Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Социология книга.doc
Скачиваний:
259
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
2.26 Mб
Скачать

Әлеуметтану бойынша докторлық диссертациялар1

Аты-жөні

Диссерта-цияның

атауы

Маманды-ғы­ның шифрі мен атауы

Диссер­тацияны қорғаған жері

Қор­ға­ған жы­лы

1.

Тәжин М.М.

Әлеуметтік-аумақтық

айырмашылық-тарды зерттеудің әдістемелік жақтары

22.00.04 - Әлеуметтік құры­лым, әлеу­меттік инсти­туттар және процестер

Әл-Фараби

атындағы ҚазҰУ

1990

2.

Ғабдуллина Қ.Г.

Өндірістік ұжым және оның ауыл шаруа­шы­лығы қызмет­керлерін қалыптас­тырудағы әлеу­меттік рөлі

22.00.04 - Әлеуметтік құры­лым, әлеу­меттік инсти­туттар және процестер

Әл-Фараби

атындағы ҚазҰУ

1991

3.

Биекенов К.Ү.

Шаруашылық басшы­сы­ның саяси мәдениетін әдістемелік және әлеуметтанушылық талдау

22.00.05 -

Саяси

әлеуметтану

Әл-Фараби

атындағы ҚазҰУ

1993

4.

Алдашов Б.А.

Нарықтық экономика аясындағы өмір сүру сапасы

22.00.03 -

Еңбек әлеуметтануы және эконо­микалық әлеуметтану

Әл-Фараби

атындағы ҚазҰУ

1994

5.

Нұсқабаев О.

Жалпы білім беретін мектеп өскелең ұрпақты әлеуметтендіру институты2

22.00.04 - Әлеуметтік құры­лым, әлеу­меттік инсти­туттар және процестер

Әл-Фараби

атындағы ҚазҰУ

1995

6.

Асылов Н.Ж.

Әскери білім беру жүйесі әлеуметтік институт ретінде (ДСП)

22.00.04 - Әлеуметтік құры­лым, әлеу­меттік инсти­туттар және процестер

Әл-Фараби

атындағы ҚазҰУ

1996

7.

Раисов Е.

Қазақстан жұмысшы­лары­ның қазіргі заман­ғы жағдайда еңбекке көзқарасының әлеу­меттік факторлары

22.00.03 – Еңбек әлеуметтануы және эконо­микалық әлеуметтану

Әл-Фараби

атындағы ҚазҰУ

1997

8.

Сейдуманов С.Т.

Қазақстанда көппартия­лылықтың қалыптасуы: саяси-әлеуметтанушылық талдау

22.00.05 -

Саяси әлеуметтану

Әл-Фараби

атындағы ҚазҰУ

1998

9.

Харченко С.В.

Әлеуметтік көңіл-күй: мәні, үрдістері және функ­ция атқару ерекшеліктері

22.00.05 -

Саяси әлеуметтану

РФ Прези­ден­тінің жанын-

дағы Мем.қыз­мет акаде­миясы

1998 жылы қайта аттес­тация­ланған

10.

Садырова М.С.

Нарықтық түрленулер жағдайында зиялы қауымның әлеуметтік-кәсіптік

жинақылығы (Қазақстан материал-дарында)

22.00.04 - Әлеуметтік құры­лым, әлеу­меттік инсти­туттар және процестер

Әл-Фараби

атындағы ҚазҰУ

1999

11.

Қалдыбаева Т.Ж.

Мектепке дейінгі білім берудің әлеуметтанушылық тұжырымдамасы (Қа­зақ­стан Республика­сы­ның материал-дарын­да)

22.00.06 - Рухани өмір әлеуметтануы

Саратов Мемлекет­тік техни­калық уни­вер­ситеті

2003 жы­лы қай­та аттес­тация­ланған

12.

Шәукенова З.К.

Қазіргі Қазақстандық қоғамдағы этностар­дың әлеуметтік өзара әрекеттестігі

22.00.04 - Әлеуметтік құры­лым, әлеу­меттік инсти­туттар және процестер

Әл-Фараби

атындағы ҚазҰУ

2003

ақпан

13.

Жаманбалаева Ш.Е.

Жасөспірімдер-дің девиантты мінез-құлық-тарын әлеуметтану тұрғысынан талдау

22.00.04 - Әлеуметтік құры­лым, әлеу­меттік инсти­туттар және процестер

Әл-Фараби

атындағы ҚазҰУ

2003

қазан

14.

Қожамқұлова Л.Т.

