- •1.Механикалық қозғалыс. Механикалық жүйе. Механиканың негізгі моделі: материалдық нүкте, қатты дене, тұтас орта.
- •2.Механиканың негізгі ұғымдары: радиус-вектор, траектория, орын ауыстыру, жол.
- •3.Механиканың негізгі ұғымдары: жылдамдық, орташа жəне лездік жылдамдық.
- •4. Үдеу. Үдеудің нормал жəне тангенциал құраушылары. Толық үдеу.
- •5. Қисық сызықты қозғалыстағы жылдамдық жəне үдеу.
- •6. Айналмалы қозғалыс. Бұрыштық жылдамдық жəне бұрыштық үдеу.
- •7. Механикадағы күштер: ауырлық күші жəне дененің салмағы.
- •11.Ньютонның заңдары.
- •13. Қозғалмайтын оське қатысты қатты дененің айналмалы қозғалыс динамикасының негізгі теңдеуі. Штейнер формуласы.
- •14.Кейбір денелердің инерция моменттері: цилиндр және диск.
- •15.Механикалық жұмыс.Қуат
- •16.Кинетикалық энергия.Потенциалдық энергия
- •17.Сұйықтың қозғалысы. Стационар ағыс. Сығылмайтын сұйықтық
- •18.Ламинарлық және турбуленттік ағыс. Үзіліссіздік теңдеуі. Бернулли теңдеуі
- •20.Механикалық тербелістер. Математикалық маятник.
- •21.Серіппелі маятник.Физикалық маятник.
- •22. Толқындар. Толқынның түрлері. Толқындардың негізгі сипаттамалары. Допплер эффектісі
- •23. Мкт-негізгі теңдеуі. Температура. Молекулалардың жылулық қозғалысы
- •24.Термодинамикалық жүйе. Термодинамикалық параметрлер. Термодинамикалық процесс. Қайтымды және қайтымсыз процестер.
- •26. Идеал газ. Идеал газ күйінің теңдеуі.
- •27. Iшкi энергия. Жылу мөлшері және термодинамикалық жұмыс.
- •28.Термодинамиканың бірінші бастамасы
- •29. Изопроцесстер және олардың графиктері
- •30.Идеал газдың жылусыйымдылығы. Карно циклы. Карно теоремасы.
- •32.Тасымал құбылыстары. Жылу өткізгіштік.
- •33.Нақты (реал) газдар. Ван-дер-Ваальс теңдеуі.
- •34. Клайперон-Клаузиус теңдеуі. Күй диаграммасы. Үштік нүкте.
- •36. Электр тоғы. Тоқ күші. Тоқ тығыздығы. Электр өрісінің кернеулігі
- •37. Электр өрісіндегі өткізгіштер. Электр сыйымдылық. Конденсаторларды тізбектей жəне параллель қосу қатынасы.
- •38. Тұрақты электр тоғы. Тізбек бөлігіне, толық тізбекке арналған Ом заңы. Электр қозғаушы күш.
- •39. Джоуль-Ленц заңы. Тоқтың жұмысы мен қуаты
- •40. Металдардағы электр тогы.
- •41. Электролиттердегі электр тогы. Фарадейдің электролиз заңы.
- •42. Газдардағы жəне плазмадағы электр тоғы. Плазма туралы түсінік.
- •43. Өткізгіштердің кедергісі. Өткізгіштерді тізбектей жəне параллель қосу.
- •44. Тізбектің тармақталуы. Кирхгоф ережелері.
- •45. Магнит өрісі. Магнит индукция векторы. Лоренц күші. Ампер заңы.
- •46. Электромагниттік индукция. Өздік индукция құбылысы. Индуктивтілік. Өзара индукция. Ленц ережесі.
- •47. Заттардағы магнит өрісі. Магнетиктер түрі. Кюри температурасы.
- •48. Дыбыстық толқындар. Радиобайланыс принципі. Радиолокация.
- •49. Сәулелік оптика. Жарықтың шағылу және сыну заңдары. Толық ішкі шағылу.
- •50. Линза және оның оптикалық параметрлері. Линзаның оптикалық күші.
- •51. Жарық интерференциясы. Жарықтың дифракциясы. Ньютон сақиналары.
- •Есептеу жұмыстарын жүргізіп, толқынның жұқа қабыршақтағы жол айырымын анықтайтын формуланы табайық:
- •52. Жарық поляризациясы. Табиғи жəне поляризацияланған жарық. Малюс заңы.
- •54. Абсолют қара дененің сəуле шығару заңдары. Стефан-Больцман заңы.
- •55. Сыртқы фотоэффект. Фотондар. Комптон эффектісі.
- •56. Атомдық спектрлердегі заңдылықтар. Атом құрылысы. Бор постулаттары.
- •57. Атом ядросы. Атом ядросының құрылысы жəне сипаттамалары. Резерфорд тəжірибесі.
- •Ядролық күштер
- •Нуклондардың ядродағы байланыс энергиясы
- •59. Α ,β ,γ − сəулеленулер.
- •Радиоактивті ыдырау
- •Альфа-ыдырау
- •Бета-ыдырау
- •Гамма-ыдырау
- •60. Табиғи жəне жасанды радиоактивтік. Радиоактивтік ыдырау заңы.
