Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Akparat_shpor_100_ball.docx
Скачиваний:
57
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
227.51 Кб
Скачать

20. Электрондық кестелер. Электронды кестені форматтау. Жұмыс бетінің басылымын жасау

Электрондық кестелер немесе кестелік процессорлар – кесте түрінде берілген мәліметтер жиынын компьютерде автоматты түрде жылдам өңдеуге арналған программалар тобы.

1987 жылы Microsoft фирмасының Excel электронды кестесі пайда болды. Бұл программа, өзінің функционалдық мүмкіндіктерін кеңейтіп, шығу ақпараттының сапасын жоғарлата отырып, едәуір қарапайым интерфейсті ұсынды. Электронды кестелерді қолдану, оймен есептеусіз – ақ, берілгендермен жұмысты жеңілдетіп нәтиже алуға мүмкіндік береді. Ең кең қолданымды, электронды кестелер бухгалтерлік және экономикалық есептеулерде тапты.

электрондық кестелер – кесте ішінде есеп - кисап жұмыстарын атқара отырып, оларды көрнекі түрде бейнелейтін диаграммаларды тұрғызу, мәліметтер базасын құру, сан түрінде берілген мәліметтер арқылы тәжірибелер жүргізу, т.б. мүмкіндіктер беретін арнайы программалық дестелер. Excel мүмкіндігінің көпжақтылығы тек экономика саласында ғана емес, ғылыми зерттеу, әкімшілік жұмыстарында да кеңінен қолдануынан көрінеді.

Қазіргі кезде бірнеше электрондық кестелер - Microsoft Excel, Lotus, Works тәрізді программалар кең қолданылып келеді.

Электрондық кестелер экономикалық және бухгалтерлік есептер-де өте кең қолданылады, оларды экономистің автоматтанды-рылған жұмыс орны деп те айтады. Бірақ электрондық кестелер ғылыми-техникалық есептерде де тиімді пайдаланылады, мыса-лы, мынадай мақсаттарда пайдаланылады:

  • көлемді мәліметтер жиынымен біртектес есептеулер орындау;

  • нәтижелік есептеулерді (қосынды, арифметикалық орта, дисперсия табу) автоматтандыру;

  • параметрлердің тиімді мәндерін іздеп табу;

  • эксперимент нәтижелерін өңдеу;

диаграммалар мен графиктерді жылдам тұрғызу, т.б.

Форматтау саймандар тақтасы. Бұл саймандар тақтасындағы батырмалар қаріп (шрифт) түрін, мөлшерін таңдау мүмкіндігін береді: мәтінді жартылай қарайтылған, курсивті, асты сызылған етіп жазу, мәтін шеттерін туралау, жақтау сызықтары мен түрлі түстерді қолдана отырып, кестені көркемдеу әрекеттерін жылдам орындау істерін атқарады.

Төменгі қатардың сол жақ шетінде Excel кестесі жұмыс режимдерінің индикаторы тұр. Мысалы, Excel кестесі мәліметтердің енгізілуін күтіп тұрған жағдайда дайын режимі іске қосылады да, индикатор Дайын (Готов) деген сөзді көрсетіп тұрады. Көптеген әрекеттер алдын ала белгіленген ұялар мәліметтерімен атқарылады.

Мәтіндерді өңдеу құралдарынан кейінгі жиі қолданылатын қолданбалы программаларға электрондық кесте процессорлары жатады.Электрондық кесте – магниттік тасыуыштарға орналастырылған екі өлшемді немесе n-өлшемді мәліметтер жиымдары, яғни кестелер.Электрондық кестелер процессоры – электрондық кестелермен жұмыс істеуге арналған программалар жиынтығы.Алғашқы кестелерді өңдеу программалары 80-жылдардың басында пайда болады, олар: Buisicalc, Multicalc, Supercalc. 90-жылдары Microsoft фирмасы қуатты кестелік процессор – MS Excel-ді жасады. Электрондық кестелерді қолдану мәліметтермен есептеу жұмыстарын жеңілдетеді, есептеу қортындыларын арнаайы программалаусыз алуға мүмкіндік береді. Электрондық кестелер, әсіресе, экономикалық және бухгалтерлік, статистикалық, ғылыми-техникалық есептеулерде жиі қолданылады.

  1. Fine Reader бағдарлама

Сканерден алынған мәтіндік бет графикалық файл түрінде болады да дискіде 10 Мбайт, ал пернелер тақтасында терілген ол бет 3- 4 Кбайт орын алады. Сондықтан сканерден алынған мәтінді түрлендіретін OCR – бағдарламалары болады (Optical Character Recognition – символдарды оптикалық анықтау). Ол бағдарламаның бірі Abby Ресейлік компанияның Fine Reader бағдарламасы. Сканер үстелге қоятын, қолға ұстайтын түрде болады. Үстелге қойылатын сканерлер беттік және планшеттік деп бөлінеді. Сканерлер айқындау және әртүрлі түсті қабылдау мүмкіндігіне қарай бөлінеді. Қол сканерлердің көмегімен кіші өлшемді мәтінді, суреттерді, оның бетінде қозғалта отырып көшірмесін алуға болады. ABBYY компаниясы, бағдарламалық қамтамасыз етудің әлемдік жетекші өңдеушісі, лингвистика, құжаттарды айырып тану, мәліметтерді енгізу салаларында қызмет көрсетудің жабдықтаушысы ретінде FineReader бағдарламасын шығарған. Кәсіби нұсқа  ұйымдарға арналған және лицензиялық  сертификат түрінде жеткізіледі немесеИнтернет аркылы. 

Қазақ қолданушыларына  жақсы таныс ABBYY FineReader өзінің 11-ші нұсқасы жаңа мүмкіндіктерді ашып, құжаттарды өңдеуді және айырып тануды жеңілдетеді. 

ABBYY FineReader 11-де құжаттарды өңдеу жылдамдығы 45% артты. Толық түсті режимдегі суреттерді өңдеуге қарағанда жаңа түссіз режим іскер құжаттар мен кітаптарды өңдеу үшін электрондық құжатты 30%-ке дейін жылдам алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жаңа нұсқада айырып танылатын тілдердің тізімі кеңейтіліп, арап тілін сүймелдеуі қосылған, ұялы телефон мен сандық фотоаппаратпен түсірілген құжаттарды айырып танудың сапасы көтерілген,  

Енді ABBYY FineReader 11-дің қолданушылары портативті құрылғыларда оқуға арналған электрондық кітаптарды жылдам жасап, оларды электронық кітапханалар мен архивтерге қоса алады. Бағдарлама ePub, fb2 және т.б. белгілі форматтарда сақтайды. Бағдарламаның бірлескен нұсақасына құпия ақпаратты жою мен ABBYY Business Card Reader визит карточкасын айырып тану мүмкіндігі қосылған.  

ABBYY FineReader 11 екі нұсқада шығарылған: Professional Edition и Corporate Edition. Кәсіби нұсқа қорап және жүктеу нұсқасы түрінде шығарылады. Корпоративтік нұсқа лицензия және жүктеу нұсқасы түрінде шығады. Араб тілін қолдайтын ABBYY FineReader 11 Corporate Edition жеке жеткізіледі.  Мәскеу қаласында ABBYY компаниясының штаб-пәтері мен  екі сату кеңсесі орналасқан, компанияның басқа өкілдіктері  Австралияда, Ұлыбританияда, Германияда, Кипрда, АҚШ-да, Тайванда, Украина мен Жапонияда орналасқан. Компанияның 12 халықаралық кеңселерінде 1000-нан астам адам қызмет жасайды. ABBYY шешімдері мен өнімдерін компанияның әріптестері мен өкілдерінің арқасында әлемнің 130 елінде қолданушылар пайдалана алады. 

  1. Электрондық кестелер. Мәліметтерді жүмыс кітабіне еңғізу.

Электрондық кесте (электронная таблица; spreadsheet) — кесте түрінде берілген мәліметтерді өңдеудің интерактивті жүйесі. Кесте үяшықтарына сандар, жолдар немесе үяшық мәнінің басқа ұяшықтардан тәуелділігін анықтайтын формулалар жазылады. Қолданушының ұяшықтарға мәліметтер жазу, ұяшықтардан мәліметтерді оқу, оларды өзгерту, сол сияқты мәліметтердің берілу пішімін көрсету, оларды іздестіру және реттеу жүмыстарын орындау мүмкіндіктері бар.

Электрондық кестелер немесе кестелік процессорлар – кесте түрінде берілген мәліметтер жиынын компьютерде автоматты түрде жылдам өңдеуге арналған программалар тобы.

Электрондық кестелер экономикалық және бухгалтерлік есептер-де өте кең қолданылады, оларды экономистің автоматтанды-рылған жұмыс орны деп те айтады. Бірақ электрондық кестелер ғылыми-техникалық есептерде де тиімді пайдаланылады, мыса-лы, мынадай мақсаттарда пайдаланылады:

  • көлемді мәліметтер жиынымен біртектес есептеулер орындау;

  • нәтижелік есептеулерді (қосынды, арифметикалық орта, дисперсия табу) автоматтандыру;

  • параметрлердің тиімді мәндерін іздеп табу;

  • эксперимент нәтижелерін өңдеу;

  • диаграммалар мен графиктерді жылдам тұрғызу, т.б.

Excel программасы іске қосылғаннан кейін, оның кез келген ұясына мәтін, сан, формула және дата мен уақыт енгізуге болады.

Мәтін мен санды енгiзу кезінде олар кестелік курсор – теңбілтор көрсетіп тұрған ағымдағы ұяға тiкелей және формула қатарына (строка формул) енгiзіледi. Алдын ала келiсiм бойынша енгізіл-ген мәтіндік мәліметтер ұяның сол жағына, ал сандар – оң жағына тураланып орналасады.

Мәлімет енгізу бір ұяны белгілеп алып, пернетақтадан символдар тіркесін теруден басталады.

Мәлімет енгізу Enter пернесін басқан соң немесе басқа ұяға ауысқан кезде тоқталады.

Кесте құру алдында бос жұмыс кiтаптi белгiлi атпен сақтау керек. Ол үшiн ФайлСохранить немесе ФайлСохранить как командасын қолданып, “Имя файла” өрісіне белгiлi ат енгiзу керек (файлдың аты 8 ағылшын әрпiнен болғаны жөн). Бұл операция орындалып болған соң, меншiктелген атпен жұмыс кiтабы файлға жазылады.

Жұмыс кітабын  құру алдында жаңа кестенi жобалау керек, яғни

  • кестенiң құрылымын анықтау: бағандардың енiн, жолдардың биiктiгiн, мәндердiң ұяшыққа орналасуын анықтау;

  • деректердің пішімдерін  анықтау.

Excel электрондық кестенiң үш өлшемдi структурасы бар. Ол парақтардан тұрады. Деректердi енгiзу және есептердi жүргiзу жұмыстары парақтарда орындалады. Парақтар жұмыс кiтабын құрайды. Жұмыс кiтабын құру үшiн ФайлСоздать командасын таңдаймыз.

Бiр жұмыс кiтабы 255 жұмыс парағынан тұрады. Жұмыс кiтабында жұмыс парағының санын өзгертуге болады, ол үшін СервисПараметры командасында қосымша парақтан “Общие”, “Листов в новой рабочей книге” қолданамыз. Жұмыс парағының сол жақ астыңғы бұрышындағы батырмалардың көмегiмен жұмыс кiтабінiң iшiндегi бiр жұмыс парағынан екiншi жұмыс парағына көшуге болады.

  1. Бағдарламаларға жол беру. Жаңа жүмыс кітаптарын құру. Кестелік курсорды жылжыту. Автосумма.

Excel программасы іске қосылғаннан кейін, оның кез келген ұясына мәтін, сан, формула және дата мен уақыт енгізуге болады.

Мәтін мен санды енгiзу кезінде олар кестелік курсор – теңбілтор көрсетіп тұрған ағымдағы ұяға тiкелей және формула қатарына (строка формул) енгiзіледi. Алдын ала келiсiм бойынша енгізіл-ген мәтіндік мәліметтер ұяның сол жағына, ал сандар – оң жағына тураланып орналасады.

Мәлімет енгізу бір ұяны белгілеп алып, пернетақтадан символдар тіркесін теруден басталады.

Мәлімет енгізу Enter пернесін басқан соң немесе басқа ұяға ауысқан кезде тоқталады.

Кесте торларының жоғарғы жағындағы формула қатарына (строка формул) да мәлімет енгiзуге болады. Мәліметті түзетудің екі тәсілі бар. Алғашқысы – бірден ұя ішін-де, ол үшін түзету режиміне ұяны тышқанмен екі шерту арқылы немесе F2 пернесін басып көшу керек. Сонда ұя ішінде курсор пай-да болып, мәліметті жөндеуге болады. Бірақ бұл режим жұмыс істеуі үшін Сервис – Параметры командасының ұя ішінде түзетуге рұқсаты болуы тиіс.

  1. Мәліметтерді сақтау. Электронды кестені форматтау. Жұмыс бетінің басылымын жасау

Excel программасы іске қосылғаннан кейін, оның кез келген ұясына мәтін, сан, формула және дата мен уақыт енгізуге болады. Мәтін мен санды енгiзу кезінде олар кестелік курсор – теңбілтор көрсетіп тұрған ағымдағы ұяға тiкелей және формула қатарына (строка формул) енгiзіледi. Алдын ала келiсiм бойынша енгізіл-ген мәтіндік мәліметтер ұяның сол жағына, ал сандар – оң жағына тураланып орналасады. Мәлімет енгізу бір ұяны белгілеп алып, пернетақтадан символдар тіркесін теруден басталады. Мәлімет енгізу Enter пернесін басқан соң немесе басқа ұяға ауысқан кезде тоқталады. Кесте торларының жоғарғы жағындағы формула қатарына (строка формул) да мәлімет енгiзуге болады. Мәліметті түзетудің екі тәсілі бар. Алғашқысы – бірден ұя ішін-де, ол үшін түзету режиміне ұяны тышқанмен екі шерту арқылы немесе F2 пернесін басып көшу керек. Сонда ұя ішінде курсор пай-да болып, мәліметті жөндеуге болады. Бірақ бұл режим жұмыс істеуі үшін Сервис – Параметры командасының ұя ішінде түзетуге рұқсаты болуы тиіс. Электронды кестені форматтау барысында оның түсі, түрі, орналасуы, сызық қалыңдығы, т.б. сияқты сипаттамалық ерекшеліктері өзгертіледі.

Жұмыс бетінің басылымын жасау үшін файл – печать деген команданы басады.

  1. Жаңа презентацияны құру қағидалары

Microsoft PowerPoint – Microsoft Office-тің құрамындағы, презентациялық материалдар  дайындауға арналған программа. Бұл программа компьютер экранында анимациялық көріністерді бейнелей алатын презентациялар дайындау мүмкіндігін береді. Micrisoft PowerPoint программасында баяндама немесе мекеменің ашылу салтанаты т.с.с әртүрлі материалдарды оның дыбыстық және мультемедиалық мүмкіндіктерін пайдаланып жандандырып жіберуге болады.

          Power Point программасында презентация құру әрекетін автомазмұн шебері көмегімен басқа екі түрлі тәсіл арқылы орындауға болады. Оның бірі алдын-ала безендіру элементтерін пайдалана отырып құру болса, екіншісі ешқандай безендіру элементтері  қарастырылмаған бос презентация құрып алып, одан кейін көркемдеу болып табылады. Power Point программасының бір ерекшелігі осы екі жағдайда да, құрылған презентацияны, алдын ала безендіру элементтері сақталынып қойылған басқа шаблон түріне алмастыруға болады.

Power Point программасында безендіріліп, дайындалған презентациялар шаблондар түрінде сақталынып қойылған. Кез келген уақытта осы шаблондарды пайдалана отырып,өз презентациямызды құруға болады.

Шаблондарды пайдаланып құру әрекетін Power Point программасы іске қосылған мезетте ашылған сұқбат терезеде Презентациялар шаблоны (Шаблоны презентаций)опциясын таңдау арқылы құру мүмкіндігі бар. Осы опция таңдалғаннан кейін Жалпы (Общие), Презентациялар дизайндары (Дизайны презентаций), Презентациялар, Web-парақтар (Web-страницы) астарлы беттерінен тұратын, Презентацияны құру сұқбат терезесі ашылады. Осы сұқбат терезе Файл-Құру командасын орындағаннан кейін де ашылады.

Презентацияның шаблонын тышқан көмегімен белгілеген кезде шығатын үлгіден қарап отырып, өзімізге ұнағанын таңдап ОК батырмасын шертеміз. Осы мезетте экранға Слайд құру сұқбат терезесі шығады. Бұл сұхбат терезеде қажетті слайдтың түрін көрсетуіміз қажет

  1. Ақпарат ұғымы. Есептеу техниксы және дербес компьютер

Ақпарат (лат. informatio — түсіндіру, мазмүндау) ұғымы күнделікті өмірден бастаптехникалық салада пайдаланылатын көп мағыналы ұғым. Жалпы алғанда бұл ұғым шектеу, байланыс, бақылау, форма, инструкция, білiм, мағына, құрылым, бейнелеу, сезіну тағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты. Көп адам бұл жайлы Білім дәуірі немесе білім қоғамы тудырғын Ақпарат дәуірі туралы айта бастады; ақпараттық қоғам,ақпараттық технологиялар, тіпті информатика, ақпарат ғылымы және компьютер ғылымы назарға көп түсуде, ал “ақпарат” сөзі білдіре бастаған мағыналары ұқыпсыз пайдаланылуда.

Есептеу техникасы (Ағылшын тілі: Computing) бағдарламалық жасақтамажәне компьютерлік құралдарды пайдалану. Есептеу жүйесінің құрамын оның конфигурациясы деп атайды. Есептеу жүйесінің аппараттық және программалық кұралдары әрқайсысы өз алдына жеке қарастырылатындықтан, сәйкесінше есептеу жүйесінің аппараттық конфигурациясы мен программалық конфигурациясы да жеке жеке қарастырылады.  Аппараттық жасақтамаға есептеу техникасының аппараттық конфигурациясын құрайтын құрылғылары жатады. Қазіргі заманғы компьютерлер мен есептеу кешендері блокгы-модульді құрылымнан тұрады, яғни олар нақты бір жұмыс түрін атқаруға ыңғайландырылып дайын түйіндер мен блоктардан жиыстырылатындай аппараттық конфигурациядан тұрады.  Орталық процессорға қатысты алғанда құрылғылар ішкі және сыртқы болып екіге бөлінеді. Енгізу-шығару құрылғыларының көбі және ақпаратты ұзақ уакыт сақтауға арналған құрылғылар сыртқы құрылғыларға жатады.  Жеке түйіндер мен блоктар арасындағы үндестік аппараттың интерфейс деп аталатын аппараттық-логикалық құрылғылардың көмегімен орындалады. Есептеу техникасындағы аппараттық интерфейс стандарттары хаттама деп аталады.  Программалық жасақтама. Программа деп реттелген командалар тізбегін айтады. Кез-келген компьютерлік программаның негізгі аткаратын қызметі — аппараттық кұралдарды басқару. Аппараттық және программалық жасақтама үнемі өзара тығыз байланыста болады.  Программалық жасақтама бірнеше сатылардан тұрады: негізгі, жүйелік, қызметтік және колданбалы. 

Дербес компьютердің құрамына кіретін жабдықтарды қажетіне қарай өзгертіп отырады. Оның құрамына кіретін құрылғыларды компьютердің конфигурациясы деп атайды. Компьютерді сатып алғанда оның құрамына енетін жабдықтарды негізгі конфигурация деп атайды. Негізгі конфигурация үнемі өзгеріп отырады. Қазіргі кезде келесі төрт құрылғы негізгі конфигурация ретінде қарастырылады:  • жүйелік блок;  • дисплей немесе монитор;  • пернетақта;  • тышқан.

Компьютердің ең негізгі кұрылғысы — жүйелік блок. Ол тік қораптың ішіне салынған. Оның ішінде дербес компьютердің негізгі түйіндері орналасқан. Жүйелік блоктың құрамына процессор, жедел жад (RАМ), тұрақты есте сақтау құрылғысы, қоректендіру блогы, енгізу-шығару порттары және ақпарат тасуыштар енеді.  Жүйелік блоктың ішінде жатқан құрылғылар ішкі құрылғылар, ал сыртына қосылатын құрылғылар сыртқы құрылғылар деп аталады.

  1. Модемді орнату және қосу. Провайдерді таңдау. Қызмет етудің орта бағалары

Модем (ағылш. modem, modulator-demodulator) — сандық сигналдарды аналогтық сигналдарға айналдыратын және керісінше амал жасайтын электрондық құрылғы.

Деректерді әр түрлі арқаулар арқылы, мысалы телефон сымы арқылы немесе радиосигналдар түрінде беруге болады. Телефон сымы арқылы аналогтық сигналдар деп аталатын импульстарды беруге болады. Аналогтық сигналдар шуыл немесе электрлік-магнитті импульстар түріндегі кедергілердің әсеріне ұшырауы мүмкін.

Дыбыстық сигналдар дерек берудің едәуір жаңа әдісі болып табылады, онда дерек беру және қабылдау үшін екілікті пішім қолданылады (нөлдер мен бірліктер тізбегімен жұмыс істейтін кодтау/кодты ағыту жүйесі). Дерек беру мен қабылдау үшін компьютерлерде дәл осы пішім қолданылады. Алайда сандық сигналдарды телефон желісі арқылы беру мүмкін емес. Сондықтан телефон сымы арқылы дыбыстық сигналдарды берер алдында оларды аналогтық сигналдарға айналдыру керек. Және тиісінше деректі қабылдаушы жақ алынған деректі сандық сигналдарға айналдыруға тиіс. Модем осындай айналдыруды жүзеге асырады – сандық пішімнен аналогтық пішімге және керісінше.