Әлеуметтік жұмыс әлеуметтік институт ретінде: әлемдік тәжірибе және Қазақстан

22.00.04 - Әлеуметтік құры­лым, әлеу­меттік инсти­туттар және процестер

Әл-Фараби

атындағы ҚазҰУ

2004

мамыр

Докторлық және кандидаттық диссертацияларды талдау негізінде отандық әлеуметтану зерттеулерінің негізгі бағыттарын бөліп қарауға болады:

1. Әлеуметтік құрылым және әлеуметтік өзгерістер: М.С.Әженов, Қ.Г.Ғабдуллина А.И.Икенов, М.М.Тәжин, М.Р.Хамитова, Е.Р.Раисов, З.А.Нагайбаева, М.С.Садырова, А.Әбжалиева, Л.Т.Қожамқұлова, З.Х.Валитова,  Л.Әйтімбет [29].

Қоғамның әлеуметтік құрылымын зерттеу - әлеуметтанудың негізгі мәселелерінің бірі. Әлеуметтану ғылымының дәл осы бағыты кеңестік дәуірде қызу қолға алынған болатын. Ғылымда осы мәселе бойынша бұл бағыттың іргелі теориялық базасы туралы сөз етуге мүмкіндік беретін белгілі бір әдіснама қалыптасты. Сонымен қатар, қазіргі заманғы жағдайлар бірінші кезекте әлеуметтік құрылым проблемаларын қозғайды: ол мәселенің маркстік қойылымында болмаған түбегейлі өзгерістерге ұшырауда. Сондықтан зерттеушілер қоғамның әлеуметтік құрылымын зерделеудің жаңа әдіснамаларын қарқынды іздестіру үстінде.

Қарастырылып отырған бөлікте қоғамдық қатынастар мен қоғамның даму жүйесіндегі әлеуметтік процестер, сондай-ақ жеке әлеуметтік топтар - зиялы қауым, оның ішінде мұғалімдер де бар және кәсіпкерлер келтірілген. Экономикалық базистің, өндірістік қатынастардың жалпы жүйесінің сапалық өзгерістері сөзсіз әлеу-меттік құрылымдардың терең өзгерістеріне әкеп соғатындығы туралы теориялық ұйғарым нақты эмпирикалық дәлелін тапқан.

Әлемдік және отандық әлеуметтану әдебиеттерін талдау және жүйелендіру негізінде әлеуметтанушылар зиялы қауымның әлеуметтік-кәсіптік жинақылығы, кәсіпкерліктің қазақстандық түрін қалыптастыру, қалалану процесі мен оның салдарлары, ірі қаланың әлеуметтік құрылымы, Қазақстан қоғамының әлеуметтік құрылымы дамуының қазіргі заманғы үрдістері проблемаларын зерттеудің жаңа әдістемесін жасаған. Ғылыми-категориялық аппарат нақтыланған және жасалған, “әлеуметтік жинақылық”, “зиялы қауым”, “қалалану”, “кәсіпкерлік”, “кәсіпкер”, “еңбек қатынасы” атты шешуші анықтамалар тұжырымдалған.

2. Жеке тұлғаның әлеуметтік проблемаларын зерттеу: И.Ж.Сапарбеков, К.Ү.Биекенов, Е.В.Никитенко, Г.О.Әбдікерова, Н.М.Кудро [30].

Әлеуметтанудың негізгі категориясы ретіндегі жеке тұлға ұғымы әлеуметтік ғылымдардың бірқатарында кеңінен баяндалған. Әлеуметтануда бұл ұғым жеке тұлғаның қоғамдық өмірдің түрлі салаларындағы әлеуметтік қызметі мен әлеуметтік мінез-құлқы арқылы қарастырылады. Отандық ғылымда жеке тұлға көбінесе еңбек және саяси қатынастар жүйесінде қарастырылады. Қоғамдық қатынастар мен мінез-құлық нысандарының ерекше сипаттамаларына ие болған жеке тұлға мен басшы тұлғаның саяси мәдениетінің мәселелері көбірек зерделенген.

Жеке тұлғаның саяси әлеуметтену процестерін, саяси мәдениетін, саяси басқаруды, саяси мінез-құлықты, саяси сананы, азаматтық сананы, басқару мәдениетін және т.с.с. талдаған кезде пайдаланылатын бірқатар тұғырнамаларды түсіндіру жеке тұлға проблемаларын әлеуметтану тұрғысынан талдау ауқымын едәуір ұлғайтты.

Жеке тұлғаның саяси мәдениетінің мазмұны негізгі құрылымдық элементтерге тіреледі, жеке тұлға мәдениетінің демократия мәдениетімен, саяси позициясымен, саяси бағалануымен және саяси мінез-құлықпен байланысы қарастырылады.

Басқару қызметінің тұжырымдамасында қазақстандық ұйым басшысы­ның жаңа әлеуметтік-экономикалық мінез-құлқының үлгісіне, беделді басшы мен қарамағындағының жаңа тұлғааралық қасиеттеріне ерекше көңіл бөлінген. Жалпы алғанда ғылыми жұмыстарда ұйымдардағы әлеуметтік-экономикалық қатынастарды қалыптастыру механизмдерін әлеуметтану тұрғысынан диагностикалауға негізделген қазақстандық ұйымдарды басқарудың жаңа үлгілерін қалыптастырудың негізі қаланған.

