Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Sillabus_ОМ_kaz.doc
Скачиваний:
130
Добавлен:
20.05.2015
Размер:
429.57 Кб
Скачать

5В130100 «Жалпы медицина» мамандығы үшін «Медициналық биофизика» пәні бойынша №1 аралық бақылау кестесі 1 курс, 1 семестр

Мамандығы

Курс/ағын/топ

Пән

Апта/күні

Уақыты

Жалпы медицина

1/1/1-001-1027

медбиофизика

5В130100 «Жалпы медицина» мамандығы үшін «Медициналық биофизика» пәні бойынша №2 аралық бақылау кестесі 1 курс, 2 семестр

Мамандығы

Курс/ағын/топ

Пән

Апта/күні

Уақыты

Жалпы медицина

1/

медбиофизика

Қорытынды бақылау уақыты: академиялық күнтізбеге сәйкес.

Пән бойынша БАӨЖ орындау және тапсыру кестесі

Апта №

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

БАӨЖ Тақырыптар №

1

2

3

4

1

2

3

4

1

2

3

4

Оқылу және оқыту әдістері:

  • Дәрістер: мәселелік

  • Тәжірибелік сабақтар: Оқытудың активті әдістері: РBL, дискуссия, көріністі-іскерлік ойын; дәстүрлі әдістер: ситуациалық тапсырмалар, жұптағы жұмыс, кіші топпен жұмыс, оқулықпен жұмыс, аспаппен жұмыс.

  • Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өз бетімен өтетін сабақтары:

Жобаның кіші топта орындалуы, зерттеулерді тіркеу және талдау.

  • Суденттердің өзіндік жұмыстары (СӨЖ): өзіндік жұмыстардың орындау

Білім деңгейлерін бағалау:

  • Ағымды: бақылау–тест тапсырмаларын шешу, жазбаша және ауызша сұрау, жағдайлы (ахуал) есептерді шешу, тапсырмаларды орындау нәтижелерін және т.б. тексеру.

  • Аралық бақылау - жазбаша жұмыс.

  • Қорытынды бақылау– компьютерлік тестілеу.

Құралдар мен жабдықтар:

Құралдар: электродтар, электрокардиограф, электроэнцефалограф, реограф

Жабдықтар: таратылатын материалдар тізімі (ситуациялық тапсырмалармен карточкалар, тесттік тапсырмалар комплексі), слайдтар видеороликтар.

Ұсынылатын әдебиеттер: негізгі және қосымша

Негізгі әдебиеттер көзі.

Орыс тілінде.

  1. Физика и биофизика : руководство к практ. занятиям: учеб. пособие / В. Ф. Антонов [и др.]. - 2-е изд., испр. и доп. - М. : ГЭОТАР-Медиа, 2013. - 336 с.

  2. Самойлов В.О. Медицинская биофизика. СПб.: СпецЛит, 2004. –496 с.

  3. Антонов В.Ф., Черныш А.М., В.И. Пасечник и др. Биофизика. М., Владос, 2000.

  4. Физиология человека. В 3 томах. Пер. с англ. / Под ред. Р. Шмидта и Г. Тевса. – М.: Мир, 2004.

  5. Ремизов А.Н. Медицинская и биологическая физика.- М., Высшая школа, 2003.- 608 с.

  6. Владимиров Ю.А., Рощупкин, Д.И., Потапенко А.Я., Деев А.И. Биофизика, М., Медицина, 1999.

  7. Рубин А.Е. Биофизика. Т1, Т2 М.: Университет «Книжный дом» 2000,2004.

  8. Медицинская биофизик., Губанов Н.И., Утепбергенов А.А., М., Медицина, 1978

Қазақ тілінде.

  1. Медициналық және биологиялық физика негіздері : Оқу құралы / Б. К. Койчубеков [и др.] ; ҚММУ. - Алматы : Эверо, 2014. - 292 б.

  2. Сәтбаева Х.К., Өтепбергенов А.А., Нілдібаева Ж.Б. Адам физиологиясы. Алматы.: Дәуір, 2005 – 663 бет.

  3. Канкожа М.К. Қозғыш ұлпалар физиологиясы. Алматы, 2004. – 78 бет.

Ағылшын тілінде.

