Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
коллежд пособие.doc
Скачиваний:
158
Добавлен:
20.05.2015
Размер:
4.51 Mб
Скачать

Эшерихиоздардың микробиологиясы

Escherіchіa туыстығының негізгі өкілі - Е.соlі - алғаш рет 1885ж Эшерих Т. ашты. Escherіchіa туыстығына 7 түр кіреді. Маңызды роль Е.соlі түрі атқарады.

1. Ішек таяқшасы түрлі ауруларды қоздырады: ірінді қабынулар, септицемия (өзінше немесе ірінді коккалармен және грам(-) бактериялармен).

2. Е.соlі диарея (эшерихиоздар) қоздырғышы ретінде маңызды роль атқарады.

3. Е.соlі халықаралық стандартта нәжіспен инфицирлену көрсеткіші, ең алдымен ас суының (коли-титр, коли-индекс)

Морфологиясы

Эшерихиялар полиморфты таяқшалар, шеттері домаланған (2.5-3х0.5-0.8 мкм); грам-, перитрихтар (немесе қозғалмайды). Спора түзбейді, кей штаммдарында капсула болады. Эндотоксині бар, эшерихийлердің кей серотиптерінде экзотоксин кездеседі.

Дақылдық қасиеттері

Е.соlі - факультативті анаэроб, қарапайым қоректік ортада жақсы өседі - тығыз қоректік ортада колониялар дөңес, жарты-лай тұнық. Сұйық қоректік ортада (етті-пептонды сорпада) өсуі - бырынғай сорпа лайланады. Температуралық оптимумы - 370С (10-450С аралығында), рН 7.2-7.4. Барлық дифференциалық-диагностикалық қоректік орталарда Е.соlі колониялары лактозаны ыдыратқандықтан индикатор түсіне боялады (Эндо ортасында - қоңыр-қызылкүрең түсті, беткейі темірдей жылтыр келеді), Левин ортасында - колониялар қоныр-күлгүн түсте.

Ферментативтік қасиеттері

1шек таяқшасы келесі көмірсутектерді қышқыл мен газға дейін ферменттейді: глюкоза, лактоза, маннит, мальтоза, арабиноза, галактоза, сахароза; индол түзеді; күкірт сутегін түзбейді; нитратты нитритке ауыстырады; желатинді ыдыратпайды, цистеин қосылған ортада өспейді; метилен қызылмен оң сынама береді, Фогес-Проскауэр реакциясы теріс, фенилаланин-дезаминазасы жоқ, ДНҚ Г+Ц деңгейі - 50-51%. Осы белгілері бойынша ішек таяқшасын басқа ішектік инфекциялар қоздырғышынан ажыратуға болады.

Антигендік құрылысы

Е.соlі адам, сүтқоректілер, құстар, балықтар және рептилий ішек трактісінің қалыпты микрофлорасы. Е.соlі О-антигенінің 171 вариантары анықталған (О1-О171), Н-антигеннің 57 варианты (Н1-Н57), К-антигеннің 90 варианты. Бірақ нақты О-антигеннің 164 варианты және Н-антигеннің 55 варианты. Диареегенді Е.соlі тізімі 43 О-серотоптары және 57 ОН-сероварианттарынан құралған. Колиэнтериттер қоздырғышы жиі келесі топқа кіреді: О111; О55; О26; О86; О126; О127; О20 (145). Дизентерияға ұқсас аурулар тудыратын бактериялар серобоптары: О124; О120; О135; О143, ал О1, О6; О78 серотиптері тырысқаққа ұқсас ауру тудырады.

Физикалық және химиялық факторларға төзімділігі

Диареегенді ішек таяқшасы әр түрлі факторлар әсеріне тұрақты болып келеді: 550С қыздырғанда 1 сағат ішінде өледі, 650С - 15 минутта. Топырақта, суда ұзақ уақыт бойы сақталады (2-3 ай). Залалсыздандыратын заттар (3% хлорамин, сулема ертіндісі) эшерихияларды 20-30 минутта жояды. Диареегенді ішек таяқшасы бриллиантты жасыл көкке өте сезімтал.

Диареегенді Е.соlі патогенді факторлары 4 топқа бөлінген.

