Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
краткий конспект лекции анимация.docx
Скачиваний:
44
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
53.71 Кб
Скачать

3. Туристердің ұлттық ерекшеліктері және олардың анимациялық бағдарламаларды жасау кезінде ескерілуі

Біздің планетамыз халық пен мәдениеттердің әртүрлілігіне бай, әрқайсысы таптырмас байлық болып табылады. Ұлттық, мәдени, тілдік және т.б. халықтың ерекшеліктерімен айналысатын ғылымды этнография деп атаймыз. «Этнография» сөзі грекиялық сөз және оның тікелей аудармасы болып «халық сипаттамасы» табылады. Бұл ғылымның негізгі зерттеу объектісі халықтар (этностар). Этнографияның негізін халықтардың күделікті өмірінің мінез құлықтық, дәстүрлі ерекшеліктері мен олардың тілімен бірігіп арнайы, этникалық әлпетін қалыптастыруы құрайды.

Этникалық ерекшеліктер ұзақ уақыт бойы қалыптасады және өзгереді. Этностың қалыптасуы мен өзгеруіне әсер етуші факторлар келесілер: географиялық орта, этникалық қоршаған орта және оның этносқа мәдени әсер етуі, атадан қалған дәстүр, дін және т.б.

Отбасылық демалысқа арналған анимациялық бағдарламалар

Қонақ үйлердің қонақтары ретінде ер адамдар да, ер адамдар да болуы мүмкін.Әдетте отбасындағы демалысты әйел адам жоспарлайды, сондықтан оларды қызықтыру өте маңызды.

Жыл сайын заманға сай әйел адамдар туристік рыноктың маңызды сегментіне айналып барады, оның себебі кезінде тек ер адамға қол жетімді табысты бүгінгі күнде әйел адамдар да алады, сондықтан олар толыққанды және сапалы демалысты қажет етеді.

Әйел адамдар гимнастиканың әр түрімен белсенді айналысады, ал ер адамдарды түрлі спорттық (футбол, үстелді теннис) немесе интеллектуальді (шахмат) жарыстар қызықтырады.

2-модуль. Туристік-анимациялық бағдарламаларды ұйымдастыру мен оны өткізу шаралары.

Лекция № 5. Мерекелік іс-шаралар

  1. Мереке түсінігі мен қызметтері

  2. Мерекелердің жіктелуі

  3. Мерекелерді өткізу тәсілдеріі

  4. Мерекелік бағдарламаларды жобалаудың алгоритмі

1.Мереке түсінігі мен қызметтері

Мереке – бір адамның құрметіне немесе бір жағдайға байланысты ұйымдастырылатын қуанышты күн. Мереке маңызды босаңсу (релаксация) қызметін атқарады.Мереке- адамның күнделікті өмірінде үзіліс жасап, қуаныш пен көңіл-күйді жақсартып, ең бастысы- адамның жеке эмоциясын көпшілік ортада сыртқа шығарады.

Мерекелеу – адам үшін мәдениеттің маңызды түрі болып саналады. Оның мағынасы терең тамыр жайған және мазмұнды болып келеді. Мерекелерге талдау жасаған кезде, олар әр кезеңге сәйкес тарихи құндылық болып саналады.

Маңызды оқиғаларды еске түсіру арқылы мереке- әдет-ғұрыптарды атадан-балаға мұра ретінде қалдырудың маңызды механизмі болып есептеледі.

Көптеген елдің тәжірибесіне келетін болсақ, мереке бұл- тек қана мейрамдату емес, сонымен қатар, тән мен жанның тынығуы, адамның өмірінің қуанышы.

Мерекенің басты қызметі – қоғамдық мәдени ықпалдастықтағы адамдар қауымдастығы. Тарихи аренадағы әртүрлі топтардың өзін -өзі танытуы көп көңіл бөлуі бекер емес. Әртүрлі мерекелер ықпалдастықтың әртүрлi түрлерiн жүзеге асырады. Кез келген деңгейдегі мерекелiк спектакль отбасылық мерекенiң түрi бойынша құрылады, сонымен бірге адамдар арасындағы ықпалдастықты күшейтуге талпыныстар жасалынады. Мысалы, басқарушыны бағынушыларға, елбасын халыққа жақындатады. Жалпы алғанда, бiр әлеуметтiк ортақтықты нығайту.