Басқа компьютерге хабар жіберу кезінде модем шығару құрылғысы рөлін атқарады. Ал сіздің компьютеріңізге хабар келген кезде, модем енгізу құрылғысы ретінде жұмыс істейді. модем сыртқы немесе жүйелік блокқа кірістірілген болуы мүмкін. Сыртқы модемдер – бұл сым арқылы жүйелік блокқа қосылатын модемдер.

Модемдер сондай-ақ компьютердің жүйелік блогына кіріктірілген болуы мүмкін. Мұндай модемдер Ішкі модемдер деп аталады. Модемді іске келтіру үшін компакт-диск жетіліміне кіретіннен арнайы бағдарламалық қамтамасыз етуді орнату қажет. Бұдан әрі мәтін бойынша CD-ROM жетегі операциялық жүйемен «D:» дискісі сияқты сәйкестендіріледі деп ұғынылады

Модемді іске келтіру драйверлерді орнату кезінде жасалады. Бұдан әрі модемге қоса берілген нұсқаулықты қолдану керек.

  1. Ашық архитектура принципі. Компьютерлердің ұрпақтары.

Ашық архитектура (Открытая архитектура; open architecture) — 1) пайдаланушының жүйені кеңейту мүмкіндігіне қатысты жалпы ұғым; 2) жарияланған стандарттарға сәйкес жасалынған және оның одан әрі кеңейтілуін жасақтайтын компьютер; 3) қосымша құрылғылардың көмегімен компьютердің қызметтік мүмкіндігін кеңейтуге мүмкіндік беретін компьютер архитектурасы. Ашық архитектура әрбір нүктесіне жалғыз ғана көшірмесі қойылуға тиісті бағыныңқы программа

 Компьютердің бірінші буыны – 1959 жылға шейін шыға-рылған электронды дампалық машиналар, жылдамдықта-ры ондаған мың а/с., разрядтылығы 31 – 34 бит, жедел жа-дыларының көлемі 1 – 4 кб, амалдардың жұмыс ырғағы қатал тізбекті, яғни, келесі орындалатын амал ағымдағы амалдың орындалуы толық біткеннен соң ғана басталады, енгізу/шығару  амалдары орындалып тұрғанда орталық процессор тоқтап тұрады. Программа негізінен машина-лық тілде қолмен жазылып орындалады. Жұмыс істеу ре-жімі ашық болды, яғпи, әрбір программалаушы басқару тетігінде өзі отырып программасын енгізіп жұмыс істетті. Негізінен сандық шамалармен байланысты есептер шыға-рылады, символдық шамаларды пайдалану жоқ болды. Стандартты программалар жасала бастады.   Компьютердің екінші буыны – 1968 жылға шейін шыға-рылған транзисторлық компьютерлер, жылдамдықтары жүздеген мың а/с., разрядтылығы 31 – 48 бит, жедел жа-дыларының көлемі - 8 – 128 кб. Процессордың жұмысын үзу және оны өңдеу жүйесі пайда болды (ол негізінен енгізу/шығару амалдарын орындау кезінде іске қосыла-ды). Алгоритмдік тілдерден машиналық тілге автоматты аударатын программалар – трансляторлар шықты, яғни, программа құру үшін деңгейлері жоғары программалау тілдері (Fortran. Algol. Cobol және басқалар) қолданылды, стандартты программалардың қоры үлкейді. Жабық жұ-мыс істеу режімі қолданылды, яғни, программалаушы ті-келей машинамен жұмыс істемейтін болды, ол өзінің жо-ғары деңгейдегі программалау тілінде жазылған програм-масын ары қарай машинадан өткізетін қызмет көрсететін топқа тапсырды.  Программалардың жұмыс істеуін бақы-лау және басқару үшін алғашқы мониторлық жүйелер  пайда болды. Олардың өзінің тапсырмаларды басқару тіл-дері болған. Индексті арифметиканың шығуы, тікелей емес адрестеуді және динамикалық жадыны қолдану, сим-волдық шамалармен жұмыс істеу мүмкіншілігінің пайда болуы осы буынның құрылымдық ерекшклігін айқында-ды.  Компьютердің үшінші буыны – 1970 жылдан бастап ин-тегралды микросхемалар арқылы жасалынған компьютер-лер мен компьютерлер кешені, жылдамдықтары миллион-даған а/с., разрядтылығы 32 – 64 бит, жедел жадыларының көлемі 64 – 1024 кб. Дамыған үзу жүйесі бар, енгізу/шыға-ру амалдарының орындалуы орталық процессордың жұ-мысымен параллель жүргізетін қосымша процессорлар (арналар) қолданылады. Бұрын программалар атқаратын көп жұмыстар, соның ішінде үзуді ұйымдастырумен өңде-тулер аппарат арқылы жүзеге асатын болды. Компьютер-лердің сыртқы ортаны қабылдай және оған әсер ете ала-тын сенсорлық қондырымдары пайда бола бастады.  Осы-лар компьютерді алдын ала енгізілген деректерді детер-минді (бірмәнді) өңдейтін құрылғыдан сыртқы ортада туа-тын жағдайға қарай жұмыс істей алатын зерделі құрылғы-ларға айналдырылды.  Жедел жадыны қорғау және дина-микалық бөлу іске асты.  Көптеген жоғары деңгейлі, со-лардың ішінде символдық есептерге (SNOBOL. LISP. REFAL сияқтылар) және логикалық есептерге (Prolog. Miranda сияқтылар) бағытталған программалау тілдері қолданылды, символдық есептер мен логикалық есептер үлесі көбейді. Программалардың жұмысын бастан аяқ басқаратын (сыртқы және ішкі ортадағы жағдайларға мақ-сатты жауап бере алатын) дамыған операциялық жүйелер жұмыс істеді. Осы буынның негізгі ерекшелік программа-лары төменнен жоғары қарай ұйқас болатындай мүмкін-шіліктеріөспелі компьютерлердің бірнеше модельднрінен тұратын машиналар кешенінің пайда болуы (мысалы, со-циялистік елдерде ЕС ЭВМ 1020 – 1050, ал АҚШ – та IBM 360 – 370 сияқты компьютерлердің бірыңғай жүйелері). Бұл компьютерлер арқылы жедел жадыны немесе сыртқы құрылғылардың өрісін ортақ етуге болатын есептеу жүйе-лерін жасауға мүмкіншілік туды. Бір уақытты бірнеше программа істей алатындай етіп орталық процессордың уақытын бөлшектейтін  мультипрограмдық режім іске асырылды. Сонымен қатар, нақты уақыт масштабында жұ-мыс істей алатын программалар пайда бола бастады. Олар технологиялық процесстерді, ұшатын аппараттардың жә-не басқа күрделі құрылғылардың жұмыстарын басқаруға мүмкіндік берді.  Компьютердің төртінші буыны – 1975 жылдан бастап үлкен немесе өте үлкен интегралды микросхемалар арқы-лы жасалынған көппроцессорлы суперкомпьютерлер мен микрокомпьютерлер (кейін оларды дербес компьютерлер деп атап кетті). Суперкомпьютерлердің жылдамдықтары жүз миллионға шейін (мысалы, Cray – 1 суперкомпьютері-нің жылдамдығы 100 млн а/с). Жалпы осы буындағы ком-пьютерлер арқылы байланыс әдістері одан әрі дамып теле-фон, телеграф желілеріне қосылып компьютерлік глобаль-ді(мысалы Интернет), корпоративтік және локальді желі-лер құрылды, өте үлкен деректер архиві жиналды, дерек-тердің  визуалды (бейнелік) түрдегі берілуі және өңделуі дамыды, нақты уақыт масштабында жұмыс істей алатын жүйелер кеңінен жүзеге асты. Компьютердің бесінші буыны – 1980 жылы Жапония жа-риялаған 5 жылдық жобадан басталады, онда компьютер-лік тілдің машиналық тілі ретінде логикалық программа-лау тілі PROLOG – ты аппаратты түрде жүзеге асырып, жасанды зерде (интеллект) жүйесін құру көзделді. Бұл жоба нәтижелі аяқталды, қазір өзінің жасанды зердесі бар, яғни, белгілі есептің берілгені бойынша оның шешуін та-батын тұжырымдарды жасап және оны дәлелдей алатын, белгілі тақырыпқа өлең немесе музыка шығара алатын жә-не т.с.с интеллектуалды жұмыстарды өздігінен жасай ала-тын компьютерлер бар. Бірақ олар кең тарамаған, себебі олардың бағасы өте қымбат және олармен жұмыс істеу аса біліктілікті талап етеді.  Компьютердің алтыншы буыны - өткен ғасырдың 90 – шы жылдарының ортасынан бастап қолға алына бастады. Ол жасанды нейрон желісіне, көпмәнді логика және кванттық есептеу теориясына негізделіп жасалынады. Бұл компьютерлердің дамыған жасанды зердесі болады: олардың өзін - өзі оқытатын қабілеті және өздігінен кейбір мәселені түсініп (образды танып), жобалап, оны шешу не-месе жүзеге асыру үшін керекті программаны немесе құ-рылғыны құрастыра алатын мүмкіншілігі болады.  Біздің елдегі кең қолданыстағылар -  4-ші буынға жататын дербес компьютерлер. Сондықтан біз оларды жетік қарастырамыз. 

28.1 Іnternet тор арқылы индивидуалдық турларды құрастыру/ұйымдастыру ерекшіліктері

Тұтынушылар үшін индивидуалдық жеке турларды құрастыруға бронь жасау онлайн режимде нақты шынайы уақыт жағдайында ғана жүргізіледі. Таңдалған элементтермен дайын бронь автоматты түрде туроператордың мәліметтер базасына түседі. егер клиент алдын ала броньдалған әуе билеттерін қайтарғысы немес өзгерткісі келсе, міндетті түрде әуе компаниясының шарттары бойынша жасайды. Жүйеге кез келген жеке немесе заңды тұлға кіре алады және пайдалана алады. Броньдау процесіндегі ережелерді жүйе өзі көрсетіп отырады. Броньдау процесі жалпы 3 этаптан тұрады. 1–этапта тұтынушы үшін оптималды деген ұшу нұсқасын таңдайды, 2-этапта бос орындарды броньдайды, ал 3-те төлем формасы мен жеткізу шарттары таңдалынады.

Кез келген онлайн режимдегі әуе билеттерін броньдау мысалын алып карастырайық: сұраныс экранында ең алдымен шығу және бару пункттерін көрсету сұралады. Одан соң бару(қайту) уақыты, жолаушылар тізімін енгізу керек болады. клиентке сол маршрут бойынша бар бірнеше нұсқаларды ұсынады. Онда бағасы, уақыты, әуе компаниясы жазылады. Таңдағаннан кейін келесі мәліметтер жолаушының аты-жөні, жынысы, контакттік мәліметтері, электрондық поштасы, тамақтану шарттары, т.б.мәліметті кіргізу сұралады. Ең соңғы сұраныс бетінде төлем және жеткізу шарттары енгізіледі.

Әуе билеттерінен кейін қонақ үй, экскурсия, кңіл көтеру орындарын интернет арқылы тапсырыс беріп турды ұйымдастыруды аяқтауға болады.

  1. Internet торындағы тариф және брондауды көру экраны

Туристік өнімді ұйымдастыру дегеніміз оның жобалануы, тұтынушылық, бағалық қасиеттері мен сапалары сипатталалуы болып табылады. Шетелдік туристерге турларды сатуда тек төленген қызметтерді ғана ұйымдастыруға шарт қояды. Тұтынушылар үшін бронь жасау онлайн режимде нақты шынайы уақыт жағдайында ғана жүргізіледі. Таңдалған элементтермен дайын бронь автоматты түрде туроператордың мәліметтер базасына түседі. егер клиент алдын ала броньдалған әуе билеттерін қайтарғысы немес өзгерткісі келсе, міндетті түрде әуе компаниясының шарттары бойынша жасайды. Жүйеге кез келген жеке немесе заңды тұлға кіре алады және пайдалана алады. Броньдау процесіндегі ережелерді жүйе өзі көрсетіп отырады. Броньдау процесі жалпы 3 этаптан тұрады. 1–этапта тұтынушы үшін оптималды деген ұшу нұсқасын таңдайды, 2-этапта бос орындарды броньдайды, ал 3-те төлем формасы мен жеткізу шарттары таңдалынады.

Кез келген онлайн режимдегі әуе билеттерін броньдау мысалын алып карастырайық: сұраныс экранында ең алдымен шығу және бару пункттерін көрсету сұралады. Одан соң бару(қайту) уақыты, жолаушылар тізімін енгізу керек болады. клиентке сол маршрут бойынша бар бірнеше нұсқаларды ұсынады. Онда бағасы, уақыты, әуе компаниясы жазылады.

Тариттер туралы мәліметтер әуе компаниясында бөлек, қонақ үйде бөлек, басқа да қызмет көрсету орындарында бөлек беріледі. Тұрақты клиенттер үшін қонақ үйлерде жеңілдіктер ұсынылады.

  1. Adobe Fotoshop бағдарламасы

Adobe Photoshop  -  суреттерді, мәтіндерді өзгертуге, түрлендіруге, сақтауға  арналған ең танымалы графикалық бағдарлама болып табылады. Adobe Photoshop графикалық бағдарламасы түстер палитрасымен жұмыс істеуге, суреттерді еңгізуге және шығаруға, контурларын ерекшелеуге, түс тандауға, сурет фильтрін тандауға, өлшемі мен кеңейтілімін өзгертуге, суреттерді түстендіруге және басып шығаруға мүмкіндік береді.

Adobe Photoshop  интерфейсі бағдарламамен өзара әрекеттесу әртүрлі деңгейдегі қолданушыларға арналып ойластырылған. Бағдарламамен жұмыс істеу: командаларды тышқанды басу арқылы жүзеге асыру және пернетақтада белгілі бір перне комбинацияларын басу арқылы операцияларды жүзеге асыру. Операцияларды жүзеге асырудың екі түрі де бір бірінен оңайлығымен және функцияны орындау жылдамдығымен ерекшеленеді.

31. Резерв және бронь жасау жүйелерді талдау.

Интернеттің дамуы байланыс құралдарын арзандатып қана қоймай, туризм саласындағы барлық қатысушыларға автоматтандырылған жүйелермен жұмысын атқаруға мүмкіндіктер туғызды. CRS (Computer Reservation System), яғни компьютерлік броньдау және резервтеу жүйесінің түрлері қазірде өте көп, олардың айырмашылықтары, ұқсастықтары, кемшілік-артықшылықтары да бар. Оның бәрі ұсынатын қызмет спектрі мен іске асыру технологияларына байланысты болып отыр. Ең алғаш рет CRS (Computer Reservation System) компьютерлік броньдау және резервтеу жүйесі Еуропа мен АҚШ-та 1960 жылдары пайда бола бастады. Оның себебі төмендегідей түсіндіріледі. Ол жылдары азаматтық авиация белсенді даму үстінде еді. Сондықтан адамдардың ағымына броньдаудың «телефондық» технологиясы мен рейстерді тіркеудің «қағаздық» технологиялары үлгермеген болатын. Қазіргі кезде жаһандық клмпьютерлік жүйелердің қатарына 4 негізгісін жатқызамыз: Amadeus, Galileo, Sabre, Worldspan. Sabre жүйесі 1964 жылы American Airlines әуе компаниясымен ашылған, ол 1976 жылы осы жүйенің негізінен қонақ үйлердегі орындарды брондауға болатын болды. Жүйенің орталығы Оклахамада (АҚШ) орналасқан. Sabre жүйесіне 114 мыңнан аса турагент қосылған, oл әуе және теміржол билеттерін, отельдердегі орындарды және т.б. резервілеуді қамтамасыз етеді. Galileo компьютерлік жүйесі - авиабилеттерді брондаумен айналысатын халықаралық компьютерлік жүйе.

Galileo жүйесі - әлемдегі ең әйгілі CRS, 1987 жылы British Airways, Swissar, KLM және Covia әуе компаниялары негізін қалаған,кейінірек оларға Alitalia және Austrian Airlines қосылды. Қазіргі кезде компанияның 3 мың қызметкері бар,ол оның орталығы Денверде (АҚШ,Колорадо штаты) орналысқан. Жеке Apollo жүйесі бар Covia компаниясы өзінің тұтынушыларынGalileo жүйесіне қарай бағыттады, ал 1993 жылы Galileo жүйесі Apollo жүйесімен бірігіп Galileo International деген атқа ие болды. Жаңа компаняның каржысының 50% солтүстік Америка әуе компанияларында басқа 50% еуропиялықтарда, Apollo жүйесі АҚШ пен Мексикада кең таралған, ал Японияда бұл жүйені көп қолданбайды. Galileo жүйесі әлемнің жүз мемлекетінде таралған, ал Еуропада осы жүйенің 150 мыңнан аса терминалдары бар.

Worldspan жүйесі компьютерлік брондау жүйелері еуропалық бөлімі PARS пен TWA, КСБ, DATAS Американдық әуе компаниялары мен Delta Airlines американдық әуе компаниялары мен Delta Airliens американдық әуе тасымалдаушыларының бірігуі негізінде пайда болды. Worldspan бақылау акция пакеті Delta Airlines компаниясына жатады, жүйені бақылау орталығы Атлантта (АҚШ) қаласында орналасқан. Worldspan - Америкада кең таралған брондау жүйесі, Еуропада Amadeus пен Galileo жүйелерінен кейін үшінші орында және де Оңтүстік Азия мен Таяу шығыста кеңінен таралып келе жатыр. 1995 жылдан бастап Ресейде Worldspan КБЖ өкілеттілігі жұмыс жасап келеді, қазіргі кезде Ресей нарығында белсенді маркетингтік саясаттар жүргізіп жатыр. Amadeus компаниясы – әлемдік туристік индустрияның және авиа тасымалдаулар үшiн ақпараттық технологиялардың аймақтағы алдынғы қатарлы шешiмдерi, дистрибуция және электрондық коммерцияның жетекші жабдықтаушысы.

Amadeus брондау жүйесі 1987 жылы Еуропаның ірі Air France, Iberia, Lufthansa, SAS әуе компанияларымен құрылған, резервілеу жүйесінің кең таралған түрі. Жүйенің орталығы Германияда (Мюнхен маңайында) орналасқан. Қәзіргі кезде Amadeus – Еуропадағы компьютерлік брондау жүйесінің жетекшісі болып табылады.1995 жылы Sustem One брондау жүйесін қолдану негізінде, ол Aмерика нарығында белсенді алдыға жылжуда. Continantal Airlines әуе компаниясы Amadeus компаниясының иегері болды. Amadeus-тің серіктестері немістің тур қызметті брондау жүйесі Start, кез–келген Amadeus–ті пайдаланушы автоматты түрде Start-тың да пайдаланушысы болады.Халықаралық брондау көлемі бойынша бұл әлемдегі ең ірі жүйе.Оның қызметімен Еуропаның 70 %-ға жуық турагенттері пайдаланады және күніне 36 млн саяхатшы Amadeus –ті пайдаланады. Amadeus әуе компанияларымен,темір жолдары мен автомашиналарды жалға алумен, пароммен тасу,қонақ үймен байланысты қызметтің түрін ұсынады және қосымша қызметтерді де ұсынады.Мысалы туристерді сақтандыру және Amadeus өнімдерін 30 мыңнан аса турбюро (бұл дегеніміз 100 мыңнан жоғары терминалдар),400–ден аса компаниялар(бұл 60 мыңға жуық терминалдар) пайдаланады.Қaзіргі кезде Pесей нарығында сату көлемі бойынша Amadeus көшбасшы болып келе жатыр.1999 жылдан қарағанда 2000 жылы брондаудың саны 51 % өсіп 1,1 млн-ға жетті.

32. Іnternet туристік сферасында практикалық пайдалану. Керекті ақпаратты Іnternet іздестіру. Туристік кәсіпкерлік үшін Интернет жүйесінде әр түрлі қызметтердің кең спектрі қолданылады.пайдаланушы сұранысына орай, көптеген туристік ақпараттар, серіктестер туралы ақпарат, жарнама, туристік өнімдердің сатылу және алға жылжу нарығын көре алады.

Мысал ретінде, START жүйесінде күн сайын 5 мыңға жуық жолдамалардан тек өзіңе керектісін бағасына қарап, орнына және уақытына байланысты табуға болады. Бұдан басқа, Интернеттегі туристік мекеме мысалы ретінде, көптеген туристік сайттар бола алады.

BBS (Bulletin Board System ағылш.-жарнамалардың электрондық тақтасы).Бұл жүйе кабельді компьютерлік желілердің аз кезіндегі кеңінен қолданылған компьютер тұтынушыларының телефондық жүйе арқылы болатын қарым-қатынас құралы болып табылады.

Басында BBS жүйесі көптеген фирмалардың иелігінде болды, және ол ақылы түрде болатын.кейіннен хобби ретінде оларды жеке тұлғалар да аша бастады. Негізінен BBS жүйесі қазіргі таңда тегін.

BBS жеке туелсіз болуымен қатар, басқа BBS –лермен (әдетте Фидонет арқылы) де байланыста болуы мүмкін. BBS –ге қосылу үшін телефондық жүйе, модем, және терминал бағдарламасы (minicom, Y-term, ZOC, Tellx, Hyper Terminal, Terminate,Telemax және басқалар) керек. Кейбір BBS-тер сонымен қоса (немесе тек қана) telnet протоколы арқылы интернетпен қосылады.

BBS-тің қолданушысы терминал бағдарламасын іске қосады, осыдан BBS номеріне телефон шалады, BBS-мен қосылған соң тіркеу жұмысы жүргізіледі (логин және парольді енгізу) , және тіркелген соң тұтынушының келесілерге қолы жетеді:

-«жарнама тақтасында» әркім өзінің жаңалықтарын және хабарламаларын ұсына алады (осы функциядан BBS жұмысы басталды).

-тақырыптық конференцияларға қатыса алады

-файлдармен алмасу каталогына қол жеткізе алады, және әрбір файлдың жазылу рейтингісі, саны т.б. жазылады.

