Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
прил. 3 к пр.218 с прил.1-3 гос.doc
Скачиваний:
7
Добавлен:
20.05.2015
Размер:
152.58 Кб
Скачать

3. IV санаттағы науқастарды емдеу

  1. IV санаттағы науқастарды емдеу:

  1. бірінші, екінші және үшінші қатардағы ТҚП стандартты және жеке–дара кестелер бойынша қолдануға негізделген;

  1. тағайындалған дәрілердің барлық мөлшерін арнайы даярланған медицина қызметкерінің тікелей бақылауымен қабылдау арқылы жүргізіледі;

  1. үзіліссіз екі кезеңде жүргізіледі:

бірінші кезең – емнің қарқынды фазасы ТҚКҰ арнайы бөлімшелерінде басталады, емді амбулаториялық жағдайда жалғастыру мүмкіндігін ОДКК қарастырып, шешеді;

екінші кезең – емнің жалғастыру фазасы амбулаториялық жағдайда немесе санаторийлерде жүргізіледі. Емнің жалғастыру фазасын стационарда жүргізу мүмкіндігін ОДКК шешеді (негізінен, әлеуметтік жағдайы қолайсыз, тұрмыстық жағдайы нашар науқастар, сонымен қатар аудан орталықтарынан алыс жерде тұратын науқастар).

  1. Ем тағайындалғанға дейін бірінші қатардағы ТҚП сұйық және/немесе тығыз қоректік орталарда ДСТ анықтау туберкулезге шалдыққан барлық науқастардың бәріне бірдей жүргізіледі.

  1. Екінші қатардағы ТҚП, әсіресе аминогликозидтер, капреомицин мен фторхинолондарға сұйық және/немесе тығыз қоректік орталарда ДСТ анықтау ТҚҰ бактериологиялық зертханаларында жүргізіледі. Пенитенциарлық секторда екінші қатардағы ТҚП ДСТ анықтау мүмкіндігі болмаған жағдайда бұл зерттеу түрі азаматтық сектордың бактериологиялық зертханаларында екі жақты келісім бойынша жүргізіледі.

  1. Бірінші қатардағы ТҚП ем бастамас бұрын екінші қатардағы ТҚП сұйық қоректік орталарда ДСТ анықтау (әсіресе инъекциялық дәрілер мен фторхинолондарға) келесі науқастарда жүргізіледі:

  1. ДККТ ТБ дәлелденген немесе КДК ТБ дәлелденген, IV кесте бойынша емделген, бірақ ЕҚД бақылаулы түрде жүргізілген емі сәтсіз болған науқаспен тығыз қарым-қатынаста болған туберкулез ауруына шалдыққан науқастарда, балалар мен жасөспірімдерді қоса;

  1. IV кесте бойынша емі сәтсіз болған немесе Қазақстан Республикасындағы КДК ТБ жағдайларының менеджментінің Ұлттық Нұсқауының талаптарына сәйкес келмейтін кестелер бойынша бұрын екінші қатардағы ТҚП қабылдаған науқастарда;

  1. туберкулез ауруына шалдыққан иммундық тапшылық аурулары, АИТВ жұққандығы бар науқастарда;

  1. азаматтық және пенитенциарлық сектордың ТҚҰ-ның туберкулез ауруына күдік тудырған медициналық және медицинадан тыс қызметкерлерінде.

  1. Ем басында екінші қатардағы ТҚП тығыз қоректік орталарда ДСТ анықтау (әсіресе инъекциялық дәрілер мен фторхинолондарға) IV кесте бойынша ем қабылдап жатқан КДК ТБ бар барлық науқастарда жүргізіледі.

  1. Екінші қатардағы ТҚП сұйық қоректік орталарда ДСТ қайта анықтау КДК ТБ бар IV кесте бойынша ем қабылдап жатқан, бірақ жүргізілген ем тиімсіз болған (бақылаулы емнің 5 айынан кейін қақырық микроскопиясы немесе дақылды әдіс бойынша бактерия бөлуі сақталған, аурудың клиникалық, рентгенологиялық көрінісінде өршу байқалған) науқастарда жүргізіледі.