3. Жастардың әлеуметтік проблемалары: С.А.Золотухин, О.Н.Нұсқабаев, Л.Қасымова, Л.И.Ізтілеуова, Г.С.Әбдірайымова, Р.С.Салықжанов, Т.Царева, Д.К.Қазымбетова, Ж.М.Ляднева [31].

Жастар ғылымда қоғамның әлеуметтік құрылымында белгілі бір орынды иеленетін әлеуметтік топ ретінде өзіне ерекше назар аудартады. Бұл назар аударту осы әлеуметтік топтың әлеуметтік белсенді әрекет ету нысандарына, жоғары жинақылық дәрежесіне және белгілі бір тұтастыққа ие екендігіне де байланысты. Бұл бөліктің зерттеулерінде аталмыш әлеуметтік топтың жасының, білімінің белгілері, әлеуметтік-кәсіптік бағдары, жұмыспен қамтылуы бойынша ішкі құрылымдалуы мәселелері қарастырылған. Жастарды әлеуметтендірудің саяси, құқықтық, әлеуметтік, мәдени тәрізді әр алуан түрлеріне көп көңіл бөлінген. Зерттеу объектісі көбінесе студент жастар болып келеді. Бұрын қаралмай келген қазақ жастарының әлеуметтену проблемаларына едәуір көңіл бөлінген.

Базалық “әлеуметтену” категориясы қазіргі заманғы жағдай аясында жаңа анықтамаға ие болды. Әлеуметтену деп зерттеушілер қоғамдық ұдайы өндірісті ұғынады, оның барысында жеке адам өзінің тыныс-тіршілігі мен өмірлік шығармашылығының субъектісі ретінде өзін бөліп көрсету қабілетіне ие болады, ол сол арқылы әлеуметтік жүйені ұстап тұруға, сақтауға және ұдайы өндіруге жәдемдесіп қана қоймай, оның өзгеруіне де жағдай жасайды. Осылайша жеке адам әлеуметтік өрістің факторы ретінде қарастырылады, яғни әлеуметтену процесі белгіленген процесс болып табылмайды. Бұл жағдайда әлеуметтену өзара бағытталған процесс ретінде ұғынылады. Әлеуметтену кезеңдерін қарастыруда әлеуметтенудің авторлық үшінші жоғары кезеңі ұсынылған, бұл - жеке адамның белсенді, пәндік-түрлендіруші, инновациялық қызметі. Бір-біріне жақын “жеке тұлғаның дамуы”, “тәрбиелеу”, “жеке тұлғаны қалыптастыру” ұғымдары қарастырылады.

Саяси және құқықтық әлеуметтену мәселесі ғалымдардың ықыласын ерекше аударады. “Саяси мәдениет”, “құқықтық мәдениет”, “саяси әлеуметтену”, “құқықтық әлеуметтену” ұғымдарының азаматтық қоғамды қалыптастыру принциптері аясында нақтылануы республикамыздың жастар саясатының негізгі бағыттарын тұжырымдауға мүмкіндік берді, бұл қазақстандық әлеуметтің маңызды проблемасы болып табылады.

4. Әлеуметтік саясат, демография және көші-қон: М.М.Әмірханова, Б.А.Алдашов, Т.В.Климова, С.К.Биекенова, Д.Б.Әбілқасова [32].

Әлеуметтану зерттеулеріндегі бұл бағыт өзінің жаңашылдығымен және қазіргі заманғы теориялық базасымен ерекшеленеді. Әлеуметтік статистиканың, әлеуметтік болжамның, әлеуметтік саясаттың, демографиялық саясаттың дәстүрлі ұғымдары қазіргі заман тұрғысынан түсіндірілген және тұжырымдалған. Әлеуметтік статистика деп статистиканың қоғам дамуының нақты тарихи жағдайларындағы әлеуметтік шарттарды, қоғамдық жай-жапсарды және адамдардың өмір салтын кешенді зерделейтін саласын түсіну керек. Әлеуметтік процестерді талдаудың ғылыми әдістері жүйесіндегі әлеуметтік статистиканың функциясы қандай да бір процестердің әлеуметтік индикаторларын айқындау, олардың тұрақтылығы мен өзгергіштігін, олардың белгілі бір уақытқа, қоғам дамуының белгілі бір кезеңіне жатуын бағалау мүмкіндіктерімен белгіленген.

Әлеуметтік болжаудың, әлеуметтік статистиканың құрылу және қызмет ету принциптері, әлеуметтік индикаторлар жүйесін құру әдістемелері жасалған, өмір сапасын, тіршілік деңгейін өлшеу индикаторларының жүйелері жасалған. Кедейлік деңгейі көрсеткішінің анықтамасына өзгерістер енгізілген. Маңызды сипаттамалар - шығыстар мен кірістер немесе шығыс бабы өлшенетін уақыт, ол экономиканың қазіргі дамуына тән жалақының тұрақсыздығымен, инфляциямен және жұмыспен қамтылудың тұрақсыздығымен түсіндіріледі.