Конференцияларға ойлайн қол жетімділікке сонымен қоса конференциялардың QWK және Blue Wave көмегімен оффлайндық оқу әдісі дайындалды. Тұтынушы BBS-ге қосылып, өзінің компьютеріне хабарламалары бар файл-пакеттерді жазып алып, содан кейін желіден шығып кетеді. Хабарламаларды оқып, конференцияларға жаңа хабарламалар жазған, және олар содан кейін QWK және Blue Wave бағдарламалары арқылы пакетке жиналып отырған.Оңаша бос уақыт кезінде тұтынушы BBS-ге қайта қосылып, өзінің хабарламаларын жіберіп, сонымен қоса басқа тұтынушылардың хаб-н ала алған.

BBS-тің типтік функциялары:

-файлдық архивтер

-хабарландырулар

-Эхоконференциялар (интернеттегі аналогі-usenet форумдары мен конференциялары)

-электрондық почта

- көплиниялы BBS-де басқа тұтынушылармен чат –сол уақытта BBS-дің басқа тұтынушыларымен қарым-қатынас орнату (интернеттегі аналогі-Instant Messenger, IRC)

-ойындар.

33. Мәтінді Word Pad бағдарламасы.  Word Pad – бұл текстік редактор болып саналады. Оның құрамына стандартты программалар енеді олардың қатарына Windows 95-тен бастап Microsoft Windows операциялық жүйесі енеді. Ол Блокнот (Notepad)-қа қарағанда кең ауқымды құралдармен жабдықталған. Блокнотқа қарағанда WordPad-та құрастырылған документтер әртүрлі шрифттер, әртүрлі пішін және мәтінді түрлі түсті форматтауға болады. Сонымен қатар WordPad-та әртүрлі объектілерді: суреттер, сызбалар, диаграммалар, бейнеклиптар, музыка және тіптен дыбыс эффектілерін пайдалануға болады.

Тұтынушы жұмысын аяқтағаннан кейін құрастырған документін оған қолайлы ат қойып оның қай папкаға сақтау керектігін көрсету керек.ол үшін келесілерді орындау қажет:

1. WordPad пернесін басып және «Сохранить» командасын (немес Ctrl+S клавишасын пайдалану арқылы).

2. «Сохранить как» диалогында қай папкаға сақтайтынымызды таңдауымыз қажет;

3. «Имя файла» жолына файлдың атын жазып «Сохранить» пернесін басу қажет.

Сақтау қажет болмаған жағдайда «Отмена» пернесін басу қажет.

WordPad мәтіндік редакторы келесі форматтағы документтерді сақтай алады:

RTF файлы – белгісі *.rtf - RTF форматында документті сақтайды;

Office Open XML документі – белгісі *.docx - Office Open XML (Microsoft Word 2007форматы) форматында документті сақтау;

Open Document мәтіні - белгісі *.odt - Open Document (Open Office форматы) форматында документті сақтау;

Мәтін – белгісі *.txt – документті кәдімгі мәтін ретінде сақтау;

MS-DOS мәтіндік документ – белгісі *.txt - DOS-кодировкасы арқылы документті кәдімгі мәтін ретінде сақтау;

Юникодтағы мәтіндік документ – белгісі *.txt – Юникод кодировкасын пайдалана отырып документті кәдімгі мәтін ретінде сақтау.

34. Internet-торы. Даму тарихы және оның туризм саласына әсері. Дүниежүзілік өрнек World Wide Web (WWW), HTML атты гипертекст белгілеуінің тілі Интернет осыдан 25 жыл бүрын АҚШ-ң қорғаныс министрлігінің ARPnet тармағын радио және спутникалық жүйелермен байланыстырудың нәтижесінде пайда болған. ARPnet (Advanced Research Projects Agency net) эксперименталды жүйе болған. Ол әртүрлі әскери зерттеулерді қамтамасыз ету үшін құрылған. Негізгі мақсаты жүйенің кейбір бөлімдері істен шықсада ісін жалғастырады деп жасаған. Мәселен әуе соққылары кезінде, ARPnet моделімен ЭЕМ-ң арасы және бастау адресатының арасында әрқашан байланыс бар. Торап сенімділігі төмен болып саналады. Оның кез-келген кесіндісі кез-келген уақытта жоғалып кетуі мүмкін. Торап арқылы хабарды жіберу үшін ақпараттарды конвертке орналастыру керек. Бұл конверт торап аралық хаттама деп аталады.

Бұл шешімдер негізінен тораптың қолайлығы күмәнді болуы мүмкін, алайда тарих дәлелдегендей бұл дұрыс қадам. Белгілі бағдарламадан кейін ыңғайлы торап. (Бұл интернет негізін қалады.) Ғалымдар, оқытушылар және басқа мамандар Іnternet-ке кіре отырып, оның лайықты мүмкіндіктерін бағалады. Нәтижесінде тораптарға сұраныс бірден өсті. Стандарттаудың халықаралық ұйымы есептеуіш тораптарға байланысты көп жылдар бойы жұмыс істеді. Іnternet программасын шығарушылары, яғни АҚШ, Ұлыбритания ғалымдары ІP программасымен қамтамасыз етіп отырды. Бұл әртүрлі фирмалар шығаратын компьютерлерге дұрыс шешім болды. Бұл тұтынушылардың өзіне қолайлы компьютер алуға тиімді болды.

Іnternet – кез-келген компьютерді жер щарында орналасқан басқа жұмыс станциясымен, яғни телефон арнасына қосылған басқа компьютермен жылдам байланыстыратан Дүниежүзілік Торап. Оны дүниедегі ең үлкен ауқымды торап деп атайды. Осылай телефон арнасы арқылы байланыса алатын компьютерлер бір-бірімен TCP/ІP хаттама ережелерімен мәлімет алмасады, оларды бір тілде “сөйлейді” деп айтса да болады. Дүниежүзілік Халықаралық телефон желісі сияқты оны ешкім басқармайды, ол ешкімнің жеке меншігі емес. Міне, осы Интернет торабы көмегімен электрондық почта арқылы хабар алып, басқа компьютерлердегі ақпаратты көріп, қашықтан телеконференцияларға қатынасу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік бар.

Қазіргі Интернеттің ең көп тараған қызметі – World Wide Web (WWW) қызметі.

World Wide Web – Web-серверлерде сақталған, өзара байланысқан миллиондаған электрондық құжаттардан тұратын біртұтас ақпараттық кеңістік. Web кеңістігін құрайтын жеке құжаттарды Web-беттер деп атайды. Тақырыптың біріктірілген Web-беттер топтарын Web-тараптар (Web-сайт) деп атайды.

Web-беттердің қарапайым мәтіндік құжаттардан айырмашылығы,олар нақты тасығышқа байланбай өрнектелген. Бейнелеу олардың клиенттің компьютерінде шақырғанда , шолушы программаның баптауларына сәйкес орындалады .

Web- беттерді қарауға арналған программаларды броузерлер (толушылар ) деп атайды . Броузер құжатты экранға құжаттың авторы оның мәтініне енгізген бұйрықтарды басшылыққа алып шығарады . Ол бұйрықтар тегтер деп аттайды. Тегтерді жазу ережелері гипермәтіндерді теру тілі – HTML (Hyper Text Markup Language) –нұсқауларында қарастырылған .

HTML тегтері көмегімен жүзеге асырылатын Web-беттердің ең маңызды бөлігі – гипермәтіндік сілтемелер . Мәтіннің кез-келген фрагментімен немесе, мысалы, суретпен, тегтер көмегімен басқа Web-құжатты байланыстыруға, яғни гиперсілтеме орнатуға болады. Бұл жағдайда гиперсілтеме болып табылатын мәтінді немесе суретті тышқанның сол жақ бастырмасымен шерткенде жаңа құжатты жеткізуге (бейнелеуге) сұраныс жіберіледі. Бұл құжат құрамында да өз кезегінде , басқа құжаттарға нұсқайтын гиперсілтемелер болуы мүмкін.

Жүз миллиондаған құжаттар арасындағы гипермәтіндік байланыс әрбір құжаттың өз жеке-дара адресі болуына негізделген . Кезкелген файлдың адресі дүниежүзілік маштабта ресуртардың біріңғайланған адресі –URL-арқылы анықталады.

URL- адресі үш бөліктен тұрады:

1. Аталған ресурсқа қол жеткізетін қызметті көрсету (әдетте осы қызметке сәйкес қолданбалы хаттаманың атымен белгілемелері. Мысалы www қызметі ұйым жасалған қолданбалы хаттама HTTP (Hyper Text Transter Protocol-гипермәтінді тасымалдау хаттамасы). Хаттаманың атынан кейін қоснүкте (:) мен екі «/» (қисық сызық) белгісі қойылады:

2. Аталған ресурс сақталған компьютердің (сервердің) домендік атын көрсету:

http://www.abcde.com…

3. Сол компьютердегі файлға қол жеткізетін толық жолды көрсету. Ажыратқыш ретінде «/» (қисық сызық) символы қолданылады.

35. Алеан – Рессейлік бронь жасау компьютерлік жүйесі. Алеан комплексті жүйесі – кез келген уақытта қонақ үй және санаториялардағы бос орындар жайлы мәлімет алуға болатын Интернет жаңа технологиясының арқасында құрылған, заманауи компьютерлік брондау жүйесі. ол турагенттер үшін өте тиімді, себебі мұнда орналастыру орындары жайлы міліметтер және 900 жуық обьектілердің суреттері бар, сонымен қоса қонақ үй, пансионат, турбазалар үшін де тиімді. Бұл нарық мониторингінің керемет құралы, бағаларды уақытылу өзгертуге, ұсынылған номерлердің санын көбейтуге немесе азайтуға мүмкіндік береді.

Алеан комплексті жүйесі ақпараттық-іздеу жүйесінен және брондау және сату жүйесінен тұрады. Ақпараттық-іздеу жүйесі – бұл елдер, аумақтар және 600 ден астам орналастыру орындары жайлы толық ақпарат. Брондау және сату жүйесі– бұл кәсіпорын шаруашылығын, қаржы есебін енгізуді, сату және алу кезеңін толық автоматттандыруды, кез келген корпоративті жүйелерді басқару құралы.

Алеан өз астында тұтынушыларды, туроператорларды, турагенттерді, орналастыру орындарын және басқа да қызметті тасымалдаушыларды бір буынға біріктіреді.

Алеан комплексті жүйесі орналастыру орындарына келесіні ұсынады:

  • Ресейдің 26 қаласында турагент пен туроператорлардың дайын өткізу жүйелерін ұсынады;

  • қызметтерді жүзеге асыру нарығын кеңейту және агенттік жүйесін дамыту;

  • серіктестер арасында орын және қызметті улестеу дауының юолмауы;

  • өзінің тұрақты серіктестерімен сату кезкңін басқару;

  • іске асыру мен орынды брондау динамикасын басқару;

  • ұсынылатын қызметтерді оперативті өзгерту мүмкіндігі;

  • қосымша қызметтерді брондау және сату;

  • кеңейтілген жарнама компаниясы және көптеген көрмелерге тегін қатысу.

Алеан компаниясымен істес болудың екі формасы бар. Біріншісі, сервердегі "Справочник" бөлігінде орналасқан жарнама-ақпараттық каталогқа қонақ үй жайлы мәліметті енгізу. Обьектті каталогқа енгізу тегін. Екіншісі, қонақ үй жайлы мәліметті Ғаламдық компьютерлік брондау және сату жүйесіне енгізу. Ол үшін комиссияға келісім шарт жасау керек және қонақ үй жайлы мәлімет, баға жіне суреттер ұсыну. Обьектті брондау жүйесіне енгізу тегін.

 36. Курстың тақырыбы, мақсаты және міндеті. Туризмдегі ақпараттық камтамасыз ету. Әдебиетке шолу. Курстың мақсаты: қазіргі заманның іс-әрекетіне, туристік бизнесінде, офистерде және іс жүргізу жұмысында қолданылатын ақпараттық технологияларда қарастырып, ақпараттық бронь жүйелерді іс жүзінде жұмыс істеу үйрену.

Курстың негізгі қарастыратын міндеттері: туризм саласындағы қолданбалы мәселелерді шешуге арналған байланыс жабдықтармен, есеп жасайтын компьютерлік ақпараттык бағдарлалармен, торлармен жұмыс істеудің техникалық жабдықтарын құрастырудың міндетін және қағадалармен танысу, интернет және оның құрама бөліктері туралы бастапқы мағлұматтарды беру.

Бұл пәнді оқу кезінде студенттер білуі қажет: оргтехниканың ең жаңа жабдықтарын, компьютерлік технология және бағдарламалық қамтамасыз ету саласындағы қазіргі жетістіктерін; компьютеризация мен компьютерлік технологиялардың дамуының негіздері мен қазіргі жағдайын; компьютердің құрылымың жеке компьютермен жұмыс істегендегі қауыпсіздік техникасын, антивирус корғауының принциптерін; іс-құжаттарды электронды түрде дайындау, компьютерлік бағдарламен жұмыс істеу ережелерін білу керек.

Әдебиеттер тізімі:

1. Морозов М.А. Информационные технологии в социально-культурном сервисе и

туризме. – М.: Академия, 2005

2. Чудновский А.Д. Иформационные технологии в туризме. – М.: КоРус, 2007

3. Бочарников В.Н., Лаврушина Е.Г., Блиновская Я.Ю. Информационные технологии в

туризме. – М.: Флинта, МПСИ, 2008.

4. Гуляев В. Г. Новые информационные технологии u1074 в туризме. / Уч. пособие. - М.,

1999.

5. Бройдо В. Л. Офисная оргтехника для делопроизводства и управления. - М., 1998.

37. Глобальдық бронь жүйелер. Бүгінгі электрондық туристік нарық және туристік брокерлер. АҚШ тың ірі компаниялары XX ғасырдың 60жылдары авиарейстерге орындарды броньдайтын және резервтейтін арнайы жүйелер ойлап таба бастады. Бұл жүйелер билеттердің көптеп сатылуына әсерін тигізді. Бронь жүйелерінің дамуының алғашқы сатысы авиакомпаниялардағы терминалдардың орнатылуы болды. 70 жылдардың соңында турфирмалар авиакомпаниялардың автоматтандырылған жүйелеріне қосылуына мүмкіндік алды. Ең алғашқы жүйелер «APPOLLO» (авиакомпания «United Airlines») және «SABRE» (авиакомпания «Аmerican Airlines»). Кейіннен туроператорлардың талабы жоғарылаған сайын олардың мүмкіндіктері де кеңейе түсті.Енді тек ұана рейс туралы мәлімет емес.сонымен қатар көлікті жалға алу мен қонақ үйлердегі бос орындар туралы ақпаратттар алуға болатын.Міне осылай авиакомпанияның компьютерлік жүйелері туризм саласындағы глобальды броньдау жүйесіне айналды.Бұл бірігу «тип В» деп аталды.Келесі этап А типі,оған сәйкес броньдау уақыты 7 сек дейін қысқартылды.Бұл қызметтің жылдамдығы турфирмаларға жаңа мүмкіндіктер есігін ашты. АҚШ тан соң компьютерлік броньдау басқа елдерде де пайда бола бастады. 1987 жылы «GALILEO» және «AMADEUS» деген екі европалық консорциум пайда болды.Ал Азия мен Тынық мұхиты аймағында 1987 жылы негізделген «ABACUS» жүйесі пайдаланылады. Ал Африка аймағында компьютерлік жүйелердің дамуы төмен,себебі бұл аймақта ірі авиакомпаниялар жоқ.Сондықтан мұнда француздық броньдау жүйесі «SITA» қосылған. Жүйелердің әлем бойынша пайдалану көрсеткіштері: Амадеус жүйесін АҚШ-та 29100, Канадада 92, Еуропада 59804, Азияда 2034, Галилео АҚШта 449766, Канадада 9673, Еуропада 39487, Азияда 12871, Сабрды АҚШта 77994, Канадада 7181, Еуропада 13428, Азияда 14246, Уорлдспанды АҚШта 34934, Канадада 172, Еуропада 10208 кәсіпорын қолданады.

Туристік брокер – туристік қызметті тұтынушы мен орындаушының арасындағы делдал,туристік агенттікпен қатар нарыққа шыға алатын туроператор деген статусы жоқ заңды тұлға.Ол шектелген туроператорлық қызметтер көрсетеді,жеке қызмет түрлерін немесе жиынтық қызметтерді көрсетеді. Туристік брокердің негізгі ерекшелігі ол өзіндік саяхаттарды жоспарлауға көмектеседі.Ал туроператорлар болса дайын турпакетті толықтай сатып алуды ұсынады.Сонымен қатар туристік брокер тек өзінің консультациялары үшін ғана ақша алады.Яғни брокер туристің ақшасына қол тигізе алмайды.Себебі броньдалған отельдің ақшасын сол отельге барғанда турист өзі төлейді.

38. Сандык ІР - адрес. доменді адрес электронды пошта (е-mail). Электрондық пошта (E-mail). Интернетте бұл қызметті қамтмасыз етумен арнайы пошта серверлері айналысады. Сервер туралы айтылғанда, ол арнайы бөлінген компоненттері деп ұғуымыз керек. Сервер деп программалық жабдықтарды түсінуіміз мүмкін. Интернеттің бір тораптық компьютер бірнеше сервердің жұмысын атқарып, Интернеттің әр түрлі қызметтерінің жұмысын қамтамасыз ете алады. Ол сонымен бірге есептеу техникасы құралдарына тән басқа да есептеулер жүргізетін әмбебап компьютер болып та қала береді.

Пошталық серверлер клиенттердің жолдама қабылдап оларды тізбек бойынша бұл жолдамалар жинақталатын адресаттардың пошталық серверлеріне тасымалдайды. Адресат пен оның пошталық сервері арасындағы байланыс орналасқан сәтте келіп жеткен барлық жолдамалар адресаттың компьютеріне автоматты түрде бірден жіберіледі.

Тарату тізімі (Mail List). Бұл белгілі бір тақырып бойынша ақпарат жинайтын және оларды жазылушыларға электрондық пошта хабарламалары түрінде тарататын арнайы тақырыптық серверлер.

Телеконференциялар қызметі (Usenet). Телеконференциялар қызметі электрондық поштаны циркулярлық таратуға ұқсас, оның барысында бір хабарламала бір ғана корреспондентке емес, үлкен топқа (осындай топтар телеконференциялар немесе жаңалық топтары деп аталады) жаңалық топтары серверіне жолданған хабарламалар онымен байланысқан барлық серверлерге жіберіледі (егер оларда бұл хабарлама болмаған жағдайда). Соан соң үдеріс қайталанады.

Келіп түскен хабарлама әрбір серверде шектеулі уақыт (әдетте бір жеті) сақталады , және керек қылғанда онымен осы уақыт ішінде таныса алады.

Телеконференциялар жүйесі тақырыптық топтарға бөлінген.

Жаңалық тораптарын пайдаланудың негізгі амалы бүкіл әлемге сұрақ қойып, осы сұрақты шешкендерден жауап немесе кеңес алу. Әлемнің көптеген білікті мамандары олардың қызмет аясына қарасты топтардағы телеконференциялардың хабарламаларын ұдайы қарап отырады.Мұндай шолулар ақпарат мониторингі деп аталады.

IRC. IRC (Internet Realy Chat) (кейде чат-конференциялар немесе жай чат деп аталады) қызметі бірнеше адамдардың нақты уақыт режимінде тікелей хабарласуына арналған.Қатынасушылар арасындағы қатынас бүкіл әлемге ашық телеконференциялар жүйесінен айырмашылығы, IRC жүйесінде араласу тек бір канал шеңберінде жүреді. (Оның жұмысында әдетте бірнеше адам қатысатындықтан).

Әрбір тұтынушы өз каналын құрып, оған “әңгімеге” қатысушыларды шақыра алады және осы сәтте ашылған каналдардың біріне қосыла да алады.

ICQ. Бұл қызмет осы сәтте Интернетке қосылған желілік IP – адресті (әрбір дүниежүзілік желіге қатысушының жеке- дара адресін) іздеуге арналған.Мұндай қызметке қажеттілік тұтынушылардың көпшілігінің тұрақты IP – адрестерінің болмауынан туындайды. Бұл қызметті пайдалану үшін оның орталық серверінде (http://www.ciq.com) тіркеліп UIN(UNIVERSAL INTERNET NUMBER) дербес біркелкілеу номерін алу керек.

E-maіl немесе электрондық почта – нақты абоненттерге торап арқылы хабарлар жіберу жолымен мәлімет алмасу тәісілі. Ол арнайы почта программалары көмегімен жүзеге асырылады. Мысал ретінде, Outlook Express программасын атауға болады.

Электрондық почтаның белгілі бір адресін анықтау. Мәлімет алушылардан олардың адресін сұрап алу керек. Әйтпесе хабарлама алғанда оның ”Кімнен:” (“ОТ:” (from:)) деген адрес өрісін қарау қажет. Электрондық почтаның адрестері Web парақтарында жиі көрсетіледі. Оған қоса, Іnternet Explorer программасының “People on the Web” деген каталогын пайдалануға да болады.

Электрондық почтаны қолдану кезінде одан зиян шегуге бола ма? Иә, болады. Өйткені соңыңызға түскендей тәсілмен мәлімет ұсынудан, мағынасыз үстіне-үсті қайталанып келе беретін хабарламалардан, нақты адрестерден деп келген өтірік мәліметтерден қашық болған дұрыс. Торап арқылы мәліметтермен вирустар ілесіп келуі мүмкін.

39. Пайдаланушылар үшін Іnternet мүмкіндіктері. Internet өзінің пайдаланушылары үшін барлық мүмкін болатын ақпараттық және коммуникациялық қызметтерді ұсынады.

  1. Ақпараттық қызметтер – ақпаратқа қол жеткізу қызметі:

  • Ақпарат ресурстары желісіне қол жетімділік, яғни желі серверларындағы керекті ақпаратты алуға болады, мысалы құжаттар, файлдар, түрлі мәліметтер базасындағы ақпараттар және т.б;

  • Желіде өз ақпаратығды енгізу. Көптеген серверлерге тегін ақпараттарды орналастыруға болады. Егер ақпарат баршаға қол жетімді етіп жарияланса, онда кез келген интернет пайдаланушылары оны ашып оқи алады.

