Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
вводная 1.doc
Скачиваний:
33
Добавлен:
20.05.2015
Размер:
128 Кб
Скачать

6.3. Экологиялық зерттеу әдістері.

Экологияның методикалық негізіне модельдеу, эксперимент, табиғи бақылау жиынтығы құрайды. Экологиялық практикада қолданылатын кейбір зертеу әдістері.

  • табиғи объектілер процестері мен оларға антропогендік (техногендік) факторлардың әсерін тәртіпті жүйемен бақылау;

  • табиғи және жасанды (техногенді) объектілерді аналитикалық зерттеу;

  • табиғи объектілердің морфологиялық параметрін зерттеу;

  • процестер мен құбылыстарды бағалайтын статистикалық әдіс;

  • дистанционды зерттеу әдісі және арнайы картография әдісі;

  • математикалық модельдеу әдісі;

  • жүйелік әдіс;

  • әлеуметтік демографиялық әдіс;

  • табиғи және жасанды объектілердің паспортизациясы;

  • экологиялық менеджмент;

  • экологиялық аудит;

Экологиялық зерттеу әдістері ереже бойынша комплексті түрде қолданылады.

6.4. Негізгі түсініктемелер мен экологиялық заңдылықтар.

Ағза (В.И.Вернадский бойынша) – құрылысы бойынша тұйық, иерархиялы ұйымдастырылған, теңгерілмеген, өзін-өзі қалыптастырушы, зат және энергия алмасуы бойынша ашық жүйе.

Түр – морфологиялық, физиологиялық,биохимиялық ерекшеліктерімен ұқсас келетін тұқым тұқымқуалайтын, оңай будандаса алатын, ұрпақ жалғастыра алатын даралар бірлестігі.

Дара,индивид – бөлінбейтін өмір бірлігі.

Популяция - өзара әрекетте болатын, ортақ аумақты бірге жайлайтын және өзін-өзі ұрпақтар арқылы өрбітетін бір түрдегі даралар тобы.

Генофонд (популяцияның) – популяция гендері,популяция топтары мен түрлерінің бірлестігі.

Бірлестік – биорганикалық кеңістікте өзара байланысқан және өзара тәуелді түрлердің бірлестігі.

Биосфера немесе экожүйе – құрамы мен энергетикасы тірі табиғи заттармен анықталатын Жер шарының бір қабаты.Биосфераның құрамына тропосфера, гидросфера, литосфера кіреді. Биосфераның жоғарғы шекарасы озондық экран болып табылады. Жаңа заманғы экологияны қалыптастырған В.И.Вернадский еді.

Экологиялық жүйе – энергия алу әдісі және тағамдық негізде байланысқан тірі ағзалар мен қоректік орталар бірлестігі. Терминді 1935 жылы Э.Тенсли енгізді.

Биогеоценоз – терминді 1942 жылы В.Н.Сукачев енгізді. Биогеоценоз – тұрақты, өзін-өзі реттейтін тірі ағзалар мен оларды қоршаған абиотикалық ортамен байланысты айтамыз.

7. Сабақтың мазмұны:

  • Студенттердің өздік жұмысы:

1.Бастапқы білім деңгейін анықтау.

2.Қорытынды білім деңгейін бақылау үшін тест жұмысын шешу.

3.Табиғи ресурстарды рациональді пайдалану және қоршаған ортаны

қорғау жөніндегі сұрақтарға нормативті және анықтамалы

әдебиеттерді оқу.

  • Осы сабақ тақырыбы бойынша оқытушымен жұмыс:

1.Бастапқы білім деңгейін бағалау.

2.Осы сабақ тақырыбы бойынша оқытушымен бірлескен жұмыс.

- Экологияға анықтама.

- Экологияның даму тарихына атсалысқан көрнекті ғалымдар (Ч.Дарвин,

Э.Геккель, А.Тенсли, В.В.Докучаев, В.И.Вернадский,В.Н.Сукачев,

Г.Одум және Ю.Одум, Н.Ф.Реймерс, Б.Небел, Б.Коммонер және т.б.).

