Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тема_2_каз.doc
Скачиваний:
39
Добавлен:
20.05.2015
Размер:
676.35 Кб
Скачать

Ms dos операциондық жүйесі. Ms dos негізгі түсініктері - шақыру, файл, каталог, ағымдағы диск, ағымдағы каталог, файл адресі. Негізгі бұйрық файлдары.

MS DOS (Microsoft Disk Operating System – Microsoft фирмасының дискілік операциялық жүйесі). «Дискілік» сөзі – бұл жүйе дискіден жұмысқа жіберіледі дегенді білдіреді. 1981 Microsoft компаниясында ІВМ тапсырмасы бойынша жасалынған. Ол ІВМ РС компьютерлерін жасайтын.

MS DOS кемшіліктері: Біріншіден, MS DOS бір есептік (однозадачная) ОЖ қалпында қалды. Бірнеше DOS-программаны жіберуге мүмкіндігі жоқ. Екіншіден, MS-DOS-та көптеген құрылғыларды қолдауы шектеулі. Үшіншіден, MS-DOS-та пайдаланушының өз интерфейсін (меню, иконкалар) жасауға қажетті құралдардың болмауы.

MS DOS қолдану аймақтары: автомобильдің болуы өз аяғымызбен жүруді тоқтатпайтыны сияқты Windows бар болуы MS DOS және DOS программаларының қажеттігін алып тастамайды, бірақ өте қысқартады. Қазіргі кезде дейін әр түрлі қызметте DOS-программасы табысты жұмыс істеуде, басқадай операциялық жүйе (ОЖ) қолдану мүмкін емес немесе экономикалық жағынан тиімсіз.

Windows операциялық жүйесі бүліккен жағдайда (бұл жиі кездеседі) жұмыс істемей қалу себебін зерттеу үшін және оларды жөндеуде MS DOS және DOS қолдануға тура келеді.

Windows операциялық жүйесі MS DOS үсіне қосымша болып табылады. Олардың эффективтті пайдаланылуы үшін MS DOS-ты реттей білу керек.

MS DOS (версиялары)

MS DOS 7.0 версиясы Windows 95 құрамында болады. MS DOS-тың бұл версияны жеке операциялық жүйе емес, Windows 95-тың жүйесіне кіретін система-ішілік (подсистема), MS DOS-тың алдың версияларымен үйлесуін қамтамасыз етуге қызмет етеді деп қарастырған дұрыс.

DOS операциялық жүйесін алғашқы жүктеу (загрузка)

Бұл жұмыс автоматты түрде сынадай жағдайда орындалады:

  • Компьютердің электрмен қамтамасыз етуінқосқан кезде (тоққа қосқанда)

  • Reset батырмасын (компьютер корпусында) басу арқылы

DOS-пен жұмыс істеу кезінде DOS қалыптап артық жүктеу (перезагрузка) Ctrl+Alt+Del батырмаларын бірмезгілде басы арқылы орындалады.

Пайдаланушының DOS-пен диалогі (өзара әрекеті) пайдаланушының DOS шақыруына жауап ретінде енгізетін символдардың команда – жолы түрінде жүргізіледі. Пайдаланушының әр командасы DOS әр түрлі әрекетті орындауға тиіс екенін білдіреді. Мысалы файлды қағазға жазу немесе каталог мазмұнын (оглавление) экранға шығару, т.б. DOS командасы команда атауынан немесе программа шақыруынан тұрады немесе бос орынмен бөлінген параметрлерден құралуы мүмкін. Әр команданы енгізу Enter клавишасын басумен аяқталады.

Файлдық жүйе

Файл – бұл сыртқы есте сақтау құрылғысында орналасқан және сақталатын, жөнелтілетін және бір бүтін ретінде өңдеуге болатын аты бар кез келген мәліметтердің жиыны. Файл бағдарлама, санмен көрсетiлген мәлiмет, мәтін, кодталған сурет және т.б. бола алады.