  • Коммуникациялық қызметтер – ақпарат алмасу, араласу қызметі:

    • Шегерілген режимде ақпаратпен. Мысалы, электронды почта осылай жұмыс жасайды. Жіберуші ақпаратты алушыға жібереді, ол қалаған уақытта оны қарай алады.

    • Нағыз уақыт аралығындағы режимде алмасу. Мысалы, желідегі сөйлесулер.

    Internet желісінен сіз таба аласыз:

    • Танымдық және оқытушылық ресурстарды;

    • Энциклопедиялар мен сөздіктер;

    • Ақпараттық –іздеу қызметін;

    • Қызықты ресурстар;

    • Сұраулық ресурстар(поезд уақыттарын, ауа райын, телефон кодтары мен номерлерін);

    • Жарнамалық мәліметтер;

    • Internet-магазиндер;

    • Internet-банктер (Internet-деньги).

    Internet желісінен сіз мүмкіндік аласыз:

    • Мультимедиялық беттерді қарауға;

    • Электронды хаттарды жібере және ала аласыз;

    • Телеконференция, форумдарда қатыса аласыз;

    • Әңгімелесу бөлмелерінде сөйлесе аласыз;

    • Магазиндерде сатылым жасай аласыз;

    • Желідегі адамдармен ойын ойнай аласыз.

    40. Ақпараттық технологияның жіктелуі

    Ақпараттық технология – қазіргі компьютерлік техника негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өндеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ететін математикалық және кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар жиыны.

    Ақпараттық процесс барысында мәліметтер әдістердің көмегімен бір түрден екінші түрге өзгереді. Мәліметтерді өңдеу көптеген амалдардын жиынтығынан тұрады: мәліметгерді жинау;

    •    мәліметтерді қалыптастыру;

    •    мәліметтерді сүзгілеу;

    •    мәліметтерді сұрыптау;

    •    мәліметтерді топтастыру;

    •    мәліметтерді архивтеу;

    •    мәліметтерді қорғау;

    •    мәліметтерді тасымалдау;

    •    мәліметтерді түрлендіру.

    Ақпараттық процесс – бұл процесс нәтижесінде ақпаратты қабылдау, жинау, шығару, өңдеу және сақтауға болады.

    Ақпаратты қабылдау – техникалық жүйеге немесе сыртқы өмірден тірі ағзаға түскен мәліметтің болашақта пайдалануға ыңғайлы формаға түрлендіру процесі.

    Ақпаратты жинау – сыртқы ортадан ақпаратты қабылдау және оны берілген ақпараттық жүйеге сәйкестендіру. Ақпаратты шығару – арнайы программаның және ақпараттық құралдардың байланыс каналдарымен жүзеге асады.

    Ақпаратты өңдеу – қазіргі дамыған ақпараттық жүйеде тізбектей және уақытқа сай есептеулерді шешу.

    Ақпаратты сақтау бұл оның қайталанып пайдалануымен туындаған және ол ақпараттық массив түрінде машиналық тасымалдаушымен жүзеге асады.

    АТ жіктелуі:

    1. Мәліметтерді өңдеудің ақпараттық технологиясы - еңбекті басқаруда күнделікті қайталана беретін операцияларды автоматттандыру мақсатында қолданады. Сондықтан ақпараттық технологияны енгізгенде қызметшілердің еңбек өнімділігі  артады. Мүмкін жұмыскерлер санын қысқартуға әкеледі.

    Осы операциялық қызмет негізінде келесі сұрақтар шешіледі:

    фирманың шығарған операцияларының мәліметтерін өңдеу;

    фирманың күйі туралы кезеңдік бақылаушылық есеп беру құрастырады;

    ағымдағы сұранымдарға түрлі жауаптар алу және оларды құжаттар мен есеп берулер түрінде дайындау;

    2. Басқару ақпараттық технологиясының мақсаты - шешім қабылдап фирма қызметкерлерімен басқаларының ақпараттық сұранысын қанағаттандыру.

    Бұл кезеңде мәліметті өңдеуді келесі мәселелер шешіледі:

    басқару объектісінің жоспарлануын бағалау;

    жоспарлаудың ауытқуын бағалау;

    ауытқу себептерін анықтау;

    шешімдер мен әрекеттер мүмкіндігін талдау;

    Басқару ақпараттық технологиясы әр түрлі есеп беруді құруға бағытталған.

    3.Офисті автоматтандыру ақпараттық технологиясы - компьютерлік желілер мен басқа да ақпаратпен жұмыс жасайтын құрылғылар арқылы ішкі және сыртқы ортада коммуникациялық процестерді қолдау мен ұйымдастыру.

    Бұл технологияны басқарушылар, мамандар, секретарлар, контор қызметкерлері және де топтық шешім қабылдауға қолдануға ыңғайлы, еңбек өнімділігі артады.

    Қазіргі заманда офисті автоматтандыру технологиясында ондаған программалық өнімдер қолданылады: мәтіндік, кестелік прцессорлар, электрондық почта, электрондық күнтізбе, компьютерлік және телеқондырғылар т.б.

    Компьютерлік емес құрылғыларға: ауди және видеоқондырғылар, факсимальдық байланыс, ксерокс және басқа ұйымдастыру техникалары жатады.

    4. Шешім қабылдауда қолданатын ақпараттық технология.

    қолданушы кез-келген уақытта өз әрекеттеріне түсініктеме ала алады:

    шешімін алған соң қолданушы түсініктеме сұрауына болады, сонда жүйе шешілгенге дейінгі әрбір қадамды түсіндіреді.

    5. Сарапшылар жүйесі технологиясында жалғыз ғана шығарылатын ақпараттық шешім емес және керекті түсініктемелер алуға болады. 

    Қазіргі кездегі қолданылатын жүйелер: 1С:предприятия, «ЛУКА-ПРО» жүйесі, Сана

    Қазақстандық ПЛЮСМИКРО фирмасы жасаған ЛУКА-ПРО жүйесі ауқымы әр түрлі кәсіпорындардағы есептік және басқарымдық сипаттағы қолданымдарды жасауға және пайдалануға арналған.

    41. Amadeus Traveller Link. Аmadeus Traveller Link. 1a Res (Amadeus Traveller Link) -туристік агенттіктер үшін жасап шығарылған Amadeus компаниясының жаңа өнімі. Бұл өнім туристік агенттіктерге өз қызметтерін Интернет пайдаланушыларына сатуға мүмкіндік береді. 1а Res пайдаланушыларға «on-line» режимде авиабилеттерді, қонақ үйден бөлме брондауға, сонымен қоса автокөлікті жалға алуға мүмкіндік береді. Клиентпен жасалған брон автоматты түрде турагенттікке жетеді.

    1а Res үш нұсқасының бірін таңдауға болады:

    • Standard. Бұл өнім нұсқасы стандартталған конфигурацияға ие, бірақ сонымен қоса брондауға қатысты барлық қызметтері атқарады.

    • Plus. Бұл өнім нұсқасы Арман, тілектерге байланысты кейбір жағдайларды өзгертуге мүмкіндік береді. Өнім web-site-та турагенттің ерекшелігін жариялап көрсетеді.

    • Custom. Бұл өнім нұсқасы web-site-та қойылған талаптарға сай басқа да модульдерді қосуға мүмкіндік береді.

    42. MINITEL операциялык жүйесі.

    Минитель  - француздық компьютерлік ақпараттық жүйе. 1970 жылдардың соңында пайда болған. Алғаш рет 1980 жылы қолданылған, бірақ интернет шыққанға дейінгі ең таптырмас телекоммункациялық жүйе ретінде жұмыс істеген. Абонент экраны және пернетақтасы бар терминалға қосылып, сол арқылы 2000 түрлі қызметтер туралы ақпаратқа қолы жетіп отырған. Мысалы, поезд жүру кестесі, акциялар құны, тауарлар мен қызметтерге тапсырыс беру, басқа абоненттермен сөйлесе алу(чат), т.б. Оның құрылғысы пошта бөлімінде тегін беріледі. Қолданыс үшін ай сайынғы төлем жүргізіледі. 2000 жылдары интернет дамыған соң, минительдің жұмысы доғарылды. 2009 жылы France Telecom және PagesJaunes компаниялары оны жаңартқысы келді, бірақ 2012 жылдың 1 шілдесінен бастап қызметі қайта тоқтады.

    43. Amadeuse жүйесі

    Amadeus компаниясы – әлемдік туристік индустрияның және авиа тасымалдаулар үшiн ақпараттық технологиялардың аймақтағы алдынғы қатарлы шешiмдерi, дистрибуция және электрондық коммерцияның жетекші жабдықтаушысы.

    Amadeus брондау жүйесі 1987 жылы Еуропаның ірі Air France, Iberia, Lufthansa, SAS әуе компанияларымен құрылған, резервілеу жүйесінің кең таралған түрі. Жүйенің орталығы Германияда (Мюнхен маңайында) орналасқан. Қәзіргі кезде Amadeus – Еуропадағы компьютерлік брондау жүйесінің жетекшісі болып табылады.1995 жылы Sustem One брондау жүйесін қолдану негізінде, ол Aмерика нарығында белсенді алдыға жылжуда. Continantal Airlines әуе компаниясы Amadeus компаниясының иегері болды. Amadeus-тің серіктестері немістің тур қызметті брондау жүйесі Start, кез–келген Amadeus–ті пайдаланушы автоматты түрде Start-тың да пайдаланушысы болады.Халықаралық брондау көлемі бойынша бұл әлемдегі ең ірі жүйе.Оның қызметімен Еуропаның 70 %-ға жуық турагенттері пайдаланады және күніне 36 млн саяхатшы Amadeus –ті пайдаланады. Amadeus әуе компанияларымен,темір жолдары мен автомашиналарды жалға алумен, пароммен тасу,қонақ үймен байланысты қызметтің түрін ұсынады және қосымша қызметтерді де ұсынады.Мысалы туристерді сақтандыру және Amadeus өнімдерін 30 мыңнан аса турбюро (бұл дегеніміз 100 мыңнан жоғары терминалдар),400–ден аса компаниялар(бұл 60 мыңға жуық терминалдар) пайдаланады.Қaзіргі кезде Pесей нарығында сату көлемі бойынша Amadeus көшбасшы болып келе жатыр.1999 жылдан қарағанда 2000 жылы брондаудың саны 51 % өсіп 1,1 млн-ға жетті 

    Amadeus Air 700–ден аса әуе компанияларында ұшуды брондауды іске асырады;

    • Amadeus Car әлемнің 128 елінде (түрлі 4600 пунктерде) автомашиналарды брондауды қамтамасыз етеді;

    • Amadeus Hotel әлемдегі 51 мыңнан аса отельдер туралы ақпараттарды алуға (оның ішінде Мәскеудегі “Метрополь”,”Балчуг” және т.б.) және ондағы орындарды брондауға мүмкіндік береді;

    • Amadeus Ferry (паромды отельдер) паромдасаяхаттайтындарға қызметтің кең көлемін ұсынады;

    • Amadeus tickets спорттық және мәдени шараларға арналған билеттерді брондауға мүмкіндік береді,мұндай күнделікті 300–ден аса брондау жасалады;

    • Amadeus videotext турагенттер мен тұтынушылардың арасындағы жаңа электронды байланыс болып табылады;

    • Amadeus Pro Tempo таңдаған көрнекті жерлер бойынша қонақ үй іздеуді қамтамасыз етеді;

    • Hotel Mapping клиентті қызықтыратын қонақ үйдің орналасқан жерінің картасын монитор экранына шығарады.

    Amadeus жүйесіне қосылудың нұсқалары

    1. Берілген байланыс жолы арқылы стационарлы қосылу.

    2. Dial – Up телефон түрімен.

    3. Интернет арқылы қосылу

    4. Бірінші және екінші нұсқалардағы бағдарламаларға font-office Amadeus Pro Tempo жүйесімен қосымша ( пайдаланушылық ) тіркеме жатады.

    Интернет арқылы Amadeus жүйесіне қосылу келесі өнімдерімен көрсетілген:

    • Pro Web – бұл Pro Tempo жүйесінің толық функционалды аналогы,интернет арқылы орталық Amadeus серверіне қосыла алады,бірақ қосылуда брондаудың сегмент мөлшері жоқ;бүгінгі таңда қосылудың шамамен бағасы жарты жылға 120$,ал бір жылға 200 $;

    • Pro Client Srsver Интернет арқылы Мәскеудегі Amadeus серверіне қосылуды қамтамасыз етеді, жылына бір рет төлеу 200 $,ал ай сайынғы мөлшері–15 терминалға 100 сегменттен;

    • IA–Res сайттағы турагенттерге әуе билеттерін,қонақ үйді,машиналарды резервілеуге ,өздерінің брондау жүйесін алуға мүмкіндік береді;

    Amadeus жүйесіне қосылудың төртінші нұсқасы “Сирена 2.3” жүйесінің терминалдарын пайдалануды қарастырады.Бұл нұсқаға қосылудың абонеттік ақысы мөлшермен алғанда айына 30$ Ресейде қәзір 6000 “Сирена” терминалдары бар, алдағы уақытта Amadeus жүйесін пайдаланушылардың саны қарқынды өсетіндігі белгілі.

    Amadeus жүйесіне қосылудың бесінші нұсқасы Amadeus пен Ericsson компанияларының арасындағы сымсыз қосылу (Wireless Travel Management Services) келісім шарттан кейін іске асты. Amadeus компаниясымен ұсынылатын барлық шешімдер 4 топқа бөлінген: ресурстарды дистрибуциялау (Distribution & Content), сату құралдары және электрондық коммерция (Sales & e-Commerce), бизнес-процесстреді басқару (Business Management) және консалтингтік қызметтер (Services & Consulting).

    Amadeus компаниясының ақпараттарды өңдеу орталығы Эрдингте (Германия) орналасқан. Ол туризм саласында мамандалған әлемдегі ірі орталықтың бірі болып табылады. Күн сайын Орталықта 480 миллионнан аса транзакция жүзеге асрылады және 3 миллионнан аса брондау өңделеді Amadeus жүйесінде жолаушыларды тiркеудің 75 миллион жазулары бiрден қосыла алады (PNR немесе брондау; орташа PNR 4 маршруттық сегментті қосады). Шыңдалу кезеңінде жүйе арқылы әр секунд сайын 8700 пайдаланушылардың сұрауы өтеді, нәтижесінде қатты дискіге секундына 500000 мыңнан аса үндеуді құрайды. Amadeus-тың Орталық жүйе жауабының орташа уақыты 0,3 секундтi құрайды. Жүйенiң үзiлiссiз жұмысының уақытының көрсеткiшi 99, 98%-ға тең болады. Amadeus жүйесі әлемнің 215 мемлекеттерінде жұмыс істейді

    44. Саlеlео жүйесі

    Galileo компьютерлік жүйесі - авиабилеттерді брондаумен айналысатын халықаралық компьютерлік жүйе.

    Galileo жүйесі - әлемдегі ең әйгілі CRS, 1987 жылы British Airways, Swissar, KLM және Covia әуе компаниялары негізін қалаған,кейінірек оларға Alitalia және Austrian Airlines қосылды. Қазіргі кезде компанияның 3 мың қызметкері бар,ол оның орталығы Денверде (АҚШ,Колорадо штаты) орналысқан. Жеке Apollo жүйесі бар Covia компаниясы өзінің тұтынушыларынGalileo жүйесіне қарай бағыттады, ал 1993 жылы Galileo жүйесі Apollo жүйесімен бірігіп Galileo International деген атқа ие болды. Жаңа компаняның каржысының 50% солтүстік Америка әуе компанияларында басқа 50% еуропиялықтарда, Apollo жүйесі АҚШ пен Мексикада кең таралған, ал Японияда бұл жүйені көп қолданбайды. Galileo жүйесі әлемнің жүз мемлекетінде таралған, ал Еуропада осы жүйенің 150 мыңнан аса терминалдары бар.

    Galileo International туристік агенттіктерге компьютерлік брондау жүйесі арқылы электронды ғаламдық ресурстарды бөлу қызметін ұсынады, интернет негізінде инновациялық шешімдерді де ұсынады. Galileo – бұл туристік ресурстар дистрибьюторы, агенттіктерге қосымша құн құруға және саяхатшылар үшiн таңдауды кеңейту үшін мүмкіндік береді[1]. Galileo International Cendant корпорациясына кіреді. Компанияның штаб-пәтері Парсипани (АҚШ) қаласында орналасқан, Нью Джерси штаты. Компанияның бөлiмшелері iс жүзiнде әлемнiң әрбiр елiнде бар. Galileo International бөлiмшенiң штаб-пәтерi қызмет етушi 80 елден астам Еуропаның, Таяу Шығыс және Африка, Лэнгли, Ұлыбританияда орналасқан. Galileo International әлемнің 116 елінің 47 мың сату нүктелерінде кесте және тарифтер, бос орын туралы ақпараттар алуға турагенттіктерге мүмкіндік береді, сонымен қатар авиатасымалдауларды, қонақ үйлерде номерлерді, автокөліктерді, круиздар және т.б. брондайды. GalileoТ жүйесінде әлемнің 511 авиакомпаниясы ұсынылған, өзінің жартысынан көбісі – тікелей кіріп алу режимінде; 50 мыңнан аса отельдер; автокөліктерді жалға беру 34 компаниясы; 431 туроператорлар; 9 круиздық топ. Сервис желісі турист пен турагентті туристік өнім мен қызметтерге байланысты ақпараттармен қамтамассыз етеді,әуе билеттерін брондау жүйесің және қосымша қызметтерге тапсырыс беруді автоматты түрде жасауды қарастырады.Hilton, Holidays, Radisson сол сияқты әлемнің 80 ірі қонақ үй компаниялары желімен байланысты,бұл турагенттерге қонақ үйде орындарды брондауға мүмкіндік береді. 1999 жылдың қаңтар айында Galileo компаниясы Ресейде өзінің ресми өкілін ашты.Сонымен қатар 1997 жылдан бастап екі East Line және Galileo Rus дистрибьютерлік компания жұмыс жасайды.Қазір Galileo жүйесі 100-ден аса агенттермен, сонымен бірге «Интурист», «Интураэро», «Ланта–тур», «Интуранс», «Трансглоб», «Олби-Турс», «Альфа-Омега», «Грифин Трэви» және т.б. компаниялармен жұмыс істейді.

    Жүйеге қосылудың екі нұсқасы бар:стационарлы және интернет арқылы.

    Focalpoint стационарлы жүйе SITA жолымен байланысып базаланады,бір немесе бірнеше айға абоненттік ақы 290 міндетті сегментті құрайды. Стационарлық жүйе келесі ақысыз қосымша бағдарламаларды қарастырады:

    - «Frame Relay» - еңбек сыйымдылығының жүйесін автоматтандыруға арналған;

    - «View Point» – графикалық интерфейстің кейінгі нұсқасы, әуе компаниялардың стандартты және конфеденциалды тарифтерімен жұмыс істеуге мүмкіндік береді;

    - «E -Cruis» – круизді компаниялардағы бағалар мен орындарды on–line режимінде көруге болады;

    - «Galileo Print» – матричный принтерде билеттерді шығаруға арналған;

    - «Galileo Maps» – интерактифті картадағы брондайтын отельдерді көруге арналған;

    Интернет – нұсқаға қосылу Foсalpoint Net жүйесі арқылы жасылынады, бұл стационарлы жүйенің толық функционалды аналогы болып табылады және бір рет пайдаланушы немесе көп рет пайдаланушы режимдерінде жұмыс істей алады. Интернет арқылы косылудың бағасы бір жылдағы бірінші терминалға 200 $, ал келесілеріне 100$. Агенттік сайттарда интернет–тіркеме Travelpoint com. арқылы on–line режимінде брондау жүйесін жасауға болады.Galileo жүйесін пайдаланушы агенттер үшін мұндай тіркемені қою келісім шарт негізінде ғана жасалады, әрі бұл ақысыз. Galileo Office туристік агенттер қызметтерін автоматтандыру бағдарламасы арнайы ресей нарығы үшін жасалған, түрлі мәліметтер базасы бар, Galileo брондау жүйесімен ақпарат алмаса алады, түрлі есептерді, билеттерді және т.б. шығарады.

    45. Алматыдағы провайдерлердің WWW – адрестері. Жалпы Интернет желісіне қосылу үшін компьтерге желілік тақша мен модем қажет.

    Модем- бұл компьтерлерге телефон желілері немесе басқа да байланыс тораптары арқылы мәліметтер алмасуға мүмкіндік беретін құрылғы.

    Модем арқылы қосылым жасау үшін компьютердің йесі лайықты провайдер тауып, онымен Интернетте жұмыс істеу шарттары туралы келісімге отыруы тиіс. Осыдан кейін ол провайдерден пайдаланушы есімін, құпия сөз және өз компьютерін өз телефон арқылы интернетке қоса алатын қашықтағы телефон нөмірін алады.

    Интернет желісіне қосылуды баптау үшін бастау батырмасын басып, баптау- Басқару үстелі-желілік қосылымдар-Жаңа қосылым жасау шебері әмірлерін таңдап, пайда болған терезеде келесі батырмасын басу керек.интернетке қосылуды таңдап, келесі батырмасын басыңыз.Қосылымды қолмен орнатуды таңдап, Келесі батырмасын басыңыз.кәдімгі модем арқылы дегенді таңдап,Келесі батырмасын басыңыз.Бас жолға интернет провайдерінің атауын енгізіп, Келесі батырмасын басыңыз.жолға провайдердің номерін енгізіп, Келесі батырмасын басыңыз. Пайдаланушының аты жолынжа пайдаланушының атын, Құпия сөз жолында провайдерден алынған құпия сөзді енгізу қажет. Құпия сөзді құптау жолағында сол құпия сөзді қайта енгізіп, Келесі батырмасын басыңыз.интернет желісіне тікелей қосылу үшін интернетке қосылуды баптағаннан кейін пайда болатын лақапты шерту керек.пайда болған терезеде пайдаланушының аты және Құпия сөз өрістерін толтырып, нөмір теру өрісінде өз провайдеріңіздің телефон нөмерін енгізіңіз. Шақырту батырмасын басып, қосылысты күтеміз.

