шебер дайын
.doc$$$001 Стиль ұғымы ежелгі грек тілінен аударғанда қандай мағына береді?
A) тақтаға сурет салып, сөзжазу үшін жұмсалатын таяқша
$$$002 Стилистика нені зерттейді?
D) стильді зерттейді
$$$003 Журналистің жеке стилі дегеніміз не?
B) оқырманына белгілі бір ойды жеткізудегіәр автордың өзіне тән тәсіл, шеберлігі
$$$004 Баспасөздің тілі, стилі дегеніміз не?
A) белгілі бір ойды баяндау, істің мән-сырын дәл, терең түсіндіру
$$$005 «Стиль қалыптасуының үш кезеңі бар:1.өзінен бұрынғы үлгіге жалаң еліктеумен жүрген шақ 2.мәнер, машық тапқан тұс 3.ешкімге ұқсамайтын өзгеше стиль белгілеген кез»-,деп айтқан ұлы ақын кім?
B) Гете
$$$006 Алғашқы қазақ газеттерінің тілі деген кітаптің авторы кім?
C) Б.Әбілқасымов
$$$007 «Қазақ тілінде бұрын болмаған қоғамдық-публицистикалық ресми іс қағаздары стильдері қалыптасты.Ғылыми стильдің алғашқы негізі қаланды»,-деп Б.Әбілқасымов қай басылымдар туралы айтып отыр?
E) ТУГ, ДУГ
$$$008 «Түркістан уәлаяты» басылымы үнемі қолданған стиль?
E) ресми іс қағаздары стилі
$$$009 «Түркістан уәлаяты» басылымында жарияланған бұйрық-жарлықтардың стилі қандай?
A) ресми
$$$010 «Дала уәлаяты» басылымында жарық көрген танымдық материалдардың стилі қандай?
B) ғылыми
$$$011 «Негізі әлі ойланып жүрм, расында да мен бір деме жаза алам ба? - деген сұрақ көкейімде тұрады да қоят…» деген сөйлем қай стильде жазылған?
C) ауызекі сөйлеу стилі
$$$012 Стильдер жүйесін стилистиканың қай саласы зерттейді?
B) функционалдық
$$$013 «Жалпы айтқанда, жазылған нәрсе оқуға да жеңіл, сөйлеуге де ыңғайлы болуы керек, қысқасы, жазу стилі-ең дәл стиль»-,деп айтқан ғұлама кім?
D) Аристотель
$$$014 «Стильдің бағалылығы-анықтығында.Өйткені, сөйлеген сөз анық болмаса, сөйлеуші өзінің көздеген нысаынасына жете алмайды»-, деген ғұлама кім?
C) Аристотель
$$$015 «Қай ақын-жазушының болсын стилі оның жан сырымен тығыз байланысты, стиліне қарап, оның жанын көре алады, форманы зерттеу арқылы оның терең мазмұнына бойлайды»
B) орыстың белгілі ақыны А.Блок
$$$016 Абай «Болыс болдым мінеки» деген өлеңінде қандай әдіс-тәсілді пайдаланған?
A) әшкерелеушілік
$$$017 «Сөз дұрыс айтылу үшін үш шарт орындалуы керек: 1.сөзге жалғау,жұрнақты өз орнына тұтыну; 2.сөзді дұрыс септеу,көптеу,дүрыс ымыраластыру керек; 3.сөйлемдерді бір-біріне дұрыс орайластырып, дұрыс құрмаластыру, дұрыс орналастыру»-,деп айтқан қазақ ойшылы кім?
E) Ахмет Байтұрсынұлы
$$$018 «Тіл тазалығы дегеніміз-ана тілдің сөзін басқа тілдің сөзімен шұбарламау, басқа тілден сөз тұтыну қажет болса, жұртқа сіңісіп, құлақтарына үйір болған, мағынасы халыққа түсінікті сөздерді алу»-,деп А.Байтұрсынұлы қай еңбегінде жазған?
E) Әдебиет танытқыш
$$$019 «Тіл дәлдігі деп ойлаған ұғымға сөз мағынасы сәйкес келуі айтылады. Ұғымға сөз дәл келу үшін сөздің мағынасын дұрыс айыра білу керек. Тіл дәлдігін бұзатын көбінесе әуендес сөздер»-,деп А.Байтұрсынұлы жазады Сондағы әуендес сөздер дегеніміз не?
