- •6.Метрологиялық қамтамасыз етудің негіздері. Өлшеудің тұтастығы талап етілетін олардың дәлдігімен бірге қоғамдық мақсат болады.
- •12. Қр мөж негізгі мақсаты және негізгі міндеттері.
- •23. Қр мөж ұйымдастырушылық жұмысы:
- •24.Уәкілетті органның негізгі қызметтеріне мыналар жатады:
- •25. Қр мөж ұйымдастырушылық жұмысы: мғмо (мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталық) негізгі қызметтері
- •26. Қр мөж ұйымдастырушылық жұмысы: ужмқ (уақыт пен жиіліктің мемлекеттік қызметі) негізгі қызметтері
- •27. Қр мөж ұйымдастырушылық жұмысы: сүмқ (заттар мен
- •28. Қр мөж ұйымдастырушылық жұмысы: садмқ (заттар мен материалдардың физикалық константалары мен қасиеттері туралы стандартты анықтамалы деректердің мемлекеттік қызметі) негізгі қызметтері
- •29. Қр мөж ұйымдастырушылық жұмысы: Мемлекеттік басқарма органдарының, жеке және заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерінің негізгі қызметтері
- •30. Қр мөж ұйымдастырушылық жұмысы: Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы сарапшы-аудиторлар қызметінің негізгі бағыттары
- •31. Қр мөж басқа да жүйелермен өзара əрекеті
- •32. Физикалық шамалардың өлшем бірліктері
- •48. Өлшеу құралдарының түрлері
- •51.Өқ аттестациялау
27. Қр мөж ұйымдастырушылық жұмысы: сүмқ (заттар мен
материалдардың құрамы мен қаситеттерінің стандартты үлгілерінің
мемлекеттік қызметі) негізгі қызметтері
СҮМҚ негізгі қызметтері мыналар болып табылады:
-
Стандартты үлгілерді жасау және қолдану негізінде заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің бірлігін және талап етілетін дәлдігін қамтамасыз ету;
-
СҮМҚ қызмет етуін және дамытуын қамтамасыз ету бойынша аймақаралық және салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;
-
Экономиканың стандартты үлгілерге деген сұранысын анықтау және болжау;
-
Тұтынушылар заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерін анықтау дәлдігіне қоятын талаптарын талдау және болжау жүргізу;
-
«заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандартты үлгілерінің бекітілген түрлері» бөлімі бойынша өлшем бірлігін қамтамасыз етудің Мемлекеттікжүйесінің Тізілімін жүргізу;
-
Стандартты үлгілерді жасауды, өндіруді, жүзеге асыруды және қолдануды регламенттейтін нормаларды және техникалық талаптарды белгілеу;
-
Стандартты үлгілердің түрлерін бекіту бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу;
-
Тұтынушыларды СҮМҚ анықтама ақпаратымен қамтамасыз ету;
-
СҮМҚ мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастыққа қатысу.
28. Қр мөж ұйымдастырушылық жұмысы: садмқ (заттар мен материалдардың физикалық константалары мен қасиеттері туралы стандартты анықтамалы деректердің мемлекеттік қызметі) негізгі қызметтері
САДМҚ негізгі қызметтері мыналар болып табылады:
-стандартты анықтамалы деректерді ғылымда, өндірісте және білім беруде олардың негізінде өлшем бірлігін қамтамасыз ету мақсатында әзірлеу және қолдану бойынша аймақаралық және салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;
-анық стандартты анықтамалы деректерді өнеркәсіптік өндірісте, ғылыми-техникалық қызметте, метрологияда, стандарттауда, өнімнің сәйкестігін бағалауда, коммерциялық қызметте, басқармада, адамдардың және қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қызметте қолдануды қамтамасыз ететін нормаларды, ережелерді және талаптарды әзірлеу;
-стандартты анықтамалы деректерге деген сұраныстарды анықтау және болжау;
-стандартты анықтамалы деректерді жасаудың бағдарламаларын әзірлеу және жүзеге асыру;
-стандартты анықтамалы деректер мәселелері бойынша ресми ақпараттық және анықтамалы басылымдар жүйелерін дамыту және жетілдіру;
-стандартты анықтамалы деректерді әзірлеу және қолдану мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастыққа қатысу;
-стандартты анықтамалы деректермен өнеркәсіптік, ғылыми мекемелерді және де басқа сұраныстарды қамтамасыз ету.
29. Қр мөж ұйымдастырушылық жұмысы: Мемлекеттік басқарма органдарының, жеке және заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерінің негізгі қызметтері
-қызметтің тексерілетін аясында өлшемдердің бірлігін және талап етілетін дәлдікті қамтамасыз ету;
-процестер мен қызмет көрсетулерді зерттеу, әзірлеу, өндіру, сынау, пайдалануды метрологиялық қамтамасыз ету бойынша қызметтің негізгі бағыттарын анықтау және жұмыстарды орындау;
-заңнамалықпен белгіленген метрологиялық нормалар мен ережелерді өз уақытында енгізу және сақтау;
-қолданылатын өлшем құралдарын салыстырып тексеру, калибрлеу және жөндеуді ұйымдастыру және жүргізу;
-өлшемдерді орындау әдістемелерін әзірлеу;
-нормативтік және техникалық құжаттаманы метрологиялық сараптау;
-метрологиялық бақылауды жүзеге асыру.