Файлдық жүйебұл файлды қандай да бір тасығышта сақтауды ұйымдастырудың құралы.

Файлдар сыртқы тасығыштарда жад бөлімшелері сияқты физикалық жүзеге асады.

Файл аты екі бөлімнен тұрады - Windows 95-тен басталып 256 символдан тұра алатын (MS DOS-та 8 символға дейін) меншікті аттан және файлдың типіне нұсқап, 3 не 4 әріптен тұратын кеңейтілуден. Файлдың аты тоғыз арнайы символдан басқа барлық символдардан тұра алады: \ / : * ? ” < > |

Файл кеңейтілулері:

.txt, .doc, .rtf – мәтіндік файлдар;

.html, .htm – Интернеттегі гипермәтіндік документ;

.xls – электрондық кесте;

.mdb – мәліметтер базасының файлы;

.ехе – бұл өзінде бағдарлама сақтап тұрған орындалушы файл;

.соm – орындалушы бағдарламалық файлдың басқа типі (жүздеген килобайтқа дейінгі бағдарламалар). Көбінесе бұл MS DOS операциондық жүйесі бойынша жұмыс істейтін бағдарламалар;

.bat – бірнеше бағдарламаларды бірінен соң бірін іске қосуға арналған пакетті файл;

.cfg –бағдарламаның жұмысының параметрлері көрсетілетін конфигурационды файл;

.dll – динамикалық түрде қосылатын мәліметтер билиотекасы, одан керек болған жағдайда бірден бірнеше бағдарламалар сұрастыра алады;

.hlp – анықтама немесе көмек файлы;

.dat –мәліметтер файлы;

.wav, .mp3 –сандық форматтағы дыбыс;

.avi, .mov, .mpg - видеоклиптер файлдары;

.bmp, .jpg – графикалық файл, сурет;

.arj, .zip, .rar – архивтер файлдары.

Кез келген файлдың жалпы маскасы: «*.*». Бірінші жұлдызша бұл файлдың аты, екіншісі – оның типін нұсқайтын кеңейтілуі.

Файлдың аты мен кеңейтілуінен басқа операциондық жүйе әрбір файлға оның жасалу (өзгертілу) күні мен файлдың атрибуттары деп аталатын бірнеше жалаушалық көлемдерді сақтайды (оларды файлдың контекстік менюін шақырып, Свойства командасын таңдау арқылы қарап шығуға болады). Атрибуттар – бұл файлдың қасиеттерін анықтайтын қосымша параметрлер.

Негізгі атрибуттарға мысал:

  1. Тек қана оқуға (Only)

  2. Жасырын (Hidden)

  3. Жүйелік (System)

  4. Архивтік (Archive)

Әрбір файлдың каталогта тіркелген аты болады.

Каталогтар (папкалар) – дискіде жазылған файл жайлы ақпарат беретін иерархиялық құрылымның маңызды элементтері. Каталогта файл жайлы ақпарат сақталады: аты, атрибуттар, жасалу куні мен уақыты, көлемі, бастапқы кластер. Каталогтардың екі негізгі типі бар: түбірлік (корневой) және подкаталог (папка). Оларды сақталған файлдардың максимальды санымен ажыратады. Әрбір логикалық дискіде түбірлік (корневой) каталог орналасады. Түбірлік (корневой) каталогтардың көлемдері диск размеріне байланысты өзгеріп отырады, бірақ әрбір нақты түбірлік каталог логикалық дисктің жасалуы кезінде сақталынады және жұмыс үрдісі кезінде өзгертілмейді. Подкаталог файлдардың ерікті санын сақтай алады.

Каталогтар файладарға қол жеткізу ыңғайлылығын қамтамасыз етеді, егер тасығышта файлдар тым көп болса. Файлдар каталогтарға жасаушысы берген кез келген жалпы белгілері бойынша біріктіріледі (типі бойынша, жасалу уақыты бойынша, иесінің аты бойынша және т.б.).

