Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
эконом.СРС Кызжибек .rtf
Скачиваний:
45
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
958.85 Кб
Скачать

Жұмыссыздық: мәні, себептері, түрлері. Оукен заңы

Жұмыссыздық – бұл жұмыс істегісі келетін еңбекке жарамды халықтың өндірісте жұмыспен қамтылмауы.  Жұмыссыздықтың мынадай түрлері бар:  ^ Жасырын жұмыссыздық - өндірісте және мемлекеттік аппаратта артық жұмысшалардың қолдануы. Қазіргі болмыста олардың жұмыстарын аз жұмыс күшімен атқаруға болады. ^ Фрикциондық жұмыссыздық – адамдар бір жұмыстан басқа жұмысқа, бір жерден басқа жерге жұмыс іздеу мақсатында ауысуы. Сондай-ақ мұндай жұмыссыздық жас мамандардың оқу бітіргеннен кейін уақытша жұмыссыз қалғанда пайда болады.  ^ Маусымдық жұмыссыздық – жұмыс күшінің тек маусымдық кезеңде жұмыс жасауы. Бұл кейбір ауыл шаруашылығы өндірісі саласында кездеседі, әсіресе қайта өндеу өнеркәсібінде т.б. ^ Құрылымдық жұмыссыздық - өндірістік қуаттың жетіспеуінің нәтижесінде болады: жеке саланың дамуының кері пропорционалды болуынан және ескі саланы жабу мен жаңа саланы дамытудың нәтижесі ретінде қараймыз.  ^Технологиялық жұмыссыздық – адамдарды машинамен ауыстырудың нәтижесі, біліктілікті өзгертуді немесе басқа мамандықты игеруді талап етеді.  ^ Циклдық жұмыссыздық - өндірістің құлдырауынан туындайды, яғни экономиканың циклдық дамуымен байланысты. ХХ-шы ғасырдың 60-шы жылдары М.Фридмен мен Э.Фелпс  «ресурстардың толық қамтылуы»  және «жұмыссыздықтың табиғи деңгейі» деген теорияларды ұсынды.  Ресурстардың толық қамтылуы – жұмысқа қосылмаған өндіріс қуатының деңгейін 10 -20 % деңгейінде ұстап тұру.Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі – жұмыспен толық қамтылған жағдайдағы жұмыссыздық деңгейі, ол жалпы жұмыс күшінің 5,5 - 6,5 пайызын қамтиды. Айтылған көрсеткіштер әр елде әртүрлі болуы мүмкін.  Толық жұмысбастылық деген жұмыссыздық мүлдем жоқ деген түсінік емес. Толық жұмысбастылық – циклдық жұмыссыздықтың болмауын білдіреді. Оның деңгейі фрикциондық және құрылымдық жұмыссыздықтың қосындысын құрайды.  Жұмысыздық деңгейі - жалпы жұмыс күшінің ішіндегі жұмыссыздардың алатын үлесі.  Жұмыссыздық деңгейі төмендегідей өрнек арқылы анықталады:              мұнда ЖД – жұмыссыздық деңгейі; ЖС – жұмыссыздар саны; ЖК -  жұмыс күшінің саны.  Жұмыссыздық нәтижесінде еңбекке қабілетті адамдардың бір бөлігі өнім өндіруге қатыса алмайды. Нәтижесінде қоғамға зиян келеді. Осы зиянның экономикалық бағасы циклдық үзіліске әкеледі. Циклдық үзіліс-  ЖҰӨ-нің нақты көлемінің әлуетті ЖҰӨ көлемінен аз болуы. Әлеуетті ЖҰӨ көлемі дегеніміз - жұмыспен толық қамтылған жағдайда өндірілген өнім көлемі.   Циклдық үзіліс =  әлуетті ЖҰӨ - нақты ЖҰӨ  Оукен заңы бойынша: егер жұмыссыздықтың нақты деңгейі табиғи деңгейден 1% - ға асса, онда ЖҰӨ көлемінің төмендеуі 2,5% құрайды. Оукен  заңын мынадай теңдеу арқылы көрсетуге болады:            мұнда Ү*- әлуетті ЖҰӨ көлемі;  Ү – нақты ЖҰӨ көлемі; u – жұмыссыздықтың нақты деңгейі: u*- жұмыссыздықтың табиғи деңгейі;  ? – Оукен коэффициенті. Егер нақты жұмыссыздық табиғи жұмыссыздықтан 1 пайызға жоғары болса, онда нақты өндіріс көлемі әлеуеттіден ?пайызға төмен болады.

ИНФЛЯЦИЯ МЕН ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫҢ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫ. ФИЛЛИПС ҚИСЫҒЫ   Инфляция мен жұмыссыздық арасындағы кері тәуелділікті “Филлипс қисығы”  көрсетеді (46-сурет). Абцисса өсінде жұмыссыздық деңгейі, ординат өсінде тауар бағаларының өсу қарқыны бейнеленді. Қисық сызық өсі параметрлердің көрінісі. Егер үкімет жұмыссыздық деңгейі U1 (оған баға өсу қарқыны сай Р1 келеді) өте жоғары деп есептесе, онда оны төмендету үшін ынталандыратын бюджеттік және ақша-несие шараларын қолданады, олар өз кезегінде сұранысты көбейтеді. Бұл өндірістің ұлғаюына, жаңа жұмыс орындарының пайда болуына әкеледі. Жұмыссыздық нормасы И2 мөлшеріне дейін төмендейді, бірақ дәл сол мезгілде инфляция қарқыны Р2-ге дейін жоғарылайды

Мұндай жағдайлар экономиканың дағдарысқа ұшырауына әкелуі мүмкін, сондықтан үкімет несие беруді тежеу, мемлекеттік бюджеттің шығыстарын кеміту және т.б. шаралар жүргізеді. Нәтижесінде бағаның өсу қарқыны Р3 деңгейіне төмендеп, ал жұмыссыздық өсіп, оның деңгейі U3 болады  ХХ ғасырдың 70 жылдары көптеген елдерде Филлипс қисығын теріске шығаратын, яғни бір мезгілде жұмыссыздық пен инфляцияның болу жағдайлары байқалды. Экономикалық теорияда бұл құбылысты стагфляция деп атады. Сөйтіп жұмыссыздық пен инфляция арасындағы байланыс кері емес, тура тәуелділікке  ауысты.