- •Травматология
- •60 Жастағы науқас тротуарда тайып құлап алақанымен жерге соғылды. Білезік буынының ауырғанына шағымданады. Кәрі жіліктің дистальді бөлігін басқанда ауырсыну күшейеді. Зақымдану диагнозын атаңыз://
- •43 Жастағы науқас жұмыстан келе жатып мұзда тайғанап құлаған. Құлаған кезде аяқ басын сыртқа қарай қайырып алған. Осындай жарақатта жиі қолданыс табатын бекіткішті атаңыз //
- •43 Жастағы науқас жұмысқа бара жатқан жолда аяғы тайып құлаған, соның салдарынан аяқ басын сыртқа қарай қайырып алған. Рентгенограммада Сіз қандай жарақаттың болғанын күтесіз://
43 Жастағы науқас жұмыстан келе жатып мұзда тайғанап құлаған. Құлаған кезде аяқ басын сыртқа қарай қайырып алған. Осындай жарақатта жиі қолданыс табатын бекіткішті атаңыз //
+ гипсті байлам//
сүйектен тарту//
сүйекүстілік остеосинтез//
сүйекішілік остеосинтез//
сүйекарқылы остеосинтез
***
Омыртқа денесінің компрессиялық сынығына қандай жарақат механизмі
тән?//
жазғыш//
+ бүккіш //
вертикальді (білік өсі бойымен салмақ түсу)//
флексионнды-ротациялық//
горизонтальді (білік өсі бойымен салмақ түсу)
***
Қандай сынықта науқас арқасымен алға қарай жүруге мәжбүр болады?//
сегізкөз сынғанда//
құйымшақ сынғанда//
+ мықын сүйектің алдыңғы-жоғарғы өсі жұлынып сынғанда//
шонданайдың төмпешігі сынғанда//
мықын сүйегі сынғанда
***
Жамбас сүйегі түбінің сынығы сан басының орталық шығуымен бірлесе жүрсе сүйектен тартуды қалай жүргізіледі: //
сан сүйегінің бойымен сүйектен тарту//
аяқты сыртқа әкетікен қалыпта сүйектен тарту//
+ екі жақтан тарту жүйесі арқылы – сан бойымен және үлкен ұршық арқылы тарту//
үлкен ұршықтан тарту//
өкше сүйегі арқылы сүйектен тарту
***
Науқасқа өкше сүйегінің компрессиялық сынығына байланысты Юмашев әдісі бойынша сүйектен тарту жүргізілген. Сүйектен тартуды қандай шендеуіште орындайды//
Крамер//
ЦИТО//
Дитерихс//
Кузьминский//
+ Белер
***
Коррекция жасаушы корсетті қолдануға көрсеткіш://
кифосколиоз//
омыртқа гемангиомасы //
спондилолистез//
түбіршек жарақатының белгілері бар остеохондроз//
+ омыртқа денесінің сынығы
***
Қандай жағдайда супинаторды қолдану көрсетілген?//
эквино-жазық табанда//
сирақ және табан бұлшықеттерінің парезі кезінде//
1,5 см дейін аяқтың қысқалығында//
1,6-6 см дейін аяқтың қысқалығында//
+ жалпақ табанда
***
Деформацияны, контрактураны мәжбүрлі түрде шеттеу (жою) қалай аталады?//
+ редрессация//
репарация//
артродез//
артрориз//
артропластика
***
Қабырғалар сынығының жіктелуіне жататын жарақат түрлерін атаңыз://
тұрақты//
көлденең//
+ асқынбаған//
компрессиялық//
ескірген
**
Тізе буыны жарақаты мен ауруларын зерттеудің заманауи әдістеріне жатады:
рентгенография//
артропневмография//
контрастты рентгенография//
+ артроскопия//
буын пункциясы
***
Науқастың білегіне рентгенография жасау кезінде қандай ережені сақтау керек://
рентгенография білектің пронация қалпында жасалады//
+ рентгенографияда екі буынды қамтиды//
тура және қиғаш (3-4) проекцияда түсіріледі//
жартылай пронация қалпында түсіріледі//
тура және бүйір проекцияда түсіріледі
***
Жамбас сүйегінің алдыңғы және артқы жарты сақиналары бүтіндігінің бұзылуымен болған сынықтарда мүмкін болатын қан кету көлемі: //
500 мл//
1000 мл//
1500 мл//
+ 2000 мл//
4000 мл
***
Омыртқа денелерінің сынуларында қолданылатын функциялық емдеу әдісі://
Юмашев//
Силин//
Каплан//
Цивьян//
+Гориневская
***
Өкше сынығы қандай жарақат түрінде жиі кездеседі?//
аяқ басының пронациясында//
аяқ басын тез бүккенде//
аяқ басының супинациясында//
+ биіктен құлағанда//
аяқ басын тез жазғанда
***
40 жастағы науқасқа жүргізілген клинико-рентгенологиялық зерттеуде шынтақ өсіндісінің ығысқан сынығы анықталды. Сынықтың орталық бөлігі әдетте қайда ығысады?//
сыртқа//
ішке//
+ жоғары/
төмен//
алдыға
***
Кәрі жілік басының ұсатылған сынығында қандай емдеу әдісін қолданған тиімді:
сүйекішілік остеосинтезді//
сүйекүстілік остеосинтезді//
сүйекаралық остеосинтезді//
+ жілік басын алып тасату//
сүйектен тартуды
***
Айқасқан (крест тәрізді) байлам жарақатындағы негізгі симптом: //
сирақтың бір жанына қарай девиациясы //
+ «жылжымалы жәшік» симптомы//
гемартроз//