B) мағынасы жақын сөздер
$$$020 «... әлеуметке басшылық есебінде айтылатын сөз болғандықтанжұрт ісіне ісіне мәнісі зор болады. Басшылығы дұрыс болса,әлеуметті түзейді.Теріс басшылық қылса, әлеуметті адастырады» деп А.Байтұрсынұлы қандай сөз туралы айтқан?
D) көсем сөз
$$$021 Көсем сөздің шешен сөзден айырмашылығы неде?
C) жазумен айтылады
$$$022 Публицистика тіліне тән стильдік белгілердің бірін көрсетіңіз:
C) аналитикалық тәсілді пайдалануы
$$$023 Әлеуметтік, мәдени, экономикалық мәселелерге байланысты материалдар жиынтығын танытатын стиль түрі:
B) қоғамдық-публицистикалық стиль
$$$024 «Газеттің тілі мен стиліне қойылатын үш талап бар»-,Т.Қожакеев дейді.
A) 1.Сөз ұғынықты 2.Тартымды 3.Қысқа болу керек
$$$025 «Ой айқын болмаса, оны түсіндіретін сөз де ұғымсыз болады»деп айтқан орыс сыншысы:
C) В.Белинсий
$$$026 М.Ломоносовтың негізгі еңбектеріне тән стиль түрі:
B) ғылыми
$$$027 А.Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқыш» еңбегініңы стилі қандай?
C) ғылыми
$$$028 Ә.Бөкейханның «Қой шаруашылығы» атты еңбегінің стилі қандай?
D) ғылыми
$$$029 Шоқанның «Жоңғария сапары» еңбегінің стилі қандай?
B) публицистикалық
$$$030 М.Жұмабаевтың «Педагогика» еңбегінің стилі қандай?
E) ғылыми
$$$031 Белгілі бір уақиғаға байланысты тапқырлықпен, көркем тілмен айтылған және жұртшылық қабылдап, елге тараған белгілі,үлгілі ойлар, тұжырымдар дегеніміз не?
A) шешендік сөздер
$$$032 Ағайынның мүддесін қорғайтын, қауымның әдет-ғұрпына жетік, ойға жүйрік, сөзге шебер адамдарды халық кім деп атаған?
B) би
$$$033 Қазақтың шешендік сөздерін жинап, бағалаған орыс ғалымы кім?
A) В.Радлов
$$$034 Ы.Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясына» енген шығарманы көрсетіңіз:
B) Жиренше шешен
$$$035 1927 жылы Ташкентте М.Әуезов «Әдебиет тарихы» кітабын шығарады. Ол кітапта шешендік өнер туралы тарау қалай аталады?
C) Билер айтысы
$$$036 1932 жылы шыққан С.Сейфуллиннің «Қазақ әдебиеті» оқулығында шешендік өнер туралы тарау қалай аталады?
B) Билердің сөздері
$$$037 Қазақтың байырғы тұрмысында жер дауын кім шешкен?
C) билер
$$$038 Қазақтың байырғы тұрмысында жесір дауын кім шешкен?
A) билер
$$$039 Қазақтың байырғы тұрмысында құн дауын кім шешкен?
B) билер
$$$040 Қазақтың байырғы тұрмысында ар дауын кім шешкен?
A) билер
$$$041 Сен темір де мен көмір,
Еріткелі келгенмін.
Екі еліктің баласын,
Теліткелі келгенмін-,деп халықтық дауды шешкен кім?
D) Қаз дауысты Қазыбек
$$$042 Адамдар арасындағы қарым-қатынасты көрсететін арнаудың түрі:
C) шешендік арнау
$$$043 Халықтық философиялық көзқарасты көрсететін толғау түрі:
B) шешендік толғау
$$$044 Хан емессің қасқырсың,
Хас албасты басқырсың-,деген өлең жолдарында қолданылған тәсіл:
A) әшкерелеу
$$$045 Қай ғалымның жазғандарын мойындамаған Третьяковский «Өлеңге төменгі тіл кіріп кетті»,-деген:
D) Ломоносовтың
$$$046 «Дала уәлаяты» басылымында жарық көрген «Жер, күн, жұлдыздар турасының баяны»деген материалдың стилі қандай?
A) ғылыми көпшілік
$$$047 «Дала уәлаяты» басылымында жарық көрген «Табылған ескі нәрселер»деген материалдың стилі қандай?
B) ғылыми көпшілік
$$$048 «Дала уәлаяты» басылымында жарық көрген «Ағаш медресесі»деген материалдың стилі қандай?
