Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
диплом 1,1жне 1,2.doc
Скачиваний:
22
Добавлен:
30.04.2015
Размер:
1.76 Mб
Скачать

Сурет-10. Әлемдік инновациялық маркетингтік технологиялардың өзара байланысы

Суреттен байқағанымыздай, инновациялық маркетингтік технологиялардың көптігіне қарамастан, олар бір-бірімен тығыз байланысқан. Суретте кәсіпорынның табысты реттеу мүмкіндіктерінің кең шоғыры бейнелене отыра, проблеманың негізі олардан әлдеқайда кең үғымда. Нарықта маркетологтар 3 негізгі проблемамен күреседі:

1-проблема – осы күрделі байланыстың астын терең сараптау, өйткені мұнда технологиялар мен мүмкіндіктердің кең спектрі бар.

Проблеманы сараптаудың ең қарапайым тәсілі – технологияның бүр түрін алып зерттеу.

2-проблема – осы аталған барлық маркетингтік инновациялық технологиялар жүйе ішінде өзара қалай байланысқа түскен.

3-проблема – приоритеті көбін таңдау процедурасы.

Сондықтан осындай хаостық байланыстың ішінде тұрақты ырғақты орнату мәселесі туындайды. Мәселені 3 бөлікке бөліп қарастыруға болады.

  1. Маркетингтік технологияның табысты реттеу мүмкіншілік кәсіпорындары. Нарықтың күрделі құрылымында үйренуді талап ететін кәсіпорындар мен ұсақ технологиялық платформаларды қажет етеді.

2. Тактикалық және шығармашылық маркетингтік технологиялар. Тактикалық маркетингтік технологиялар қарама-қайшылықсыз тәжірибені іске асыратын жеңіл, тұтынушы сұранысына бағытталған технологиялар. Тактикалық технологиялар мына белгілер арқылы ерекшеленеді.

- Жергілікті басқарылатындығы. Кәсіпорынның табысты тиімді басқару қабілеттілігі сияқты бүкіл әлемде таралуын талап етпейді. Бұл мағлұматтар жергілікті тұтынушылар сегментіне және сауда қажеттілігіне тікелей тәуелді.

- Жылдамдықты және ептілікті жеңіл түрде және аса жоғары дәрежеде қажет ету. Тұтынушылық болжалға сай әрекет ету үшін нарықтық жылдамдыққа ауысу қажеттілігі.

- Кіші инвестициялар. Әлемдік кәсіпорындық платформаларға қарағанда аз көлемдегі инвестициялар.

- Saas шешімі мен серіктестігі. Ішкі және серверлік инфраструктурадан минимальды тәуелділіктегі толығымен аяқталған немесе бағытталған SaaS шешімдері.

- Жедел жеңістер. Бағалау, шешім қабылдау, іске асыру, өлшеу және оңтайландыру;өнімдерді жедел жеңістермен қамтамасыз ету.

  1. Маркетингтік инновациялық технологиялар. Маркетингтік технология инновацияларының үшінші проблемасы технологияны маркетингтің алдыңғы сатысына қояды, өйткені технологияның жаңа бизнестер мен коммерциялық модельдерді ашудағы потенциалы үлкен. Сонымен, технологиялық инновацияны былайша түсіндіруге болады:

«Технологияларды қолдану – жаңа немесе нарықта бар – бұрыңғы технологияларды заманауи ғылыми секірістермен өзгертіп, тұтынушыларды жоғара назарда ұстап, процестегі тұтынуышлардың мінез-құлықтарын өзгерту мүмкіндігі».

Алайда, технология түрлерінің қай категорияға жататынан қарамастан, кез келген инновациялық маркетингтік технологиялар процестің барлығын өту керек.

ПЕРЕХОД

Ақпараттық технология термині ақпарат және технология деген екі ұғыммен байланысты. Технология грек тілінен аударғанда өнер, шеберлік, біліктілік деген мағынаны білдіреді. Ақпараттық технология-есептеуіш техника құралдарын пайдалана отырып, ақпаратты алу, жинақтау, сақтау, өңдеу, талдау және ұсыну қызметтерін жүзеге асыратын әрекеттердің реті. Яғни, ақпараттық технология құралдарына техникалық, программалық, ақпараттық, ұйымдастырушы және әдістемелік құралдар жатады.

Бірінші кезең ХІХ ғасырдың екінші жартысымен шектеледі және ең бастысы, қылқалам, қағаз сияқты жабдықтарды пайдаланып, ақпаратты пошта, шабарманның көмегімен тарататын технологияларды білдіреді. Бұл технологиялар ақпаратты құру мен оны қажетті түрде ұсынуға бағытталған.

 Екінші кезен ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың 40-жылдарына дейінгі аралықты алып жатыр. Ол жазу машинкалары, телефон, фонограф сияқты жабдықтарды, поштамен жеткізудің жетілдірілген (механикалық) тәсілдерін пайдаланумен сиппаталды. Технологиялар ақпаратты ұсынудың аса ыңғайлы формаларын қамтамасыз етеді.