Каталогтың меншікті аты болуы мүмкін және ол басқа каталогтарда қарапайым файлдармен қатар сақтала алады: осылайша иерархиялық файлдық құрылымдар пайда болады. Мұндай құрылымның мысалы – суретте.

Мәліметтердің иерархиялық құрылымында объекттің адресі құрылымның шыңынан объектіге жеткізетін маршрутпен (қол жеткізу жолы) беріледі. Салынған каталогтар жүйесінен өтетін файлға қол жеткізу жолының жазылуы кезінде барлық аралық каталогтар өзара “\”(кері сызық) символымен бөлінеді. Мысалы, Общая медицина папкасында орналасқан Lab_1.doc файлы үшін қол жеткізу жолы келесідей болады: \Студенты\Общая медицина\ Lab_1.doc.

Қатты дискта ақпаратты сақтау және оларға қол жеткізу үшін операциодық жүйе келесідей құрылымдар мен элементтерді қолданады:

  1. Бөлімдердің жүктеме секторлары,

  2. Логикалық дисктің жүктеме секторы,

  3. Файлдарды орналастыру кестесі,

  4. Түбірлік (корневой) каталог,

  5. Мәліметтер облысы,

  6. Оқу/жазу диагностикалық операцияларын орындауға арналған облыс.

Бір қатты дискқа бірнеше операциондық жүйелерді орналастыру үшін оны логикалық бөлімдерге бөлу керек (логикалық дисктар). Дискті бөлімдерге бөлу жайлы ақпарат (олардың саны, көлемі және олардың қайсысы белсенді болып табылады) басты жүктеме бөлімде сақталады (сонымен қатар оны MBR – Master Boot Record секторы деп атайды).

Әр бөлімнің басында логикалық дисктің жүктеме секторы болады. Онда логикалық диск жайлы ақпарат сақталған (көлемі, орналастырылуы және FAT идентификаторы, егер диск активті болса ОЖ жүктелу бағдарламасының коды).

Файлдарды орналастыру кестесі (FAT-FileAllocationTable) – дисктағы файлдар орналасқан кластерлердің санының кестесі. Қатты дисктің ең басында жасалады, онда қайсібір файл немесе папканың, не олардың аттарының қандай кластерді алатыны жайлы мәлімет сақталады. Операциондық жүйе әдетте қауіпсіздікті жоғарылату мақсатында екі FAT көшірмесін қолдайды.

Бүгінгі күнде қазіргі Microsoftт-тың операциондық жүйелерінде FAT32 қолданылады.

Дисктардың физикалық және логикалық құрылымдары.

Файлдар қатты дискта сақталады – бұл екі жағынан магнитті материалмен қоршалған бір немесе бірнеше шыны не металл дисктер. Мәліметтер қатты дискқа оның физикалық құрылымына сай жазылады.

Физикалық құрылым: әрбір дисктің магнитті беткейі концентірлі жолақтарға бөлінген, олар өз кезегінде бөлікше-секторларға бөлінеді. Қатты дисктің барлық беткейі 512 байт көлемді секторларға бөлінген. Дисктар бірнешеу болуы мүмкін, сондықтан жолақтар және секторлармен қатар үшінші бөлу түрі – цилиндирларға бөлу бар. Цилиндр – бұл барлық жұмыс беткейлеріндегі тігінен бір біріне сәйкес келетін жолақтар саны.

Логикалық құрылым форматтау операциясы кезінде пайда болады (бұл физикалық дисктi бастапқы белгiлеу үрдісі).

Файлдар дискіге бос орындарға түсу шараларына байланысты орналасады. Ерекшеленетін дисктік кеңістіктің минимальді бірлігі – кластер. Кластерларға бөлу форматтау кезінде жүзеге асады. Кластердің бірнеше физикалық секторлары болады. Кластер шамасы қатты дисктің көлемі мен файлдық жүйенің түріне (мәліметтерді дискіге орналастырып және операциондық жүйе құрамына кіретін) тәуелді өзгеріп отырады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]