Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
силабус-казахский(БАУ).doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.05.2015
Размер:
128.51 Кб
Скачать

1 Ұсынылатын құрылғылардың атаулары

  1. Ұялы телефондар

а) Nokia

ә) Siеmens

б) Samsung

в) LD

г) Motorola

  1. Нормалау түрлендіргіштер

  2. Датчиктер (бергіштер):

а) мұнай

ә) су

б) газ (шығын, қысым, температура, деңгей, орын ауыстыру, жылдамдық, кернеу және ток).

  1. Қозғалтқыштар (асинхронды, синхронды, қадамды, тұрақты токты тәуелсіз қоздыру және тізбектеп қоздыру).

  2. Жұмыс органдар:

а) электрлік клапандар

ә) электрпневматикалық

б) электргидравликалық

Ескерту: №2 семестрлік жұмыстың тапсырмасы қолжазба түрінде таратылады.

2 ӨЖ (жазбаша) тақырыбы: «Жарнама»

Жұмыстың мерзімі: 1 ай.

Жұмыстың мақсаты:

Жарнама жұмысын жоғары дәрежеге жеткізудің негізгі шарты – жарнама мәтіндерінің тілін көркемдеп жазу.

Тұтынушылардың сол тауарға қызығушылығын арттыру үшін қажетті сөздерді орынды жұмсауға және қысқа да нұсқа жаза білуге машықтандыру.

Орындалатын жұмыс :

техникалық жабдықтың сипаттамасын беру (1 бет);

техникалық жабдықтың тарихынан мағлұмат беру (3 беттен кем болмауы керек);

сыртқы (көшедегі), баспасөзде берілген бес жарнама мәтініндегі қателерді тауып, дұрыс нұсқасын беру;

қорытынды ретінде нақты түріне жарнама жазу.

Қойылатын талаптар:

жұмысты А 4 форматында 14 шрифтпен басу;

берілген нұсқаның түпнұсқасы толық жазылуы керек;

жұмыстың мазмұнын, қолданылған әдебиеттер тізімін көрсету;

жұмыстың мерзімі әр семестрдің басында кестеде жасалып, көрсетіледі.

Жарнамаланатын құрылғылардың тізімі:

1.Ұялы телефондар

а) Nokia

ә) Siеmens

б) Samsung

в) LD

г) Motorola

2. Бейне карталар

3. Дыбыс картасы

4. Процессор

5. Микрафон

6. Сканер

7. Радио телефондар

8. Мониторлар

9. Модемдер

10.Колонкалар

Ескерту: №3 өздік жұмыстың тапсырмасы «Қазақ тілі». Техникалық әдебиеттерді аудару (сырттай оқу факультетінің студенттеріне арналған бағдарлама, әдістемелік нұсқау және бақылау тапсырмалары). Алматы, 2006. -39 б. Құрастырған: М.М. Төлеуп. №2 бақылау жұмысы бойынша беріледі.

№3 ӨЖ (жазбаша)

Жұмыстың мерзімі: 1 ай.

Қойылатын талаптар:

жұмысты А 4 форматында 14 шрифтпен басу;

ресімдеу: сыртқы беті стандартқа сәйкес толтырылуы керек;

жұмыстың түпнұсқасы толық жазылуы керек;

жұмыстың мазмұнын, қолданылған әдебиеттер тізімін көрсету;

жұмыстың мерзімі әр семестрдің басында кестеде жасалып, көрсетіледі.

Тапсырмалары:

1. Мәтін сөйлемдеріндегі сөздердің (30 сөздің) негізін тауып, оларды аударыңыз.

2. Сол сөздерді сөз таптарына (зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу) бөліп жазыңыз.

3. Өткен шақ есімше формасындағы сөздерді жазып алып, олардың сөйлемдерде қандай қызмет атқарып тұрғанын анықтаңыз.

4. Мәтінді жазбаша аударыңыз.

Мәтіндері: В.Е. Китаевтың кітабынан (Электротехника және өнеркәсіптік электроника негіздері. – Алматы, 1991, -224 бет); -1-нұсқа - 4-5 беттердегі & 1 т.б.

9. Оқытушының талаптары

Сабаққа кешікпей келіп, міндетті түрде қатысу.

Жұмыс дәптері мен мамандық бойынша терминдер сөздігін жүргізу.

Әр сабаққа әдістемелік оқу құралымен келу.

ӨЖ-дерді белгіленген мерзімде тапсыру. Бұл талап бұзылған жағдайда жалпы баға кешігу мерзіміне байланысты төмендетіледі.

Сабақ кезінде ұялы телефондар өшірілуі керек.

Студент төрт сағаттан артық сабақ жіберсе, аттестация қойылмайды.

Студент жіберген сағаттардың саны оннан жоғары болса, ол қарыздарын өтеуге жіберілмейді.Қарыздарын өтеу сессия басталғанға 1 күн қалғанға дейін ғана жүргізіледі.