Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Energo okon4atelni variantizm.docx
Скачиваний:
112
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
1.16 Mб
Скачать

10. Баламалы энергия көздеріне түсінік беріңіз ?

Әлемдік экономикада парник газдардың шығарындыларын азайту қажеттілігі, жаңартылмайтын отын энергетика ресурстары қорларының азаюымен және таусылуымен, климаттың өзгеруімен байланысты экологиялық мәселелерді сипаттайтын жаһандық энергетикалық проблемаларды шешуге бағытталған жаңартылатын энергия көздерін пайдалану мәселесіне барынша көп көңіл бөлінуде.

Сараптамалық бағалау бойынша Қазақстанда жаңартылатын энергетика ресурстарының (су энергиясы, жел және күн энергиясы) әлеуетi аса маңызды және 1 трлн. кВтсағ. бағаланады.

Қазақстан аумағы үшін ең перспективалы жаңартылатын энергия көздері мыналар (ЖЭК):

• Жел энергетикасы;

• Шағын су электр станциясы;

• Электр және күн энергиясын өндіру үшін күн қондырғылары.

Министрлікпен тұрақты негізде жаңартылатын энергия көздерін пайдалануға мониторинг жүргізеді. Ағымдағы жылғы шілде айында жаңартылатын энергия көздерін пайдалануға жүргізілген мониторинг 2012 жылдың 1-ші жарты жылдығына ЖЭК объектілерімен өндірілген электр энергиясы 200,72 млн. кВт.с құрағанын көрсетті, ол 2011 жылғыдан 3,72 млн. кВтсағ.-қа немесе 1,89% көп.

Қазақстан Республикасы үдемелi индустриялық-инновациялық дамыту жөнiндегi мемлекеттiк бағдарламасы шеңберінде, 2014 жылдың қорытындысы бойынша жаңартылатын энергия көздерiнен өндірілген электр энергиясының көлемi - 1 млрд. кВт.сағ. құрауы тиіс.

Алға қойылған мақсаттарды орындау үшін энергия теңгеріміне жаңартылатын энергия көздерін тарту жолымен жетуге мүмкін. Сондықтан ЖЭК пайдалану саласындағы жобаларды іске асыру қажет болады. Электр энергетикасын дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған салалық бағдарламасына сәйкес ЖЭК пайдалану саласында бірнеше жобаларды енгізу көзделуде. Осы жобаларды іске асыру инвесторлардың өзіндік және несиелік қаражаты есебінен іске асыру көзделуде. Осыған байланысты ЖЭК пайдалануды қолдау шараларын қабылдау мақсатында Министрлік жаңартылатын энергия көздерін пайдалану саласында уәкілетті орган ретінде энергия теңгерімінде жаңартылатын энергия көздерін тарту мақсатында қажетті жағдайларды жасау бойынша жұмысты жүргізуде.Географиялық орналасуы жағынан Қазақстанның жел энергетикалық әлеуеті де жоғары, жылына 0,929-дан 1,82 млрд кВт/с-қа жетеді. БҰҰ-ның Жел энергетикасы бойынша даму бағдарламасы аясында жүргізілген зерттеулер Қазақстанның бірқатар өңірлерінде, яғни 50 мың шаршы метрге тарта аумақта желдің жылдамдығы 6 м/с-тан асатынын дәлелдеп берді. Бұл ретте, Жоңғар қақпасының жел энергетикалық ресурстары мен Балқаштың климаттық жағдайы ерекше маңызға ие. Балқаш өніріңде Сарыарқаның аңызық желі үздіксіз соғып тұрады. Жалпы, қалпына келетін дәстүрлі емес жел энергиясының келешегі зор, экологиялық таза, қоры ешуақытта сарқылмайды, әрі арзан, тиімді. Оларды пайдалану табиғат баланстарын бұзбайды. Сол себепті, еліміз 2011 жылдың наурызында Жамбыл облысында екі бірдей ірі жобаны – Жаңатас (400 МВт) және Шоқпар (200 МВт) жел энергетикалық кешенін іске асыру жұмыстарын бастады. Олардың құрылысына құйылған инвестиция көлемі 1 млрд долларға жуықтады. Сонымен қатар, 2014 жылға қарай мемлекеттің қолдауымен 51 МВт қуаттылықпен Шелек дәлізі, Жоңғар қақпасы (алғашқы кезеңде 50 МВт) аумағында, ШҚО Ұлан ауданында (24 МВт) және өзге де өңірлерде жел энергетикалық кешені құрылысын жүргізу жоспарланып отыр.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]