    Компьютер провайдер желісімен байланыс орнату үшін телефон нөмірін тере бастайды. Осыдан кейін модемнің «әнімен» ұштасатын қосылысты орнату процесі басталады. Қосылыстың барлық сатылары қосылым терезесінде түсіндіріліп отырады. Егер деректер дұрыс көрсетілген болса, әдетте бір минут ішінде компьютер провайдермен қосылысып, желіге шығады.қосылыс орнағаннан кейін бейне беттің оң жақ төменгі бұрышында белгіше және қосылым сәтті орындалғаны туралы белгі п/б. Осы сәттен бастап, компьютер Интернетте болады, ал провайдер сервері компьтердің желіде өткізген уақытын есептей бастайды. Қарапайым модем арқылы уақыты төлемі бар қосылу кезінде Интернетте жұмыс істеп болғаннан кейін бірден желіден ажыратылу қажет. Интернеттен ажыратылу үшін тінтуірдің оң жақ пернесіңмен батырмасының мітінмәндік мәзірін шақырып, Доғару әмірін таңдау керек.

    Провайдер – бұл ұйымдар мен жеке тұлғаларға Интернет қызметтерін ұсынатын компания. Проавйдер ретінде жеке меншік арнайы маманданған фирмалар да , ірі телефон компаниялары да қызмет істей алады. әдетте, провайдерлер біркелкі қызметтер жиынтығын ұсынады, бірақ олардың қызметі түріне және саласына қарай ерекшеленетінжіктен, төлемақысы да әртүрлі.

    Өз қажетіңізге лайықты провайдерді таңдай отырып, бірнеше шартты ескерген абзал:

    -мәліметтерді жеткізу жылдамдығы- уақыт бірлігіне модем арқылы өтетін ақпараттың биттер саны. Ұсынылатын жылдамдық провайдер жабдықтарының техникалық мүмкіндіктеріне байланысты.

    -Қосылым түрі. Коммутацияланатын желі бойынша модем арқылы қосылу- бұл Интернетке қосылудың ең сенімді,бірақ ең баяу түрі. Қосылымның бұл түрі көптеген Интернетте жұмыс істеу жағдайларын қамтамасыз етеді, бірақ ақпараттың үлкен көлемін (дыбыстық файлдар, жан бітірілген сызбалық файлдар, бейне, интерактивті ойындар) жеткізуде қиындықтар туындауы мүмкін. Енді бір түрі- кабелді модем, DSL, жерсерігі арқылы кең жолақты қосылым болып табылады. Қосылының мұндай түрі жоғарғы жылдыамдықпен байланысуға мүмкіндік беріп, шынайы, уақыт режимінде аудио және бейне файлдарын жеткізуді қ/з етеді.

    Қызметтер құны осы аталған факторларға байланысты. Және сіз пайдаланғыңыз келетін тарифтік жоспарға да байланысты.

    Алматыдағы провайдерлердің WWW-адрестері: www.websait.kz/ www.2day.kz/ ,www.info-cbs.biz/ www.airbyte.kz/ www.escape.kz / www.aek.kz / www.astel.kz/ www.belight.net/ www.cherry.kz/ www.datacom.kz/ www.cherry.kz/ www.hi-tech.kz /www.decartweb.kz.

    46. Франция мемлекеттің ақпараттық жүйелері: MiniTell және т.б.

    Франция мемлекеті ақпараттық технология бойынша сандық байланыс желісінің 20 мыңнан астам шақырымына ие. Бұл ел қазіргі таңда Дербес компьютердің еуропалық нарықтағы 18,1 пайызын бақылауында ұстап отыр. 1998 жылдың өзінде-ақ дистрьюбитерлік желілердің дамып, технологиялық инновацияларды жетік меңгергендігінің арқасында 6 млрд долларға 3,4 млн компьютер сатылған. Кәсіпорындардың 63 пайызы әлемдік жоғары сапалы жаңа технологияларды пайдаланады. Француз нарығына ақпараттық құралдарды жабдықтаушылар IBM, Bull, Compaq-Digital, Hewlett-Packard және ICL болып табылады. Bull концерні Еуропадағы ірілігі бойынша 3-орынға ие жүйелік интегратор саналады. Бағдарламалық өнімнен жетекші орын алып отырған IBM, Microsoft және Netscape бағдарламалары болып отыр. Көрсеткіштік мәліметтер бойынша Францияда 24 млн жуық интернет-навигатор жұмыс жасайды. 1998 жылы 48,85 мыңнан аса ұлттық “.com” сайттары ашылған. Ал кейін келе оның саны 6 есеге өскен. Минитель  - француздық компьютерлік ақпараттық жүйе. 1970 жылдардың соңында пайда болған. Алғаш рет 1980 жылы қолданылған, бірақ интернет шыққанға дейінгі ең таптырмас телекоммункациялық жүйе ретінде жұмыс істеген. Абонент экраны және пернетақтасы бар терминалға қосылып, сол арқылы 2000 түрлі қызметтер туралы ақпаратқа қолы жетіп отырған. Мысалы, поезд жүру кестесі, акциялар құны, тауарлар мен қызметтерге тапсырыс беру, басқа абоненттермен сөйлесе алу(чат), т.б. Оның құрылғысы пошта бөлімінде тегін беріледі. Қолданыс үшін ай сайынғы төлем жүргізіледі. 2000 жылдары интернет дамыған соң, минительдің жұмысы доғарылды. 2009 жылы France Telecom және PagesJaunes компаниялары оны жаңартқысы келді, бірақ 2012 жылдың 1 шілдесінен бастап қызметі қайта тоқтады.

    47. Galileo жүйесінің құрамы, жұмыс істеу ретті, құрылғылары.

    Galileo компьютерлік жүйесі - авиабилеттерді брондаумен айналысатын халықаралық компьютерлік жүйе. Galileo жүйесі - әлемдегі ең әйгілі CRS, 1987 жылы British Airways, Swissar, KLM және Covia әуе компаниялары негізін қалаған,кейінірек оларға Alitalia және Austrian Airlines қосылды. Қазіргі кезде компанияның 3 мың қызметкері бар,ол оның орталығы Денверде (АҚШ,Колорадо штаты) орналысқан. Жеке Apollo жүйесі бар Covia компаниясы өзінің тұтынушыларынGalileo жүйесіне қарай бағыттады, ал 1993 жылы Galileo жүйесі Apollo жүйесімен бірігіп Galileo International деген атқа ие болды. Жаңа компаняның каржысының 50% солтүстік Америка әуе компанияларында басқа 50% еуропиялықтарда, Apollo жүйесі АҚШ пен Мексикада кең таралған, ал Японияда бұл жүйені көп қолданбайды. Galileo жүйесі әлемнің жүз мемлекетінде таралған, ал Еуропада осы жүйенің 150 мыңнан аса терминалдары бар. Galileo International туристік агенттіктерге компьютерлік брондау жүйесі арқылы электронды ғаламдық ресурстарды бөлу қызметін ұсынады, интернет негізінде инновациялық шешімдерді де ұсынады. Galileo – бұл туристік ресурстар дистрибьюторы, агенттіктерге қосымша құн құруға және саяхатшылар үшiн таңдауды кеңейту үшін мүмкіндік береді. Galileo International Cendant корпорациясына кіреді. Компанияның штаб-пәтері Парсипани (АҚШ) қаласында орналасқан, Нью Джерси штаты. Компанияның бөлiмшелері iс жүзiнде әлемнiң әрбiр елiнде бар. Galileo International бөлiмшенiң штаб-пәтерi қызмет етушi 80 елден астам Еуропаның, Таяу Шығыс және Африка, Лэнгли, Ұлыбританияда орналасқан. Galileo International әлемнің 116 елінің 47 мың сату нүктелерінде кесте және тарифтер, бос орын туралы ақпараттар алуға турагенттіктерге мүмкіндік береді, сонымен қатар авиатасымалдауларды, қонақ үйлерде номерлерді, автокөліктерді, круиздар және т.б. брондайды. GalileoТ жүйесінде әлемнің 511 авиакомпаниясы ұсынылған, өзінің жартысынан көбісі – тікелей кіріп алу режимінде; 50 мыңнан аса отельдер; автокөліктерді жалға беру 34 компаниясы; 431 туроператорлар; 9 круиздық топ. Сервис желісі турист пен турагентті туристік өнім мен қызметтерге байланысты ақпараттармен қамтамассыз етеді,әуе билеттерін брондау жүйесің және қосымша қызметтерге тапсырыс беруді автоматты түрде жасауды қарастырады.Hilton, Holidays, Radisson сол сияқты әлемнің 80 ірі қонақ үй компаниялары желімен байланысты,бұл турагенттерге қонақ үйде орындарды брондауға мүмкіндік береді. 1999 жылдың қаңтар айында Galileo компаниясы Ресейде өзінің ресми өкілін ашты.Сонымен қатар 1997 жылдан бастап екі East Line және Galileo Rus дистрибьютерлік компания жұмыс жасайды.

    Жүйеге қосылудың екі нұсқасы бар:стационарлы және интернет арқылы.

    Galileo қызметтері мен шешімдері:

    - «Air Availability» - 500 авиакомпаниялардан рейстерге бос орындардың бар болуы туралы ақпаратқа қол жеткiзу.

    - «RoomMaster®» - қонақ үйлерді брондау жүйесі, қонақ үйлердiң компьютерлерiне нақты уақытта қамтамасыз ететiн тiкелей енуі. RoomMaster қонақ үйдi брондау процессін едәуiр дәрежеде оңайлатады, бұл иiлгiштiкк және сенiмдiлiкті қамтамасыз етеді.

    - «CarMasterTM» – жан жақты, нақты және икемді автокөлікті брондау жүйесі.

    - «Global FaresTM» – агент өзi ұтымды және көкейкестi тарифты клиент үшiн таңдауға мүмкiндiк бередi.

    - «Custom CheckTM» – Сіздің агенттікпен жасалған брондау стандартын сәйкесінше автоматтық бақылау құралы.

    - «Client File PlusTM» – электронды ақпарттық база, өзіне номерлердің телефонын, мекен-жайын және басқа да керекті ақпараттарды қосады. Ол келесі брондау жасаған уақытта керек болады.

    - «Special AgentTM» - өзi бiрлескен клиенттерге сапарды брондауға мүмкiндiк бередi, және де брондау кезінде компанияның серіктестік ережелерін және сол клиенттің тілектерін ескеруі керек.

    - «Enhanced Itinerary and Invoice» – Сіз бұл қызмет көмегімен маршрут парақтарын сызуға болады және клиенттің индивидуалды талаптарын орындайды.

    - «ViewTripTM» – бұл қызметтің көмегімен Сіздің клиенттеріңіз өзі өздерінің саяхаты туралы ақпараттарын көре алады, соынмен қоса ең соңғы өзгерістерді. Агенттік сонымен бірге факс арқылы машрут парағын жіберуден үнемдейді.

    - «e-AgentTM» – қосымша туристік қызметтерді брондауға арналған құрал: лимузин қызметі, экскурсиялық қызмет көрсету, театрларға билеттерді брондау, мейрамханаларда орындарды, ұялы телефондарды жалға алу.

    - «TravelGalileo.comTM» – бұл қызметтің көмегімен Сіз өздеріңіздің клиенттерңіз үшін авиатасымалдауларды, қонақ үй мен автокөлікті нақты уақыт режимінде брондауға мүмкіндік береді.

    - Windows-тiң негiзiнде ДК үшiн қызметті нарыққа ұсынды (Focalpoint);

    - Билеттердiң электрондық көшiрмесiн iске асырды (1997);

    - Авиабилетті, қонақ үйді және көлікті брондауға арналған графикалық айқындауышты жасады (Viewpoint -1998);

    - Жiктелген мәлiметтерi бар қолданбалы программалық интерфейсті қолданушы стандарттар XML жасады (2000);

    - Galileo Wireless қызметін нарыққа ұсынды - жасалған брондауларды ұялы телефондар және пейджерлер арқылы өзгерiстiң барлық мүмкiндiктерi бар Galileoнiң жүйесiне рұқсат (2000);

    - «Үнемдік» тасымалдаулар брондауды ұсынды (Virgin Express, 2000 жылдың желтоқсаны).

    48. Worldspan жүйесінің құрамы, жұмыс істеу ретті, құрылғылары

    Worldspan жүйесі компьютерлік брондау жүйелері еуропалық бөлімі PARS пен TWA, КСБ, DATAS Американдық әуе компаниялары мен Delta Airlines американдық әуе компаниялары мен Delta Airliens американдық әуе тасымалдаушыларының бірігуі негізінде пайда болды. Worldspan бақылау акция пакеті Delta Airlines компаниясына жатады, жүйені бақылау орталығы Атлантта (АҚШ) қаласында орналасқан. Worldspan - Америкада кең таралған брондау жүйесі, Еуропада Amadeus пен Galileo жүйелерінен кейін үшінші орында және де Оңтүстік Азия мен Таяу шығыста кеңінен таралып келе жатыр. 1995 жылдан бастап Ресейде Worldspan КБЖ өкілеттілігі жұмыс жасап келеді, қазіргі кезде Ресей нарығында белсенді маркетингтік саясаттар жүргізіп жатыр. Worldspan - ақпараттық жүйе, ең басты әуе транспорттарын (487 әуе компаниялар), сондай- ақ отельдерді (39 мың қонақ үй желісі), экскурсиондық бюро, театрлармен басқа да мәдени шараларды резервілеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ Worldspan туризм мен саяхатқа байланысты қажет анықтама ақпараттарын алуға мүмкүндік береді. Қазіргі кезде әлем бойынша бұл жүйені 25 мыңнан аса туристік фирма пайдаланды. Worldspаn агенттерге тапсырысқа сай келетін кұралдарды таңдауға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда Worldspan-ға қосылудың екі нұсқасы бар.

    • Бірінші нұсқа - бұл British Teleсom байланысының белгілеген арнасы,қосылу шартына ай сайынғы брондаудың 400 сегментін ұсынады.

    • Екінші нұсқа - Worldspan Net, стационарлы жүйенің толық функционалды аналогы болып табылады, ол Интернет арнасының байланысын пайдаланады. Мұнда қосылу орташа көлемде брондау жасайтын орта және кіші туристік фирмаларға арналған. 2001 жылдың маусым айында Worldspan Net жүйесіне қосылған агенттердің саны 150-ден аса болды. Бұл нұсқаның артықшылығы белгіленген арналар байланысынсыз телефон арқылы қосылу, брондаудың сегмент мөлшері болмайды, ай сайынғы сайттағы жұмыстың төлемі 240 $, Microcoft Office стандартты өнімдерімен бірге қамтамасыз етіледі.

    Worldspan Net сайтына қосылудың үш режимі бар:

    - бірқатар пайдаланушылар үшін жеңілдетілген интерфейс;

    - стандартты CRS командасымен жұмыс ұсынатын intermediate;

    - маманданған – станционарлы жүйенің аналогы.

    Соңғы уақытта Worldspan алдыңғы қатардағы брондау жүйесі болып табылады,электронды-коммерция (e-commerce) саласында туристікинтернет- технологиясы белсенді дамуда.Ең алдымен Worldspan Net жүйесінің өзінің интернет аналогын, содан кейін компания қолдайтын Gateway Plus және Dates & Destinatians көрсету керек.Интернетте турагент сайттарында Worldspan арқылы Dates & Destinatiansбағдарламасында Internet Bookibg Engine ( IBE ) деп аталатын брондау жүйесін жасауға болады. Мұндай жағдайда клиент өз бетінше әуе сапарын және отельдерді таңдап,оларды брондай алады. Мұндай жүйеде корпоративті клиентермен жұмыс істеген қолайлы, мысалы «Аэрос» (www.aerosmsk.ru) туристік компаниясы іске асыруда.Worldspan әйгілі «Expedia» мен «Preiceline» электрондық агенттердің жабдықтаушысы болып табылады. Бұл жаңа үрдістер орташа және кіші туристік фирмалар үшін өте тартымды және де бұл туризмдегі технологиялардың дамуының болашақтағы бағыты болып табылады. Worldspan пайдаланушыларына ұсынылатын қосымша мүмкіндіктерін атап айту керек, Worldspan Power Pricing, ол брондап қойған маршрутты төмен бағада есептеуге,маршрут нұсқаларының басқа да мүмкіндіктерін төмен бағада есептеуге мүмкіндік береді.

    Worldspan дүние жүзіндегі жетекші брондау жүйелерінің төрттігіне кіреді. Қазіргі таңда Worldspan жүйесі 18,5 мың агенттіктің қызметін жүзеге асыруға көмектеседі. Ол дүние жүзі бойынша 492 авиакомпанияның, 45 автокөлікті жалға беру компанияларының ( дүние жүзі бойынша 15, 854 жерлерге қызмет көрсетеді), 25 туристік операторлардың және 191 қонақ үй компанияларының ( 45,000 қонақ үйге қызмет көрсетеді) брондау жүргізуін қамтамасыз етеді.

    Worldspan ең жас брондауды жүргізетін компьютерлік жүйе болып табылады. Дегенмен жүйенің тарихы тереңге етек жайған:

    1968 ж. - Delta Airlines авиакомпаниясының ішкі брондау жүйесі құрастырылып және жүзеге асырылады.

    1971 ж. - Trans World Airlines (TWA) авиакомпаниясының ішкі брондау жүйесі іске асырылады.

    1976 ж. - PARS жүйесінің және (TWA) авиакомпаниясының туристік агенттіктердегі бағдарламалары жүзеге асырылады.

    1982 ж. - DATAS II жүйесі мен Delta Airlines авиакомпаниясының туристік агенттіктердегі бағдарламалары іске қосылды.

    1986 ж. - Northwest Airlines авиакомпаниясы мен PARS жүйесінің 50%-ын сатып алып, PARS Travel Information Systens (PTIS) және PARS Service Partnership (PSP) жүйелерін құрады.

    1990 ж. - DATAS II және PTIS жүйелерін комбинерлеу мен Worldspan Travel Information Services компаниясының құрылуы үшін Delta Airlines, Northwest және TWA авиакомпанияларының арасында келісім жасалады.

    1993 ж. - Атлантадағы мағлұматтарды қайта жөндеу орталығы түгелімен жұмыскерлерге арналып, қайта құрылады.

    1994 ж. - АҚШ-тан тыс сату бойынша, компаниялар мен жүйелерге қызмет көрсету компанияларын қайта құру жүзеге асырылады ( Мексика мен Канаданың филиалдарын құрады).

    Клиенттерге қызмет көрсететін жүйе, өзіне технологиялық көмектің телефондық қызметі мен оқу орталықтарын құрайды. Олар бүкіл Еуропа мен Америка, Таяу Шығыс пен Африканың аумағында орналасқан. ABACUS-пен жүргізген келісімнің негізінде компанияның қызмет көрсету сферасы Австралия мен Қиыр Шығысқа дейін таралады. Worldspan жүйесі асырады: авиабилеттерді брондау, қонақүйлердегі нөмірлерді және автомобильдерді жалға беру.

    49. Sabre жүйесінің құрамы, жұмыс істеу ретті, құрылғылары

    Sabre жүйесі 1964 жылы American Airlines әуе компаниясымен ашылған, ол 1976 жылы осы жүйенің негізінен қонақ үйлердегі орындарды брондауға болатын болды. Жүйенің орталығы Оклахамада (АҚШ) орналасқан. Sabre жүйесіне 114 мыңнан аса турагент қосылған, oл әуе және теміржол билеттерін, отельдердегі орындарды және т.б. резервілеуді қамтамасыз етеді.

    Sabre - бұл ЖДЖ, яғни, Жаһандық Дистрибутивтік Жүйе болып табылады. ол өзінің пайдаланушыларына ең тиімді туристік ақпаратпен, кестесімен, орындардың бар-жоғымен, бағалары мен авиакомпаниялардың ережелері туралы мәліметпен қамтамасыз етеді. Сонымен қатар Sabre авиабилеттерді, тасымалдауға қажетті құжаттарды, таллондар мен маршруттарды брондау мен безендіруге мүмкіндік береді. 'Sabre жүйесі мынадай туристік ақпараттарды - сан қилы валютаны конвертациялау, медициналық типті талаптар, визаларды алу кезіндегі ережелер, ауа-райы туралы жергілікті көрікті орындар туралы мәліметті қамтиды. Компанияның қызметі 6 континентті, 112 елді, 56 000 агенттіктердің офистерін қамтып, авиавброндаулардың жалпы жалпы дүние жүзілік көлемінен 37% табыс табады. 8900 қызметкер дүние жүзінің 45 елінде компанияның қызметін жүзеге асырады. Компанияның Ресейдегі бөлімі 1995 жылдан бастап, туристік агенттіктерге қызмет көрсетіп, консультациялар жүргізеді. 2005 ж. Аэрофлот авиакомпаниясы мен агенттік жүйе Gabrielдің Sabre ЖДЖ-на миграциясы жүзеге асырылған болатын. Аэрофлот агенттігінің миграциясы 2005 ж. 23 наурызында жүзеге асырылып, Аэрофлоттың 2, 183 агенттігін (6000 жұмыс орны) дүние жүзі бойынша қамтыған болатын. Sabre-дегі 340.000 PNR миграциясы 31 минут ішінде болды.

    Sabre 212 млн. адамға жұмыс беріп, былайша айтқанда әрбір 9-шы жұмысшы осы компанияда қызмет атқарады. Туризм мен саяхат бойынша дүниежүзілік кеңестің (The World Travel and Tourism Council) бағалауы бойынша, алдыңғы 10 жылда индустриямен байланысты ақша айналымдары екі

    Қазіргі кезде пайдаланушылардың жүйeге қосылуының бірнеше нұсқасы бар: Planet Sabre, Turbo Sabre, Net Platform.