- •Радиоактивті ыдырау
- •Альфа-ыдырау
- •Бета-ыдырау
- •Гамма-ыдырау
Радиоактивті ыдырау
Э. Резерфод пен П. Кюри радиоактивтік кезіндегі сәуле шығарудың табиғатын зерттеу барысында оның құрамы күрделі екенін анықтайды. Радиоактивті радий қорғасыннан жасалған калың қабатты ыдыстың ішінде орналасқан. Ыдыстың ортасында цилиндр пішінді арна бар. Ыдыстың түбіндегі радийден шыққан сәулелерге оған перпендикуляр бағытта күшті магнит өрісі әсер етеді. Арнаның қарсысында фотопластина бар. Барлық қондырғы вакуумде орналастырылған. 8.6-суретте көрсетілгендей радийден шығатын сәулелер ағыны магнит өрісінен өткеннен кейін үш шоққа бөлінген. Шоқтардың осылайша бөлінуін фотопластинадағы қарайған заттардың орындары бойынша анықтайды. Оларды сәйкесінше α (альфа)-сәуле, β (бета)-сәуле және γ (гамма)-сәуле деп атаған. α-сәуле дегеніміз — оң арядталған бөлшектер (α-бөлшек) ағыны, β-сәуле дегеніміз—өте шапшаң қозғалатын және жылдамдықтары бірдей емес теріс зарядталған бөлшектер (β-бөлшек) ағыны болып шықты. Магнит өрісінде ауытқу бұрышының әр түрлі болуы α-бөлшек пен β-бөлшектің массаларының бірдей емес екенін, әрі қарама-қарсы зарядталғанын көрсетеді. γ-сәулесі магнит өрісінде ауытқымайтын, жиілігі өте жоғары электромагниттік сәулелену кванты екен. Атом ядросының құрылысы мен құрылымына, нуклондардың байланыс энергиялары туралы мәліметтерге сүйене отырып, радиоактивті сәуле шығарудың табиғатын түсіндіру оңай. Құрамында нейтрон-дардан гөрі протондарының саны артық болатын ядро тұрақты емес, өйткені кулондық әрекеттесудің энергиясы басымырақ.
Нейтрондарының саны протондар санына қарағанда анағұрлым көбірек болатын ядроның тұрақты болмауының себебі, нейтроннық массасы протонның массасынан үлкен mn > mp . Ядроның массасының артуы оның энергиясының артуына әкеліп соғады. Артық энергиясы бар ядро осы энергияның артық бөлігін екі түрлі жолмен бөліп шығаруы мүмкін.
Механикалық, термиялық және басқа да сыртқы әсерсіз-ақ, ядро өздігінен ыдырап радиоактивті сәуле шығарады және бөліну нәтижесінде түрленіп жаңа элементтің ядросы пайда болады. Өздігінен ыдырау процесінде α-бөлшектер ядродан ұшып шықса, оны альфа-ыдырау деп атайды.
Ядро, өзінің электр зарядын бір заряд бірлігіне өзгертуі, яғни нейтронның протонға немесе протонның нейтронға айналуы арқылы тосын ыдырайды. Осы процесс ядродан электронның немесе позитронның (оң заряды бар электрон) ұшып шығуымен қабаттаса өтеді, оны бета-ыдырау дейді. Радиоактивті ядролардың өздігінен ыдырауы кезіндегі түрленуі 1913 жылы ағылшын ғалымы Ф . Содди тұжырымдаған ығысу ережесіне бағынады. Радиоактивті ыдырау кезінде электр зарядының және массалық санның сақталу заңдары, импульс пен энергияның сақталу заңдары да орындалады.
Альфа-ыдырау
α-бөлшегінің табиғатын 1908 жылы Резерфорд көптеген эксперименттік зерттеулер нәтижесінде анықтады. Альфа-ыдырауы кезінде ядродан өздігінен α-бөлшек — гелий атомының ядросы Не (екі протон және екі нейтрон) ұшып шығады және жаңа химиялық элементтің туынды ядросы пайда болады.
Альфа-ыдырау кезінде атом ядросы зарядтың саны екіге және массалық саны төртке кем туынды ядроға түрленеді. Жаңа элемент Менделеев кестесіндегі периодтық жуйенің бас жағына қарай екі орынға ығысады:
мұндағы — аналық ядроның белгісі, — туынды ядроның таңбасы. Гелий атомының ядросы болып табылатын α-бөлшек үшін белгісін пайдаландық.
Аналық ядро ыдырағанда, α-бөлшек пен туынды ядро белгілі бір кинетикалық энергиямен жан-жаққа шашырай ұшады. Кейбір ыдырауда туынды ядро қозған күйде болуы мүмкін. Ыдырау энергиясын аналық ядромен байланысқан санақ жүйесінде энергияның сақталу заңын пайдаланып есептеуге болады. Ыдырау энергиясы қозу энергиясы мен кинетикалық энергиялардың қосындысына тең. Бастапқы энергия аналық ядроның тыныштық энергиясына тең екенін ескерсек, онда
— аналық, — туынды ядролардың, — гелий атомы ядросының массалары, бұдан ыдырау энергиясын табамыз: