резервтер анықталып пайдаланылады. Кәсіпорын нарық жағдайында ойдағыдай жұмыс істеуі үшін бірқатар мән-жайлар ескерілуге тиіс. Олар: сұраныс пен ұсыныс, өз өнімінің икемділігі, өндірістің ағымдағы шығыны, шекті пайда мен тиімділік (табыстылық), бәсеке, негізгі құрал-жабдықтың бағасы, шикізат пен материалдар, т.б. Сонымен, кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметіне тек микроэкономикалық орта ғана емес, елдегі макроэкономикалық саясат та ықпал жасайды. Кәсіпорынның жоспарлары рыноктың, бәсекенің талаптарын ескеруге, оның тұрлаулы экономика және әлеуметтік дамуын көздеуге, жоғары табыс алуға жәрдемдесуге тиіс. Микроэкономикалық жоспарлау ағымдағы жоспарлау және оралымды жоспарлау түрлеріне бөлінеді. Ал оралымды жоспарлау өз кезегінде күнтізбелік жоспарлау және маркетингілік жоспарлау болып бөлінеді.

Күнтізбелік жоспарлау

Күнтізбелік жоспарлау – жалпы кәсіпорын және оның жеке құрылымдық бөлімшелері (цехтар, телімдер,бригадалар, жұмыс орындары) үшін қысқа мерзімге (айға, тәулікке, ауысымға, сағатқа) арналған нақты өндірістік тапсырмаларды әзірлеуді қамтитын оралымды-өндірістік жоспарлаудың бір бөлігі. Жоспарлы тапсырмалар нормалар мен нормативтердің, шарттық міндеттемелер мен мемлекет тапсырыстардың негізінде әзірленеді, мұнда сондай-ақ оларды іске асырудың сол сәтте қалыптасқан нақты жағдайлары ескеріледі. Күнтізбелік Жоспарлау, әдетте, үш кезеңде жүзеге асырылады. Бірінші кезеңде көлемді Жоспарлау орындалады, яғни тапсырмалар тәптіштеліп, цехтарға бөлінеді. Әрбір цехқа (телімге) берілетін тапсырма заттай, еңбек және құндық өлшемдермен белгіленеді. Екінші кезең – өндірістің күнтізбелік жоспарларын әрбір цех үшін мерзім мен нысандар бойынша жасау және күнтізбелік нормативтерді әзірлеу. Үшінші кезең – жоспарлы тапсырмаларды әрбір жұмыс орнына жеткізуді қамтиды. Осы мақсатпен күнтізбелік жоспарлар орындаушылар арасындағы жеке тапсырмаларға бөлінеді, сөйтіп, ауысымдағы әрбір жұмысшыға берілетін жеке тапсырмалар көрсетілетін жоспар жасалады.

Маркетингілік жоспарлау

Маркетингілік Жоспарлау – кәсіпорынның (фирманың)маркетингілікқызметінің барлық бағыттар бойынша егжей-тегжейлі жоспарларын әзірлеу. Мұндай маркетинг-жоспарлардың құрылымында мыналар қамтылады: негізгі көрсеткіштердің тізбесі; рыноктардың, олардың негізгі буындарының, тұтынушылардың (сатып алушылардың), бәсекелестердің сипаттамасы; бәсеке салдарынан болатын негізгі қиындықтарға жасалған талдау; фирма қол жеткізуге тиіс жоспарлы кезең мақсаттарының тұжырымдамасы; маркетинг стратегиясын әзірлеу; жоспардың орындалу барысына бақылау белгілеу. Фирма өнімнің бірнеше түрлерін, топтарын өндіретін, түрлі рыноктарда жұмыс істейтін жағдайда әрбір сала бойынша жеке маркетинг-жоспар жасалады.

Стратегиялық жоспарлау – оған жету жолында шешім қабылдау мен оны ұйымдастыру үшін мақсаттарды таңдау процесі. Ол бүкіл басқару шешімдері үшін оның негізін қамтамасыз етеді.

