Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
.doc
Скачиваний:
126
Добавлен:
05.06.2015
Размер:
2.1 Mб
Скачать

7. Бағалау критерилері:

Р\с

Әріп

Сандық

Көрсеткіш

Рейтинг

(пайыздық

көрсеткіш)

Баға

1

А

4.0

95-100

Өте жақсы

2

А-

3.67

90-94

3

В+

3.33

85-89

«жақсы»

4

В

3.0

80-84

5

В-

2.67

75-79

6

С+

2.33

70-74

«қанағаттанарлық»

7

С

2.0

65-69

8

С-

1.67

60-64

9

D+

1.33

55-59

10

D

1.0

50-54

11

F

0

0-49

«қанағаттанарлықсыз»

8.Әдебиеттер: Негізгі:

1. Баққұлов С. Д. «Құқық негіздері».Оқулық,2- ші басылым. Алматы, 2004 -

248 бет. III- бөлімі. 46-53 беттер.

2. Оспанов Қ.И "Құқық негіздері"2 - бас., толықтырылған. - Алматы: Жеті

жарғы, 2007. - 304 бет. III- бөлімі 72-93 беттер.

3. ҚР Конституциясы. II- бөлім Адам және азамат , 2008 жылдың 1 қаңтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген.

4. Конституцияның түсіндірме сөздігі. Алматы 1996 ж.

Қосымша:

1. Ашитов З.О., Ашитов Б.З. «ҚР-ның Құқық негіздері». Алматы

«Жеті Жарғы» 2003 ж.

2. Ағарбеков Т. «Мемлекет және құқық теориясы» Алматы 2003 ж.

3. Сәкен Өзбек, Өмірәлі Қопабаев «Мемлекет және құқық теориясы».Алматы

«Жеті Жарғы» 2006 ж.

4. Табанов С.А. «Салыстырмалы құқық негіздері».Алматы

«Жеті Жарғы» 2003 ж.

5. Сапарғалиев Ғ. «Заң терминдерін түсіндірме сөздігі». Алматы «Жеті

Жарғы» 1995 ж.

6. Жамбылова Р. «Заң терминдерінің қазақша – орысша, орысша – қазақша

анықтамалық сөздігі» Алматы 2001 ж.

7. Сапарғалиев Ғ.Ибраева А. «Мемлекет және құқық теориясы» Алматы

«Жеті Жарғы» 1997 ж.

8. Сапарғалиев Ғ. «ҚР Конституциялық құқығы» Алматы 1997 ж.

9. Төлеуғалиев Ғ. «ҚР азаматтық құқығы» Алматы 2001 ж.

10.Баянов Е.«ҚР Мемлекеті мен құқығының негіздері».Алматы 2003 ж.

9. Бақылау: кестені толтыру.

Президенттік күзет қызметіне түсетін тұлғаларға қойылатын талаптар.

Президенттік күзет қызметіне түсетін тұлғаларға қойылатын шектеулер.

1.Тақырыбы: «Мемлекеттік басқарудың дамуы жолындағы жергілікті басқару органдарының рөлі»

2.Мақсаты: Мемлекеттік басқару жүйесін, жергілікті өзін өзі басқару органдарының даму жолындағы мақсаттарын, олардың қызметтерінің құқықтық негіздерін, мемлекеттік басқару жүйесіндегі құқық бұзушылықтардың түрлерін және олардың алдын алу мәселелерін қарастыру.

3.Тапсырма: жағдайлық есептерді шешу.

4.Орындау түрі: жағдайлық есеп.

№1 есеп.

Шарт: Жер ресурстары басқармасы бойынша Комитетке азамат Смирнов әкімшілікпен екеуі арасындағы дауды шешіп берулерін сұрап жүгінеді. Даудың себебі қала сыртындағы саяжайдағы үйшіктің сырылып тасталуы. Әкімшілік бұл үйшіктің сырылуы жол құрылысына кедергі келтірмеу үшін қажет дейді.

Сұрақ: Әкімшіліктің әрекеті қай деңгейде заңды болады?

№2 есеп.

Шарт: Жергілікті өзін өзі басқару органдары жергілікті бюджетпен қамтамасыз етілетін әлеуметтік мәселелерді қарастыра отырып аймақтағы тұрғындардың жұмыспен қамтамасыз етілу мәселесін реттеу үшін шағын және орта бизнестердің субъектілерінің қызметін бақылауға алуды шешеді. Олар Еңбек туралы Заңға қосымшалар мен өзгертулер енгізгілері келеді.

Сұрақ: Олардың әрекеттері заңды ма?

№3 есеп.

Шарт: Азамат Сергеев облыстық әкімшілікке сайлау науқанына дайындық барысында кейбір құқық бұзушылықтардың болғанын көрсетіп шағым жазады, яғни ұйымдастушылар халыққа үміткерлердің әлеуметтік хал-ахуалы, бұрынғы жұмыс орны туралы дұрыс ақпарат беруден бас тартқан. Бұл шағымға облыстық әкімшіліктің қызметкерлері ол жағдай заң нормаларына сәйкес келісілген болатын деп жауап береді.

Сұрақ: Жергілікті өзін өзі басқару органдарының құзіреттілігі мен өкілеттігі қандай?

5.Орындау критерилері: «Мемлекеттік басқарудың дамуы жолындағы жергілікті басқару органдарының рөлі» тақырыбы бойынша бірнеше жағдайлық есеп және олардың жауаптарын дайындау қажет.

Студенттер есептерді шешу барысында бірыңғай талаптарды ескерулері қажет. Есептерді шешу үшін ҚР Конституциясы негізінде нақты тақырып бойынша теориялық материалдарды білулері керек, сондай-ақ қосымша материалдарды талдап зерделеулері қажет. Жағдайлық есептерді шешу студенттердің теориялық оқу материалдарын сапалы меңгеруге мүмкіндік береді. Жағдайлық есепті шешу барысында негізделген толық жауап болуы қажет.

6. Тапсыру мерзімдері Семестр соңына дейінгі аралықта тапсыру қажет.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]