Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Документ Microsoft Word (3).docx
Скачиваний:
42
Добавлен:
06.06.2015
Размер:
56.5 Кб
Скачать

Коммуникация психотерапиясы

Психотерапиялық кеңес беру мен тестілеуді тиімді пайдалана білу психолог жұмысында өте қажет. Психодиагностикалық әдістерді үлкен біліктілікпен қолдана білу көмекке келген адамдармен жағымды қарым-қатынас орнатудың жолы.

Психикалық проблемасы бар адам психолог маманға бірден өз тағдырын, болашағын, ойын, жоспарларын ақтарылып жеткізе алмайды. Сондықтан, психологиялық тестілеуді сауатты қолдана білудің жағымды жақтары клиент жөнінде көптеген психологиялық мәліметтерді түсінуге көмектеседі. Мынандай жағымды жақтары бар:

  • Тестілік әдістемелер арқылы клиенттің жеке басы деңгейін диалогтан гөрі тереңірек анықтауға болады.

  • Стандартты әдістемелерді қолдану арқылы қалыптасқан бай тәжірибелерімен танысамыз.

  • Статистикалық тестілік талаптар мен сандық көрсеткіштер арқылы психологиялық жұмыстың сапасын, клиентке әсерін, өзгерістерін қадағалап, салыстыра аламыз.

  • Клиенттің психологиялық жағдайы мен ерекшеліктерін анықтауға, қарым-қатынас орнатуға, сеніміне кіруге, іс-әрекетін белсендіруге көмектеседі.

Психологиялық көмек берудің мақсаты мен шарттарына қарай қолданылатын тестілік әдістемелер:

  • экспресс – тестер;

  • тереңдетілген психологиялық диагностикаға арналған тестілер;

  • тереңдетілген психологиялық диагностиканың әдістемесі

болып бөлінеді. Аталған стандартты психодиагностикалық құралдардың тиімділігі психологтың біліміне, біліктілігіне, кәсіптік іскерлігіне, шеберлігіне айланысты.

Дегенмен, психологиялық тестілеуді қолдануда кейбір қателіктер де кетіп жатады.

  1. Адекватсыз тестілік әдістемелерді таңдау.

  2. Дұрыс емес диагностикалық шешімдерді қабылдау.

  3. Психологиялық диагностиканың нәтижелерін дөрекі түрде жеткізу.

Психолог тестілеуден алған мәліметтерді клиентке жеткізуде үлкен сыпайлылықпен, мәдениетті түрде төмендегі жеке адамның рефреймингі принциптеріне сүйенуі керек:

  • деноминализация – терминдерді өңдеу, клиенттің кім және қандай қасиеттері бар екендігін айтпай, оның не істейтіні мен сезімін айтуы;

  • контекстуализация – болған жағдайдың мазмұнына нұсқау, клиенттің қашан, қай жерде өзін ұстайтынын айту;

  • позитивті рейнтерпретация – клиенттің мінез – қылығындағы жағымсыз жақтарын жоққа шығару.

Жеке адамның рефреймингін қолдану арқылы көмекке келген клиенттің:

  • өзінің психикалық ерекшеліктерін, қасиеттерін, бойындағы «артықшылығын» түсінуге;

  • жағдайларға байланысты мінез-қылықтарын дұрыс көрсетуге;

әр түрлі жағдайларда бағдарлай білуіне көмектеседі.