Үшінші кезең ХХ ғасырдың ортасы (40-жылдардың соңынан 80- жылдарға дейінгі аралық). Ақпаратты өңдеудің акпараттаық технологиялары дами бастады. Оның жабдықтарына үлкен ЭЕМ, электрлік жазу машинкалары, көшірме аппараттары, магнитафондар жатады. Адам іс- әрекетерін түрлі салаларында ақпаратты өңдеуге арналған автоматтандырылған басқару жүйелері, базалық және арнайы программалы-техникалық кешендер, автоматтандырылған жұмыс орындары пайда болды.

Төртінші кезең  (1980 жылдан бастап ХХІ ғасырдың басына дейін) дербес компьютерлерді және олардың әр түрлі программалық жабдықтамаларын, факсимальді байланыстарды, электрондық пошталарды, компьютерлік желілер мен Интернетті кеңінен қолдануға бағытталған «ақпараттық» кезең ретінде анықталды. Пайдаланушылардың компьютермен немесе бір-бірімен қарым-қатынас жасаудың интерактивті режимі жүзеге асырылды. Жаңа ақпараттық технологияның негізгі буыны-білімді ұсыну мен өңдеу.

Технологиялар  пайдаланушылардың қажеттіліктерін ең жоғарғы дәрежеде қанағаттандыруға және компьютерлік ортада жұмыс істеудің сәйкес интерфейсін құруға бағытталған.

Ақпараттық технологиялар тауарлар қатарына жататындықтан, тауарлардың негізгі түрлеріне тоқталсақ. Жалпы тауарлар тұтыну тауарлары және өндірістік мақсаттағы тауарлар деп бөлінеді. Ақпараттық коммуникациялық технологиялар тұтыну тауарларына жатады. Олар  күнделікті сұранымдағы, алдын ала таңдалынатын, ерекше сұраныстағы және пассивті (бәсең) сұраныстағы тауарлар деп бөлінеді. Күнделікті сұраныстағы тауарлар – бұл тұтынушылар еш қиындықсыз, ойланбай-ақ, жиі сатып алатын кең тұтынудағы тауарлар мен қызметтер. Оларға картридж, батареялар, флешка карталар сияқты тауарларды жатқызуға болады. Әдетте бұл тауарлар арзан, әрi оларды күнделiктi сатып алуға болады. Алдын ала таңдалынатын тауарлар күнделікті сұранымдағы тауарларға қарағанда жиі сатып алынбайды, тұтынушы тауарды таңдау және сатып алу процесінде олардың безендірілуіне баса назар аударып, қасиеттерінің өзара үйлесімділігін салыстыра қарайды. Мұндай тауарларға ұялы байланыс телефондары, наушниктер, пернетақта, қатқыл дисктер және т.б. жатады. Ерекше сұраныстағы тауарлар аса сирек сипатқа ие және тұтынушылар бұл тауарларды сатып алу үшін айтарлықтай күш жұмсайды. Оларға теледидар, дербес компьютер, цифрлық камералар жатады. Ал пассивті (бәсең) сұранымдағы тауарлар – тұтынушы білмейтін, білсе де, әдетте оны сатып алу туралы әрқашан ойлана бермейтін кең тұтынудағы тауарлар жатады.

Қазіргі таңда ақапарттық коммуникациялық технология құралдарын пайдаланушылар саны жыл санап артуда. Мысал ретінде ұялы байланыс құралдарын қарастырайық.

Осындай кең ассортиментті тауарларды жылжыту үшін компания өз алдына стратегиялар мен мақсаттарды қояды. Ол үшін кәсіпорын бұл тауарлар үшін және оларды жылжыту, сату, орналастыру, қоймалау т.б. барлық процестер үшін инновациялық маркетингтік технологияларды қолдануы қажет.

Маркетингтік технологиялардың дәстүрлі түрлері ақпараттық технологиялар саласының бәсекелік артықшылығын арттырмайды. Сондықтан ақапараттық технологияларды сататын кәсіпорындар көбіне инновациялық маркетингтік технологияларды қолдануда. Мұндай инновациялық маркетингтік технологиялар келесідей:

  • ERP жүйесі????????????

  • Автоматтандырылған маркетинг

  • Электрондық коммерция бағдарламалары

  • Мобильді маркетинг

  • Инновациялық зерттеу түрлері

  • Инновациялық талдау және оптимизациялау

  • E-mail маркетинг

  • Landing Page-мақсатты веб-парақша

  • SMM –әлеуметтік медиа маркетинг

Осылардың кейбіріне тоқтала кетсек. Алдымен ERP жүйесін ақпараттық технологиялар кәсіпорындарыының негізгі қолдану мақсаттарын айтсақ. Яғни, ақпараттық технологиялар кәсіпорындарының осы жүйені ағымдағы жағдайдың тиімділігін: есеп берулердің қызмет сапасын, стратегиялық жоспарлау деңгейін, автоматтандырылған баға есептемелерін, ассортиментті басқаруды арттыру мақсатында пайдаланады. ERP жүйесі басқарушылық шешімдерді анықтауда, бизнес-процестерді тездетуде, қойма жұмыстары мен жеткізулерді оптимизациялауда, пайданы арттырып, шығындарды азайтуда маңызды рөл атқарады. ERP жүйесі әлемнің Microsoft, SAP, Oracle және тағы басқа сияқты озық компанияларының бағдарламалық жасақтамасы болып табылады.