    • «Planet Sabre» пайдаланушыларға қарапайым графикалық интерфейсті және интернеттегі экранда шаблон формaларын ұсынады;

    • «Turbo Sabre» агенттердің өздерінің Интернет байланысын электрондық поштаны, пайдаланушылардың мәлімет базаасын, конфиденциалды тарифтерді ,ыңғайлы жұмысты қолдайтын қосымша қызметтерді орнатуға мүмкіндік береді.

    • «Net Platfarm» – Интернет желісі арқылы брондау жүйесі,кіші және орташа агенттіктердің пайдалануына арналған.

    Қазіргі кезде электронды пошта мен конфиденциалдықты қамтамасыз ететін бағдарламалар кешені бар. Sabre Evision туристердің бара жатқан жерлерінің толық географиялық картасы мен диалог тізбегіндегі түрлі түсті суреттерді алуға мүмкіндік береді. Бұл бағдарлама Sabre желiсіне қосылған кез келген жұмыс станциясына программалық қамтамасыз етуіне кiре алады. Сонымен бiрге бағдарлама қателердiң санын азайтып, клиенттерге жылдам және жедел қызмет көрсетiп, мәлiметтер нақты агенттiктiң қажеттiктерiне байланысты маңғаздануға барынша мүмкiндiк бередi. Сабре қызметтердiң табысты алға басуында екi мамандандырылған маңызды бағдарламалар ойнады: коммерциялық Сабре (КС және Изи Сабре (ИС ). КС туристік кәсіпорындарға мүмкіндік береді, ал ИС – жеке азаматтарға ұшаққа, қонақ үйлерге, автокөлiктердi жалдауға, орындарға және т.б. брондау үшiн өз ДК-мен Сабре желісі арқылы кіруге болады. ДК-дің иесі тәуліктің кез келген уақытында Сабре жүйесінде бар рейстерге ұшуға арналған авиакомпаниялардан орынды таңдауға және брондауға мүмкін. Оның тапсырысы автоматы түрде тураегнттіктің бірлестігіне жіберіледі, соның ішіндегі бір мүшесі жолаушыға оның ұшу билетін әзерлейді және жеткізеді.

    Sabre жүйелерінің негізгі жетілдірулері:

    - туристтiк агенттiктердiң аудармашыларды беру, тасушыларды, автокөлiктерді жалға беру, көп тiлдi гидтер, қонақ үйдi брондау және театрларға бару, экскурсияларды ұйымдастыру және т.б. бойынша Бүкiләлемдiк қауымдастығы қызметтерi туралы дерек беру.;

    - ауа райы туралы дерек беру, 80 қалалардағы ауа райды қоса;

    - қонақ үйлердегi валюталар және айырбастың бағамы туралы және АҚШ пен Пуэрто-Рико әуежайлардың ерекшеліктері туралы деректер беру;

    - темiр жолдар, автобустар және жолаушылар кемелеріндегі орындарды брондау бойынша жаңа бағдарламаның кiрiспесi туралы;

    - туристiк қызмет көрсетудi ары қарай автоматтандыруды жүзеге асыру географиялық карталарды, демалыс орындарының суреттерiн, шамамен 150 белгiлердiң қонақ үйлер және қолдануы бар назар аударарлық дисплейлер көмегімен клиентке орын табу үшін қажет.

    Сабренің дамытуының аталған айғақтары американдық туристтiк индустрияның автоматтандыруы тiптi биiк деңгейде екені туралы куәландырады, мұнда турагенттіктер 4 автоматтандырылған брондау жүйесіне бөлініп қойған және осы брондау жүйелерінің iшкi нарықта түбегейлi өсу қарқынын күтуге дәл келмейдi.

    50. Туроператорлардың online режимдегі жұмыс істеу

    Туроператорлар өз ұсыныстарын факс арқылы тарататын кездері де болған. Бұл интернет желісі толығымен дамымай, тарамай тұрған кезде еді. Енді қазіргі кезде әрбір туроператор Интернетте қызметтерін жылжытуға арналған жеке сайттарға ие, сонымен қатар бұл тұтынушы жаққа да оң әсерін берді, себебі, онлайн режимдегі қызметті жылдың 365 күні бойы 24 сағат тәулігіне қолдануға болады. Туроператорлардың онлайн режим қызметіндегі сайттарын екі типке бөліп қарастыруға болады:

      • Түрлі форматта ұсынатын қызметтерінің прайс-қағаздары енгізіліп, клиент жазбаша заявка беру арқылы тапсырыс беретін сайт. Бұл түрінің кемшіліктері өте көп, себебі турды іздеу қиындатылған, көп уақытты алады, турдың сатылымда бар екендігін қосымша анықтау керек болады.

      • Прайс-қағаздары да бар, сонымен қатар турларды «іздеу» командасының көмегімен тауып, онлайн броньдауға мүмкіндік беретін сайт. Бұл түрінің артықшылығы – мәліметтер алғашқы көздерден, яғни туроператорлардың өздерінен болады. бірақ мұның да өз кемшіліктері бар: броньдау барысында әр сайтта әр түрлі командалар орындалады, таңдау мүмкіндіктері шектеулі – туроп-ң келісімдегі өз елдері, курорттары, отельдері болады.

    Турлар бойынша іздеу жүйесі – таңдау мүмкіндігі зор клиент үшін де, туроп.үшін де таптырмас жақсы мүмкіндік. Тіпті қазірде жеке турагенттер де туроператорлардың сайттарына кіре отырып, турларды анықтайды. Tury.ru жүйесінің мысалында алатын болсақ, турагент турды таңдағаннан кейін бірден оны броньдай алады. Сол бронь туроператордың «Офис Онлайн» жүйесіне автоматты түрде түсіп, келісім ретінде жүзеге асады.

    51. Туризм менеджментінің ақпараттық жарнама саласындағы жаңа технологиялары

    Экономиканың қарқынды даму үстіндегі саласы болғандықтан туристік бизнес өз алдына жоғарғы дамыған ақпараттық сала ретінде де жұмыс атқарады. Яғни, актуалды ақпараттың жиналуы, сақталуы, өңделуі туристік кәсіпорынның қызметінің маңызды шарты саналады. Осыған байланысты, туризмнің дамуы турөнімді жасау, жылжытуда жаңа ақпараттық технологиялардың кеңінен қолданумен тікелей байланысты болып отыр. Заманауи компьютерлік технологиялар бұл салаға белсенді енгізілуде, кез келген туристік мекеменің бәсекеге қабілеттілігі де жаңа технологияларды игеруімен бағаланып отыр. Қазіргі таңда туризмде жеткілікті түрдегі жаңа технологиялар қолданылуда: резервтеудің жаһандық компьютерлік жүйесі, интеграцияланған коммуникациялық желілер, мультимедиа жүйесі, Smart Cards, менеджменттің ақпараттық жүйесі, т.б. Аталғандардың барлығы да туристік өнімнің алға жылжуына әсерін тигізетін құралдар болып табылады. Ең алдымен бұлар - өнімді іске асырудың жаңа маркетингтік каналдарын қалыптастырудың мүмкіндіктері. Жарнама саласында туристік ақпараттың тікелей таралуын қамтамасыз ететін direct-mail электрондық пошта жүйесі кеңінен таралған. Интернеттегі туристік мекемелердің жеке сайттары, баннерлер, көрме-жәрмеңке шаралары да маркетингтік қызметтердің ажырамас бөлігі. Жаңа технологиялар қатарынан туристік ақпараттық жүйеге е-туризм(e-tourism) және е-саяхатты (e-travel) енгізілуде.

    Е-туризм – бұл туристік қызметтерді тікелей сатуды қамтамасыз етіп және өндірушілерді, турагенттерді және делдалдарды біріктіретін онлайн қызмет.

    Е-саяхат – туристік саяхаттарды жоспарлауда туындайтын сұрақтар бойынша кеңес беретін онлайн ақпарат қызметі.

    Жарнама - көңіл аудартуға бағытталған қарым-қатынас және хабарлау құралы. Туристік саладағы жарнама әдетте қысқаша, көркемделген формада, эмоционалды бейнеленген түрде потенциалды тұтынушыларға турөнім туралы маңызды фактілерді жеткізетін ақпаратты көрсетеді. Жарнама сатылым көлемін ұлғайтуға әсер етеді, жарнамаланатын нысанға байланысты оны 2-ге бөлеміз: -тауарлық; -престижді. Ал хабарлаудың сипаты мен ерекшеліктеріне байланысты ақпарат беруші, сендіруші және еске салушы жарнама болып бөлінеді.

    52. Дестинацияның туристік имиджнің электрондық маркетингі

    ЮНВТО туристік дестинацияны турөнімді құрастыру мен жылжытудағы негізгі элемент ретінде бөліп қарастырады. Туристік дестинация кешендік құбылыс ретінде туристік тартымдылықтан, инфрақұрылымнан және соған сай сервистен тұрады. ЮНВТО мәліметі бойынша қосымша 1 туристің өзі елге 1000 еуровға жуық табыс әкеледі, ал мемлекет жарнама үшін 1 туристке тек 3-10 еуро көлемінде ақша жұмсайды екен. Дестинация дегеніміз – бірнеше блоктан тұратын интеграцияланған кешенді өнім. Олар: дестинация аттракциясы және кешенді өнім. Электрондық маркетинг - компанияның электронды құралдарды пайдалана отырып жасайтын іс-шараларының кешені. Оған компьютер, мобильді телефон, коммуникаторлар, интернет, ұялы байланыс,т.б. жатады. Туристік дестинация туристік жүйенің негізгі шешуші элементі болып саналады. Оны туристердің барлық қажеттіліктерін қанағаттандыратын барлық жағдайы жасалған терртиориялық орталық ретінде сипаттауға болады. «Дестинация» сөзінің өзі ағылшын тілінен аударғанда «орналасу орны» деген мағынаны білдіреді. Бұл термин 1980 жылдарда Лейпер атты ғалым енгізген. Территория дестинация болуы үшін келесідей шарттар болуы тиіс: орналастыру, тамақтану, көңіл көтеру орындары және дамыған көлік жүйесі болуы керек; туристерді қызықтыратын көрнекі орындары болуы керек; ақпараттық және коммуникациялық жүйе дамуы тиіс ("Amadeus", "Galileo", "Worldspan", "Sabre").

    53. GDS (Global Distribution System) – жүйесі куәлікке билеттерді тез және ыңғайлы бронь жасау орындарды бекіту, жалғалау.

    Жаһандық дистрибьютерлік жүйе (Global Distribution System, GDS) – броньдаудың халықаралық компьютерлік жүйесі.  Броньдаудың компьютерлік жүйесі (computer reservations system, CRS) алғашында тек әуе тасымалдаушыларымен жасалып, пайдаланылған. Бірінші ұқсас жүйелер нарықта 1960 жылдары пайда болған. Кейіннен бұл жүйелер туристік агенттіктер қолданысымен кеңейтілді. Сонымен қатар, уақыт өте келе қонақ үйлерден номерлер, теңіз круиздерін, автокөліктерді жалға алу қызметтерін броньдау мүмкіндіктерімен толықтырылды. Әлемнің кез келген түкпіріндегі туристік агенттіктер жаһандық дистрибьютерлік жүйенің терминалына қосыла отырып, өз клиенттеріне броньдау бойынша қызметтердің толық спектрін ұсына алады. Қазіргі таңдағы ірі GDS-тер: Amadeus, Galileo, Sabre, Worldspan, Abacus, KIU саналады. Аталған негізгі жүйелер SITA Халықаралық аэротелекоммуникация қоғамының мүшесі болып табылады.

    GDS жүйесінде куәлікке билеттерді тез және ыңғайлы бронь жасау барысында PNR жазба шығады, онда төмендегідей персоналдық мәліметтерді сақталады:

    -паспорт мәліметтері;

    -сатып алу орны мен төлем формасы(немесе банк картасы туралы мәлімет);

    -IP-адрес;

    -Тамақтану шарты туралы мәліметтер;

    -Мүгедектігі туралы, т.б.

    54. АҚШ мемлекеттің ақпараттық жүйелері: Press Tell, SMART, CARBS және т.б.

    Қазіргі таңда әлемде ақпараттық технологиялардың негізгі 3 жабдықтаушысы белгілі – АҚШ, Еуропа және Жапония. Соңғы уақыттарда ақпараттық технологиялар саласында экспортер ретінде Қытай мемлекеті де көрініп отыр. Туризм индустриясында видеомәліметтерді электрондық почта Press Tell визуалдық жүйені қолданады. Press Tell жүйесінің негізгісі – теледидар: дисплей, клавиатура, адаптер(турагенттер ортаны компьютелік байланыспен қамтамасыз етеді).Press Tell жүйенің негізгісі - теледидар. Бұрын АҚШ-та видеомәліметтер шектеулі уақытта қолданылған. Қазіргі уақытта туризм саласында көптеген глобальдық ақпараттық жүйе енгізілген. Аз уақыттың ішінде-ақ электронды жүйелер дамудың ұзақ жолынан өтті: сонау шағын операцияларды автоматтандырудан бастап, соңғы кездерде халықаралық туризмнің дамуына үлкен әсерін тигізіп отырған күрделі ақпаратты Интернет желілеріне дейін жетті. American Airlines 1976 жылы Сабрды шығарады. 1996 жылдың қазанында Sabre Holdings Corporation компаниясы онлайн режимге ауысқандардың алғашқысы болды. Ол виртуалды Travelocity.com туристік агенттігін ашып, кейіннен 700 веб-сайттың қызметін атқаратын ірі көшбасшылардың қатарына кіреді. Интернет өзінің даму жолын 1960 жылдардың соңындабастаған. АҚШ-тың қорғаныс кешені АРПАНЕТ деген байланыс жүйесінен бастайды. Уақыт өткен сайын Интернет желілері кеңейеді, оған үкімет департаменттері мен үкіметтен тыс ұйымдар да қосылады. Бірақ та көп жылдарға дейін пайдалану жүйелерінің күрделілігіне байланысты онымен негізінен ғалымдар мен мамандар ғана жұмыс істеді. Тек жақын арада ғана дүниежүзілік ақпарат торлардың енгізілуінің арқасында (World Wide Web, the Web, немесе WWW) интернетке барлық пайдаланушылардың мүмкіндіктері туды.

    55. Резерв және компьютерлік жүйелер (CRS (Computer Reservation System) дегеніміз не?

    Интернеттің дамуы байланыс құралдарын арзандатып қана қоймай, туризм саласындағы барлық қатысушыларға автоматтандырылған жүйелермен жұмысын атқаруға мүмкіндіктер туғызды. CRS (Computer Reservation System), яғни компьютерлік броньдау және резервтеу жүйесінің түрлері қазірде өте көп, олардың айырмашылықтары, ұқсастықтары, кемшілік-артықшылықтары да бар. Оның бәрі ұсынатын қызмет спектрі мен іске асыру технологияларына байланысты болып отыр. Ең алғаш рет CRS (Computer Reservation System) компьютерлік броньдау және резервтеу жүйесі Еуропа мен АҚШ-та 1960 жылдары пайда бола бастады. Оның себебі төмендегідей түсіндіріледі. Ол жылдары азаматтық авиация белсенді даму үстінде еді. Сондықтан адамдардың ағымына броньдаудың «телефондық» технологиясы мен рейстерді тіркеудің «қағаздық» технологиялары үлгермеген болатын. Қазіргі кезде жаһандық клмпьютерлік жүйелердің қатарына 4 негізгісін жатқызамыз: Amadeus, Galileo, Sabre, Worldspan. Sabre жүйесі 1964 жылы American Airlines әуе компаниясымен ашылған, ол 1976 жылы осы жүйенің негізінен қонақ үйлердегі орындарды брондауға болатын болды. Жүйенің орталығы Оклахамада (АҚШ) орналасқан. Sabre жүйесіне 114 мыңнан аса турагент қосылған, oл әуе және теміржол билеттерін, отельдердегі орындарды және т.б. резервілеуді қамтамасыз етеді. Galileo компьютерлік жүйесі - авиабилеттерді брондаумен айналысатын халықаралық компьютерлік жүйе.

    Galileo жүйесі - әлемдегі ең әйгілі CRS, 1987 жылы British Airways, Swissar, KLM және Covia әуе компаниялары негізін қалаған,кейінірек оларға Alitalia және Austrian Airlines қосылды. Қазіргі кезде компанияның 3 мың қызметкері бар,ол оның орталығы Денверде (АҚШ,Колорадо штаты) орналысқан. Жеке Apollo жүйесі бар Covia компаниясы өзінің тұтынушыларынGalileo жүйесіне қарай бағыттады, ал 1993 жылы Galileo жүйесі Apollo жүйесімен бірігіп Galileo International деген атқа ие болды. Жаңа компаняның каржысының 50% солтүстік Америка әуе компанияларында басқа 50% еуропиялықтарда, Apollo жүйесі АҚШ пен Мексикада кең таралған, ал Японияда бұл жүйені көп қолданбайды. Galileo жүйесі әлемнің жүз мемлекетінде таралған, ал Еуропада осы жүйенің 150 мыңнан аса терминалдары бар.

    Worldspan жүйесі компьютерлік брондау жүйелері еуропалық бөлімі PARS пен TWA, КСБ, DATAS Американдық әуе компаниялары мен Delta Airlines американдық әуе компаниялары мен Delta Airliens американдық әуе тасымалдаушыларының бірігуі негізінде пайда болды. Worldspan бақылау акция пакеті Delta Airlines компаниясына жатады, жүйені бақылау орталығы Атлантта (АҚШ) қаласында орналасқан. Worldspan - Америкада кең таралған брондау жүйесі, Еуропада Amadeus пен Galileo жүйелерінен кейін үшінші орында және де Оңтүстік Азия мен Таяу шығыста кеңінен таралып келе жатыр. 1995 жылдан бастап Ресейде Worldspan КБЖ өкілеттілігі жұмыс жасап келеді, қазіргі кезде Ресей нарығында белсенді маркетингтік саясаттар жүргізіп жатыр. Amadeus компаниясы – әлемдік туристік индустрияның және авиа тасымалдаулар үшiн ақпараттық технологиялардың аймақтағы алдынғы қатарлы шешiмдерi, дистрибуция және электрондық коммерцияның жетекші жабдықтаушысы.

    Amadeus брондау жүйесі 1987 жылы Еуропаның ірі Air France, Iberia, Lufthansa, SAS әуе компанияларымен құрылған, резервілеу жүйесінің кең таралған түрі. Жүйенің орталығы Германияда (Мюнхен маңайында) орналасқан. Қәзіргі кезде Amadeus – Еуропадағы компьютерлік брондау жүйесінің жетекшісі болып табылады.1995 жылы Sustem One брондау жүйесін қолдану негізінде, ол Aмерика нарығында белсенді алдыға жылжуда. Continantal Airlines әуе компаниясы Amadeus компаниясының иегері болды. Amadeus-тің серіктестері немістің тур қызметті брондау жүйесі Start, кез–келген Amadeus–ті пайдаланушы автоматты түрде Start-тың да пайдаланушысы болады.Халықаралық брондау көлемі бойынша бұл әлемдегі ең ірі жүйе.Оның қызметімен Еуропаның 70 %-ға жуық турагенттері пайдаланады және күніне 36 млн саяхатшы Amadeus –ті пайдаланады. Amadeus әуе компанияларымен,темір жолдары мен автомашиналарды жалға алумен, пароммен тасу,қонақ үймен байланысты қызметтің түрін ұсынады және қосымша қызметтерді де ұсынады.Мысалы туристерді сақтандыру және Amadeus өнімдерін 30 мыңнан аса турбюро (бұл дегеніміз 100 мыңнан жоғары терминалдар),400–ден аса компаниялар(бұл 60 мыңға жуық терминалдар) пайдаланады.Қaзіргі кезде Pесей нарығында сату көлемі бойынша Amadeus көшбасшы болып келе жатыр.1999 жылдан қарағанда 2000 жылы брондаудың саны 51 % өсіп 1,1 млн-ға жетті.

    56. «Меридиан-1» қонақжайлық бағдарламасының ерекшіліктері

    Меридиан-1 жүйесі қонақ үйдегі ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу функциялары бойынша автоматизацияланған бағдарламалық өнім болып табылады. Оның функционалдық ерекшеліктері төмендегідей:

      • Жүйе мынадай ақпараттарды сақтап, өңдей алады: номерлер, қонақтар, номердегі қызмет көрсету дәрежесі, телефон қызметтерінің төлемдері. Бұл ақпараттар менеджерлерге қонақ үйдің ағымдағы жағдайын талдауға, бақылауға мүмкіндік береді;

      • Қонақ үйге арналған HVS дыбыс поштасы жүйесі жұмысы іске қосылған. Бұл бөлімшелер арасында ақпараттың уақытылы, нақты әрі сапалы таралуын қамтамасыз етеді;

      • «Компаньон» дистанциондық жүйесін қолдану менеджерлерге қонақ үйдің кез келген жерінде тұрып шалынған қоңырауларға жауап беруге мүмкіндік береді;

      • «Меридиан-1» жүйесінің қосымша қызметтер кешеніне кіред: автобудильник, номерді тыңдау(мыс, егер қонақ баласын номерге тастап, бақылауды өтінсе), конференц-қоңырау, т.б. Аталғандардан басқа Meridian Link және Meridian Call Centers атты қосымша варианттар бар.

    Меридиан-1 жүйесі келесідей талаптардың орындалуын қамтамасыз етеді: толық интеграция – телефон коммутаторлары толығымен PMS (Property Management System) және дыбыс поштасы жүйесімен интеграцияланған; дыбыс поштасының басқа тілге аударылуы; кез келген функция тетіктің бір рет қана басылуымен іске асырылады; сенімділік – жүйе тынымсыз қызмет атқарып, ешқандай ауытқуларға қарамай, жұмысын жалғастыра береді.