Қоғамдық қатынастардың әлеуметтік-демографиялық қырларын зерттеуде әлеуметтік саланың жай-күйінің демографиялық ахуалға әсері талданған, халықтың әр түрлі топтарының нарықтық шарттарға әлеуметтік бейімделуінің ерекшеліктері ашып көрсетілген. Бұл жұмыстардың маңыздылығы олардың ғылыми-тәжірибелік қажеттілігімен анықталған. Әлеуметтік, демографиялық, гендерлік саясат жасау жөніндегі республика басшылығына нақты ұсынымдар әлеуметтану ғылымның қоғамды реформалау процесіне назар аударуы мен үлес қосуының көрсеткіші болып табылады.

5. Ауыл шаруашылығының әлеуметтік проблемалары: Б.К.Дәрменова, Ғ.М.Матаев [33].

Ауыл шаруашылығы проблемаларын зерттеудің өзектілігі дау туғызбайды. Алайда бұл бағытта қандай да бір айқын жандану байқалмайтынын айта кету керек. Керісінше, алдындағы кезеңмен салыстырғанда ауыл шаруашылығы проблемалары жөніндегі жұмыстар едәуір азайды. Мысалы, отандық ғалымдарымыз Н.А.Аитовтың, Қ.Ғ.Ғабдуллинаның, С.Н.Соскиннің, А.А.Рогачевтың және т.б. бірқатар еңбектері зерттеудің белгілі бір ғылыми-теориялық базасының бар екенін көрсетеді. Дәстүрлік көзқарастың әдіснамалық ерекшеліктерін толық көлемде қарастыру мүмкіндігі жоқ болғандықтан, қазіргі заманғы кейбір маңызды сипаттамаларға тоқталамыз.

Біріншіден, шаруаларды екінші дәрежедегі тап деп тануды қазіргі заманғы зерттеушілер толығымен теріске шығарды. “Біз шаруа табын “гегемон” таптың, жұмысшы табының көлеңкесінен шығарамыз: оны ешкімнің гегемониясын қажет етпейтін айрықша, дербес, өзіндік дара күш деп қарастырамыз” [33, 18-б.]. Екіншіден, аграрлық жұмыспен қамту мәселелері, ауылдық көші-қонның әлеуметтік салдарлары көтеріледі, ауылдық еңбек ресурстарын жасақтаудың әлеуметтік-демографиялық факторларына кешенді баға берілген, фермер қожалықтарының дамуын тежейтін әлеуметтік, психологиялық, экономикалық факторлар бөліп көрсетілген.

6. Әлеуметтік топ ретіндегі қазіргі заманғы отбасы мен әйелдердің әлеуметтік проблемалары: З.Ж.Жаназарова, Н.У.Шеденова, Б.Н.Қылышбаева, Ж.А.Нұрбекова [34].

Қазіргі заманғы ғылымда әлеуметтік отбасы елеулі орынға ие. Отбасы мен әйелдер проблемасы жөніндегі зерттеулердің іргелі негіздерінің шет елдік және отандық әлеуметтануда ертеден келе жатқан дәстүрі бар. Сонымен қатар, бұл жұмыстардың маңыздылығы қазіргі заманға сай және өз уақтысында болуында.

Зерттеулерде өзіндік көзқарасты қалыптастыруға тырысу ғылыми-категориялық аппаратты едәуір жаңартты, зерттеулердің тәсілдері мен әдістемесін, оларды талдауды қалыптастырды.

Отбасы қоғамның даму процесінде тұтас әлеуметтік құрылым ретінде елеулі өзгерістерге ұшырағанын авторлар атап өтеді. Қазіргі заманғы отбасын әлеуметтану тұрғысынан талдау адам өмірінің осы маңызды саласындағы проблемалардың толық кешенін айқындады. Отбасындағы өзара қарым-қатынастарға, демографиялық ахуал мен балалар тәрбиесіне әсер ететін экономикалық, саяси, мәдени факторлар қарастырылған. Отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынастар процесінде жеке тұлғаның қалыптасуының генезисі мен механизміне, олардың арасындағы эмоционалдық байланыстарға, отбасының өмір салты деңгейіне және ата-аналарының мінез-құлықтарына ерекше көңіл бөлінген.