  1. Адгезия және колонизация факторы. Бұлар - ұлпалар клеткасына микроорганизмнің жабысуы және одан әрі дамуы (колонизациясы). Патогенді Е.соlі 3 адгезивті факторы бар:

а) СFA/l-CFA/Vl (колонизация факторы) - фимбриалық құрылысы бар;

б) ЕАF (энтеропатогенді Е.соlі адгезия факторы) - сыртқы мембрана белоктары; НЕр-2 клеткаларына жабысады;

в) Аdhesіon Нenle-470 - фимбриалық құрылысы бар.

Барлық адгезия және колонизация факторлары плазмидті гендер арқылы коды нәтижеленеді.

  1. Инвазия факторы арқылы энтероинвазивті Е.соlі ішектің эпителиалық клеткаларына енеді, ішінде көбееді және оны бұзады. Инвазия факторы ретінде сыртқы мембранадағы белоктар қамтиды.

  2. Экзотоксиндер Диареегенді Е.соlі 2 түрлі экзотоксин анықталған: цитотониндер және цитотоксиндер. Цитотониндер ішек клеткаларының гиперсекрециясын стимуляциялайды. Нәтижесінде су-тұздар алмасу процесін зақымдайды, диарея тудырады. Цитотоксиндер ішек қабырғасы мен капиллярлар эндо-телий клеткаларын зақымдайды.

  3. Эндотоксиндер - липополисахаридтер. Бактериялардың антигендік спецификасы, колониялар формасын қамтиды және эндотоксикоз себебі бола алады.

Е.соlі плазмидтері анықталған: Со1, R-, F-, Нly-, Ent, адгезия факторын синтездейтін плазмидтер. Диареегенді Е.соlі патогенді факторлары бойынша келесі категориялары белгілі болды:

Энтеротоксигенді Е.соlі (ЕТЕС)

Энтероинвазивті Е.соlі (Е1ЕС)

Энтеропатогенді Е.соlі (ЕРЕС)

Энтерогеморрагиялық Е.соlі (ЕНЕС)

Энтероадгерентті Е.соlі (ЕАЕС)

ЕТЕС 17 серотоптан тұрады. Энтеротоксиндер су-тұздар алмасуын зақымдайды. Процесс ашы ішекте өтеді. Ауру тырысқақ ауруына ұқсас. Эпидемия типі - су арқылы, сирек - тағамдар арқылы. 1 жастан 3 жасқа дейінгі балалар ауырады.

Е1ЕС 9 серотоптары бар, патогенділігі ішектің шырышты қабығының эпителиалық клеткаларына ену, онда көбеюі және зақымдауы. Процесс мықын ішектің аяғы мен тоқ ішекте байқалады. Ауру дизентерияға ұқсас өтеді - сулы диарея, сонында колитті синдром. 1,5-2 жастағы балалар, жасөспірімдер және ересектер ауырады. Эпидемия - тағамдық, сулы.

ЕРЕС 9 серотоптары бар, адгезия және колонизация факторлары ретінде сыртқы мембранадағы белоктар, НЕр-2 клеткаларға жабысады. Процесс ашы ішекте өтеді, сулы диарея және организмнің судан айырылуы. Бір жасқа дейінгі нәрестелер ауырады. Жұғу жолдары - тұрмыстық қатынаста, сирек - тағам арқылы.

ЕНЕС 4 серотоптары бар, жиі Е.соlі О157:Н7 кездеседі, 1982 жылы АҚШ-та анықталған, шигатәрізді токсин түзеді. Осы токсиндер майда қан тамырлар эндотелийлерін зақымдайды. Қан бөлшектерін, қан айналымын бұзады, клетка қабырғасы некрозы мен ишемия байқалады. Гемолитикалық уремиялық синдром дамиды, кей кезде өлімге душар етеді. Ауру өте жылдам дамиды: ішек спазмалары байқалады, сулы іш өту, сонында қан клеткалары да байқалады. Балалар мен ересектер ауырады. Эпидемия - су арқылы

Бақылау сұрақтары (кері байланыс)

  1. Ішек инфекциясының қоздырғышы қай тұқымдастыққа жатады?

  2. Enterobacteriaceae тұқымдастығына қанша туыстастықтар кіреді?

  3. Энтеробактериялардың серологиялық жіктелуіне не жатады?

  4. E.coli қандай штаммы диареегенді деп аталады?

  5. ШПМ – ішек инфекциясының жиі қоздырғыштары болып не табылады?

Тақырыбы: Бактериальді дизентерияның микробиологиялық диагностикасы