  1. Науқасты IV санат бойынша емдеу туралы шешім қабылдауға, ем кестесін анықтауға тек қана КДК/ДККТ ТБ ОДКК құқылы және де олар ем кестесі, ТҚП қабылдау жиілігі мен мөлшерін бекітеді.

  1. ОДКК жұмыс тәртібі мен құрамы осы Нұсқаулықтың 1 қосымшасында келтірілген.

  1. IV кесте бойынша және ДККТ ТБ емдеу емнің толық курсына арналған дәрілер жиынтығы болған жағдайда ғана тағайындалады.

  1. ДККТ ТБ бар науқастарды екінші және үшінші қатардағы ТҚП емдеу осы Нұсқаулықтың 2 қосымшасында келтірілген іріктеу топтарына сәйкес жүргізіледі. ДККТ ТБ бар науқас биоәлеуметтік және медициналық факторлардың өзгеруіне байланысты бір іріктеу тобынан екінші бір топқа ауысуы мүмкін.

  1. IV кесте бойынша және ДККТ ТБ емдеуді бастамас бұрын науқаспен, балалар мен жасөспірімдердің ата-анасымен (қамқоршыларымен) ем курсын міндетті түрде толық аяқтау қажеттілігі туралы сұхбат жүргізіледі. Әрбір жағдайда ТБ 14 – науқастың ақпарат алғаннан кейінгі ем қабылдауға берген келісімі толтырылады.

  1. IV кесте бойынша емнің қарқынды кезеңінде екінші қатардағы кем дегенде 4 ТҚП, оның біреуі – инъекция түрінде, тағайындалады. Пиразинамид ем кестесіне міндетті түрде қосылады. Сезімталдығы сақталған бірінші қатардағы басқа да ТҚП ем кестесіне қосылады.

  1. ДККТ ТБ бар науқастарды емнің қарқынды кезеңінде емдеу үшін ТҚП 5 тобы қолданылады:

  1. 1–топ: сезімталдығы сақталған ауыз қуысы арқылы қабылданатын дәрілер этамбутол және/немесе пиразинамид. Пиразинамид емнің толық курсы бойы науқастардың оны көтере алуын ескере отырып қолданылады.

  1. 2–топ: инъекциялық дәрі (канамицин, капреомицин немесе амикацин). Аминогликозидтерге сезімталдық сақталған жағдайда соларды қолданған жөн. Аминогликозид тобының дәрілеріне көнбейтінлік анықталған жағдайда капреомицинді тағайындау керек;

  1. 3–топ: фторхинолондар тобының соңғы буынды дәрісі (моксифлоксацин);

  1. 4–топ: екінші қатардағы бактериостатикалық дәрілер (этионамид/протионамид, циклосерин, ПАСҚ) емнің толық курсы бойы науқастардың оларды көтере алуын ескере отырып қолданылады;

  1. 5–топ: амоксициллин-клавуланат, кларитромицин.

  1. Емнің қарқынды кезеңі:

IV кесте бойынша 6 ай және одан да астам уақыт бойы егу әдісінің екі теріс нәтижесін алғанға дейін жүргізіледі. IV кесте бойынша стандартты ем кестесі: Cm/Km/Am + Ofx (Lfx) + Eto (Pto) + Cs + Z + PAS.

ДККТ ТБ бойынша 9 ай және одан да астам уақыт бойы егу әдісінің төрт теріс нәтижесін алғанға дейін жүргізіледі. КАДК ТБ емдеудің стандартты кестесі: Z (E) + Cm/Km/Am + Мfx + Eto/Pto + Cs + PAS + Amx-Clv + Clr.