Қазіргі заманғы зерттеушілердің әйелдер проблемаларына ерекше ықылас қоюы азаматтық қоғам принциптері мен құқықтық мемлекет құндылықтарын қалыптастырумен анықталады. Қазіргі кезде әйел проблематикасы әлеуметтану, экономика, философия, демография, саясаттану және т.б. сияқты әлеуметтік ғылымдардың қолданбалы зерттеулері аясынан өзінің пәні мен мазмұны бар елеулі, іргелі зерттеулер аясына ауысуда. Әйелдердің әлеуметтік жағдайын зерделеудің жаңа кезеңі әлеуметтік процестерді түсінудің базалық талдау жасау құралы ретіндегі гендердің тұжырымдамасына негізделген. Бұл тұжырымдама әлеуметтік феминология мен гендерлік зерттеулердің әдістемелерінде қаланған. Гендерлік талдау ерлер мен әйелдердің қоғамдық өмірдің жеке салалары мен бөліктеріндегі (атап айтқанда, экономикалық және еңбек салаларындағы) айырмашылығы мен ұқсастығының шеңберін, қызметіндегі, қабілеттеріндегі және мүмкіндіктеріндегі ортақтықтар мен ерекшеліктерді айқындауға мүмкіндік береді.

Әйелдердің жаңа әлеуметтік шарттарға әлеуметтік бейімделу проблемалары, жұмыспен қамтылуы, отбасындағы орны мен рөлі әйел еңбегінің сипаты, қоғамдағы әйелдер мен ерлердің рөлдері туралы ұғымдардың стереотиптері, қоғамдық өсу мүмкіндіктері тұрғысынан қарастырылады. Жұмыстарда өлшеудің берілген өлшемдерінің өзгеру серпіні, олардың қазіргі заманда басқаша түсіндірілуі келтірілген. Зерттеушілер әйелдердің жұмыспен қамтылуының әлеуметтік саясатының бұрынғы негіз қалаушы принциптерінен меншік нысандары мен әлеуметтік-еңбек қатынастарындағы түбегейлі өзгерістерге сәйкес келетін тең мүмкіндіктер стратегиясына көшу, әйелдерді әлеуметтік қорғау жүйесіне өзін-өзі қорғау принципін енгізу қажеттігі бар деп есептейді.

7. Девианттық және құқықтық мінез-құлық: Ш.Е.Жаманбалаева, А.Б.Көшербаева, Д.Қазымбетова, Д.М.Әлиев [35].

Девианттық мінез-құлықтың әлеуметтік қырларын зерттеу – отандық ғылымда салыстырмалы түрде алғанда жаңа бағыт. Зерттеушілер девианттық мінез-құлық әлеуметтанушылық зерттеу объектісін, пәнін айқындап, тұжырымдаған. Девианттық мінез-құлық әлеуметтануының объектісі - санада жазылатын білімнің, ұстаным-дардың, құндылық бағдарлардың, қажеттіліктер мен мүдделердің пәндік жүзеге асуы (нысаны мен мазмұны бойынша) ретіндегі адамдардың шынайы қызметі, шын мінез-құлқы.

Ауытқымалы мінез-құлықтың мәнісін, нысандарын және пайда болу себептерін қарастыра отырып Ш.Е.Жаманбалаева талдаудың әлеуметтік белгілерін басшылыққа алады: жеке тұлғаның, әлеуметтік топтар мен жалпы қоғамның қызмет етуі мен дамуы көзқарасы тұрғысындағы мінез-құлықтың әлеуметтік бағыттылығы мен қоғамдық нәтижелері; мінез-құлықтың әлеуметтік нормалар мен құндылықтарға сәйкестігі; қоғам және әлеуметтік санкцияларға баға беру. Д.Қазымбетова әлеуметтік факторлар жүйесіне тұлғалық мінездемелерді (парасаттылық, тәрбие) енгізеді. “Девианттық мінез-құлықтың негізіне жеке бастық және қоғамдық мүдделердің үйлесуі принципі салынған”.

“Девианттық мінез-құлық”, “делинквенттік мінез-құлық” дейтін базалық санаттар қазіргі заманғы түсініктерге ие болды, олардың арақатынасы анықталды. Бұл бағытта осы әлеуметтік құбылыс туралы ұғымдарды кеңейтуге және тереңдетуге мүмкіндік беретін оқу пәні аралық байланыстар кеңінен қолданылады.

8. Әлеуметтік және саяси институттарды әлеуметтану тұрғысынан талдау: Н.Ж.Асылов, Ш.Қ.Қарабаев, С.Т.Сейдуманов, Г.К.Илеуова, Л.А.Байделдинов [36].

Қоғамды саяси реформалау процестері әлеуметтанудың алдына теориялық та, практикалық та міндеттер қойып отыр. Саяси әлеуметтанушылық - білім салаларының бірі болып табылады, ол саяси биліктің, саяси институттардың және саяси сайлаудың жұмыс істеу проблемаларымен шұғылданады.

