- •1. Экология пəні
- •2. Экологияның зерттеу нысандары
- •3. Экологияның зерттеу әдістері
- •4. Экология ғылымының қалыптасу кезеңдері жəне құрылымы
- •5.Ғылымдар жүйесінде экологияның орны
- •6. Экология мен экономиканың байланысы.
- •7. Экология мен эволюция iлiмiнiн байланысы
- •8. Экология және адамзат прогресci
- •9. Экология - ғылым
- •10. Биосфера түсiнiгi. Биосфераның бiртұтас заңы
- •11. Биосферанын құраушылары
- •12. Биосферадағы атмосфераның рөлi
- •14. Су тіршілік ортасы.
- •16. Жердің биосферасы.Оның эволюциясы.
- •17.Топырақ тірі ағзалардың тіршілік ортасы.
- •18. «Адам және табиғат» жүйесі
- •21Қауымдастықтардың таралуы
- •22Қауымдастық пен биоценоздардың тұрақты тіршілікте болуы
- •24. Табиғи қор туралы ілім. Табиғи қорлар және оларды тиімді пайдаланудың шектелуі
- •25. Табиғат жəне экономика. Отын-энергия ресурстары түрлері.
- •26. Адамның тұтыну жүйесіне экологиялық тұрғыдан қарау.
- •27. Экология жəне өмір, олардың құқықтық негіздері.
- •28. Ғылым мен білім беру саласы және экология.
- •29.Радиоэкологиялық проблемалар.
- •30Атом энергиясы
- •31 Дара ағзалар экологиясы аутэкология
- •32.Экологиялық факторлар анықтамасы.
- •33. Тірiшіліктің негізгі орталары олардың сипаттамалары
- •34 Либихтің минимум заңы
- •35.Шелфордтын Толеранттық заңы
- •36.Популяциялар экологиясы демэкология
- •37.Популяция анықтамасы. , сипаттамалары
- •38Популяциялардын тиршилик ету зандылыктары
- •39.Экологиялық қуыс анықтамасы.
- •40.Биоценоз, биогеоценоз, экожуйе
- •41. Ағзалар арасындағы қарым қатынастар
- •42. Г.Гаузенин баселестик аркылы жою принципи
- •43. Коректик тизбектер, жане трофикалык денгейлер, коректик торлар
- •44.Экологиялық пирамида анықтамасы.
- •45 Биосферадагы заттар айналымы
- •46 Вернандскийдин ноосфера туралы илими
- •47 Орныкты даму концепциясы. Орныкты дамудын негизги модельдери
- •49.Табиғи ресурстар және Табиғатты утымды пайдалану.
- •50Табиғи ресурс классификациясы
- •52.Экологиялык мониторинг анықтамасы.
- •53 Қазіргі заманның әлеуметтік экологиялық проблемалар және орнықты даму
- •55 Озон кабаты
- •57 Ормандардың азаюы. Шөл шөлейттену
- •58 Әлемдік мұхиттардың ластануы
- •59 Биоалуантүрліліктің азаю мәселелері
- •67 .Биосфераның анықтамасы
- •68 Сукцессия аныктамасы
- •69 . Гена анықтамасы.
- •70. Хромосома анықтамасы.
- •71. Гомеостаз анықтамасы.
- •78 . Популяция анықтамасы.
- •79. Генотип анықтамасы.
- •80. Фенотип анықтамасы.
- •81.Абиотикалық фактор анықтамасы.
- •82.Биотикалық фактор анықтамасы.
- •83. Антропогендік фактор анықтамасы.
- •84. Биогеоценоз анықтамасы.
- •85.Биомасса анықтамасы
- •86.Биотоп анықтамасы
- •87Биоценоз анықтамасы
- •92. Фреондар анықтамасы
- •93. Цунами анықтамасы
- •94. Эйдэкология анықтамасы
- •95 .Мониторинг анықтамасы.
55 Озон кабаты
Озон қабатының бұзылуы. Атмосферадағы озонның мөлшері бар болғаны 0, 004 % құрайды.Озон қабаты биосфераның жоғарғы шекарасы болып есептеледі. Жер бетіне барлық организмдердің тіршілігіне қауіпті Күннің өте қысқа ультракүлгін сәулелерін сіңіріп отыруына байланысты. Озон қабатының бұзылуы, яғни, «озон тесігінің» пайда болуы биосферада елеулі өзгерістер тудыруы мүмкін. Озон қабатының бұзылу процесіне ғарыштық аппараттар, дыбыстан да жылдам ұшатын ұшақтар және ондағы толық жанып бітпеген отын өнімдері және ядролық жарылыстардан бөлінген заттар әсер етеді. Озон қабаты үшін ең қауіпті заттар – үй тұрмысы мен өнеркәсіпте пайдаланатын мұздатқыштар мен аэрозольды баллондарда пайдаланатын фреондар. Осы заттар атмосфераның жоғарғы қабаттарына көтерілгенде қарқынды түрде озонды бұзатын хлор немесе басқа галогендердің атомның атомын түзетін фотохимиялық ыдырауға ұшырайды, ал олар әрі қарай озонның оттегіне айналу процесін жылдамдатады. Дүние жүзі б-ша шамамен 1,3 млн тонна озон ыдыратушы заттар өндіріліп отырған.