C) ғылыми көпшілік
$$$049 «Дала уәлаяты» басылымында жарық көрген «Қытай һәм оның халқы»деген материалдың стилі қандай?
B) ғылыми көпшілік
$$$050 «Дала уәлаяты» басылымында жарық көрген «Бұйрықтар»деген материалдың стилі қандай?
B) ресми
$$$051 «Дала уәлаяты» басылымында жарық көрген «Каспийден Самарқанға дейін»деген материалдың стилі қандай?
A) ғылыми көпшілік
$$$052 «Дала уәлаяты» басылымында жарық көрген «Асанқайғы»деген материалдың стилі қандай?
D) көркем
$$$053 «Дала уәлаяты» басылымында жарық көрген «Трахома деген жаман көз ауруы» деген материалдың стилі қандай?
A) ғылыми
$$$054 «Дала уәлаяты» басылымында жарық көрген «Бақсылар диуаналар» деген материалдың стилі қандай?
E) публицистикалық
$$$055 «Түркістан уәлаяты» басылымында жарық көрген «Сиам егіздері» деген материалдың стилі қандай?
A) ғылыми
$$$056 «Дала уәлаяты» басылымында жарық көрген «Қытай жылнамасында Мұхамед пайғамбарды қалай сөйлетті» деген материалдың стилі қандай?
A) ғылыми
$$$057 «Қазақ» басылымында жарық көрген «Қазақ өкпесі» деген материалдың стилі қандай?
E) публицистикалық
$$$058 «Айқап» басылымында жарық көрген «Екі қыздың мұңы» деген материалдың стилі қандай?
D) көркем
$$$059 «Қазақ» басылымында жарық көрген «Роман бәйгесі» деген материалдың стилі қандай?
A) ғылыми
$$$060 «Айқап» басылымында жарық көрген «Дала, қала» деген материалдың стилі қандай?
D) көркем
$$$061 Проблемалық телеинтервьюдің (дискуссияның) мақсаты:
B) Түрлі көзқарастар арқылы мәселенің шешілу жолын анықтау.
$$$062 Суреттеме үшін басты қасиет:
D) Бейнелілік.
$$$063 60-жылдардың аяғында Қазақ телевизиясындағы “Соңғы жаңалықтар” бағдарламасының атауы қалай өзгерді:
A) “Жаңалықтар панорамасы”.
$$$064 Ақпарат беруден гөрі образдылық басым тележурналистиканың жанры:
C) Суреттеме.
$$$065 “Дөңгелек стол” басындағы әңгіменің жүргізушісі, оған дұрыс бағыт беріп, пікір алмасуға себепкер журналист:
A) Модератор.
$$$066 Формат дегеніміз не:
C) Телехабардың тұрақты сипаты.
$$$067 Үш “К” әрпіне (“Контакт”, “Корни”, “Карнавал”) негізделген 5 сағаттық хабарлауды ұйымдастырған:
A) “Мир” компаниясы.
$$$068 Телевизия тіліне қойылатын басты талап:
A) Қарапайымдылық, ұғынықтылық.
$$$069 Телесуреттеме жанрының басты қасиеті:
B) Көркемдік, бейнелілік.
$$$070 Телевизия арқылы маңызды қоғамдық-саяси оқиғаны саралауды көздейтін жанр:
C) Телекомментарий.
$$$071 Болашақ телетуындының бейнелеу және дыбыстық шешімін қағазға түсіру:
D) Сценарий.
$$$072 Хабарды жүргізушіден басқа, өмірінде белгілі бір әрекетімен, өнерімен, ісімен ерекшеленетін адамдардың қатысуымен, көпшілік көрерменнің көз алдында жүретін телевизиялық бағдарлама:
C) Ток-шоу.
$$$073 Журналистің қолтаңбасы хабар сапасынан байқалып тұратын видеозаметка түрі:
B) Сценарийлік, авторлық.
$$$074 Есептің тақырыбы:
D) Әлеуметтік немесе мемлекеттік маңызды оқиға жөнінде ресми хабар беру.
$$$075 Пікірталас, “дөңгелек үстел” жүргізушісі:
A) Модератор.
$$$076 Титрдегі “креативті продюсер” жазуы нені білдіреді:
D) Шығармашылық үшін жауапты.
$$$077 Телевизиядағы ең бұқаралық және көп қырлы, жеделдікті қажет ететін мамандық:
A) Репортер.
$$$078 Батыс журналистикасында “факт – киелі, ал - …. еркін” деген қанатты сөз бар. Әңгіме не жөнінде:
C) Комментарий.
$$$079 Логика, темперамент, актерлік қабілет бұл маман үшін өте керек:
E) Комментатор.
$$$080 Мына анықтама кім жөнінде: “Жеке телебағдарлама жүргізетін, видеоматериалды көрсете отырып, өз пікірін білдіретін, кейде студия қонағымен әңгімеге де жүгінетін белгілі бір салада маманданған журналист (немесе басқа мамандық иесі)”:
B) Шолушы.
$$$081 Адрестік (анкеталық) сұрақтардың қажеттілігі:
B) Кейіпкердің биографиясын білу үшін.
$$$082 Бейнелеу өнерінен ауысып, алғашында фигураны қысқартып, кішірейтіп беруді білдірген термин:
A) Ракурс.
$$$083 “Өрт сөндірушінің бір күні” фильмінде қолданылған монтаж түрі:
C) Техникалық.
$$$084 Кадр құрамындағы бір сәттік фотографиялардың әрқайсысы қалай аталады:
E) Кадрик.
$$$085 Оқиғаның драмалық шиеленісуін бейнелеуде қолданылатын монтаж түрі:
B) Параллельдік.
$$$086 “Вторая русская революция” (1990) деректі фильмдер циклы қай ел телевизиясының өнімі:
A) Англия.
$$$087 Интервью барысында адамды әңгімеге тарту үшін қойылатын жеңіл, тіпті күлкілі сұрақтар телевизия тәжірибесінде қалай аталады:
D) Контактілік (байланыстық).
$$$088 Интервьюдің кейіпкер тұлғасын ашуға, әлеуметтік, психологиялық мінездемесін беруге бағытталған ерекше типі:
A) Интервью-портрет.
$$$089 Қазақстан Магниткасы, Бұқтырма ГЭС-і, т.б. өндіріс орындарына қай кезеңнің ақпараттық телебағдарлама айдары арналушы еді:
C) 1960 жылдар.
$$$090 Телевизиядағы “қонақ күтуші”:
B) Модератор.
$$$091 «Варваризм» терминін грек тілінен аударғанда қандай мағына білдіреді?
A) дөрекі, бөтендікі
$$$092 Лингвистикада варваризм негізінен неше мағынада қолданылынады?
C) үш
$$$093 Төмендегі анықтамалар ішінен варваризмге қайшы келетін жауабын көрсетіңіз:
B) ана тіліміздің нормасына сай икемделген, басқа тілден еңген сөздер
$$$094 Өзге тілдік кірме элементтер дегенге қай тілден еңген тілдік бірліктер жатады?
C) орыс тілінен
$$$095 Орыс тілі элементтерін орынсыз қыстырмалап сөйлеудің кемшілігі туралы өз пікірін білдірген профессор
E) М. Серғалиев
$$$096 Алғашқы және «Қазақ» газеттеріндегі орыс тілі элементтерінің қолданылу себептерінін бірі
E) сол кездегі жаңа ұғым, түсінік атауларының қолданыста болмауы
$$$097 Варваризм көріністері қай басылымда анық байқалуда?
D) «Жас алашта»
$$$098 Қала халқы орыс тілін еркін меңгеріп қана қоймай, кейде жетегінде кетіп отырған дағдайда қандай мәселе туындайды?
D) «қала тілі»
$$$099 Бөтен тіл иесінің ұлттық, жергілікті, өзіне ғана тән ерекшелігін айқын танытатын құралдың бірі
B) экзотикалық лексика
$$$100 Билингивизмдер қазақ газеттерінің атрибуттарының біріне айналып бара жатуы нені көрсетеді?
E) тіларалық қарым – қатынас нәтижелерінің көрінісі
$$$101 Билингивизмнің көрінісін қайдан байқауға болады?
A) мақал – мәтел қолданысынан
$$$102. Сөйлеу тілі нешеге бөлінеді?
B) үшке
$$$103 «Ресей премьер – министрі Е.Примаковтың басы қататын кез таяп қалды.»(Жас алаш.,20.01.99.) деген сөйлемдегі «басы қататын» деген сөз тіркесін қай сөзбен ауыстырса, дұрыс болады?
C) «әуре –сарсаңға түсетін кезі»
$$$104 «Бұрын мұндай кездесулерде шетел тұрмақ өз елімізде орысша сөйлейтін Қ. Кемелұлы қазақша ызғытып тұр.» (Жас алаш.,18.03.99.) деген сөйлемдегі қарамен белгіленген сөзді қалай ауыстырса, дұрыс болады?
