Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
философия семинар сабатары.doc
Скачиваний:
40
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
118.78 Кб
Скачать

3 Сабақ. Антика философиясы

  1. Милет мектебі мен Пифагор философиясындағы Алғашқы бастау проблемасы. Демокрит пен Левкипптің атомистикасы.

  2. Софистер мен Сократ философиясындағы адам проблемасы.

  3. Платон және Аристотель философиясы.

  4. Эллинизм философиясы.

Әдебиет:

  1. Нысанбаев Ә., Әбжанов Т. Қысқаша философия тарихы. Алматы, 1999.

  2. Интернет: www.philosophy.ru

Сабақтың мақсаты: Философия ғылымының бастауы болып табылатын көне Греция философиясының жалпы мазмұнын ашу, негізгі өкілдерінің көзқарастарын игеру.

Тақырыпты зерттеу барысында келесі аспектілерге назар аудару қажет:

Милет мектебі – антика философиясының пайда болу ошағы. Бардың Алғашқы бастауының іздеу. Пифагор, оның сан және өлшемдестік туралы ілімі. Демокриттің болмыс пен бейболмысты бөлуі.

Софистердің риторикасы. Сократтың этикалық философиясы, адамгершіліктік ұғымдарды анықтау.

Платон мен Аристотель философиясы – грек философиясының ең биік дамуы.

Грек демократиясының б.д.д. IV ғасырдың соңындағы дағдарысы. Эллинистік философиясының және оның негізгі ағымдары стоицизм мен эпикуризмнің пайда болуы. Стоицизм идеалдары – сабырлылық және тыныштық. Эпикур: рухани тұрақтылықтың гедонистік этикасы.

4-5 сабақтар. Орта ғасырлардағы христиан және ислам философиясы

  1. Орта ғасыр философиясы дамуының кезеңдері. Аврелий Августин Фома Аквинский ілімдері.

  2. Реализм және номинализм: универсалийлер проблемасы.

  3. Әл Кинди, әл Фараби, ибн Сина, ибн Рушд перипатетизмі.

  4. Әл ғазали және арабтілді философиясының теологиялық дамуы.

Әдебиет:

  1. Есім Ғ. Фалсафа тарихы. Алматы, 2000.

  2. Кішібеков Д., Сыдықов Ұ. Философия. Алматы, 2004.

  3. Алтаев Ж., Ғабитов Т. Философия және мәдениеттану. Алматы, 2001.

Сабақтың мақсаты: Орта ғасырдағы Батыс және Шығыс философиясының ерекшеліктерін, зерттеу мәселелерін талқылау.

Семинар сұрақтарына дайындалу кезінде келесі аспектілерге назар аудару керек:

Орта ғасырлық христиандық философия: Інжілдің діни-философиялық идеялары және антика философтардың ілімдері ортағасыр христиан философиясының негізі ретінде.

Августин Аврелий ілімі: Құдай туралы, екінші реалдылықретіндегі дүние туралы және тағдыр туралы.

Фома Аквинский: Құдай болмысының бес дәлелі. Философияны діни ілім ретінде түсіну.

Ортағасырлық мұсылман философиясы. Философия тарихын зерттеудегі европойентристікті жеңу. Мұсылман елдеріндегі мәдениет пен дін.

Әл Кинди және арабтілді философияның бастауы. Ибн синаның таным теориясы. Ибн рушд: дін, теология және философия; ақылдың діннен басымдылығы. Латын аввероизмі.

Әл Ғазали: мұсылмандық теология. Ақиқатты іздеу, Аристотелизмді сынау, теология мен суфизмді татуластыру.

6 Сабақ. Қайта өрлеу дәуірі философиясы

  1. Антропоцентризм және гуманизм – Ренессанс философиясының негізгі белгілері. Адам мәселесінің Қайта Өркендеу өнерінде бейнеленуі.

  2. Ортағасылық ойлаудан Ренессансқа өту: Э.Роттердамский, М.Монтень, Н.Кузанский.

  3. Қайта Өркендеу дәуіріндегі ғылым: Н.Коперник, Д.Бруно, Г.Галилей.

  4. Ренессанс дәуіріндегі әлеуметтік-саяси философия: Н.Макиавелли, Т. Мор, Т.Кампанелла.

Әдебиет:

  1. Кішібеков Д., Сыдықов Ұ. Философия. Алматы, 2004.

  2. Алтаев Ж., Ғабитов Т. Философия және мәдениеттану. Алматы, 2001.

Сабақтың мақсаты: Ренессанс философиясының маңызын түсіну, негізгі философиялық, ғылыми және әлеуметтік идеяларын талдау.

Тақырыпты игеру барысында мына мәселелерге назар аудару қажет:

Қайта өркендеу философиясының ерекшеліктері мен айырмашылықтарын Ренессанс философиясын Орта ғасыр философиясымен салыстыра отырып талдау. Ренессанс және адамның асқақтатылуы. Адам – өзін-өзі жасаушы және әлемді игеруші.

Э.Роттердамскийдің “Ақымақты мадақтау!, М.Монтеньнің “Тәжірибелер” еңбектеріндегі адам еркіндігі идеясы.

Қайта Өркендеу дәуіріндегі ғылым және оның жаңа ойлауды қалыптастырудағы рөлі.