  1. Berne, RM & Levy, MN (2004). Physiology (5th ed.). C.V. Mosby & Company, St. Louis & Washington, USA.

  2. Schmidt, R.F. & Thews, G. (Eds) (1989) Human Physiology. Publ: Springer-Verlag, Berlin, New York.

  3. Jack A. Tuszynski, Michal Kurzynski (2003). Introduction to Molecular Biophysics (Pure and Applied Physics). CRC.

  4. V. Pattabhi, N. Gautham (2002). Biophysics. Springer.

Қосымша әдебиеттер.

  1. Основы физиологии человека. Учебник в 2 томах под редакцией Б.И. Ткаченко,1994.

  2. Кантор Ч., Шиммел П. Биофизическая химия 2 том, М.Мир,1985.

  3. Рощупкин Д.И., Артюхов В.Г. Основы фотобиофизики. Воронеж,1997.

  4. Генис Р. Биомембраны. Молекулярная структура и функции. М. «Мир»,1997.

  5. Эллиот В., Эллиот Д. Биохимия и молекулярная биология. – М.: НИИ Биомедицинской химии РАМН, 1999.

Бағалар шкаласы

Әріптік жүйе бойынша бағалау

Бағаның сандық эквиваленті

Бағаның пайыздық мазмұны

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау

А

4

95-100

«Үздік»

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

«Жақсы»

В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

«Қанағаттанарлық»

С

2,0

65-69

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

«Қанағаттанарлықсыз»

Білім бағасының критериі.

Әріптік жүйе бойынша бағалау

Білімді бағалау критерийлері

А

Пәннің теориялық сұрақтарының мазмұны толықтай ашылған және жетілген клиникалық дағдылар көрсетілген. Жауап беруде қажетті логикалық бірізділікпен пәндік саланың терминологиясы мен символикасы пайдаланған. Студент қажет болған жағдайда басқа курстар мен оқу пәндерінің мәліметтерін пайдалана отырып, күрделілігі әр түрлі деңгейдегі оқу материалын еркін меңгергендігін көрсетеді. Қосымша сұрақтарға жауап беру кезінде өз ойын дамыту, проблеманы және оны шешу жолдарын табу қабілеттілігі байқалады. Студент ойлай және тәжірибелік сабақты өздігінен орындай алатындығын көрсетеді. Тәжірибелік бөліктің барлық тапсырмалары жоғары деңгейде орындалған, клиникалық ойлау қабілеті көрсетілді. Шешімдері логикалығымен, негізделгендігімен, оңтайлылығымен сипатталады. Шешімдерді орындауда стандартты емес тәсілдемелердің мүмкіндіктерін көрсетеді. Коммуникативтік дағдыларды жетік меңгерген.

А-

Жауап беру кезінде студент әр түрлі қиындық деңгейі бар оқу материалдарымен қаруланғанын көрсетеді, оқу пәнінің мазмұнын толық меңгерген, пациенттермен жұмыста осы білімдерін шығармашыл қолдана алады. Тәжірибелік бөлігінің тапсырмаларын шешу кезінде студент үздік техника мен клиникалық ойлауын көрсетеді. Үздік жауап беру кезінде жауап берушінің өзі оңай түзететін және қорытынды нәтижеге әсер етпейтін болмашы кемшілік жіберіледі. Коммуникативтік дағдыларды жақсы меңгерген.

В+

Студент бағдарламалық оқу материалын жақсы меңгерген. Жауап бергенде, студенттің өзі түзететін бір-екі қателіктері бар. Қосымша тапсырма берілген жағдайда студент клиникалық ойлауын, клиникалық дағдыларының жақсы техникасын және коммуникация тәсілдерін көрсете отырып, бейтаныс жағдайда қиындықтарды табысты жеңеді.

В

Студент таныс жағдайда еркін пайдалана отырып, бағдарламалық материал бойынша білімді жалпы меңгерген. Жауап беру кезінде бір-екі кемшілік көрінеді. Студент сенімді түрде негізгі оқу бағдарламасы курсының негізгі ережелеріне қатысты қосымша сұрақтарға жауап береді, бірақ өзіне таныс емес жағдайда клиникалық есептерді шешуде қиындыққа тап болады. Стандартты есептерді шешу үшін сәйкес клиникалық дағдыларды білімді қолдана алу. Тәжірибелік тапсырма (пациентпен жұмыс) бойынша есепті ресімдеу кезінде елеусіз қателері бар. Коммуникативтік дағдыларды сенімді меңгермеген, бірақ тиімді диалог жүргізу қабілеттілігін көрсетеді.