  1. IV кесте бойынша емнің жалғастыру кезеңінде екінші қатардағы ТҚП кем дегенде үшеуін, фторхинолон тобының дәрісін міндетті түрде қоса қолдану керек. ДККТ ТБ бойынша емнің жалғастыру кезеңінде - моксифлоксацин, амоксициллин-клавуланат, кларитромицин, сезімталдық сақталған және науқас көтере алған жағдайда - этамбутол, циклосерин, тиoaмидтер мен ПАСК қолданылады.

  1. IV кесте бойынша емнің жалғастыру кезеңі 18 – 21 ай бойы жүргізіледі. Стандартты ем кестесі: Lfx (Ofx) + Pto (Eto) + Cs + PAS. ДККТ ТБ бойынша емнің жалғастыру кезеңінің ұзақтығы – 18 - 21 ай. Стандартты ем кестесі: E + Мfx + Cs + Eto/Pto + PAS + Amx-Clv + Clr.

  1. IV кесте бойынша жалпы ем курсының ұзақтығы 24 ай: емнің қарқынды кезеңі – 6 - 12 ай; жалғастыру кезеңі – 12 - 18 ай; КАДК ТБ бойынша жалпы ем курсының ұзақтығы – 27 – 36 ай: емнің қарқынды кезеңі – 9 - 15 ай, жалғастыру кезеңі – 18 - 21 ай.

  2. IV кесте және ДККТ ТБ бойынша ем қабылдап жатқан науқастарда қақырықты микроскопиялық және егу әдісімен тексеру: емнің қарқынды кезеңінде – ай сайын, жалғастыру кезеңінде – тоқсан сайын, КАДК ТБ бойынша – микроскопия ай сайын және егу әдісі ем фазасына қарамастан тоқсан сайын жүргізіледі.

  3. Науқас IV кесте бойынша емнің жалғастыру кезеңіне клиникалық, рентгенологиялық оң өзгерістер байқалып, ай сайын алынған қақырықты егу нәтижесі қатарынан екі рет теріс болғанда, ал КАДК ТБ бар науқас – ай сайын алынған қақырықты егу нәтижесі қатарынан төрт рет теріс болғанда ауыстырылады.

  4. IV кесте және КАДК ТБ бойынша дәрілер емнің қарқынды кезеңінде күн сайын аптасына 7 рет, емнің жалғастыру кезеңінде аптасына 6 рет қабылданады. Егер емнің қарқынды кезеңі амбулаториялық түрде жүргізілсе – аптасына 6 рет. Санаторийлік жағдайда ем қабылдайтын балалар мен жасөспірім - емдеу сатысыме қарамастан аптасына 7 рет.

  5. ТҚП тәуліктік мөлшері стационарда бір рет немесе екіге бөліп, ал амбулаториялық жағдайда бір рет қабылданады. ТҚП бөліп ішетін стационардағы науқастар, ауруханадан шығар алдында кем дегенде 2 апта бұрын бір рет қабылдау тәртібіне ауыстырылады.

  6. IV кесте және КАДК ТБ бойынша ем науқастың салмағын ескере отырып тағайындалады да, ай сайын науқастың салмағы тексеріліп, ТҚП мөлшері түзетіліп отырады.

  7. ТҚП ұсынылған тәуліктік мөлшерлері осы Нұсқаудың 3 қосымшасына сәйкес тағайындалады.

  8. IV санаттағы науқастардың амбулаториялық емін ұйымдастыру:

  1. ТҚҰ диспансерлік бөлімдерінде және БМСК мекемелерінде жүргізіледі;

  1. IV кесте бойынша ем қабылдар алдында бактерия бөлуі болмаған немесе бактерия бөлуі болған, бірақ тағайындалған ем жүргізілгеннен кейін қатарынан кем дегенде екі қақырық жағындысының микроскопия нәтижесі бойынша конверсия анықталған, емді үзбей қабылдауға ұстанымы бар науқастар ем кезеңіне байланыссыз емін амбулаториялық жағдайда жалғастыра алады;

