Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
OM_OG_RK_2_raspech3.doc
Скачиваний:
37
Добавлен:
20.05.2015
Размер:
279.04 Кб
Скачать
  1. 50 - 100 Гц

  2. 20 мың - 30 мың Гц

  3. 16 - 500 Гц

  4. 10 мың - 20 мың Гц

  5. 1000 - 4000 Гц

10. Ауруханаға түскен науқастар кешкілік қуырылған саңырауқұлақ жегендігін айтты. Терісінің беті бозданған, іш құрсағы қатты ауырсынады, анурия анықталды. Келесі күні оң жақ бүйірі қатты ауырып, терісінің беті сарғайды. Науқастар комаға түсіп, қиын жағдай туындады. Қандай тамақтану улану жағдайы орын алып отыр?

  1. Микробсыз тамақтан улану, химиялық

  2. Микробсыз тамақтан улану, шартты жарамды өнім

  3. Микробсыз тамақтан улану, табиғатынан улы өнім

  4. Микробты тамақтан улану, аралас

  5. Этиологиясы белгісіз тамақтан улану

  • Блок 2.

Бала бақшада түскі асқа баклажан икрасы (Краснодар аймағының колхоздық консерві зауыттарының бірінің өнеркәсіптік өндірісінің консервісі) берілді. 7 сағат өткен соң екі балада құсу, ішінің ауыруы, әлсіздік, жұтынудың қиындауы, қарашықтарының біркелкі емес кеңеюі байқалды. Кейіннен қабақтың түсуі, дауыстың қарлығуы, дауысының қырылдауы тәрізді симптомдар пайда болды. Дене температурасының қалыпты жағдайында тахикардия байқалды. Балалар невропатолог кеңесінен өтіп, «полиемиелиттің бульбарлы формасы» және «дифтериялық полиневрит» диагноздарымен неврологиялық бөлімшеге жатқызылды.

Жүргізілген емдеу шараларына қарамастан екеуі де қайтыс болды. Осындай шағыммен 12-48 сағаттан кейін түскен тағы да бес бала үшін құрамында дәрігер-инфекционист, невропатолог және педиатр бар дәрігерлік комиссия құрылды. Комиссия «табиғаты микробты тағамнан улану» диагнозын қойды және түскі ас кезінде ауырған балалардың бәрі бір консервідегі баклажан икрасын жегенін анықтады. Емдеу шараларының нәтижесінде кейінгі 5 бала аман қалды.

Тапсырма: Анамнез және клиника мәліметтерін пайдалана отырып суреттелген тағамнан улану жағдайын талдаңыз. Диагнозды негіздеңіз, оны дәлелдеу үшін қандай қосымша лабораториялық зерттеу жүргізу қажет, ауырғандарға қандай жедел көмек көрсету керек екендігін көрсетіңіз, мұндай уланудың нақты алдын алу шараларын ұсыныңыз

Келесі сұрақтарға жауап беріңіз:

1. Тағамнан уланулар қалай жіктеледі және жіктелу принципі қандай жағдайға сүйенеді?

2. Этиологиясы анықталмаған тағамнан улануларға түсінік беріңіз.

Жалпы гигиена, экология курсына жауапты Калишев М.Г.

Нұсқа/ Вариант № 10

  • Блок 1. Бұл блокта 10 тест сұрағына жауап беру керек, әр дұрыс жауап 5% /В данном блоке необходимо ответить на 10 тестовых вопросов, за каждый правильный ответ 5%

1. Жоспарлы кешенді медициналық тексеріс, балалардың биологиялық жасын анықтаумен қатар жүргізілді. 11 жастағы ер баланың дене дамуы бойынша өзінің құрбылыстарынан қалыс дамуы анықталды. Баланың дене даму дәрежесісінің анықтамасы қандай?

  1. жақсы (қалыпты), үйлесімді

  2. нашарлаған, дисгармониялық

  3. нашар, дисгармониялық

  4. жалпы тежелуі

  5. дене дамуының оза жүруі

2. Бастауыш мектепте оқу жылының бірінші тоқсанына сабақ кестесі құрастырылды. Кестеде қосарландырылған сабақтар 5 рет кездеседі, динамикалық компоненттері бар сабақтар бірінші сабаққа қойылған. Құрастырылған сабақ кестесіне қандай баға бересіз?

  1. сабақ кестесі ұтымды ұйымдастырылған, оқу жүктемесі нормаға сай

  2. оқу жүктемесі нормаға сай, себебі бастауыш сынып оқушыларына қосарландырылған сабақтар жүргізуге болады

  3. оқу жүктемесі нормаға сай, себебі бастауыш сынып оқушыларына динамикалық компоненттері бар сабақтар жүргізуге болады

  4. сабақ кестесі ұтымды ұйымдастырылмаған, оқу жүктемесі нормаға сай емес

  5. оқу жүктемесі нормаға сай, себебі бастауыш сынып оқушыларына динамикалық компоненттері бар сабақтар тек қана бірінші сабақтарға жүргізілуі тиіс

3.Қала ортасында орналасқан МДБМ-ге гигиеналық зерттеу жүргізілді. Зерттеудің мақсаты МДБМ де топтық оқшаулау принципін бағалау. Топтық оқшаулау қалай жүргізіледі?

  1. аймақта топтық алаңының және ғимаратта топ ұяшығының болуы

  2. алаңға жеке шығу есігінің болуы

  3. жеке дәмхананың болуы

  4. жеке оңашалау болуы

  5. жалпы дене шынықтыру аланның болуы

4. Қалыптау цехында үй салу комбинатының дірілүстелінің пультінде жалпы діріл деңгейінің нормаланған көрсеткіші 80, 82, 92, 96, 96, 92. Дірілдің негізгі физикалық көрсеткіші қандай?

  1. тербеліс амплитудасы

  2. діріл беткейінің сипаты

  3. дірілмен байланысты дене беткейінің ауданы

  4. діріл көзі болып табылатын дененің тербеліс тығыздығы

  5. нормадан ауытқу биіктігі

5.Проходкалау бөлімінде шаңның дисперсті құрамына зерттеу жүргізілді, 2 мкм көлемдегі шаңның 41% (SiO2) құрайтындығы анықталды. Бұл жұмыс орынында қандай кәсіптік ауру дамуы мүмкін?

А. бронхит

В. силикоз

С. бронхиальная астма

D. плеврит

Е. дерматит

6. 450 койка санына есептелген аудандық аурухананың жобасы гигиеналық сараптауға келіп түсті. Аурухананың жобасында барлық бөлімшелер үшін қабылдау бөлімін бірге орналастыру жоспарланған. Қандай бөлімшенің қабылдау бөлімі жеке болуы тиіс?

  1. іріңді хирургия

  2. анестезиология және реанимация

  3. реанимация және қарқынды терапия

  4. перзентхана

  5. неврологиялық

7. Кезекші дәрігер басының, ішінің ауырғынына, көзінің алды тұмандануына шағым айта келген науқастардың көру бұзылыстарына, аккомодацияның бұзылғандығын, жұтынудың қиындауын, дауысының қарлыққандығын анықтады. Сырқат тамақтан уланудың қандай тобына жатады?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]