Стратегиялық жоспарлау – көптеген мемлекеттер, ірі және орта компаниялар соңғы кездері кеңінен қолданып жүрген арнаулы білім (қызмет) саласы. Ол басқаруда ертеден қолданылып келеді, бірақ жиі және кең көлемде қолданылуы екінші дүниежүзілік соғыс кезінен басталды және тек әскери ғана емес, сонымен қатар азаматтық қызмет пен бизнес сферасында да кеңінен қолданылғандықтан қазіргі кезде жеке ғылым саласы ретінде қалыптасты.

Стратегиялық жоспарлаудың мәні айқындалған, шекті қор көлемі бойынша дамудың магистральді бағытын, қазіргі экономиканың қолайлы тұстарын дұрыс пайдалану және жағымсыз жақтарының әсерін бейтараптандыру арқылы болашаққа нақты қойылған мақсатқа қол жеткізетін іс-әрекеттерді анықтауда.

Стратегиялық жоспар, ұзақ уақыт бойы тұтас болып қана қоймай, сонымен бірге тұрақты өзгеріп отыратын іскерлік, әлеуметтік ортаның әсерімен қажет болған жағдайда, оларға түзетулер енгізуге болатындай жеткілікті түрде икемді болуы тиіс.

Стратегиялық жоспар жасау болашаққа мұқият, жүйелі дайындықты білдіреді. Стратегиялық жоспарлау – бұл бірінші кезекте жоғары буын жетекшілерінің міндеті. Орта буын және төменгі буын жетекшілері тиісті ақпараттар беру арқылы және кері байланысты қамтамасыз ете отырып, осы жұмысқа қатысады.

Қазақстан Республикасында ұзақ мерзімді стратегиялық жоспарлар 10-15 жылдар аралығына жасалынады. Бұл жоспарда халық шаруашылығының ұзақ мерзімді мақсаттары, міндеттері және ұлттық экономиканың бірінші кезекті дамуы қажетті бағыттары, олардың іске асу кезеңдері және мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының жалпы бағыты белгіленеді.

Қазақстан Республикасында алғашқы стратегиялық жоспар Президентіміздің 1997 жылғы «Қазақстан 2030: Гүлдену, қауіпсіздік және барлық қазақстандықтардың тұрмыс жағдайларын жақсарту» үндеуіне сай 1998-2000 жылдар аралығына сай жасалынды.

 

Стратегиялық жоспарлаудың мәні және құрылымы

Жоғарыда айтқандай «Стратегия» термині, гректердің «Strategos» сөзінен туындаған және «генерал өнері» немесе «адамдарды басқару өнері» деген түсініктерді беріп, болашақта мақсатты бағытталған және шешуші іс-қимыл тобын, жиынтығын көрсетеді.

Қандай деңгейдегі экономика болмасын басты мақсат, міндет бұл іс-қимыл тобы, жиынтығының нақты жағдайға байланысты ғылыми негізделініп, тұжырымдалынып және цифрлар тілімен немесе сапалық, сандық көрсеткіштермен сипатталынуы. Бұл міндеттерді шешу, іске асыру кез-келген мемлекеттің (жоспарлауды экономиканы дамытудағы басты құралдардың бірі деп есептейтін) төл істерінің бірі.

Қазіргі замаңғы түсінікте және мемлекеттік басқару, реттеу істерінде және кәсіпорындар, ұжымдар деңгейіндегі қолданылуда «Стратегия» бөлшектеніп нақтыланған, жанжақты және кешенді, іске асырылуы мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін жоспар болып саналады. Стратегиялық жоспарлар негізінен сандық емес сапалық жоспарлау. Оның индикативтік жоспарлардан айырмашылығы мақсаттылығында, мазмұнында. Стратегиялық жоспар мәні – белгісіз болашақ және ішкі, сыртқы тұрақты өзгерістер жағдайында, ұтымды мүмкіндіктерді пайдалана жағымсыз құбылыстарын жеңе отырып нақты қойылған мақсатқа жетудің магистралды (басты) даму жолын, қызметтерін және іс-қимылдарын жасау. Осы түсінікте бұл жоспарлау үкімет басқару, атқару органдарының экономиканы реттеу, оның макроэкономикалық, микроэкономикалық тұрақты дамуын қамтамасыз етудегі басты құралдарының бірі десек қателеспейміз.