    57. Электрондық комерцияның негізгі ерекшіліктері

    Электрондық Коммерция – сатып алушылар мен сатушылар арасындағы желілік өзара байланыстар негізінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өткізуге бағытталған қызмет. Электрондық коммерция құралдары бағалы қағаздармен сауданы ұйымдастыруға, заңды тұлғалар арасында мәміле жасасуға, электрондық биржаларда қызмет жүргізуге, тапсырысты және тұтынушылық тауарлардың, көрсетілетін туристік, білім беру, көрсетілетін коммуналдық қызметтердің ақысын төлеуге мүмкіндік береді. Тауарды жарнамалау, оған тапсырыс беру, ақы төлеу, жеткізу жұмыстары желілік құралдарды пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Мысалы, желілік жарнамалау кезінде дүкен өзінің Web-тізілімін немесе Web-сайтта сөре жасайды, мұнда сатып алушы тауардың ерекшеліктері мен сипаттамалары туралы хабарды оқып қана қоймайды, сонымен бірге мультимедиа-құралдарын пайдалана отырып, оны көре де алады. Тауарлардың тізімін көрсететін Web-бет сатып алушының желілік тәсіл арқылы таңдаған тауарлардың және оларға тапсырыстың қоржынын қалыптастыруға негіз болады. Қоржындар туралы барлық мәлімет жүйеде қалады және сатушыны маркетингілік ақпаратпен қамтамасыз етеді. Сатып алушы сайтқа жіберілетін және клиенттің нені сатып алғысы келетіні туралы мәліметтерді жинайтын электрондық бағдарламадан тауарды таңдай алады. Тауардың ақысы ақпараттық технологияларды пайдалана отырып немесе дәстүрлі тәсілмен қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз төленеді. Электрондық коммерция логистикаға және электрондық өзара іс-қимылдың ғалами сипатын ескере отырып жеткізу мәселесіне ерекше талап қояды. Электрондық коммерция екі секторға бөлінеді. Олар: көтерме сауда секторы (busіness-to-busіness, B2В) және бөлшек сауда секторы (busіness-to-consumer, B2C). B2В аясындағы қызметтің ерекше түрі – Marketplace – нарықтық алаңша жасау.

    58. «Hotel – 2010» қонақжайлық бағдарламасының ерекшіліктері, техникалық сипатамалары

    “Hotel - 2010” қонақ үй жүйесі қонақ үйге қабылдау және орналастыру қызметін автоматизациялау мен басқаруға арналған. Бұл бағдарлама бір уақытта төмендегілерге қызмет көрсете алады:

    -портье; - администратор; -броньдау жөніндегі менеджер; - тұтынушылармен жұмыс жөніндегі менеджер; - горничная; - экономист пен бухгалтер; - қонақ үй жетекшісі.

    Бағдарламаның негізгі мүмкіндіктері:

    Броньдау қызметі бойынша: ұйымдар мен жеке тұлғалардың броньдау тапсырыстарын рәсімдеу; броньдаудың арнайы жеңілдіктері мен тарифтері; өндірістік төлем есептерін шығару; номерлердің категориялары бойынша броньдау; визуалды броньдау(шахматка); қайта таңдау және броньды ауыстыру; фамилия және телефон номері бойынша «қара тізім»; броньдау бойынша тапсырыс архиві; қонақ үйдің мәліметтер базасына әлемнің кез келген жерінде отырып қосылуға мүмкіндік.

    Портье қызметі бойынша: броньдалған тапсырыстар бойынша қонақтарды тез арада орналастыру; номерлерді жылдам табу; қонақтарды көшіру, тұру уақытын ұзарту; қонақтардың тұру уақытының тарихын жүргізу; көрсетілген қосымша қызметтердің есебін жүргізу; тамақтануды ұйымдастыруды бақылау; қонақтардың туған күндері мен уақыты өткен визаларын бақылауда ұстау; қонақтардың кіру/шығу графигін бақылау, т.б.

    Есеп операциялары бойынша: кассалық операциялар; тұру және көрсетілген қызмет бағасының автоматты есебі; жеңілдіктер жүйесі; бөліп төлеу қызметі; салықтарды автоматты есептеу; есепті қайтару, нөлдеу; барлық есептердің тарихы; төлемдердің түрлі формалары; «штрих-фрк» фискалды регистраторға қосылу мүмкіндігі; мультивалюталық(BYR, EURO,USD, RUR), т.б. Жоғарыда аталғандардан басқа анықтамалық блогі, қауіпсіздік, телефон қоңырауларын тіркеу, келісімдер бойынша қызметтері бар.

    59. «Эдельвейс» бағдарламасының ерекшіліктері, техникалық сипатамалары

    «Эдельвейс» - қонақ үйді басқарудың кешенді жүйесі – швейцариялық қонақ үйлердің тапсырысы бойынша еуропалық мамандармен жасалған. Қазіргі таңда шетелдік нарықта WinnLodge және Medallion сауда маркалары бойынша таралған. Әлем бойынша 1000-нан аса қонақ үйлерде орнатылған. Бұл «тұтынушы – сервер» технологиясына негізделген бағдарламалық өнім болып табылады. Жүйеге қолданушылармен енгізілетін ақпарат СУБД Sybase Adaptive Server Anywhere атты мәліметтер базасында бақыланып, басқарылады. Дәл осы аталған мәліметтер базасы ақпараттың сақталып, өңделуін, оның қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. «Эдельвейс» автоматтандырылған басқару жүйесінің негізгі міндеті броньдау, орналастыру(портье), коммерциялық бөлім және бехгалтерияның қызметін автоматтандыру болып табылады. Бағдарлама номер фонды мен жалпы жұмыс жағдайының графиктік модуліне ие. Сонымен қатар, Эдельвейс қонақтар мен қонақ үйдің ағымдағы жағдайы туралы ақпараттың концентраторы болып табылады.

    Жүйемен басқарылатын қонақ үйдің бөлемдері:

      • Қонақ үйдің бухгалтериялық жүйесі;

      • Мейрамхананың автоматтандырылған басқару жүйесі;

      • Телефон станциясы;

      • Электрондық кілттерді бақылау жүйесі;

      • Сырттан интернет арқылы броньдау жүйесі;

      • Интерактивті телевидение жүйесі, т.б.

    Жүйе 1С:Бухгалтерия(7.7 және 8.0 версиясы) және Microsoft Business Solutions–Navision бағдарламаларысен байланыстырылған. Мейрамхана АСУ жүйесі TillyPad, «Магия», Компас, R-keeper бағдарламаларының элементтерімен жұмыс атқарады.

    Эдельвейс жүйесінің басқару функциялары келесідей атауларға ие:

    - Room status;

    - Check In/Check Out;

    - Guest name;

    - Automatic Wake-Up ;

    - Message Waiting Language;

    60. Ресей мемлекеттің бронь жүйелері, техникалық сипаттамалары

    Ресейде туристік бизнес жүргізудің мамандандырылған бағдарламалық өнімдері - «Мегатек» («Мастер-Тур» бағдарламасы), «Арим-Софт» (TurWin, «Чартер», «Овир» TurPilot бағд-ы), «Само-Софт» («Само-Тур»), «Туристские технологии» («Туристский офис» кешенді автоматтандырылған бағдарлама), «Интур-Софт» («Ин-тур-Софт» Travel Agent - 2000), ANT-Group (ANT-Group жүйесі), «Рек-Софт» ( «Эдельвейс», «Барсум», «Реконлайн» кешендері) и т.б.

    Бағдарламалық өнімдер нарығындағы жүйелер клиенттер, серіктестестер, қонақ үйлер, көлік, төлем есебі, т.б. туралы анықтамалық мәліметтер базасын құрастыруға бағытталады. Барлық бағдарламалық кешендер бухгалтерлік есеп пен төлем экспорт-импортының есебін жүргізуге мүмкіндік береді.

    «Арим-Софт» бағдарламасында клиент туралы ақпарат енгізілгеннен кейін оның барлығы мәліметтер тізімі ретінде пайда болады. Ол арқылы қонақ үйлердің, рейстердің режимін, өзгерісін білуге болады. Стандартты элементтерінің көптігі бағдарламаны оңай және тез түсінетін қылады. Бұл бағдарламада құжаттарға графикалық нысандарды енгізуге мүмкіндік береді. Овир – виза жасауға арналған Арим-Софттың бағдарламалық өнімі. Чартер – авиарейстер туралы ақпарат беріп, броньдауға мүмкіндік беретін өнімі. Tour Anketa – елшіліктердің анкеталарын, бланктарды дайындауға арналған бағдарламалық өнім. Бұл арқылы анкетаны толтыруға кеткен уақытты үнемдеуге және қатені бірден анықтауға болады. Pilot – тапсырыс бойынша белгілі бір клиентке ыңғайлы шарттарды енгізе отырып бағытты табуға мүмкіндік беретін өнім.

    «Рексофт» - бухгалтерлік жүйемен жеке интерфейс арқылы жұмыс істеуге, Ресторанның АСУ жүйесін бақылауға, «Барсум» билингтік өнімімен ерекшеленген ресейлік ірі бағдарламалық автоматтандырылған басқару жүйесі. Оның «Эдельвейс» өнімі - қонақ үйді басқарудың кешенді жүйесі – швейцариялық қонақ үйлердің тапсырысы бойынша еуропалық мамандармен жасалған. Қазіргі таңда шетелдік нарықта WinnLodge және Medallion сауда маркалары бойынша таралған. Әлем бойынша 1000-нан аса қонақ үйлерде орнатылған. Бұл «тұтынушы – сервер» технологиясына негізделген бағдарламалық өнім болып табылады. Жүйеге қолданушылармен енгізілетін ақпарат СУБД Sybase Adaptive Server Anywhere атты мәліметтер базасында бақыланып, басқарылады. Дәл осы аталған мәліметтер базасы ақпараттың сақталып, өңделуін, оның қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. «Эдельвейс» автоматтандырылған басқару жүйесінің негізгі міндеті броньдау, орналастыру(портье), коммерциялық бөлім және бехгалтерияның қызметін автоматтандыру болып табылады. Бағдарлама номер фонды мен жалпы жұмыс жағдайының графиктік модуліне ие. Сонымен қатар, Эдельвейс қонақтар мен қонақ үйдің ағымдағы жағдайы туралы ақпараттың концентраторы болып табылады. «Реконлайн» жүйесі әлем бойынша таралған қонақ үйлердің (30 мыңнан аса) бронь жүйесімен жұмыс жасауға мүмкіндік беретін ерекше бағдарлама болып табылады. Қонақ үйлердің тікелей броньдау жүйелері мен қосылу каналдары арқылы іске асырылады. «Барсум» жүйесі телефондық келісімнің автоматтандырылған басқау жүйесі болып саналады. Жүйе тарифтері: -қоңырау шалған зонаға арналған тарифтерге бағытталады; -қоңырау құны ұзақтығына байланысты жеңілдік уақыты тіркеледі.

    61. Мультимедиалық технологиялар және оларды туризм саласында пайдалану жолдары, жағдайлар

    Мультимедиялық технологияның пайда болғаннан бері әлеуметтік-мәдени қызмет пен туризм саласында да қолданыс ретін тапты. Мультимедиа – құрамына дәстүрлі статистикалық (мәтін, графика) және динамикалық ақпаратты(музыка, видеофрагмент, анимация, т.б.) қамтитын компьютерлік технология түрі. Мультимедиалық өнімдер энциклопедия, үйретуші және дамытушы бағдарламалар, жарнамалық бағдарламалар мен презентациялар болуы мүмкін. Мультимедиалық құралдардың ерекшелігі – бұл СД-РОМ, дыбыс картасы, колонка, 3Д-жылдамдатқыш, т.б. сияқты қосымша құрылғылардң болуы. Мульттимедиалық технология дыбыс және видеофайлдармен жұмыс мүмкіндігін туғыза отырып, компьютерлік техниканы туризм саласында қолдануға байланысты жаңа бағыттарды ашады. Олардың ең танымалы – виртуалды түрде саяхттар немесе мұражайларға экскурсия. Бұлар тұтынушылар өздері қызығатын нысандарды барып көргенге дейін презентация арқылы тамашалау болып табылады. Олардың қатарынан тек суреттер мен видеолар ғана емес, нысандардың кез келген көлемдегі қозғалатын панорамаларын, ғимараттар мен қалалардың макетін, парк аллеяларын, т.б. көруге болады. Технологиялық ерекшеліктері дамыған сайын туристерге көрсетілетін мультимедиалық нысандардың иллюзиялық көрінісінің сапасы жоғарылап келеді. Көрермен-турист тамашалап отырған нысанын өз еркімен визуалды қозғалтуға, үлкейтіп-кішірейтуге мүмкіндігі болады. Презентацияға дыбыс, мәтіндер, географиялық карталар, қозғалыс жоспарларын енгізуге де болады. Интернетте қазірде виртуалды гидтер кеңінен дамып келеді. Мысалы, Your personal guide қызметі орыс тілі немесе ағылшын тілінде кез келген ақпаратты береді. Кәдімгі сайттардағыдай мәтін мен суреттер арқылы ғана емес, сұрақтар қойып, диалог жүргізетін гид арқылы қызмет көрсетіледі. Бұдан өзге туризм саласында мультимедиалық технологиядан таралған бағыттардың бірі – бұл энциклопедиялық, анықтамалық және жарнамалық дисктердің шығарылуы.

    62. Арим-Софт компанияның туризм саласындағы бағдарламалар

    «Арим-Софт» компаниясы туристік фирмаларға арналған бағдарламалық өнімдерді жасаумен, әкісшілік веб-сайттарды, интерактивті интернет-приложениелер құрастырумен, консалтингтік қызметтермен айналысады.

    Оның бағдарламалық өнімдері төмендегідей:

    TurWin («Турагент») бағдарламасы 1995 жылы пайда болған. Бұл бағдарлама шығу туризмімен айналысатын фирмаларға арналған. Оның негізгі логикалық элементтері «тур», «кіру», «тапсырыс», «тұтынушы» түсініктері болып табылады. Бағдарламада анықтама жүргізу, турды пакеттеу, броньдауға байланысты функционалдық блоктар қарастырылған. Анықтамалық блогінде ел, қада, қонақ үй, серіктестер, рейстер, қызметтер, визалар жөнінде мәліметтер жинақталады.

    Овир бағдарламасы шетелдік паспорттар мен анкеталарды рәсімдеуге арналған. Ол тұтынушыларға қызмет көрсетуге кететін уақытты минимумға дейін қысқартады. «Есеп карточкасы», «талаптар», «телеграф хабарламалары», «өтініштер», жинақ кассасының түбіртекгі, бланк, конверт ұяшығы сияқты құжаттардың тізімі қарастырылады. Осыған байланысты тұтынушы қолына барлық қажетті құжаттар жинақталған конвертті алады, яғни толтыратын қағаздар клиенттің уақытын ұзақ алмайды. Бір ай бұрын рәсімделген клиенттер туралы мәліметтер автоматты түрде архивтеліп отырады. Бағдарлама тек мәліметті сақтап қана қоймай, солар бойынша қаржылық есеп жүргізеді.

    «Чартер» қызметі авиарейстердің жолаушылармен толуын, бос орындарындың санын бақылап отырады. Клиенттік базаны жүргізу тек олар туралы анкеталық мәліметті қана сақтаумен емес, жолаушының жүгі туралы есептік ақпаратты қарастырады.

    Tour Anketa бағдарламасы елшілік анкеталар туралы бланктерді дайындауға арналған, елшілік анкеталарді әзірлеуге кететін уақытты қысқартуға, толтырудағы қателіктерден сақтандырады. Кез келген туристік фирманың бағдарламалық қамтамасыздандырушы бола алады. Германия, Дания, Италия, Норвегия, Финляндия, Франция, Швеция сияқты елдер туралы ақпараттарды толтыруға мүмкіндік береді.

    Tour Pilot бағдарламасы шағын туристік агенттіктің іс-әрекетін автоматтандыруға арналған. Оның негізгі логикалық элементтері «тапсырыс» және «клиент» болып табылады. Базада тек елдер туралы ақпарат болады. қалған қонақ үй, рейс, виза, экскурсия, әуе компаниялары туралы мәліметтер турды жинақтау барысында толтырыла береді.

    63. Телекоммуникациялар құралдары. Жеке компьютердің сыртқы жабдықтары

    Телекоммуникация, телеқатысым (латынша тele – қатынасу, байланысу, грекше – қашық және ағылшаруашылығы communіcatіon – байланыс) –ғылым мен техниканың халықты ақпараттық қызметтің барлық түрімен қамтамасыз ететін саласы; қашықтықтан ақпарат алмасуды жүзеге асыратынтехнологиялар жиынтығы. Телекоммуникация саласы Қазақстанға 20 ғасырдың 90-жылдарынан ене бастады. Телекоммуникация электрбайланысжәне компьютердің көмегімен ақпараттың барлық түрлерін (дыбыс, дерек, қозғалмалы және қозғалмайтын бейне, мультимедиа) талшықтыоптикалық байланыс кабелі, радио, Жердің жасанды серігі, т.б. байланыс түрлері арқылы таратады. Электр сигналдарын таратып-қабылдауды телекоммуникация жүйесі атқарады. Бұл жүйе ақпаратты пайдаланушыларға дыбыс немесе бейне-көрініс түрінде тарататын жабдықтар жиынтығынан тұрады. Телекоммуникация жүйелері жиынтығының аумақтық орналасу принципіне, жұмыс істеуі мен бір-біріне тәуелділігіне қарай біріктірілуін телекоммуникация желісі деп атайды. Барлық мемлекеттегі құрастырылатын, өндірілетін және пайдаланылатын телекоммуникация жабдықтарының параметрлерін үйлестіру және телекоммуникация саласының даму сатысын анықтау мәселесімен Халықаралық Электрбайланыс Одағы (ХЭО) айналысады. ХЭО-ның мақсаты шартараптық ақпараттық құрылым жасау және соның нәтижесінде Телекоммуникацияны шартараптандыру, дербестендіруезі Шартараптандыру – әлемдік (шартараптық) желі құрып, оған барлық мемлекеттердің және олардың аймақтық, абоненттік желілерін интеграциялау; дербестендіру – UPT (Unіversal Personal Telecommunіcatіon) тұжырымдамасы бойынша дүние жүзіндегі адамдардың барлығына дүниеге келісімен дербес нөмір тағайындалып, әлемдік желіге тіркеледі, ал жолданған ақпарат абонентін іздестіру желі қызметінің зерделілігінің көмегімен автоматты түрде орындалады. Телекоммуникация желісіне радио, теледидар, телефон желілері және компьютерлік желі жатады. Радио және теледидар желілері тұтынушыларға ақпаратты бір жақты, кеңінен (желіден абоненттерге) тарату қызметін атқарады. Телекоммуникацияның ең алғаш құрылған желісі – телеграф желісі. Қазіргі телекоммуникация саласындағы ғылыми-техникалық жетістіктер аналогты сигналдарды (дыбыс пен бейне) цифрлап, ал цифрланған сигналдарды дестелеп таратудың мүмкіншіліктерін іске асырды. Телекоммуникация (Telecommunications) — компьютерлік жүйелер мен қазіргі заманғы техникалық электрондық байланыс құралдары негізінде телефон желілері, спутниктік байланыс және т.б. арқылы мәліметгерді қашықтан жеткізуге қатысты жалпы ұғым; жалпы немесе арнаулы байланыс желілері (телеграф, телефон, радио арқылы мәліметтер алмастыруға арналған қатынас). Телефон жүйесі арқылы ақпарат жеткізу; ара қашықтықтық байланыс; мәліметтерді ара қашықтыққа жіберу.

    ДК - сыртқы құрылғылары: - Ақпаратты енгізу құрылғылары.  Клавиатура - ақпаратты енгізуге арналған негізгі құрылғы. Ең көп тараған клавиатуралар 101 және 102 пернелерден тұрады.  Клавиатурадағы пернелерді төмендегідей блоктарға бөлуге болады: алфавитті-цифрлық пернелер, олар перне тақтаның сол жағына орналасқан. Ол клавиатураның негізгі бөлігі болып табылады. Бұл бөлікте латын, орыс, қазақ әріптері, цифрлар, тыныс белгілер және басқа да символдар орналасқан.  Сканер - қағаздағы көріністі дисплей экранына түсіруге арналған құрылғы, ол арқылы сурет, график, текстерді сканерлеуге (енгізуге) болады. Сканер көрністі машина кодына ауыстырып, компьютер жадына жазады.

    -Басқару құрылғылары.  Мышь (тышқан). Қазіргі кездегі компьютерлерге ақпараттарды енгізуге арналған маникулятор Мышь құрылғысымен жабдықталған. Тышқанның екі түрі болады: үш батырмалы және екі батырмалы. Екі батырмалы тышқан жиі пайдаланылады, себебі, ортаңғы батырма жұмыс кезінде көп пайдаланылмайды.  Джойстик. Бұл компьютерлік ойындар экранда жылжитын объектіні басқаруға арналған рычагты манипулятор. Джойстик қораптан және қолға ұстағыштан тұрады. Қолға ұстағышты немесе қорапта бір немесе бірнеше батырмалар болады. Ұстағышты айналдыру және батырмаларды басу арқылы компьютерге басқару әрекетін береді.

    -Ақпаратты шығару құрылғылары.  Мониторлар тексті және графикалық ақпаратты экранға шығаруға арналған. Олар түрлі түсті, монохромды болып келеді және екі режимнің біреуінде жұмыс жасайды: текстік және графикалық.  Графикалық режим экранға графиктерді, суреттерді және т.б. шығаруға арналған. Принтерлер – ақпартты қағаз бетіне шығаратын құрылғылар. Олар монохромды және түрлі-түсті болып бөлінеді. Ақпартты қағазға түсіру тәсілдеріне байланысты олар ромашкалық немесе литерлік, матрицалық, сия бүріккіштер, термографиктік және лазерлік принтерлер болып бөлінеді.  Плоттер (графиктұрғызғыш) – сызбаларды қағазға шығаратын құрылғы. Плоттерлер қағаздар рулонымен жұмыс істейтін барабандық типке және планшеттік типке (қағаз парағы жазық столда жатады) бөлінеді.  Аудиоплата (sound blaster) – дыбысты шығаратын құрылғы. Оның әуенді және дыбысты мәліметті жазуға, жасауға және редакциялауға мүмкіндіктері бар. Дыбысты шығару және жазу үшін аудиоплатадан басқа дыбыстық колонкалар мен микрофондар қажет.