«шертпе» симптомы//
буын блокадасы
***
Бел омыртқасы немесе төменгі кеуде омыртқасы денесінің сынығын арқанының жұмсақ тіндірінің жарақаттарынан және көлденең өсіндісінің сынықтарынан ажырататын симптом:
қанталудың болуы//
сипағанда аурудың болуы//
+ Силин симптомы //
Джойс симптомы //
Гирголав симптомы
***
Науқас қолын созған күйде мұзда құлаған. Иықтың ортаңғы бір бөлігінде айқын ісіну, деформация, сынық бөліктерінің крепитациясы анықталады. Қол басын жазу, 1 саусақты сыртқа қарай әкетуі шектелген. Қол басы терісінің сезімталдығы төмендеген. Рентгенограммада иықтың ортаңғы бір бөлігіндегі қиғаш сынық анықталады. Қандай емдеу әдісі тиімді болып саналады?// гипсті таңғыш салу//
сүйектен тарту//
ошақтан тыс сүйекарқылы остеосинтез//
+ батырмалы остеосинтез//
тежегіш остеосинтез
***
Омыртқаның кеуде бөлігінің компрессионды сынығы бар балаларды тиімді емдеу тактикасына жатады:
функциялық емдеу әдісі (сүйектен тарту, ЕДШ, массаж)//
корсет көмегімен емдеу//
оперативті ем//
+ бір сәтте реклинация жасау + корсет тағу//
корсеттің қажеті жоқ
***
Асықты жіліктің проксимальді метафизі арқылы сүйектен тартып емдеу әдісіне көрсеткіш: //
+ жамбастың алдыңғы және артқы жарты сақинасының бір жақты ығысуымен болған сынығы//
жамбастың алдыңғы жарты сақинасының ығысуымен болған сынығы//
шеттерінің ығысуымен болған сынықтары//
артқы жарты сақинаның ығысумен болған сынығы//
қасаға сүйегінің сынығы
***
Туа пайда болған қисық мойынның этиопатогенезі ://
+ кеуде-бұғаналық-емізікшелік бұлшықеттің даму ақауы (кемістігі)//
босану кезіндегі жарақат//
ұрықтың теріс орналасуы//
қабыну процесі//
жүрек ишемиясы
***
Ауыр физикалық еңбекпен айналысатын ересек адамның 6 мойын омыртқасының асқынбаған сынығы кезіндегі еңбекке қабілеттілігінің қалыпқа келу мерзімі қандай?//
1 ай//
2 ай//
3 ай//
+ 4 ай//
5-6 ай
***
Жамбас сақинасының ажырауымен жүретін сынықтарға жатады://
мықын сүйегі қанатының сынығы//
қасаға сүйегінің сынығы//
жамбас ойығы ернеуінің сынығы//
қасаға және шонданайдың бір жақты сынығы //
+ қасаға және шонданайдың әр жақты сынығы
***
Қайық (ладья) тәрізді сүйектің шығуында кездеспейтін клиникалық белгіні атаңыз:
1-ші саусақ сыртқа әкетілген қалпында болады//
қол басы ульнарды жаққа әкетілген//
анатомиялық табакерка аймағында ауыратын томпаю байқалады //
+ қол басы алақанға қарай бүгілген қалыпта//
білек буынында қимыл ауырсыну туындатады және шектелген//
***
Ортан жілік сынығы кезінде проксимальді фрагменттің барынша сыртқа қарай әкетілуі және бүгілуі кездесетін аймақты атаңыз://
+ диафиздің жоғарғы үштен бір бөлігі//
диафиздің ортаңғы үштен бір бөлігі//
диафиздің төменгі үштен бір бөлігі//
айдаршық үстінен сынығы//
диафиздің жоғарғы және ортаңғы бөлігі//
***
Қалыпты жағдайда асық сүйек-өкше бұрышы неге тең://
10-20˚//
20-30˚//
+20-40˚//
20-50˚//
40-60˚
***
Туа пайда болған сан басын шығуының этиологиялық факторы://
қабыну процесі//
жарақат факторы//
+дисплазия//
жатырдағы ұрықтың дұрыс жетлмеуі//
зат алмасу процесінің бұзылысы
***
Секвестрэктомия жасалғаннан кейін орын алған сүйек қуысын тиімді толтыру әдісі://
гемопломбамен//
+ қоректенетін аяқшасы бар аутосүйекпен//
гетерошеміршекпен//
қорегі бар бұлшықет аяқшасымен//
гетеротрансплантпен
***
Жалған буын остеомиелитпен және сүйек ақауымен асқынғанда қазіргі кезде қолданылатын ем://
сүйек пластикасымен сүйекішілік остеосинтез//
сүйек пластикасымен сүйеүстілік остеосинтез//
гипсті таңғыш//
+ сүйек арқылы остеосинтез//
тежегіш остеосинтез
***
Омыртқа денесінің компрессиялық сынуына байланысты науқасқа корсетті салған кезде жарақаттанған омыртқа қандай қалыпта болуы керек://
бүгілген қалыпта//
орта физиологиялық қалыпта//
қарқынды кифоз қалпында//
қарқынды лордоз қалпында//
+ жазылған қалыпта
***
Мойын омыртқасының экстензиялық шығуы мен сынуын сүйектен тартып емдеу кезінде білікшені (валик) қайда қояды://
+ бастың астына//
арқасына, мойынға дейін //
мойын лордозына//
білікше қолданылмайды//
барлығы дұрыс
***
Сирақ-табан буыны гемартрозына тән симптом://
қанталау//
ауырсыну//
ая-қол қызметінің бұзылысы//
+ буында қан жиналу//
жілік аралық синдесмоз жарақаты
***