Саяси кеңістіктің құрылымдалуы саяси партиялардың, құралымдардың және саяси элитаның қалыптасуы процесін зерттеулерде келтірілген. Бұл бағыттағы зерттеулердің теориялық-әдіснамалық базасы батыстық әлеуметтану дәстүрімен жасақталған. Саяси плюрализм батыстың саяси құрылымдарының құбылысы ретінде отандық ғылымда қарастырылмаған. Әлеуметтік-саяси құбылыс ретінде Қазақстандағы көппартиялылық­тың қалыптасу проблемалары жөніндегі зерттеулерде көппартиялылықтың қалыптасуының тұрпаттамасы мен қалыптасу кезеңдері, партиялар мен қозғалыстардың бағдарламалық ұстанымдарының жіктемесі, көппартиялылықтың дамуына кедергі жасайтын объективтік жағдайлар қарастырылады, сондай-ақ саяси плюрализмнің жеке түрлері мен үлгілерін қарастырудағы теориялық көзқарастар жасалған, саяси құралымдардың ерекшеленген этникалық әлеуметтік құрылымдарының қалыптасу себептері талданады.

Билеуші саяси элитаны қалыптастырудың мәні мен механизмдерін зерттеудің бастапқы ережелері қоғамның билікке ие азшылыққа және билігі жоқ, саяси тұрғыдан тәуелді көпшілікке үнемі бөлініп келген және бөліне беретінін түсінуге барып тіреледі. Бұл ұстаным әлемдік классикалық әлеуметтану мен қазіргі заманғы әлеуметтік шындықтың дәстүрлерін ой елегінен қайта өткізу негізінде салыстырмалы түрде жақында тұжырымдалған. Билік туралы тұжырымдамалық қағидалар да қазіргі заман аясында қайта қаралуда. Айталық олардың жұмыс істеуі арқылы әлеуметтік стратификацияда жоғары ұстанымды иемденген бір әлеуметтік топ өздерінің еркін басқаларға таңу және қоғамдық мүддеге сәйкес әрекет ету мүмкіндігіне ие болатын саяси институттардың жиынтығы ретіндегі классикалық түсініктің билікті қазіргі заманғы түсіндіруден біршама айырмашылығы бар. Қазіргі заманғы қоғамда билік барлық әлеуметтік кеңістікті қамтиды , ол қазіргі кезде экономикалық, мәдени және саяси кеңістіктердің өзара іс әрекетін білдіреді (П.Бурдье тұжырымдамасы).

Саяси әлеуметтанудың ғылыми-санаттық аппараты жасалған: “көппартиялылық”, “саяси қозғалыстар”, “саяси элиталар” және т.б. Саяси әлеуметтанудың оқу пәні аралық сипаты әлеуметтану зерттеулерінің нәтижелерін кеңінен пайдалануға мүмкіндік береді, бұл ғылыми ізденістің өзінше верификациясы, теориялық-әдіснамалық амалдардың дәлелденуі болып табылады.

9. Әлеуметтік-өнеркәсіптік қақтығыстар: Г.Г.Есмұханова [37].

Зерттеудің теориялық-әдіснамалық базасы Р.Дарендорфтың және әлеуметтанудың осы бағытындағы басқа да батыстық мамандардың еңбектері негізінде қалыптасқан. Әлеуметтік қақтығыс тұжырым-дамасы құбылысты әлеуметтік жүйенің ілгерілемелі эволюциялық дамуын қамтамасыз ететін маңызды элемент ретінде ұғынуға негізделген. Қақтығыстың қазіргі заманғы тұжырымдамасының мынадай белгілері бар: қақтығысты кез келген әлеуметтік жүйенің нормасы деп тану; “әлеуметтік қақтығыстың” және оны тудыратын факторлардың кең қамтылған түсініктері; қақтығыстарды институт-тандырудың маңыздылығы мен қажеттілігін мойындау; өнеркәсіптік қақтығыстың ұғымына жаңаша түсінік беру. Кеңестік дәуірден кейінгі қоғамда өнеркәсіптік қақтығыстар, атап айтқанда Ресей мен Қазақстанда, ғылыми әлеуметтанушылық бағасын алды, Қазақстандағы өтпелі кезеңдегі өнеркәсіптік қақтығыстардың себептері, өту механизмдері және ерекшеліктері көрсетілген. Салыстырмалы, факторлық талдаудың негізінде өтпелі кезеңдегі өнеркәсіптік қақтығыстардың институттануының негізгі тәсілдері мен механизмдері анықталған, ұсынымдар беріліп, болжамдар жасалған.

Осыған ұқсас сипаттағы жұмыс әзірше біреу ғана және проблеманы теориялық тұрғыдан қоюдың жалпыламалығы туралы сөз қозғау қиын екендігін айта кеткен жөн. Сірә, осы әлеуметтік-экономикалық қатынастар саласындағы жағдайдың тұрақтануы жаңа зерттеулердің пайда болуын сәл тежеген болуы керек, жалпы бұл қазіргі заманғы отандық әлеуметтануға тән құбылыс. Алайда қоғамдағы өнеркәсіптік, индустриалдық қатынастар жүйесінде әлі де шешілмеген проблемалар баршылық, оларды жүріп жатқан реформалар процесінде зерттеу қажет.

