Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Биосфера.doc
Скачиваний:
23
Добавлен:
20.05.2015
Размер:
150.02 Кб
Скачать

Қоректенуі бойынша тірі заттардың классификациясы

Автотрофтылар

Гетерофтылар

Миксотрофтылар

Фотоавтотрофтылар

Биотрофтылар

-

Хеноавтотрофтылар

Сапротрофтылар

-

Автотрофтылар дегеніміз тіршілігі үшін қоршаған ортадан көмірқышқыл газын сіңіріп, оттегін сыртқа ортаға шығарып отыратын ағзаларды айтады. Олар энергияны Күн сәулесі арқылы алады. Автотрофтылар фотоавтотрофтыларға және хеноавтотрофтыларға бөлінеді.

Фотоавтотрофтылар энергия көзі ретінде күн сәулесін пайдаланса, хеноавтотрофтылар органикалық емес заттардың тотығуы нәтижесінде пайда болатын энергияны пайдаланады. Автотрофтыларға жасыл балдырлар, жер бетінде өсетін барлық жасыл өсімдіктер, фотосинтезге қабілетті кейбір бактериялар және органикалық емес заттарды тотықтыруға қабілетті кейбір бактериялар (хеноавтотрофтылар) Автотрофтылар биосферадағы органикалық заттардың біріншілік продуценттері саналады.

Гетеротрофтылар дегеніміз – басқа ағзалар арқылы түзілген дайын органикалық заттарды пайдаланатын ағзалар болып табылады. Тірі заттар тек тірі ағзаларда ғана тұрақты болып келді және мүмкін болатын кеңістікті қамтып тұруға тырысады. Мұндайды В.И.Вернадский «Өмір қысымымен» Жер бетіндегі тірі ағзалардың ішінде көбею жылдамдығы біршама күшті болатын гигантты саңырауқұлағы. Бұл саңырауқұлақтың әрбір данасы 7,5 млрд. Дейін спора түзе алады.

Соған байланысты тірі ағзалардың өзін-өзі туындату, көпвариантты редупликация сияқты жалпы және спецификалық қасиеттері анықталады. Бұл қабілеттілік тірі ағзалардың басқа ерекшеліктерімен бірге тірі ағзалардың ұйымдасу деңгейінің негізін анықтайды.

Тіршіліктің барлық ұйымдасу деңгейлері бір-бірімен өте тығыз байланыста болады. Әрбір деңгейде барлық тірі ағзалар ұйымдасу формаларының эволюциялық ерекшеліктерін анықтайтын заңдылықтары болады. Тіршіліктің спецификалық қасиеттері ағзалардың тек өзін-өзі туындату ғана емес, эволюция дамуында қажетті өзгергіштікті қамтамасыз етеді.

    1. Биосфера эволюциясы

Ғалымдардың тұжырымы бойынша біз Галактикамыздың жасы 10-12 млрд жыл, ал күндікі – 5 млрд, Жердікі – 4,5 млрд жыл саналады. Жердегі заттардың аккрециясы біріншілік атмосфераның жеңіл молекулаларының әсіресе, гелий мен сутегінің уақытша қыздырылуына әкеледі. Жылудың қатты шағылысуының нәтижесінде температураның төмендеуі қатты қыртыстың түзілуіне әкеледі. Бұл процеске белсенді вулканизм кедергі келтірді, бұл кезде көп мөлшердегі газдардан екіншілік атомсфера түзіледі. Оның құрамында Н2-ден басқа СН4, NН3, және Н2О болады.

Н2СО3 сияқты көмірқышқылы аз болды, ал оны жер қыртысындағы Fе2 қосылыстары қалпына келтірді. Шамамен 1 млрд жылда атмосфера қалпына келді және мұнда абиогенді процесстердің түзілуіне және көптеген қосылыстардың жиналуына мүмкіндік туды. Ғарыштық кеңістікке Н2-ң жоғалуы, құрамында көп мөлшерде N2 –сі СО2-і және су буы бар үшіншілік атмосфераның түзілуі жүрді. Жер атмосферасында оттегі Күннің ультрафиолетті сәулесінің әсер етуімен су мен су буының жауылуы жолымен жинақтайды. Осыдан 3,5 млрд. Жыл бұрын күн сәулесінің көмегімен фотосинтезді жүргізуге қабілетті хлорофильді ағзалар пайда болды. Бұл ағзалар күн энергиясын биохимиялық энергияға айналдыруға қабілетті болып келді. Фотосинтез нәтижесінде атмосфера құралы оттегімен толығып, төртіншілік атмосфераның түзілуіне жағдай туды.

Қайта қалпына келетін екіншілік атмосфрераға үлкен энергия ағымдары әсер етті: қысқатолқынды ультракүлгін сәуле, Күннің иондаушы сәулесі, электрлік разрядтар, вулканнан туған жылудың жергілікті қайнар көздер. Осы талаптар орындалса ғана белсенді химиялық синтез жүреді, бұл синтез барысында аралық өнімдер, яғни этилен, этан, формальдегид, мочевина сияқты заттардан алдымен мономерлер, кейін полимерлер түзіледі. Тұну, бөлшектену, жабысу, сору сонымен қатар минералдар (лай, ыстық лава) беткейінде синтетикалық процестер жүріп отырды. Осы синтезге қатысатын өнімдер арасында 14 аминоқышқылы, пурин, пирамидин, қант, АМФ,АДФ,АТФ, май қышқылы, порфирин сияқты биологиялық маңызды қосылыстар табылған.

Протепоидтар мен нуклейн қышқылдары арасында байланыстар ерте басталғаны анықталды. Эйгеннің болжауы бойынша нуклейн қышқылы молекуласының тез, әрі дұрыс көбеюіне, бір жағынан өзіне сәйкес келетін протенойд әсер етті, ал екінші жағынан нуклеин қышқылының өзі-өзіне сәйкес келетін белокты иодтай бастады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]