В-

Оқу бағдарламасының негізгі ережелері кейбір қателіктерімен айтылады. Алайда қосымша сұрақтарға жауап бергенде студент аса көп қателіктер жібермей, оқу материалының негізгі бөліктеріне жауап бере алады, үлгі бойынша таныс жағдайда бар білімдерін көрсету. Тәжірибелік бөлімнің тапсырмаларын (пациентпен жұмыс) ресімдеуде аздаған қателіктер жіберілген. Коммуникативтік дағдылар толық қолдана алмайды.

С+

Оқу материалын нақты білмейді. Жауап бөлшекті, схемалы. Пациентті (клиникалық жағдаят) клиникалық тексеру фактілері мен негізгі түсініктеріне қатысты қосымша сұрақтар студенттің клиникалық терминологияны түсініп, қолдануында қиындықтар туғызады. Тәжірибелік бөліктің тапсырмасын орындау кезінде студент елеулі қателіктер жібереді. Клиникалық дағдыларды сенімсіз қолданады. Типтік клиникалық есептерді қатемен орындайды, нәтижесінде оқытушының көмегімен дұрыс шешімге келеді. Медперсонал мен науқастармен қарым-қатынас кезінде қателіктер жасайды.

С

Бағдарламалық оқу материалын толық білмейді. Клиникалық зерттеулердің бірқатарын дұрыс орындамайды. Өз білімін тек әдеттегі таныс жағдайда ғана қолдана алады, ал сұрақ сәл өзгерген жағдайда қиындыққа тап болады. Сондай-ақ, арнайы білік пен дағдаларды қолдануда қиындықтар бар. Тек типтік клиникалық есептерді ғана шеше алады, коммуникативтік дағдыларды нашар меңгергендігін көрсетеді.

С-

Студент жауап беруге тырысты, бірақ оның білімдері үзілген және жүйесіз. Пәндік саладағы терминологияны төмен меңгерген. Тәжірибелік тапсырманың үштен бірі орындалған. Студент алған білімі мен нақты клиникалық есепті жеткілікті дәрежеде байланыстыра алмайды. Оқытушының көмегінсіз науқастармен бірге өздігінен жұмыс жасай алмайды. Дәрігердің коммуникативтік құзыреттілігі жөнінде тек теориялық білімі ғана бар.

D+

Студент қойылған сұраққа жауап беруге талпынды, бұл оның оқу материалы туралы кейбір түсінігін ғана көрсетеді. Жүйелік білім оқу пәнінің теориялық саласында жоқ. Клиникалық дағдыларды нашар меңгерген. Төрттен кем тәжірибелік тапсырма шешілген. Клиникалық есептерді шешуде де, тәжірибелік тапсырмаларды ресімдеуде де айтарлықтай кемшіліктері бар. Дәрігердің коммуникативтік құзыреттілігін төмен деңгейде түсінген.

D

Сұраққа жауап беруге талпынған кезде студент пәннің теориялық бөлігінің мазмұны туралы нақты түсінігінң жоқтығын көрсетеді. Ұсынылған клиникалық есепті шешу әрекеті жасалған,бірақ көптеген маңызды кемшіліктер жасалған. Тәжірибелік тапсырма тек жарым-жартылай ғана орындалған. Студент тек жеке клиникалық дағдыларды ғана меңгерген.

F

Студент жауап беруден бас тартады немесе сұраққа жауап беруге талпынғанда оқу материалы бойынша білімінің мүлдем жоқтығын көрсетеді. Бірде-бір клиникалық есеп шешілмеген, бірде-бір тәжірибелік тапсырма орындалмаған.

1 Аралық бақылаудың мазмұны

  1. Биологиялық мембрананың құрылысы, негізгі компоненттерінің сипаты.

  2. Биологиялық мембрананың қызметі және түрлері.

  3. Мембрананың моделдік зерттеу жүйелері. Липосомалар, олардың түрлері, алу жолдары.

  4. Жалпақ биқабатты липидті мембраналар. Оларды алу схемасы

  5. Мембрананың құрылымың зерттеуге арналған әдістер. Электрондық микроскопия. Электроноскопия.