D) сөйлеп тұр
$$$105 Ғалымдар Г.Сұмағұлова және С.Исаеваның еңбектерінде нені жан – жақты қарастырған?
E) фразеологизмдердің форма жағынан өзгеріске ұшырауын
$$$106 Фразеологизмдердің нормасы қандай екі тұрғыда қарауды қажет етеді?
E) форма және мазмұн
$$$107 «Қолөнер шебері Л. Тайтелиева көз майын тауысып, көз жауын ұрлайтындай қылып тоқыған әдемі кілем...» (АА.,02.04.99.) мысалындағы фразеологиялық тіркестің дұрыс нұсқасы
E) көз жауын алу
$$$108 «Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай» тіркесін «қабағанға қаптырмай, тебегенге тептірмей» (ЕҚ., 14.04.99) деп өзгерту нені білдіреді?
A) тіл нормасының өрескел бұзылуы
$$$109 «Урбанизация» процесі неге ықпал етеді?
E) диалектілік ерекшеліктердің жойылуына
$$$110 «Тілдің өмір сүруінің ең жоғарғы формасы» -
B) әдеби тіл
$$$111 Тіл мәдениетінің бүкіл болмысымен көрінетін жері
D) баспасөз
$$$112 Ғалым Р.Сыздықова әдеби тілдің сөздік құрамын толықтыруға әуелеті жетеді деп бағалаған сөздер
D) диалекті сөздер
$$$113 Әдеби тіл деңгейіне көтеріле алмаған жалпыхалықтық сипаттағы сөздер
E) кәсіби сөздер
$$$114 Газет тілі арқылы қалыптасқан, тілімізге әбден сіңіп, халыққа түсінікті дәрежеге жеткен, әлеуеттілік танытқан диалект сөздердің бірі
C) егемен
$$$115 Тіл мәдениеті нешеге бөлінеді?
D) екіге
$$$116 «Оңтүстік Қазақстан» газетіндегі «үстірт жақсарту» диалектісінің мағынасы
E) тез жақсарту
$$$117 Тарихи жағынан әбден қалыптасқан, өзгертуге келмейтін, бәрі жабылып бір ғана мағына беретін сөз және сөз тіркестері
A) тұрақты тіркестер
$$$118 «Екі көзі төрт болу» тұрақты сөз тіркесінің мағынасы
E) қорқу
$$$119 Қазақ тілін соңғы екі ғасыр орыс және қазақ ғалымдары қалай зерттеді?
A) күрделі құбылыс
$$$120 «Сымды орау» аталғандардың қайсысыеа жатады?
A) меңгеру
$$$121 Қазіргі кезде баспасөз бетінде онша көп қолданыла бермейтін, кезінде жетекші жанр болып есептелген
C) бас мақала
$$$122 Жаңалық берудің ең қарапайым түрі
A) хроникалық заметка
$$$123 Репортаждағы басты мақсат
C) оқиғаны елестету, суреттеу
$$$124 «Дала уәлаяты» басылымында жарық көрген «Әйел» атты материалдың жанры
D) проблемалық мақала
$$$125 «Дала уәлаяты» басылымында жарық көрген ««Әйел» атты мақала туралы» материалдың жанры
D) полемикалық мақала
$$$126 Зерттеуші –ғалымдардың дәлелдеуі бойынша, корреспонденция қай жанрға жақын және қай стильде жазылады?
D) репортаж, баяндау
$$$127 Алдыңғы айтылған жайларға қорытынды, түйін жасау арқылы аяқтау. Бұл -
B) түйінді түйіндеу
$$$128 Публицистикалық жанр ретінде танымал оқиғаны, болған құбылысты осы оқиғаның басты кейіпкерін образды түрде суреттейді.
E) очерк
$$$129 Очерктің қай түрінде әлеуметтік, экономикалық, саяси өміріміздегі моральдық тұрмысымыздың өмір – салтындағы жаңалықтардың күн тәртібіне қойылып, шешілуін талап ететін проблемалық сұрақтарды көтереді?
B) проблемалық – аналитикалық
$$$130 Болған оқиға, орын алған фактімен оперативті түрде жазылатын очерк түрі
D) суреттеме
$$$131 Очерктің басты объектісі -
A) адам, оның өмір сүріп отырған ортасы
$$$132 Әңгіме, новелла жанрының шебері әрі көркем очерктің ұстасы
A) Ғ.Мүсірепов
$$$133 Очерктің өңін қашыратын әдіс
E) цифрды орынсыз қолдану
$$$134 Өмірдің нақты фактілерімен үгіттеу, озаттардың тәжірибесі мен үлгісін көпшілік игілігіне айналдыру очерктің қай түріне тән мақсат?
