Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Туризмдегі сервистік.doc
Скачиваний:
155
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
2.41 Mб
Скачать

І. Түркістан аймағының тарихи-мәдени ескерткіштері

Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан аймағы (бұл жерде Түркістан ауданы мен Кентау қаласының аймағы сөз болып отыр) ежелден-ақ шартарапқа кетіп жатқан керуен жолдарының тоғысқан жері болған. Шығысында Ұлы Жібек жолынан басталған керуен жолы (Сыр жолы) Сырдарияны жағалап отырып Арал теңізіне, онан әрі Батыс Қазақстан арқылы Шығыс Еуропада өткен, ал Сырдарияның бойындағы ежелгі қалалардың шыққан Қарқаралы мен Жетіқоңыр керуен жолдары Қаратаудан асып, Сарыарқа арқылы Ертіске өткен. Бұл аймақ тарихымыздың әр түрлі кезеңдерінен сақталған тарихи-мәдени ескерткіштерге бай өлке. Ескерткіштер Сырдарияның жағасынан бастап Қаратаудың қойнауына дейінгі аралықта кездеседі. 2006-жылға дейін ғылымға белгілі болған археологиялық ескерткіштердің жалпы саны 350, олардың қатарында тас ғасырынан тұрақтары, қола, ерте темір ғасырлары мен ортағасырлық обалар мен оба қорымдары, ежелгі және орта ғасырлық елді мекендер, қалалар мен бекіністер, қарауыл төбелер, тасқа салынған сурет орындары, кәріздер бар.

Тас ғасырынан тұрақтары Қаратау шатқалдарында, тау алды беткейлерінде кездеседі. Тастан, тас аралас топырақтан үйілген әр түрлі тарихи кезеңдердің обалары тау шатқалдарында, тау үсті және тау алды жазықтарында орналасқан. Кіші обалардың аумағы 4-5м, биіктігі 0,2-0,3м, ал үлкен обалардың аумағы 40-50м-ге дейін жетеді, биіктігі 5-6м. Қаратаудың оңтүстік-батыс беткейіндегі тау алды жазығы мен шатқалдарда «мұратты» обалар кездеседі.

Түркістан аймағында 100-ге жуық ежелгі, орта ғасырлық бекіністе, елді мекендер, қарауыл төбелер, қалашықтар мен қалалар бар, олардың көпшілігі Сырдария мен Қаратаудың аралығындағы жазықта, керуен жолдарының бойында жатыр, үлкен қалалар бір-біріне 10-20 км жерде орналасқан. Мысалы, Иқан, Түркістан, Қарашық, Сидақата, Сауран қалалары. Елді мекендер мен қалашықтардың бір қатары Қаратаудың шатқалдарында, тау алды жазығында кездеседі. Қазақ хандықтары кезіндегі тастан салынған бекіністер мен қалашықтар Біресек, Үшөзен, Қызылата шатқалдарында және Өгізтауда сақталған. Ортағасырлық қарауыл төбелер мен қарауыл мұнаралары Қаратаудың теріскейге өтетін шатқалдарының бойында, асуларда, тау алды жазығында және елді мекендер мен қалалардың арасындағы биік жерде орналасқан.

Қола, ерте темір және ортағасырлық тасқа салынған суреттер Қаратаудың оңтүстік-батыс беткейіндегі Қоржайлау, Жыңғылшық, Қарадегерез, Қиынжүрек, Шүкірсаз, Төсбұлақ, Қызылшың, Кеңөзен, Қарақұдық, Майдантал өзендері мен шатқалдарында, Бессаз шыңы төңірегінде сақталған. Тасқа салынған суреттерде тау ешкісі, арқар, жылқы, түйе, қабан, адамдар бейнеленген.

Ортағасырлық қалалардың төңірегінде каналдар, арықтар, егістік алқаптары сақталан, кәріздердің тізбектеле қазылған құдықтары Қаратаудың тау алды беткейінде орналасқан Майдантал, Абай, Бабайқорған, Қарашық ауылдары төңірегінде кездеседі.

Түркістан қаласы мен оның аймағында орналасқан тарихи-мәдени ескерткіштер баға жетпес жәдігерлер тарихымыздың куәгерлері болып табылады, оларды әр түрлі туристік бағыттарға енгізуге болады.