  6. Биологиялық мембрананы зерттеудегі рентгенқұрылымдық талдау әдісі.

  7. Биологиялық мембраналар арқылы белсенсіз тасымал. Жеңілдетілген диффузия. Түрлері, принциптері, мысалдары.

  8. Биологиялық мембраналар арқылы белсенсіз тасымал. Қарапайым диффузия. Түрлері, принциптері, мысалдары.

  9. Биологиялық мембраналар арқылы белсенсіз тасымал. Осмос. Фильтрация.

  10. Биологиялық мембраналар арқылы белсенді тасымал. Принциптері, мысалдары.

  11. Тыным потенциалы және оның молекулярлық механизмдері

  12. Әрекет потенциалы. Уақыттық сипаттамалары. Фазалары.

  13. Саркомер құрылысы(А,I дисклер, Zсызық , Н зона).Саркомер ақуыздары.

  14. Актин, миозин, тропонин, тропомиозин - құрылысы, саркомерде орналасуы, қызметі.

  15. Жылжыған жіптер теориясы.Бұлшық ет талшықтарының жиырылуы кезіндегі оқиғалар тізбегі. Ca2+ иондары мен АТФ-ның бұлшық ет талшықтарының жиырылуындағы ролі.

  1. Тыныс алу көлемдерін зерттеудің негізгі әдістері. (спирометрия, спирография т.б.).тыныс алу қызметін зерттеудегі көрсетулер мен қарсы көрсеткіштер.Обструктивті және рестриктивті өзгерістер.

  2. Статикалық көлемдер (өкпенің жалпы көлемі, өкпенің тіршілік көлемі,өкпенің қалдық көлемі , тыныс алу көлемі,резервтік көлемдер ).

  3. Тамырлардағы қан ағысының ерекшеліктері. Қанның ламинарлық және турбуленттік ағысы. Қанның негізгі физико-химиялық және физиологиялық қасиеттері.

  4. Қан айналымы, негзгі қызметтері. Қан айналымының реттелінуі. Пульс. Орталық және шеткері пульс. Сфигмографиялық зерттеу.

  5. Артериялық қысымды өлшеу әдістері. Қан айналымының вегетативтік көрсеткіштері (Кердо индексі). Қанның минуттық көлемі. Қанның минуттық көлемінің индексі.

  6. Гемодинамиканы ультрадыбыстық зерттеу.Эхокардиография. Доплерография.

2 Аралық бақылаудың мазмұны

  1. Электродтар. Анықтамасы, классификациясы.

  2. Датчиктер. Анықтамасы, классификациясы.

  3. Биопотенциалдардың зерттеудің негізгі әдістерінің қысқаша сипаттамасы

  4. Биопотенциалдарды тіркеу кезінде болатын артефакттар мен қателер. Артефакттар мен қателердің пайда болу себебі.

  5. Медицина да қолданылатын кез-келген бір датчиктің жұмыс істеу принципімен құрылысын сипаттаңыз.

  6. Эйнтховенның теориясы. Негізгі постулаттары.

  7. Жүректің өткізгіштік жүйесі

  8. Зерттелушіні ЭКГ тіркеуіне дайындау.Электродтарды қою, пациентті дайындау, тіркеу процедурасы.

  9. ЭКГ-нің екіполюсті бекітпелері. Электродтың орналасуы, ақпараттылығы.

  10. ЭКГ-нің бірполюсті бекітпелері. Электродтың орналасуы, ақпараттылығы

  11. ЭКГ-нің кеуде бекітпелері. Электродтың орналасуы, ақпараттылығы

  12. Қалыпты ЭКГ- нің тісшелері мен сегменттері

  13. Жүректің эльктрлік осін анықтау принциптері

  14. ЭЭГ «10-20» жүйесі бойынша электродтарды орналастыру тәртібі

  15. ЭЭГ негізгі ырғақтары (, , , ). Амплитуда-жіліктік сипаттамасы.

  16. Электроэнцефалограф аспабы жұмыс істеу принципі.

  17. Реография.Базалық импеданс.Реографтың жұмыс паринципі.

  18. Реограмманы талдау принципі.Сапалық және сандық талдау. Реограммаға ықпал ететін факторлар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]