  1. бұл науқастарға капреомицин немесе аминогликозидтердің инъекциялары ТҚҰ диспансерлік бөлімдері немесе БМСК мекемелеріндегі егу бөлмелерінде жасалады;

  1. IV санат бойынша арнайы ем қабылдап жатқан науқастарды 10 күнде 1 рет, қажет болған жағдайда одан да жиірек, ТҚҰ немесе ТБЕ жүргізіліп жатқан БМСК мекемесінің учаскелік дәрігерлері қарап–тексеруі тиіс;

  1. ТҚҰ диспансерлік бөлімдері немесе БМСК мекемелерінде IV санат бойынша арнайы ем қабылдап жатқан науқастарға көрсеткіштер бойынша ТҚП жанама әсерлері мен жанасқан ауруларға симптоматикалық және патогенетикалық ем жүргізу мүмкіндіктері қарастырылуы керек;

  1. науқас және/немесе оның отбасына ем курсы бойы әлеуметтік және психологиялық көмек көрсетілуі тиіс;

  1. ем үзілмей жүргізілуі мақсатында науқасқа (азық–түлікпен, ыстық тағаммен, жол ақысымен жне т.б. қамтамасыз ету) және тікелей бақылаулы ем жүргізетін медицина қызметкерлеріне (қаржылай қолдау, тұрғын үй бөлу және т.с.с.) материалды ынталандырудың әртүрлі тәсілдері қолданылуы тиіс.

  1. Балалар мен жасөспірімдерді IV кесте бойынша емдеу КДК ТБ емдеудің жалпы қағидаларына сәйкес жүргізіледі және қосымша төмендегілерді қамтуы мүмкін:

  1. туберкулездің өршуінің клиникалық және рентгенологиялық белгілері бар, бактерия бөлуі анықталмаған, дақылдық әдіс нәтижелері теріс, науқаспен қарым– қатынаста болу–болмауына қарамастан, балалар мен жасөспірімдерді.

  1. ТҚП қабылдауды 2 ай және одан да астам уақытқа үзген науқастарды IV кесте бойынша емдеу төмендегілерді ескере отырып жүргізіледі:

1) бірінші және екінші қатардағы ТҚП-ге ДСТ нәтижелерін;

2) үзіліске дейінгі және одан кейінгі қақырық микроскопиясы мен егу әдісінің нәтижелері теріс болған жағдайда бұрын тағайындалған ем курсы жіберілген дозаларды ескере отырып жалғастырылады;

3) үзіліске дейінгі және одан кейінгі қақырық микроскопиясы мен егу әдісінің нәтижелері оң болған жағдайда жеке-дара ем кестесі тағайындалады.

  1. Науқаста 5 ай бойы жүргізілген бақылаулы емге қарамастан

бактерия бөлу сақталса, ДСТ қайталау қажет. ДСТ нәтижесі дайын болғанша, ем бұрын тағайындалған кесте бойынша жалғастырылады.

  1. IV кесте бойынша 10 ай бойы және КАДК ТБ бойынша 15 ай бойы жүргізілген бақылаулы емге қарамастан қақырық жағындысының микроскопиясы және/немесе егу әдісі нәтижелері бойынша бактерия бөлу сақталған жағдайда науқастарды IV санат бойынша емдеу тоқтатылады.

  2. Бактерия бөлетін науқасты туберкулезге қарсы емдеуді тоқтатқаннан кейін ол симптоматикалық емдеу бөлімшесіне ауыстырылады.

  1. Симптоматикалық емдеу бөлімшесіндегі науқас бактерия шығаруы тоқтағанға дейін (қақырық пен егу микроскопиясының теріс нәтижелері) бақыланады.

  1. Емді тоқтату себебі туралы науқас және оның туысқандарын хабардар ету керек. Аталған науқастар санитарлық және эпидемияға қарсы шараларды жүргізумен қатар, психологиялық көмек және симптоматикалық емге мұқтаж.