10. Әлеуметтік қатынастар мен процестердің этникалық аспекттілері: Ш.Қ.Қарабаев, М.М.Хан, Б.Ж.Смағамбет, А.К.Есенғалиева, С.С.Ахметова, К.Жайшыбекова, З.К.Шәукенова [38].

Этникалық әлеуметтану, әлеуметтану ғылымының дербес бөлімі ретінде енді ғана бөлініп келеді, зерттеулер объектісі, пәні, әдіснамасы айқындалуда, ғылыми-ұғымдық аппараты жасалуда. Қазіргі заманғы Қазақстан қоғамының полиэтникалылығын осы саладағы зерттеулер ерекше талдайды. Біздің бөліп қараған жұмыстарымыз саяси түрленулердің этникалық құрылымына, жеке тұлғаның этникалық өзіндік ерекшеліктеріне, өндірістік ұжымдардағы әлеуметтік-экономикалық қатынастардың этникалық жақтарына қатысты. А.Есенғалиеваның жұмысында этникалық топ әлеуметтанушылық зерттеудің нақты объектісі ретінде бөліп қаралған.

Этникалылық мәселесі отандық әлеуметтанушылық ойда қаралған жоқ деп айтуға болмайды. М.С.Әженов, И.А.Әйтімбет, С.К.Өтешов, Н.Бәйтенова, Р.Б.Әбсаттаров және т.б. сияқты ғалымдар бұл бағыттағы белгілі бір дәстүрді қалыптастырған. Әлеуметтануда дәл осы бағыт қазақстандық әлеуметтің этникалық бірегейлігін зерттейтін Қазақстан ғылымының бет-бейнесін анықтайды.

“Этнос”, “этникалық топ”, “этникалық өзіндік сана”, “этникааралық қатынастар” базалық санаттарын авторлар дәстүрлі түрде және қазіргі заманғы қойылымында қарастырады, бұл ұғымдарға толық және көлемді түсінік беруге негіз болады. Этнос деп қазіргі заманғы қойылымында біртұтастығы генетикалық тұрғыдан анықталған биологиялық популяцияны ғана айтпайды. Этностың құрамдас бөліктері ретінде мыналар бөлінеді: әлеуметтік-демографиялық ахуал, экономикалық сипаттама, аймақтық орналасу, рухани және материалдық мәдениет. Этникалық өзіндік ерекшелік жеке тұлғаның құрûлымдық құндылығының құрамдас сипаттамасы ретінде қарастырылады. Осылайша, ұлттық айырмашылықтардың нивелирленуі және олардың толық жойылуы идеясы қабылданған жоқ.

Проблеманың бұлай қойылуы қоғамдық қатынастар жүйесі элементтерінің бірі ретінде әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени процестердегі этникалық факторды зерттеуге мүмкіндік береді, қазіргі Қазақстандағы әлеуметтік реформаларды жүзеге асыру үшін оған күш салу қажет.

11. Қазақстандағы әлеуметтанушылық ойдың институттануы: С.Т.Сейдуманов, К.Ү.Биекенов, А.К.Сәдуақасова [39].

Бұл маңызды мәселелердің бірі, өйткені әлеуметтану қоғамдастығының өзіндік рефлексиясын көрсетеді, әлеуметтанудың ғылым және оқу пәні ретінде қалыптасуын әлеуметтік және когнитивтік танымдық институттану тұрғысынан қарастырады, бұл ғылымның ішкі және сыртқы қалыптасуы мен дамуының тұтас процесін көрсетуге мүмкіндік берген. Бұл бағыт теориялық әлеуметтануға көбірек келеді, әлеуметтану зерттеулерін, жасалымдарын, еңбектерін олардың тууын, нығаюын, дамуын және қазақстандық әлеуметтанушылардың ғылыми ізденістерін бақылай отырып жүйелендіреді және байытады.

Әлеуметтанудың ғылым ретіндегі дамуы соңғы жылдары ғылыми басылымдардың, отандық ғалымдарымыздың монографияларының, тұжырымдамалық ғылыми еңбектерінің өсуімен ерекшеленеді. Мысалы, 2000-2003 жылдары мынадай басылымдар жарыққа шықты:

  1. Казахстанская молодежь на рубеже веков / А.С.Сарсенбаев, Г.Т.Телебаев, Д.А.Калетаев, А.Т.Шайкенова. – Астана: Елорда, 2000. – 220 с.

  1. Байдельдинов Л.А. Казахстан как политическая реальность. – Алматы: Институт развития Казахстана, 2000. – 169 с.