C) газет
$$$135 1942, 1968, 1984 жылдар аралығындағы қабылданған баспасөздің тілі, стилі туралы қаулылардағы басты талап -
B) қысқалық, ықшамдылық
$$$136 Баспасөздің тілі мен стиліне қойылатын талаптар нешеу?
D) 10
$$$137 Cөз көркемдігінің нысанасы
D) айқындылық
$$$138 Автор әр нәрсені жаза отырып, не істей білуі қажет?
A) қорытынды жасай білу
$$$139 Журналистердің күрделі мәселелерге бара алмай, нақтылы жазбау себебі
C) оқиғаның басында болмай, сырттан долбарлауы
$$$140 «Очеркист ой қосуға бара алады, бірақ ол ақиқат фактіні бұрмаламайтын болсын, фактіге залалы тимеу керек» деген кім?
B) М. Горький
$$$141 Сөйлеушінің, жазушының еркіндігіндегі нәрсеге жатпайды
E) сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі
$$$142 Сөйлемді құруға негіз болатын бас мүше
D) баяндауыш
$$$143 Бір сөйлемде қанша сөз болған дұрыс? Егер одан артық болса, оқырман ұғымына ауыр тиеді.
C) 29 сөз
$$$144 «Полемика» ұғымы нені білдіреді?
C) «ойыңды мәдениетті әрі нақты жеткізу»
$$$145 Ой –пікірді дәл беру -
A) әр сөздің мағынасын жақсы білу
$$$146 Баспасөздің тілі мен стиліне қойылатын талаптың бесіншісі
A) тіл шұбарлығына жол бермеу
$$$147 Баспасөздің тілі мен стилін қандай сөздерді қолдану арқылы да әсерлі етуге болады?
B) афоризмдер
$$$148 Газет тілін әсерлі етудің екінші жолы
B) сөйлемді инверсиямен құру
$$$149 Өмірдің белгілі бір саласында қолданылып, тарихи қалыптасқан тілдік құралдардың жүйесі
D) стиль
$$$150 Тілдің шеберлік сипатын білдіретін тілдік әдіс-тәсілдерді неше топқа бөлуге болады?
E) 2
$$$151 Қазақтың сатиралық журналы:
C) Шаншар
$$$152 Сатира жанрын зерттеуші публицист ғалым:
A) Т.Қожакеев
$$$153 Сатира неден туындайды?
A) қарама- қайшылықтың бірлігінен туындайды
$$$154 Сатираны « өмірдің жағымсыз құбылыстарын күлкілі, келемеж түрінде көрсететін әшкерелеуші әдеби шығарма» деген кім?
A) Д.Н. Ушаков
$$$155 Ғ. Мүсіреповтың «Оянған өлкесінде» кімдердің төңірегінде сатира жүреді?
B) Жұманбай, Күреңкөз қажы
$$$156 Сатира, юмор атаулының басты жауы
B) жалтақтық
$$$157 Сатира нысанасы
A) Жағымсыз болмыс
$$$158 Сатираға, юморға көркемдікті, уыттылықты не береді?
B) тапқырлық
$$$159 Кер кетіп тұрып кекету, жіңішкелеп отырып кекету, парасатсыз адам сезбейтін етіп кекетуге не жатады?
D) Ирония
$$$160 Сатиралық эпиграммалар қалай жазылады?
D) жағымсыз, әшкерелемеуге болмайтын нәрсеге діттеліп жазылады
$$$161 Асқар Тоқмағанбектовтың «Көңілсіз көріністері» сықақ өлеңдердің қай түріне жатады?
E) сатиралық шолу
$$$162 Сатираның көркем – пубдицистикалық жанрына жатады?
A) фельетон
$$$163 Фельетонды қаулы үлгісімен жазуды тәжірибеге алғаш еңгізген кім?
D) І. Жансүгіорв
$$$164 «Памфлет» атауы нені білдіреді?
A) «Бәрін күйдіремін, жандырамын»
$$$165 XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі памфлет үлгісін атаңыз
E) С.Дөнентаев «Бозторғай»
$$$166 Әдебиетте қиын процесс болып саналатын сатиралық романның алғашқы үлгісі қалай аталады?