Стратегиялық жоспарлау тек макродеңгейдегі басты реттеу құралдары болып қоймай, сонымен бірге аймақтар, яғни облыстар деңгейінде де басты басқару, реттеу құралы болып саналады. Себебі облыстар экономикасы жалпы ұлттық экономиканың ажырамас бөлігі.

Он жылдық уақыт аралығына жасалынатын аймақтық стратегиялық жоспарлар болашақ әлеуметтік-экономикалық міндеттерді ұтымды шешуге бағытталады. Бірде бір экономикалық субьектаның құқықтық шеңберіне енбей, экономикалық реттегіштер мен тікелей және жанама ықпалды ұштастыра отырып, барлық субьекталардың іс-қызметтерін ортақ мүддеге бағыштап, белгіленген уақыт аралығындағы мақсаттарға жетуді қамтамасыз етуге бағытталған. Облыстар шеңберіндегі мұндай стратегиялық жоспарлар бір-бірімен тығыз байланысқан төмендегідей бөлімдерден тұрады:

  1. Облыстың, қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайының бағалануы;

  2. Жоспар кезеңіндегі облыстың миссиясы мен басты даму мақсаты;

  3. Экономикалық дамуы;

  4. Әлеуметтік дамуы;

  5. Күтілетін нәтиже;

Маркетингтік зерттеудің негізінде стратегиялық және оперативтік жоспарлар құрылады. Тауар саясаты тауардың ассортименттік тұжырымдамасын, оларадың сапасын және бәсекеге қабілеттілігін жоғарлатуды өнімнің өмірлік циклын талдауды және ескі өнімдердің байланысын анықтауды, тауар белгілерін иемдену стратегиясын айқындауды, ораманы жасау және сервизді орналастыруды басқаруды қамтиды. Баға саясаты баға жасаудың түрлі әдістерін қамтиды. Өткізу саясаты өткізу формаларымен арналарының тиімді жүйелерін ұйымдастыруды көздейді, бұған көтерметжәне бөлшек сауда желісі арқылы өткізу, тасымалдау, тұтынушыларға өнімді жеткізуге жатады. Өнімдерді өткізу әрекетін бақылау оны өткізер кезінде жүргізіледі және жүзеге асатын шараларға белгілі түзетулер енгізуге жағдай жасайды, сөйтіп фирманың маркетингтік қызметінің жемісті болуына мүмкіндік береді

Басқару

Басқару - реттеуге, қорғауға, қойылған мақсатқа сай нысанның жүйесін өзгертуге немесе жоюға бағытталған, субъектінің нысанға әрекет ету процессі. Басқару адам іс-әрекетінің түрі ретінде адамдардың бірлесіп қызмет ету пайда болғаннан бар. Әрбір тарихи кезең басқару субъектілерінің қатынасын, ынталандыру әдістерін, ұйымдастыру процессінің көлемін қырлап, өз түзетулерін енгізді, дегенмен тек XX ғасырда ғана басқаруға ғылыми көзқарас пайда болып, дами бастады. Басқару өндірісте еңбек бөлінісінің нәтижесінде пайда болды. Басқару адам тұрмысының ажырамас бөлігі, онсыз адамдардың ортақ қызметі де, жалпы қоғам да мүмкін емес. Тиімді басқару дамудың негізгі факторларының бірі. Басқару теориясын белгілі бір ереже- лерге сүйенген қисынды реттелген принциптер, әдістер және өңделген ақпарат негізінде эмпирикалық жолмен немесе бірқатар нақтылы ғылымдардан алынған басқару технологиялары жүйесі ретінде қарастыруға болады.

  1. Басқару - машинаның, механизмнің жұмыс тәртібін және күйін өзгертетін оператордың іс-әрекеті; 2. машинаны, механизмді басқару органыньң комплекті; 3. механикалық системаның функциясының жұмыс реттерін бақылау және бағдарламаларымен мақсаттарын ұқсату.