- •3. Қола дәуіріндегі Қазақстан. Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеті:
- •4. Сақтар: жазба деректері, материалдық және рухани мәдениеті, қоғамдық құрылысы.
- •5. Ұлы Жібек жолының тарихи-мәдени маңызы.
- •8. Бірінші Түрік қағанатының тарихы (552-603ж)
- •9. Көне түрік жазба ескерткіштері.
- •10.Батыс Түрік қағанатының тарихы (603-704)
- •11)Түркеш қағанатының тарихы
- •12)Қарлұқ қағанатынытың тарихы
- •13. Қимак мемлекетті: этносаяси тарихы және шаруашылығы.
- •16) Қарахан мемлекеті: этносаяси тарихы, әлеуметтік- экономикалық дамуы, мәдени өркендеуі.
- •17.Түркілердің материалдық және рухани мәдениеті 6-12ғ.Ғ
- •19.Түркі кезеңінің ғалымдары мен ойшылдары.Әбу Насыр әл-Фараби, м.Қашқари, Қожа Ахмед Йассауи, ж.Баласағұни.
- •20. Түркі кезеңінің ғалымдары мен ойшылдары.
- •23. Қазақстан Алтын Орданың құрылуы, гүлденуі және құлдырау кезеңінде.
- •24.Алтын Орда билеушілерінің мемлекеттік қызметі
- •25. Ақ Орда Қазақстанның этникалық территориясындағы алғашқы мемлекет.
- •29.13-15Ғ. Ғ Қазақстанның рухани мәдениеті.
- •30) Қазақстан территориясындағы этногенетикалық үдерістердің негізгі кезеңдерін көрсетіңіз
- •31. . «Қазақ» этнонимі
- •35.Қасым хан (1511-1518/ 1521ж) тұсындағы қазақ хандығы
- •43-44. XV-XVIII ғғ. Қазақтардың материалдық рухани мәдениетінің ерекшеліктері.
- •45. Патшалық Ресейдің Қазақстанды жаулап алуы
- •52. Патшалық Ресейдің Оңтүстік Қазақстанды жаулап алу барысы және оның салдары.
- •56. Хіх ғасырдағы Қазақстан мәдениеті
- •60. 1916 Ж.Ұлт азаттық көтерілістің себептері,барысы,нәтижесі және маңызы.
- •73) Ірі-бай шаруашылықтарын тәркілеу; саяси және экономикалық салдыры.
- •74) Қазақстандағы социолистік индустрияландырудың ерекшеліктері, нәтижелері және олқылықтары.
- •85) 1986 Жылдағы Желтоқсан көтерілісінің себептері мен салдары.
- •86) Қр Егемендігінің қалыптасу кезеңдері. Қазақ кср нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Заң.
- •96.Қр Президентінің Қазақстанның индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы.
- •97. Қазақстан Республикасындағы білім, ғылым, мәдениет және денсаулық сақтау ісінің дамуы.
- •99) Қр президенті н.Ә.Назарбаевтың қр ның тәуелсіздігін қалыптастырудағы рөлі.
- •102. «Қазақстан 2050» стратегиясы. Еліміздің жаңа саяси бағыты.
19.Түркі кезеңінің ғалымдары мен ойшылдары.Әбу Насыр әл-Фараби, м.Қашқари, Қожа Ахмед Йассауи, ж.Баласағұни.
Әл-Фараби түрік тайпасының дәулетті бір ортасынан шыққаны бізге мәлім, бұған дәлел оның толық аты жөнінде "Тархан" деген атаудың болуы. Әл-Фараби 870 жылы Сыр бойындағы Арыс өзені Сырға барып құятын өңірдегі, Фараб қаласында дүниеге келді. Фарабидің то-лық аты-жөні Әбу-Насыр Мұхаммед Иби Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан Әл-Фараби, яғни әкесі Ұзлағ, арғы атасы Тархан. Туған жері қазақтың ежелгі қаласы Отырарды арабтар Барба-Фараб деп атап кеткен, осыдан барып ол Әбунасыр Фараби, яғни Фарабтан шыққан Әбунасыр атанған. Бұл қаланың орны қазіргі Шәуілдір ауданы, Шымкент облысының территориясында. Отырар қаласы IX ғасырда тарихи қатынастар мен сауда жолдарының торабындағы аса ірі мәдениет орталығы болған. Замандастары жазған шежірелер бойынша алғанда, оның арғы аталарының есімдері таза Түркі тілінде келтіріледі.