56 Қышқыл жаңбырлар, улы тұмандар.
Ғаламдық негізгі экологиялық проблемалардың бірі атмосферадағы ластаушы заттардың ұзақ қашақтықтарға тасымалдануы. Негізінен күкірт диоксиді және оның қосылыстары, ауыр металдар, пестицидтер, радиоактивті заттар сияқты улылығы жоғары заттардың таралуына баса назар аударған жөн. Күкірт диоксиді мен азот оксидтерінің жуылуы күкірт және азот қышқылдарының түзілуіне әсер етеді. Бұл үлкен территориялардағы табиғи ортаның жалпы қышқылдануына, айтарлықтай экологиялық өзгерістерге алып келді. Түзілген қышқылдар және олардың қосылыстары жауған жауын-шашынның құрамында, қардың, жер бетіндегі су айдындарында және топырақтың құрамында кездесіп, экожүйелерге жағымсыз әсер етуде. Күкірт диоксиді және азот оксидтерімен болатын қышқыл жаңбырлар орман биоценоздарына үлкен зиян әкелуде. Қышқыл жаңбырлардан жалпақ жапырақты ормандар қатты зардап шегеді. Қышқыл жаңбырлар топырақ қышқылдығын тудырады. Нәтижесінде минералдық тыңайтқыштардың пайдасы азаяды. Әсіресе бұл шымды күлгін топырақтарда қатты байқалады. Адам организміндегі алғашқы жағымсыз реакциялар ауа құрамындағы сульфаттардың концентрациясы 6-10мкг/м3, күкіртті газ – 50мкг/м3-ге жеткенде пайда болады. Бұл қосылыстарды әсіресе өсімдіктер өте сезгіш. Қыналардың кейбір түрлері кұкірт қышқылының концентрациясы 10-30мкг/м3, қылқан жапырақтылар – шекті мөлшерден бар болғаны 3-4 есе кқбейгенде тіршілігін жояды. Қазіргі таңда антропогендік әсерден бөлінетін күкірт диоксидінің мөлшері жылына 150млн тоннаны құрайды. Көмірді пайдалану күкірттің көп бөлінуіне алып келеді. Жер бетіне түскен қышқылдар мен сульфаттар топырақ құрамына, өсімдіктер жабынына, су айдындарын қышқылдануына алып келуде. Атмосфераның күкірт диоесидінен қорғау, оларды ауа бассейнінің жоғары қабаттарында шашырату арқылы жүзеге асыруға болады. Ол үшін жылу электр орталықтары мұржаларының биіктігі 180, 250, тіпті 370м биіктікте болуы керек. Одан басқа жолы – отынды пайдаланбас бұрын құрамындағы күкіртті отынды бөліп алу қажет.
Улы және фотохимиялық тұман. Үлкен қалаларға тән, жиі байқалатын құбылыс – улы тұман. Улы тұмандар 3 түрлі – ылғалды, құрғақ және мұзды болып келеді. Ылғалды улы тұман (Лондондық тип) – газ тәрізді ластаушы заттар, шаң және тұман тамшыларының қосылыстары. Бұл қосылыстағы заттар бір-бірімен химиялық реакцияға түсіп бастапқы тұрлерінен әлдеқайда қауіпті қосылыстар түзеді. Атмосфералық ауаның 100-200м биіктігінде улы, сарғыш түсті лас, ылғалды улы тұман осылай пайда болады. Мұндай тұман теңізге жақын, тұманды, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы жоғары елдерде түзіледі. Құрғақ улы тұман(лос-анжелестік тип) – азонның пайда болуы кезінде химиялық реакциялардың әсерінен атмосфералық акуаның екінші рет ластануы. Құрғақ улы тұман Лос-Анджелесте қалың тұман емес көкшіл түтүн түзеді. Мұзды улы тұман (Аляскалық тип) – арктика мен субарктикада антициклон кезінде төменгі температурада пайда болады. Мұндай ауа-райында ластағыш заттардың аз мөлшерде бөлінуінің өзі мұздың майда кристалдарынан тқратын қалың тұманның пайда болуына әкеледі. Атмосфералық ауаның тұмандануы қала микорклиматының нашарлауына – тұманды күндердің көбеюіне, атмосфераның тұнықтығына, мөлдірлігіне әсер етеді. ХХ ғасырдың 30-жылдарынан бастап Лос-анджелес қаласында да жылдың жылы маусымында, әдетте жазда және ерте күзде ылғалдылығы 70% құрайтын тұман пайда бола бастады. Бұл тұманды фотохимиялық тұман деп атайды. Улы тұман кезінде көріну қабілеттілігі нашарлап, үй жануарлары өле бастайды. Адамдардың тыныс алуы қиындап көздері жасаурап, тамақ пен мұрынның шырышты қабаттарының тітіркенуіне, өкпе және басқа да созылмалы аурулардығ қозуына алып келеді.