Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МУ Прог ЦТ лаб_каз_2012_последн вариант.doc
Скачиваний:
18
Добавлен:
01.05.2015
Размер:
4.19 Mб
Скачать

Д қосымшасы умк-7 сипаттамасы

Оқулық микропроцессорлық комплект УМК-7 қазіргі технологиялық процесстерді АР, СОИ, ДБ жүйелерінде микропроцессор мен микробақылауыштарды қолдану облысының талаптарына сай мамандарды дайындау үшін құрылған. Студент PIC16F877 микробақылауыш мысалында ассемблерді үйренумен қатар қазіргі микробақылауыштардың сыртқы және ішкі құрылымымен танысады.

Микробақылауыштың қондырылған программалаушы құрылғысы программаны компьтердан микробақылауышқа енгізуге арналған.

Микробақылауыштың “аяқтары” УМК-7-нің сыртқы клеммалық қосқыштарымен жалғанған. Клеммалық қосқыштар PIC микропроцессорының “аяқтарын” сыртқы құрылғыларымен қосуға арналған.

Сыртқы құрылғыларға келесілер жатады: клавиатура, жарықдиодттары, сұйықкристалдық индикатор, дыбыстық сигнализация құрылысы және сыртқы аналогтық сигналды енгізуге арналған бос орын.

Стендтың алдыңғы панелімен танысыңдар (Д.1 сурет), мұнда:

1 - микроконтроллер PIC16F877;

2 – клеммалық қосылыстар тізбегі (PIC16F877 “аяғы (соңы)”);

3 - клеммалық қосылыстар тізбегі (сыртқы құрылғылар “аяғы”);

4 - дыбыстықсигнализация;

5 - аналогтықкіріс;

6 - жарықтықсигнализация;

7 - сұйықкристалдықиндикатор;

8 -пернетақта.

Микробақылауышты сыртқы құрылғылармен қосу үшін микробақылауыштың клеммалық қосылыстар тізбегін сыртқы құрылғылардың клеммалық қосылыстар тізбегінің керектілерімен қосқыш көмегімен жалғау керек.

MPLAB сипаттамасы

MPLAB-ICD – бұл PIC16F87X серия микробақылауыштарын сынаушы комплект. PIC16F87X кристалдарына қондырылған “ішкі сұлбалық жөндеуді (ICD)” және Microchip (ICSPTM) фирмасының “ішкі сұлбалық тізбектеп программалау протоколын” қолданып MPLAB-ICD-дың өзі программалаушы және ішкі сұлбалық жөндегіш болып табылады. Ол MPLAB IDE құраған интегралданған орта басқаруымен жұмыс істейді, жөндегіш құрылғыға қосылады да PIC16F87X микробақылауышы сияқты жұмыс істейді. MPLAB-ICD осы зертхана құрамында кодтарды жөндеуде және танысуда көмек үшін қажет.

MPLAB-ICD келесіні қамтамасыз етеді:

  • нақты уақыт масштабында кодтарды қадам бойынша орындау;

  • тоқтау нүктелерін (break points);

  • ішкі сұлбалық жөндеу;

  • программалауды;

  • жұмыс кернеу диапазоны 3.0V-тан 5.5V-қа дейін;

  • жұмысшы жиілігі 32 КГц-тен 20 МГц-ке дейін;

  • берілген код бойынша және символдық аттар бойынша орындау;

  • қолданушы интерфейсі – MPLAB;

  • Windows XXXX -пен үйлеседі;

  • RS-232 интерфейс.

Әдебиеттер тізімі

  1. Заец Н.И. Радиолюбительские конструкции на PIC. - М.: Солон, 2003.

  2. Катцен С. PICмикроконтроллеры. Все, что необходимо вам знать. - М.: Додека, 2008.

  3. Копесбаева А.А. Басқару жүйелеріндегі микропроцессорлық кешендер.Оқулық. - Алматы: АЭжБИ, 2010.

  4. Кохц Дитер. Измерение, управление с помощью PIC-контроллеров. - Киев. Наукова думка. 2007.

  5. Погребинский М.П. Микропроцессорные системы управления электротехническими установками. - М.: МЭИ, 2003.

  6. Сайт в Internet www.microchip.ru

  7. Тарасов В.М. Программирование цифровой техники и микроконтроллеров управления. Конспект лекций для студентов всех форм обучения специальности 5В070200- «Автоматизация и управление» - Алматы: АУЭС, 2012.

  8. Яценков В.С. Микроконтроллеры Microchip. Практическое руководство. – 2 –е изд. исп. и допол. - М.: Горячая линия – Телеком, 2005.

2012ж. құрама жоспар,реті 101

Ибрашева Әсем Тұрсынғалиевна

Тарасов Виталий Михайлович

Сандық техниканы және БАСҚАРУ

микробақылауыштарыН программалау