Ақпараттық технологиялар кәсіпорындары сауданы автоматтандыру бойынша жұмыстарды автоматтандырылған маркетинг арқылы жүзеге асырады. Маркетингтің SFA технологиясы бойынша ақпараттық технологиялар кәсіпорындары сауда өкілдерінен белгілі бір тауар туралы ақапараттар алады. Бұл ақпараттарды супервайзерлер, сарапшылар және менеджерлер талдайды. Егер мәміле жасалса, ақпараттық технологиялар кәсіпорны тауар ассортименттерін өз сайтына шығарады да, сауда өкілдеріне тауарды дүкенге жөнелту туралы ақпарат беріледі.

Аталған инновациялық маркетингтік технологиялар ақпараттық технологиялар кәсіпорындарын жетілдіруге, тауарлары мен қызметтерін жылжытуға және нарықты терең зерттеуге көмектеседі.

Сонымен қатар ақпараттық технологиялар кәсіпорындарының интернет-дүкендерін құруда барлық қызметтерді қамтитын арнайы бағдарламалық жасақтама – Shopify канадалық коммерциялық компаниясы жасаған, сол арқылы ақпараттық технологиялар кәсіпорындарының интернет-дүкенінің сайтын құруға мүмкіндік беретін компьютерлік пайдалы құрал. Компания интернет-дүкенді ашуды келесідей автоматтандырған:

Mobivity корпорациясы- ақпараттық технологиялар кәсіпорындарының қолданушыларын арттыруға мүмкіндік береді. Mobivity корпорациясы арнайы маркетингтік креативтілікпен ойластырылған чектері компаняның табысын арттырады. Корпорация 4 принципке негізделеді:

  1. Смарт чектер жылжытулары

  1. Ақылды сандық маркетинг

  1. Ұсыныстар мен шағымдарды қабыл алу

  1. Кросс жылжытулар

Ақпараттық технологиялар кәсіпорындары тауар ассортименттерінің қай түрін қолданатын және қандай тауарлар мен қызметтер тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыратын білу үшін инновациялық маркетингтік зерттеу түрлерін кеңінен пайдаланады. Сондай технологиялар түріне Adobe, Google, IBM, Good Data, mixpanel сияқты маркетингтік платформалар жасайтын компаниялардың өнімдерін айтуға болады. Мысалы Adobe Analytics маркетологтар мен талдаушыларға нақты уақыт шеңберінде жоғары өнімділікпен құрастырылған маркетингттік құралдар арқылы интернет-дүкеннің веб-сайтындағы жағдайды терең зерттеуге мүмкіндік береді. Маркетологтар сандық маркетингтің жағдайын үнемі жетілдіру үшін Adobe арқылы өтетін барлық ақпаратты пайдалана алады. Adobe Analytics нарық жағдайында маркетологтарға зерттеу қиындықтарын жеңілдететін бірден-бір инновациялық маркетингтік құрал. Бұл бағдарлама сайттың критикалық мәселелерін маркетингтік бағытта жетілдіреді, мысалы персонал тәжірибесіне, жақсы әрі тиімді басқару мен жүргізуге, іс-әрекеттер мен шараларды нарыққа шығаруға қатысты шешімдер болуы мүмкін. Яғни, ақпараттық технологиялар кәсіпорындары бұл бағдарламаны қолдану арқылы сайтқа кіруші тұтынушылардың мінез-құлықтарын, қажеттіліктері мен негізгі кездесетін қиындықтарын біле алады.

Email маркетинг арқылы ақпараттық технологиялар кәсіпорындары сату көлемін біршама ұлғайта алады. Статистика мәліметтеріне сүйенсек, сатып алушылардың 90% дүкендерге кірсе де тауарларды сатып алмайды. Сондықтан осы тұтынушылардың ішінен әлеуетті сатып алушыларды табу үшін еmail маркетинг қолданылады. Яғни, бұл маркетингтің түрі поштаға жарнамалық немесе ақпараттық хаттардың келуін қадағалайды.

Сонымен қатар, қазіргі кезде көптеген интернет-дүкендер әлеуметтік медиа маркетинг түрін көп қолдануда. Инновациялық маркетингтің бұл түрі әлеуметтік желілермен байланысты мақсат етеді. Яғни, ақпараттық технологиялар кәсіпорындарының әлеуметтік желілерде парақшаларының болуы және сатып алғаннан кейінгі әрекеттерді жариялау сияқты процестерді қамтиды.