D) «Он екі орындық»
$$$167 Қазақ әдебиетінің тарихында кімнің сатирасы туралы айтылады?
A) Шернияз Жарылқасұлы
$$$168 Сын – сықаққа өте бай, шешендік өнердің бір саласы
D) мақал – мәтел
$$$169 Алдакөрсе жайында «Алдар аты – күлкі аты, күлкіге өлім жоқ. Қазақ аңызыңда Алдардың туысы айтылмаса, өлімінің де айтылмайтын мәні осыдан...Күлкі - өлмес елдің өшпес күші» деген кім?
B) М. Әуезов
$$$170 «Алпамыс батыр» жырындағы сатиралық кейіпкерді көрсетіңіз
C) Ұлтан
$$$171 Абай дәуіріне қарай қазақ сатирасының көтерілуіне себеп болған төмендегі жағдайлар ішінен бұрысын табыңыз:
A) қоғамда белең алған дертті өткір сынағаннан
$$$172 Абайдың сатиралық өлеңдерінің бір тобы кімдерге арналған?
E) Ұнамсыз мінез –құлықты жеке адамдарға
$$$173 Қазақ әдебиетінде мысал жанрын Дулаттан кейінгі дамытқан ақын
B) М. Сұлтанқожаұлы
$$$174 XX ғасыр басындағы қазақ сатирасын дамытуға елеулі үлес қосқандар
A) шығыс поэзиясының дәстүрімен нәрленген шайырлар
$$$175 Қай уақыттан бастап «Айқап» журналы «фельетон» деген рубрикамен материалдар жариялай бастады?
A) 1912 жылы
$$$176 Қазақ кеңес сатирасының қалыптасу жылдары
E) 1917- 1920
$$$177 Б. Майлин сатирасындағы ең басты ерекшелік
B) оперативтілік
$$$178 1938 -1952 жылдар аралығында қазақ кеңес сатирасы өзіне тән сипаттаор тапты. Соғыс алдында қандай келелі тақырыптар көтерген болатын?
D) мораль, этика, еңбек
$$$179 Тақырып ауқымының мейлінше кеңдігі қай қазақ сатиригінің шығармаларына тән?
C) А. Тоқмағанбетов
$$$180 Сатираға тән анықтама
E) «үлкейткіш әйнек»
$$$181 «Түркістан солай туған» очеркінің авторы.
E) М.Әуезов
$$$182 «Очерк» жанрын алғаш зерттеуші қазақ ғалымы.
D) Т.Ыдырысов
$$$183 «Жоңғария очеркінің » авторы
E) Ш.Уәлиханов
$$$184 «Куба әсерлері» очеркінің авторы.
B) Б.Момышұлы
$$$185 «Мысыр сапары» жол сапар очеркінің авторы.
D) М.Қаратаев
$$$186 «Адам ата шоқысында» очеркінің авторы
C) С.Мұқанов
$$$187 « Париж көріністері» жол- сапар очеркінің авторы:
A) Х.Есенжанов
$$$188 “Мынау тұрған Монғолия » очеркінің авторы
C) С.Шарипов
$$$189 «Ежелгі елдің жігіт шағы» жол сапар очеркінің авторы.
D) Ж.Молдағалиев
$$$190 «Елу миль сумен құрлықпен” очеркінің авторы:
C) Ә.Әлімжанов
$$$191 Қазақ очеркінің қалыптасуы, дамуы ғылыми зерттеу кітабының авторы.
D) М.Шындалиева
$$$192 «Сұлтанмахмұт Торайғырұлы» тарихи – танымдық очеркінің авторы.
D) Ғ.Мүсірепов
$$$193 «Индия очерктерін» жазған публицист қаламгер.
D) М. Әуезов
$$$194 «Америка әсерлері» очеркінің авторы.
C) М.Әуезов
$$$195 Жанрдағы образ жасауды талап ететін түрі?
B) очерк
$$$196 “Өмір шежіресі” деп аталатын материалдың жанры?
A) Очерк
$$$197 Өмірдің бір бөлшегін, елесін суреттейтін жанр?
А) очерк
$$$198 “Жезқазған” атты әйгілі очерктің авторы?
B) Ғ.Мұстафин
$$$199 “Жомарт өлке” очерктер жинағының авторы?
C) Ә.Нұршайықов
$$$200 Түйінді мәселелер бойынша ой қозғау, пікір айтуға қазақ газеттерінде қолданылып келген форма?