- Экологияның негізгі түсініктері: биосфера, экожүйе, биогеоценоз,

популяция, бірлестік, экологиялық фактор.

- Б.Коммонер қалыптастырған экологияның негізгі заңдары.

- Қазіргі заманғы экологияның құрылымы: жалпы және әлеуметтік

экология, адам экологиясы, қолданбалы экология.

- Экологияның медицина, биология және т.б. пәндермен байланысы.

- Қазіргі заманғы экология дамуының негізгі бағыттары.

- Экология әдістері.

- Тірі ағзаларды биологиялық ұйымдастыру дәрежесі: генетикалық жүйе,

жасушалық жүйе, мүшелік жүйе, ағзалық жүйе, популяциялық жүйе,

экологиялық жүйе.

- Ағзаүстілік жүйе дәрежесі – популяция, экожүйе, биосфера.Бұларды

экологиялық объект ретінде оқу.

- Эмердженттілік – тірі табиғи жүйенің универсальді қасиеті.

3.Қорытынды білім деңгейін бағалау.

4.СӨЖ нәтижелерін талқылау.

5.Сабақты қорытындылау.

  • Бастапқы және қорытынды білім деңгейін бақылау.

Бастапқы білім деңгейін бақылауға арналған

тест жұмыстары

1.Зооценоз – бұл:

А)Саңырауқұлақ бірлестігі

В)Микроорганизмдердің бірлестігі

С)Жануарлар бірлестігі

Д)Өсімдіктер Бірлестігі

2.Фитоценоз – бұл:

А)Саңырауқұлақтар бірлестігі

В)Микроорганизмдер бірлестігі

С)Жануарлар бірлестігі

Д)Өсімдіктер бірлестігі

3.Микробоценоз – бұл:

А)Саңырауқұлақтар бірлестігі

В)Микроорганизмдер бірлестігі

С)Жануарлар бірлестігі

Д)Өсімдіктер бірлестігі

4.Микоценоз – бұл:

А)Саңырауқұлақтар бірлестігі

В)Микроорганизмдер бірлестігі

С)Жануарлар бірлестігі

Д)Өсімдіктер бірлестігі

5.Қоршаған ортаның өзінің табиғаты бойынша қандай факторлары

кездеседі?

А)Химиялық

В)Физикалық

С)Биологиялық

Д)Антропогенді

6.Қазіргі заманға маңызды экологиялық мәселелерді атап беріңдер

А)мұхиттың ластануы және мұхит суы қасиетінің өзгеруі

В)құрлық суларының ластануы мен тарылуы

С)ландшафтық геохимиялық балансының өзгеруі

Д)аталғандардың барлығы дұрыс

7.Қазіргі заманғы маңызды экологиялық мәселелерді атап беріңдер

А)қатты және сұйық қалдықтардың жинақталуы

В)құрғақшылық процесінің ұлғаюы

С)тропикалық ормандар мен солтүстік тайгаларының көлемінің азаюы

Д)биотүрліліктің жалпы төмендеуінен экологиялық қуыстың босауы

Е)аталғандардың бәрі дұрыс

8.Қазіргі заманғы маңызды экологиялық мәселелерді атап беріңдер

А)Жер бетінде адам санының абсолютті көбеюі

В)кедейшілік пен байлық дифференциясының шегі

С)тығыз қалалар мен мегаполистердің тіршілік ету ортасының төмендеуі

Д)көптеген минералды шикізат шығарылатын жерлердің жойылуы

Е)айтылғандардың бәрі дұрыс

9.Қазіргі заманғы экологиясының маңызды мәселелері:

А)Жер шары климатының жылуы

В)жақын орналасқан космос аймағының ластануы

С)стратосфералы озондық экранның күшінің жиырылуы және

ультрафильтрациялы радиацияның күшейюі

Д)атмосфераның химиялық ластануы

Е)барлық аталғандар дұрыс

10.Қазіргі заманғы экологияның маңызды мәселелері:

А)атмосфераның химиялық ластануы

В)құрлық суының ластануы

С)Жер шары климатының жылып кетуі

Д)ландшафт балансының геохимиялық ластануы

Е)барлық аталғандар дұрыс

Қорытынды білім деңгейін бақылауға арналған

тест жұмысы

1. «Экология» терминін алғаш ғылымға енгізген:

А)Т.Мишер

В)Н.Небелом

С)Н.Гиляров

Д)Э.Геккель

Е)Н.Реймерс

2.Қазіргі заманғы экологияның құрамына кіреді:

А)қолданбалы экология

В)биоэкология

С)әлеуметтік экология

Д)адам экологиясы

Е)аталғандардың бәрі дұрыс

3.Жалпы экология оқытады:

А)кеңістіктік-географиялық, әлеуметтік, мәдени ортамен адам

бірлестігінің өзара қарым-қатынасы

В)ағзалардың өзара қарым-қатынасының жалпы заңдылықтары мен

олардың табиғи жағдайдағы ортамен бірлестігі

С)биологиялық түр ретінде адам эволюциясының ерекшелігі

Д)қоршаған орта құрамы мен қасиетіне өндіріс іс-әрекетінің тікелей және

жанама әсері

Е)айтылғандардың бәрі дұрыс

4.Төмендегілердің қайсысы жалпы экологияның құрамына кіреді?

А)факторлы экология

В)аутэкология

С)демэкология

Д)биогеоценология

Е)аталғандардың бәрі дұрыс

5.Әлеуметтік экология оқытады:

А)ағзалардың өзара қарым-қатынасының жалпы заңдылықтары және

табиғи жағдайдағы ортамен бірлестігі

В)кеңістіктітік-географиялық, әлеуметтік, мәдени ортамен адам

бірлестігінің өзара қарым-қатынасы

С)биологиялық түр ретінде адам эволюциясының ерекшелігі,

биологиялық процестердегі.

Д) А, С дұрыс

Е) В, С дұрыс

  1. Жалпы экология – бұл:

А)табиғи жүйелер экологиясы және табиғи орта туралы оқу

В)табиғи және жасанды жүйелердің адаммен өзгеруі

7.1935 жылы «экожүйе» терминін қай ғалым енгізді?

А)Т.Мишер

В)Д.Андерсон

С)Э.Геккель

Д)К.Рулье

Е)А.Тенсли

8.Адам экологиясы нені оқытады?

А)кеңістіктік-географиялық, әлеуметтік, мәдени ортамен адам

бірлестігінің өзара қарым-қатынасы

В)биологиялық түр ретінде адам эволюциясының ерекшелігі,биологиялық

процетері

С)ағзалардың өзара қарым-қатынасының жалпы заңдылықтары мен

олардың табиғи жағдайдағы ортамен бірлестігі

Д) А, В дұрыс

Е) В, С дұрыс

9.Қазіргі заманғы экологияның құрамына қай экология кіреді?

А)биоэкология

В)адам экологиясы

С)әлеуметтік экология

Д)қолданбалы экология

10.Биосфера ілімін енгізген кім?

А)В.Шелфорд

В)Ч.Адамсон

С)В.Докучаев

Д)В.Вернадский

Е)Н.Северцов

11.Экологияны оқытатын пән:

А)қоршаған орта мен ағза қарым-қатынасы

В)ағзаүстілік дәреже биожүйесі

С) А, В дұрыс

Д) В, С дұрыс

12.Аутэкология:

А)ағзалар экологиясы

В)экожүйе туралы ілім

С)биосфера туралы ілім

Д)қоршаған орта факторлары туралы ілім және олардың адам ағзасына

әсер ету заңдылықтары

Е)айтылғандардың бәрә дұрыс

13.Жалпы экологияның оқытатын мәселелері:

А)табиғи ортаны тұрақтандыру және сақтау

В)табиғижүйенің әртүрлі рангының тұрақтылығын зерттейтін

механизмдер

С)әртүрлі табиғи экожүйе мен биосфера функционирлеу заңдылықтарын

ашу

Д)табиғи ортаны сақтау, тұрақтандыру, қалыптастыруда тірі ағзаларды

оқудағы маңызы

14.Ағзаүстілік дәреже жүйесіне:

А)экожүйе

В)популяция

С)биосфера

Д) А, С дұрыс

Е) А, В, С дұрыс

15.Тірі заттарды биологиялық ұйымдастыру дәрежесі:

А)генетикалық жүйе

В)жасушалық жүйе

С)ағзалар жүйесі

Д)мүшелер жүйесі

Е)айтылғандардың бәрі дұрыс

16.Тірі заттарды биологиялық ұйымдастыру дәржесі:

А)популяциялық жүйе

В)жасушалық жүйе

С)экологиялық жүйе

Д)ағзалар жүйесі

Е)айтылғандардың бәрі дұрыс

17.Жалпы экология қандай өзара қарым-қатынастарды зерттейді?

А)тірі ағзалар арасындағы

В)адам мен қоршаған орта арасындағы

С)қоршаған орта факторлар арасында

Д)тірі ағзалар мен олардың мекен ортасы арасында

Е)тірі ағзалар мен адам арасындағы

18.Тірі ағзалар мен олардың мекен ортасы арасындағы байланысты қай

ғылым оқытады?

А)биология

В)жалпы

С)медициналық экология

Д)адам экологиясы

Е)санитарлы экология

19.Экологияның қай саласы қоршаған орта мен популяция арасындағы

байланысты оқытады?

А)демэкология

В)синэкология

С)аутэкология

Д)медициналық экология

Е)санитарлы экология

20.Экологияның қай саласы бірлестіктің ұйымдастыру заңдылықтары

және олардың құрылысын, функционирленуін, өзара реттелуін,

экологиялық жүйенің дамуын оқытады?

А)демэкология

В)синэкология

С)аутэкология

Д)медициналық экология

Е)санитарлы экология

Қорытынды білім деңгейін анықтау үшін

бақылау сұрақтары

1.Экология анықтамасы.

2.Экологияның дамуына атсалысқан көрнекті ғалымдар.

3.Экологияның негізгі түсініктері: биосфера, экожүйе, биогеоциноз,

популяция, бірлестік, экологиялық фактор.

4.Б.Коммонер қалыптастырған негізгі экологиялық заңдар.

5.Қазіргі экологиясының құрылысы: жалпы және әлеуметтік экология,

Адам экологиясы, қолданбалы экология.

6.Экологияның медициналық, биологиялық ғылымдармен байланысы.

7.Қазіргі күнде экологияның даму бағыттары.

8.Экология әдістері.

9.Тірі заттарды биологиялық ұйымдастыру дәрежесі: генетикалық жүйе,

жасушалық жүйе, мүшелер жүйесі, ағзалар жүйесі, популяциялық жүйе,

экологиялық жүйе.

10.Ағзаүстілік дәреже жүйесі – популяция, экожүйе, биосфера,

экологияны оқыту объектісі ретінде.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Негiзгi:

1. Келлер А.А., Кувакин В.И. “Медицинская экология”.-СПб.: /Петроградский и К/,

1998. - 256 с.

2. Шилова И. А “Экология”. - М.: Высш. шк., 2000,512 с,

3. “Экология человека: Основные проблемы” /Под ред. В. П. Казначеева В. С.,

Преображенского. М.; Наука, 1988,221 с.

Қосымша:

1. Дювинью П., Танг М. “Биосфера и место в ней человека”.-М.:Прогресс,1975,150с.

2. Меллер Т. ”Жизнь в окружающей среде”: Пер. с англ.В 3 т. ТЛ./Т .Миллер;Под

ред.Г .АЯгодина, - М. :Прогресс- Пангея, 1994

3. Реймерс,Н.Ф.”Охрана природы иокружаюшей человека среды: Словарь-

справочник”./Н. Ф .Реймерс.-М:Просвещение, 1992.-320с.