    - Басқа есептеу жүйелерімен байланыс жасау құрылғылары  Модем – телефондық канал бойынша бір компьютерді екіншісімен қосуды қамтамасыз ететін құрылғы. Компьютерге қосу тәсілдері бойынша модемдер жүйелік блокқа қойылатын және сыртқы коммуникациялық портқа арқылы жалғанатын болып бөлінеді.  Факс-модем – модемнің мүмкіндіктерін қамтитын және басқа факс-модемдер мен факстік кескіндерді алмастыратын және қарапайым телефакстық аппараттар арасында да мәлімет тасымалдайтын құрылғы.  Желі-адаптері – компьютерді жергілікті желіге қосатын құрылғы. Мұнда тұтынушы желіге қосылған басқа компьютерлер арасында ақпарат алмастыра алады.

    64. Броньдау жасау ережелері

    Тұтынушылар үшін бронь жасау онлайн режимде нақты шынайы уақыт жағдайында ғана жүргізіледі. Таңдалған элементтермен дайын бронь автоматты түрде туроператордың мәліметтер базасына түседі. егер клиент алдын ала броньдалған әуе билеттерін қайтарғысы немес өзгерткісі келсе, міндетті түрде әуе компаниясының шарттары бойынша жасайды. Жүйеге кез келген жеке немесе заңды тұлға кіре алады және пайдалана алады. Броньдау процесіндегі ережелерді жүйе өзі көрсетіп отырады. Броньдау процесі жалпы 3 этаптан тұрады. 1–этапта тұтынушы үшін оптималды деген ұшу нұсқасын таңдайды, 2-этапта бос орындарды броньдайды, ал 3-те төлем формасы мен жеткізу шарттары таңдалынады.

    65. Әлеуметтік-мәдени қызметтің және туризмдегі мәлеметтік базаларды құрастыру технологиясы

    Мәліметтер базасының қолданысы қонақжайлық және туризм индустриясындағы кәсіпорындардың қызметін тиімді жүргізудегі маңызды бағыты болып отыр. База кең ауқымды міндеттерді орындайды: тұтынушылар туралы ақпарат, оларға көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат. Кез келген жағдайда да мәлімет статикалық және динамикалық түрде беріле береді.

    «Мәліметтер базасы – Интернет» комбинациясы керекті ақпаратты жедел түрде алуға таптырмас құрал болып табылады. Әлеуметтік-мәдени қызмет және туризм саласының кәсіпорындарында мәліметтер базасын құруда сақтауға және өңдеуге тиісті нақты ақпарат анықталып алынады. Мұндағы негізгі ақпарат көзі - функционалдық міндеттердің сөздік сипаттамасы және әрбір жұмыс үстеліндегі нақты реквизиттердің талдауы болып саналады. Басқаша айтқанда, берілген объекте орындалатын бизнес-жобаларды қарастырып, базаны қолданушылардың қажеттіліктерінің анализін жасау керек. Бұл функционалды подход деп аталады. Бұдан басқа базаны құрудың объектті подходы бар. Ол нақты саланың типтік ерекшеліктерін,олардың унификациясын, ақпараттық қажеттіліктердің тізімін анықтаумен байланысты. Туристік фирманың ақпараттық-логикалық моделін құрудың мысалын қарастырсақ. Турфирма әр түрлі бағыттар(елдер) бойынша турлар ұйымдастырып, әр бағыт бойынша өз менеджерлері жұмыс жасйды. Мәліметтер базасында бұл жағдайда турдың коды, турдың атауы, турдың ұзақтығы, елдің атауы, виза, ел валютасы, тур бағасы, менеджер коды, оның аты-жөні, телефоны, т.б.

    66. «Отель-Симпл» бағдарламасының ерекшіліктері, техникалық сипатамалары

    «Отель-Симпл» бағдарламасы қонақ үйлердің әрекетін автоматтауға арналған. Ол MS DOS операциялық жүйесінде СУБД Foxpro 2.6 ортасында жұмыс жасайды. Жүйе тек бір дербес компьютерде де, бірнешесінде де істей алады. Желілік нұсқасында бірнеше автоматтандырылған жұмыс орындарына бөлінеді:

    Әкімшілік жұмыс жүйесінің жұмыс үстелінде қонақтарды орналастыру, көшіру, бос орындар туралы ақпарат, кетуге дайын қонақтар туралы, протоколдар, күндік есептер туралы фунциялық қызметтер атқарылады.

    Кассир жұмыс жүйесінің үстелінде тұру үшін төлемдер, телефон қоңыраулары үшін төлем, қосымша қызметтер төлемі, электронды кассаны қолдану, бақылау лентасы, инкассация, тарифтер, айлық кассалық есеп функциялары орындалады.

    Орналастыру қызметінің жұмыс үстелінде орналастыру процесін бақылау, қонақ үй жағдайы туралы аналитикалық есеп, жоспар-графиктер, т.б. функциялар жүргізіледі.

    Отель-симпл жүйесі қонақ үй қызметкерлерінің арасында міндеттерді бөліп беруге және компьютер арқылы олардың жұмыстарын протоколдауға мүмкіндік береді. Техникалық сипаттамасы бойынша жалпы жұмыс корпустарының саны 9-ға, номерлер 4000-ға дейін, бөлме нумерациясы 4таңбалы санға, телефон номерлері 7-ге дейін болады. жүйе тәулік бойына істейді, профилактика үшін аптасына 2 рет 30 минут уақыт бөлінеді.

    67. «Рексофт» бағдарламасының ерекшіліктері, техникалық сипатамалары

    Reksoft (Рексофт) компаниясы 1991 жылы Санкт-Петербургте құрылған болатын. Ол бағдарламалық қамтамасыздандыру бойынша мамандандырылған ИТ-жүйелік күрделі бағдарламалық өнімдерді шығаратын ресейлік ірі компания болып саналады. Рексофт бизнестің әр түрлі салаларында жобалар жасаған: телекоммуникация, мобильдік байланыс, мемлекеттік сектор, қонақ үй және туризм, банк, қаржы , т.б. Оның приложениелері интернет үшін де, жұмыс үстелі үшін де, мобильдік нұсқаға да икемделген. Рексофттің Edelweiss/Medallion қонақ үй басқаруына арналған жүйемі әлемнің 30 еліндегі 3000-ға жуық қонақ үйде жұмыс істейді. «Рексофт» туристік және қонақ үй бизнесі үшін төмендегідей шешімдер ұсынады:

    --қонақ үй басқаруын автоматтандыру жүйесі(Property Management System);

    --мейрамхана мен барларды басқару жүйесі (Point Of Sale System);

    --орталық броньдау жүйелері(Central Reservation System);

    --интернет-броньдау жүйесі(Web Booking Engines).

    «Эдельвейс» бағдарламалық өнімінің өңделуі швейцарлық қонақ .үй саласындағы консультант-компанияның тапсырысымен 1995 жылдан басталды. 1998 жылдары компания серікстестік ұсынып, жаһандық нарықта өнімді жылжытуды ұсынады. Нәтижесінде, 1999 жылдың соңында-ақ өнім Еуропадағы ондаған қонақ үйлерде қолданылады. 2001 жылы Рексофт компаниясының құрылымында Қонақ үй жүйесінің департаменті пайда болып, кейін Эделинк компаниясына өтеді. Жүйемен басқарылатын қонақ үйдің бөлемдері:

      • Қонақ үйдің бухгалтериялық жүйесі;

      • Мейрамхананың автоматтандырылған басқару жүйесі;

      • Телефон станциясы;

      • Электрондық кілттерді бақылау жүйесі;

      • Сырттан интернет арқылы броньдау жүйесі;

      • Интерактивті телевидение жүйесі, т.б.

    68. “Lodging Touch” бағдарламасының ерекшіліктері, техникалық сипатамалары

    Lodging Touch (Лоджинг Тач) жүйесін нарыққа шығарушы Hotel Information System (HIS) америкалық компаниясы болып табылады. Lodging Touch қонақ үйді басқару жүйесі қонақтарға қызмет көрсету сапасын жоғарылатып, қонақ үйдің әкімшілік, маркетингтік, қаржылық-экономикалық және шаруашылық әрекетін автоматтандырады. Ол тек қонақ үйлерге ғана емес, сонымен қатар, мотельдерге, пансионаттарға, санаторийлерге, демалыс үйлеріне де жарай береді. Ол қамтитын қонақ үйдің функционалдық бөлімдері – портье, броньдау, сатылым мен маркетинг, топтарға қызмет көрсетудің іс-шараларын ұйымдастыру, турагенттіктер мен ұйымдармен жұмысты қамтиды. Оның өзіндік графикалық пайдаланушылық интерфейсі болады, және ір қызметтің өз белгісі болып, қонақ үй ережелеріне икемделінеді.

    Windows NT операциялық жүйесіндегі СУБД MS SQL Server ортасында жұмыс істейтін 32-биттік приложение болып табылады.

    Оның негізгі функционалдық мүмкіндіктері:

    --қонақтар тарихы модулі қонақтар мен компаниялар туралы мәліметтерді сақтайды.

    --тұруды жоспарлау функциясы экранда барлық өзгертілген, қабылданған тарифтер, номер типтері туралы ақпаратты сақтайды.

    --есеп төлемдері туралы функция барлық есептік операцияларды жүргізеді.

    --қонақ үй статусы экраны қонақ үйдің ағымдағы жағдайы туралы автоматты түрде графикалық және кестелік мәліметті шығарып тұрады.

    --номерлік қордың күнтізбелік статусы ағымдағы жіне болашақтағы күндердегі номердің жағдайы туралы көрсетеді.

    69. ‘KEI-Hotel” бағдарламасының ерекшіліктері, техникалық сипатамалары

    KEI-Hotel жүйесі Интернет-технология ASP (Active Server Pages) базасында құрылған қонақ үйлерді басқаруға арналған ақпараттық жүйе болып табылады. Жүйе бірқалыпты эксплуатациялық сипаттамаларға ие, күнделікті есептері автоматты түрде шығарылып отырады. Клиент-сервер архитектурасы өндірістің тиімділіін арттырып, есептеуіш күшін жоғарылатады. Жүйе бизнес-процестерді жылдамдататын жекеленген функционалдық бөліктердің жиынтығынан тұрады.

    --Броньдау қызметі: номерлік қордың жағдайы туралы ақпараттыөңдейді, тапсырыстарды рәсімдейді, тапсырыс берушілерге поштамен немесе электронды түрде жауапхат жібереді, қонақтар туралы мәлімет, номер кілттерін дистанционды басқарып отырады.

    -номерлік қор қызметі 3 негізгі формадан тұрады: «Номерлік қор-мозаика» - номерлік қордың жағдайын графикалық кескінмен көрсетіп тұрады, «Номерде тұру» - номерде тұратын қонақтар туралы, «қонақ карточкасы» - қонақпен орындалған операциялар туралы мәлімет.

    --есептік орталық қызметі барлық есептік қаржылық операцияларды орындайды.

    70. «Само-Софт» бағдарламасының ерекшіліктері, техникалық сипатамалары

    «САМО-Софт» компаниясы – туристік сала кәсіпорындарының қызметін автоматтандыруға арналған ресейлік бағдарламалық қамтамасыздандырушы. 1991 жылы құрылғаннан бастап компания көптеген сәтті жобаларды іске асырды, олардың қатарында Ресей Федералдық мүлік қорына, Интерфакс ақпараттық агенттігіне, Ресей жоғары кеңесіне арналған бағдарламалар да кездеседі. Оның бағдарламалық өнімдері Ресей территориясында, алыс және жақын шетелде қолданылады.

    Қазіргі таңда Само-Софт компаниясы туристік технологиялар нарығында көшбасшылардың қатарында тұр. Оның бағдарламалық өнімдері келесідей:

    -туроператорлардың қызметін автоматтандыру үшін – Само-Тур;

    -туристік агенттіктер қызметін автоматтандыру үшін – Само-ТурАгент;

    -қабылдаушы жақ қызметін автоматтандыру үшін - Само-Incoming;

    -Интернет арқылы онлайн-броньдау.

    Само-Тур бағдарламалық кешені туроператорлық фирмада қарастырылған барлық негізгі функциялардың мәліметтік қызметін қамтамасы етеді. Жүйеде 20-ға жуық анықтамалық мәліметтер базасы бар, олардың қатарында бағыттар бойынша, тұтынушылар, қонақ үй, рейс, қызметтер, серіктестер, елшіліктер, тасымалдаушылар, бағалар туралы мәліметтер бар.

    71. W/*KOV командасына талдау жасап, нәтижесін көрсетіңіз

    Команда қаланың атауын декодтауға арналған. Нәтижесі: Кокшетау(Kokshetau)

    72. Қарағанды қаласының кодын анықтау командасын көрсетіп, нәтижесін көрсетіңіз

    W/-CCKARAGANDY. Нәтижесі: KGF

    73. 112JANFRAMAD¥LH командасына талдау жасап, нәтижесін көрсетіңіз

    12 қаңтар күнге Франкфурттан Мадридке рейстер кестесін ашу командасы.

    74. 31 желтоқсан Алматыға Парижке ұшатын рейс кестесін шақырыңыз

    131DECALAPAR

    75. 250 евро валютасын доллар валютасына айналдыру командасын көрсетіңіз

    DC¥EUR250/USD

    76. Экранға валюта бойынша толық ақпаратты шақыру командасын көрсетіңіз

    DC*CUR

    77. Алматы және Мәскеу қалаларының арасында уақыт айырмашылығын көру командасын шақырыңыз

    T¤ETALA/MOW

    78. W/-APORLY командасына талдау жасап, нәтижесін көрсетіңіз

    Париж Орли Әуежай кодын анықтау командасы. Нәтижесі: ORY

    79. Канада мемлекетінің кодын анықтау командасын көрсетіңіз, нәтижесін көрсетіңіз

    HCCC/CANADA. НӘТИЖЕСІ: CAN

    80. W/-CCPARIS командасына талдау жасап, нәтижесін көрсетіңіз

    ПАРИЖ КАЛАСЫНЫН КОДЫН АНЫКТАУ КОМАНДАСЫ. НӘТИЖЕСІ: PAR

    81. FFKC45274865-2.1 командасына талдау жасаңыз

    Эйр Астана компаниясының жеңілдік картасын енгізуге арналған команда.

    82. Алматы қаласынан Стамбул қаласына 28 желтоқсан күні ұшып шығатын рейстерге бос орындар бетін шақырыңыз

    128DECALAIST

    83. 3BBML – 2.1 командасына талдау жасаңыз

    2.1 СЕГМЕНТТЕГІ ЖОЛАУШЫҒА НӘРЕСТЕ ТАМАҒЫН ЕНГІЗУ КОМАНДАСЫ.

    84. 3OSI PSGR SPEAKS ONLY GERMAN – 1.1 командасына талдау жасаңыз

    1.1 СЕГМЕНТТЕГІ ЖОЛАУШЫ ТЕК НЕМІС ТІЛІНДЕ СӨЙЛЕЙДІ.

    85. 2.1 жолаушы үшін Эйр Астана әуе тасымалдаушысының бонус картасының номерін енгізініз

    FFKC123456-2.1

    86. №3.1 жолаушының есімі қате енгізілген. Қате енгізілген есімді PNR-дан алып тастау командасын енгізіңіз

    -3.1¤

    87. Алматыдан Мадридке 27 желтоқсанда ұшып шығатын рейстер тарифтер бетін енгізіңіз

    FQALAMAD27DEC-KC.

    88. Электронды пошта енгізу командасын көрсетіңіз

    PE¥GAZEK.93@MAIL.RU¥-1.1

    89. Бронь тарихын ашу үшін қандай команданы енгізу керек?

    *ABCDEF

    90. Маршрутты толық жою үшін қандай команданы енгізу керек?

    XI (АҒЫЛШЫН ӘРІПСТЕРІ)

    1. Компьютерлік техникасының дамуының тарихы

    2. Электронды кестелер

    3. Жүмыс бетінің мәліметтерін өзгерту

    4. Диаграммаларды құру және редакциялау

    5. Компьтерге арналған бағдарламалар

    6. Ақпаратты компьютерде ұсыну

    7. Microsoft Power Point бағдарламасы

    8. Қонақжайлық саласындағы ақпараттық қамтамасыздандыру негізгі мақсаттары

    9. Amadeus, Galeleo, WorldSpan глобальдық боронь жүйелер

    10. Жұмыс бетінің мәліметтерін өзгерту. Диаграмманы құру және редакциялау

    11. Туристік фирмалардың кешендік басқару бағдармалардың салыстыру талдауы

    12. Жеке компьютерлердің ашық архитектура қағидалары

    13. Қонақжайлық саласындағы ақпараттық жүйелердің даму тарихы, ұрпақтар

    14. Галилео жүйесі

    15. Microsoft Access бағдарламасы. Мәлiметтер енгiзу әдiсi арқылы кесте құру

    16. Windows XP ерекшілігі

    17. Бронь жүйелерде сұраныс экранында не көрсетіледі? 

    18. Компьютерлік технологиялар

    19. Компьютер мен жабдықтарын дұрыс пайдалану. Қауіпсіздік техникасы

    20. Электрондық кестелер. Электронды кестені форматтау. Жұмыс бетінің басылымын жасау

    21. Fine Reader бағдарлама

    22. Электрондық кестелер. Мәліметтерді жүмыс кітабіне еңғізу.

    23. Нағдарламаларға жол беру. Жаңа жүмыс кітаптарын құру. Кестелік курсорды жылжыту. Автосумма.

    24. Мәліметтерді сақтау. Электронды кестені форматтау. Жұмыс бетінің басылымын жасау

    25. Жаңа презентацияны құру қағидалары

    26. Ақпарат ұғымы. Есептеу техниксы және дербес компьютер

    27. Модемді орнату және қосу. Провайдерді таңдау. Қызмет етудің орта бағалары

    28. Ашық архитектура принципі. Компьютерлердің ұрпақтары. 281Іnternet тор арқылы индивидуалдық турларды құрастыру/ұйымдастыру ерекшіліктері

    29. Internet торындағы тариф және брондауды көру экраны

    30. Adobe Fotoshop бағдарламасы

    31. Резерв және бронь жасау жүйелерді талдау

    32. Іnternet туристік сферасында практикалық пайдалану. Керекті ақпаратты Іnternet іздестіру

    33. Мәтінді Word Pad бағдарламасы

    34. Internet-торы. Даму тарихы және оның туризм саласына әсері.

    35. Алеан – Рессейлік бронь жасау компьютерлік жүйесі

    36. Курстың тақырыбы, мақсаты және міндеті. Туризмдегі ақпараттық камтамасыз ету. Әдебиетке шолу

    37. Глобальдық бронь жүйелер. Бүгінгі электрондық туристік нарық және туристік брокерлер

    38. Сандык ІР - адрес. доменді адрес электронды пошта (е-mail)

    39. Пайдаланушылар үшін Іnternet мүмкіндіктері

    40. Ақпараттық технологияның жіктелуі

    41. Amadeus Traveller Link

    42. MINITEL операциялык жүйесі

    43. Amadeuse жүйесі

    44. Саlеlео жүйесі

    45. Алматыдағы провайдерлердің WWW – адрестері

    46. Франция мемлекеттің ақпараттық жүйелері: MiniTell және т.б.

    47. Galileo жүйесінің құрамы, жұмыс істеу ретті, құрылғылары

    48. Worldspan жүйесінің құрамы, жұмыс істеу ретті, құрылғылары

    49. Sabre жүйесінің құрамы, жұмыс істеу ретті, құрылғылары

    50. Туроператорлардың on-line режимдегі жұмыс істеу

    51. Туризм менеджментінің ақпараттық жарнама саласындағы жаңа технологиялар

    52. Дестинацияның туристік имиджнің электрондық маркетингі

    53. GDS (Global Distribution System) – жүйесі күәлікке билеттерді тез және ыңғайлы бронь жасау орындарды бекіту, жалғалау

    54. АҚШ мемлекеттің ақпараттық жүйелері: Press Tell, SMART, CARBS және т.б.

    55. Резерв және компьютерлік жүйелер CRS (Computer Reservation System) дегеніміз не?

    56. «Меридиант-1» қонақжайлық бағдарламасының ерекшіліктері

    57. Электрондық комерцияның негізгі ерекшіліктері

    58. «Hotel – 2010» қонақжайлық бағдарламасының ерекшіліктері, техникалық сипатамалары

    59. «Эдельвейс» бағдарламасының ерекшіліктері, техникалық сипатамалары

    60. Ресей мемлекеттің бронь жүйелері, техникалық сипатамалары

    61. Мультимедиалық технологиялар және оларды туризм саласында пайдалану жолдары, жағдайлар

    62. Арим-Софт компанияның туризм саласындағы бағдарламалар

    63. Телекоммуникациялар құралдары. Жеке компьютердің сыртқы жабдықтары

    64. Броньдау жасау ережелері

    65. Әлеуметтік-мәдени қызметтің және туризмдегі мәлеметтік базаларды құрастыру технологиясы

    66. «Отель-Симпл» бағдарламасының ерекшіліктері, техникалық сипатамалары

    67. «Рексофт» бағдарламасының ерекшіліктері, техникалық сипатамалары

    68. “Lodging Touch” бағдарламасының ерекшіліктері, техникалық сипатамалары

    69. ‘KEI-Hotel” бағдарламасының ерекшіліктері, техникалық сипатамалары

    70. «Само-Софт» бағдарламасының ерекшіліктері, техникалық сипатамалары

  • Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]