A) публицистикалық очерк
$$$201 «Түркістан солай туған» очеркіндегі Түркістан не?
E) совхоз
$$$202 Очерктің неше түрі болады?
B) үш
$$$203 Шерхан Мұртазаның тұңғыш очерктер жинағы қалай аталады?
D) «Құрылысшы Дәку»
$$$204 Ш. Мұртаза очерктерінің тілдік - стильдік ерекшеліктері
E) көркем әдеби шығармалардың шағын түрлеріне ұқсас
$$$205 60 – жылдардағы Ш. Мұртазаның очерктерінің негізгі тақырыптарын атаңыз:
Е) еңбек, еңбек адамының бай өмірі, өр тұлғасы
$$$206 Ш. Мұртаза очерктеріндегі өзекжарды нысана
A) адам
$$$207 Очеркте қолданылынатын бейнелеу құралы
D) көркемдеу
$$$208 Очерктің тілі қандай болады?
B) бейнелі көркем
$$$209 Очеркке тән элементті көрсетіңіз
E) факті, көркемдеу, бейнелеу
$$$210 Очерк түрін көрсетіңіз
E) жол – сапар
$$$211 Логикалылық, айқындылық, дәлдік осы үшеуі қандай стильдің сапасын анықтайды?
D) ғылыми
$$$212 Ғылыми стильге тән қасиет:
A) ақпараттық
$$$213 Ғылыми стильге тән қасиет:
A) түсініктеме баға берушілік
$$$214 Ғылыми стильге тән қасиет:
A) танымдық ағартушылық
$$$215 Ғылыми стильге тән қасиет:
A) ықпал ету қызметі
$$$216 Ғылыми стильге тән қасиет:
A) гедонистикалық.
$$$217 Радиосуреттеме үшін басты қасиет:
D) Бейнелілік.
$$$218 «Өз көзіммен көріп, көз алдымнан өткеріп келіп отырмын»-, деген сөйлемде артық тұрған сөз тіркесі қайсы?
B) көз алдымнан өткеріп
$$$219 «Кейбіреулер дүние қуғыш, мал жиғыш,пайда тапқыш болып келеді»,-деген сөйлемде артық тұрған сөз тіркесі:
B) мал жиғыш, пайда тапқыш
$$$220 «Оның қалыптанған ерте тұратын әдеті бар еді»,-деген сөйлемдегі артық сөз тіркестерін тап:
A) қалыптанған
$$$221 «Ет берілді ме»,-деген сөз тіркесінің орнына қалай жазған дұрыс:
B) табақ тартылды ма?
$$$222. «Ақын. Періште. Махаббат» атты қазақша блогтың тілі,стилі қандай?
B) көркем
$$$223 Философия ғылымдарының кандидаты, дінтанушы Мұртаза Бұлұтайдың материалдары жарияланып тұратын «Ізгілік» блогының стилі қандай?
C) ғылыми
$$$224 Экология және қоршаған ортаға арналған «Green word» блогының стилі қандай?
D) ғылыми
$$$225 «New Eurasia» мен «Global voices» блогтарының стилі қандай?
A) публицистикалық
$$$226 Әлеуметтану, саясаттану, тарих пен тіл жөніндегі жарияланымдар «Елсерік» блогының стилі қандай?
C) көркем
$$$227 Ә.Сембайдың қазақ тіліндегі «Журналистика» блогының стилі қандай?
A) публицистикалық
$$$228 Тамақ пісіру туралы блогтың стилі қандай?
A) публицистикалық
$$$229 Қазақстан Республикасы министрлері блогының стилі қандай?
E) ресми
$$$230 Облыстық басылымдардың алғашқы бағанындағы стиль қандай?
E) ресми
$$$231 Жағдайға байланысты сөйлеу мәнері, эмоцияға қарай тілдік бірліктерді қолдану өзгешелігі тән:
C) ауыз екі сөйлеу тіліне
$$$232 Ауызекі сөйлеу стилінің басқа стильдерден ерекшелігі
A) сөйлем құрылысында
$$$233 Пікір дұрыстығын дәлелдеу үшін бұл стильде логика заңына, яғни, дұрыс ойлау заңына сүйену қажет
D) ғылыми
$$$234 Публицистикалық стильге қойылатын талап –
B) логикалық жағынан дәлелді, көңілге қонымды болуы шарт
$$$235 Публицистикалық стильдің ауызша түрі
E) шешендік сөз өнері
$$$236 Көркем әдебиет тілінің стилінде
D) суреттейді