Қожа Ахмет Йассауи (1093ж.кейбір деректерде 1103, 1041, Сайрам (Исфиджаб) —1166ж.Түркістан(Ясы))—түркі халықтарының, соның ішінде қазақ халқының, байырғы мәдениетінің тарихында айрықша орыны бар ұлы ақын, пәлсапашы. Оның ата-анасы Ибраһим Ата мен Қарашаш Ана осында тұрып, осы жерде қайтыс болған. Он жеті жасынан бастап, өзі де өлең жаза бастайды. Өз жырларын шығыс авторларынан бірінші болып, сол кездегі шойырлар секілді араб, парсы тілдерінде емес, өзінің ана тілі – түркі тілінде жазған. Иссауи шығармаларының құндылығы осында. Алла – ғашық (сүюші), мағшуқ (сүйілуші) әрі ғашықтықтың өзі болғандықтан да, ғашықтық болмыс жаратылысының ең негізгі мұраты. Бұл адам бойында махаббат, жауапкершілік сезімді, иман, т.б. асыл құндылықтарды қалыптастырады. Адам хикмет арқылы, оның нәтижелі жемістерінің негізінде ғана мәнді, мағыналы өмір, “адамша тіршілік ету өнерін” меңгере алады (қазіргі “Диуани хикмет”). Қожа Ахмет Йассауи ілімінің танымдық тірегін құрайтын адамгершілік қағидалардың өзегі – ахлақ (мораль). Ахлақ – хикметтің нәтижесінде қалыптасқан рухани құндылықтар жиыны. Адам ахлақ арқылы адамдық болмысқа, мәнге ие болады. Яғни, адам ахлақтық-рухани құндылықтарды бойына сіңіргенде ғана “шындыққа”, “жан тыныштығына” қауышады. Қожа Ахмет Йассауи ілімінде “жан тыныштығы”, “шындыққа жету” адамгершілік қасиет пен сипатқа ұласу арқылы тариқатта жүзеге асады. Аллаға қауышудың жолы қоғамға, адамға қызмет ету – тікелей ахлақтық кемелдену арқылы өтеді. Нәтижесінде рухани тазалыққа, өзін өзі меңгеруге қолы жетіп, “Кемел адам” тұрпаты қалыптасады. Қожа Ахмет Йассауи ілімінде Хаққа қызмет ету халыққа қызмет етуден басталады. Ал, халыққа, ұлтына қызмет етудің шарты – топырақ сипатты болу, нәпсіні тыю. Топырақ сипатты болып, өзін халқына арнау кемелдікті білдіреді.
Абу Рейхан аль Бируни (4.10.973)қазіргі Бируни - 13.12.1048, газни (газна), қазіргі Афганистан, орта азиат оқымысты-энциклопедші және ойшыл тәжірибелік жаратылыстану білімнің негізін қалаушылардың бірі, ғылым мен діннің шекарасын ажыратуды қарастырды. білім таратудың жақтаушысы,б.ғылым мен ағартушылық халықтарды дөрекіліктен, кедейліктен босатады деп ойлады.ол оқыту мен тәрбие жұмысын ізгілік ойлау қасиеттерін қалыптастыру-бақытқа жету амалы деп санады.Ол нашар мінез-құлықты тәрбиелеу арқылы түзетуге болады деді. Араб тілдерінде жазылған көптеген табиғи-ғылыми шығармалардың авторы,(30 түрі сақталды).Математика, астрономия, география және басқа ғылымдар негізінде жазылған «Жұлдыздар жайлы» кітабы (араб, парсы тілдерінде) бірнеше ғасырлар бойы медреседелерде оқу құралдары болып пайдаланылды. Оқыту тәжірибесіне математикалық және астрономиялық мәселелерді енгізді. Өз еңбектерімен қатар ол Птоломей, Эвклидтің кейбір шығармаларын санскритке аударды. Индияда Бируни («Индия» еңбегіндегі) педагогика тарихын оқытуға ынта білдіруде. Орта Азия көшпелі тайпаларының батысқа, Шығыс Еуропаға дейін қоныс аударулары, Қазақстан географиясы, оны мекендеген түркі тайпалары, олардың әдет-ғұрпы, салт-жоралғылары жөнінде құнды деректер беріледі.