  1. Коновалов А.П. Национальные процессы в Республике Казахстан. – Семипалатинск: СГУ им. Шакарима, 2000. – 252 с.

  1. Габдуллина К.Г. Казахстан и современный мир. – Алматы: КазгосИНТИ, 2001. – 108 с.

  1. Габдуллина К. Общество: прогресс и регресс. – Алматы, 2002. – 167 с.

  1. Казахстанская культура сегодня: ценности, потребности, институты / Телебаев Г.Т., Шайкенова А.Т., Омирсеитова А.К., Шукенова А.А., Куцик Л.В. - Астана: Елорда, 2002. – 232 с.

  1. Этническое взаимодействие в Казахстане / Сейдуманов С.Т., Калмыков С.К., Шаукенова З.К. – Астана: Парламент Республики Казахстан, 2002. – 95 с.

  1. Шаукенова З.К. Социальное взаимодействие этносов в современном казахстанском обществе. – Астана, 2002. – 128 с.

  1. Джаманбалаева Ш.Е. Общество и подросток: социологический аспект девиантного поведения. – Алматы: Қазақ университеті, 2002. – 278 с.

  1. Сартаева Н.А. Наркотизм: методика исследования, анализ состояния, предупреждение и противодействие. – Астана, 2002. – 224 с.

Әлеуметтану ғылымының қолданбалылық маңызы әлеуметтану зерттеулері нәтижелерінің мемлекеттік саясатты жүзеге асыруда пайда­ланылуынан көрінді. Мемлекеттік органдардың жанынан әлеуметтанушылық зерттеулерге мамандандырылған орталықтар құрылған және жұмыс істеуде. Мысалы, Қазақстан Республикасы Президентінің жанын­дағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет ака­демиясының Мемле­кеттік басқару мен мемлекеттік қызмет теориялары мен тәжірибелерінің ғылыми-зерттеу институты, Қазақстан Республикасы Парламентінің Ақпараттық-талдау қызметі, Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Талдау және мониторинг орталығы, бұларда нақты-әлеуметтік зерттеулер, кең көлемді жобалар, қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық ахуалдар мониторингі жүруде.

Әлеуметтану қызметін көрсету рыногының дамуы қазақ-стандық саяси және маркетингтік кеңістікте шынайы сипаттамаларға ие болды. Мемлекеттік орталықтармен қатар талдамалық ақпарат беру және қоғамдық сауал салу мен маркетингтік зертеулер жүргізу жөніндегі қызметтер көрсететін бірқатар жеке меншік орталықтар бар: BRІF Research Group, ЦИОМ, ЦЕССИ - Қазақстан салыстырмалы әлеуметтік зерттеулер институты, БИСАМ-ЦЕНТРАЛ ЭЙЖА, Алматы тәуелсіз әлеуметтанушылар мен саясаттанушыларқауымдастығы, КИСЭИП, КОМКОН 2-Еуразия және т.б. Бұл ұйымдардың аймақтық менеджерлер мен интервьюерлер желісі түріндегі құрылымдары, ғылыми-әдіснамалық зерттеу базасы, ақпаратты өңдеудің жаңа компьютерлік технологиялары бар. Жеке меншік компаниялар коммерциялық негізде қызмет ететіндігінен, олардың қымбат тұратын жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндіктері бар.

Қазақстанның әлеуметтану ғылымының қалыптасу процесіне әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әлеуметтану кафедрасының бастамасымен 1996 жылы өткен “Қоғамды жаңғыртудағы әлеуметтанудың рөлі” атты Бірінші халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция, 1997 жылы Дүниежүзілік банктің қолдауымен өткен “Қолданбалы әлеуметтану зерттеулері: тәжірибесі, мүмкіндіктері, болашағы” атты халықаралық семинар жаңа серпін берді.

2002 жылғы 17-18 мамырда Алматы қаласында өткен “Қазақстандық қоғам және әлеуметтану: жаңа шынайылықтар мен жаңа идеялар” атты Қазақстан әлеуметтанушыларының бірінші конгресі Қазақстан әлеуметтануының жаңа кезеңі болды. Бұл конгресте әлеуметтік-ғылыми проблемаларды шешу үшін елдің әлеуметшіл ғалымдарын біріктіру мақсатында тәуелсіз кәсіби бірлестік ретінде Қазақстан әлеуметтанушыларының қауымдастығын құру туралы шешім қабылданды. Қазақстан әлеуметтанушыларының қауымдастығы елдің әлеуметтанушылық қоғамдастығының интеллектуалдық және ғылыми-ұйымдық әлеуетін ашуды өзінің стратегиялық мақсаты етіп қояды. Қазақстан әлеуметтанушылары қауымдастығының президенті болып әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор М.М. Тәжин сайланды.

2003 жылдың қаңтарында Қауымдастық Қазақстанның дарынды жас әлеуметтанушы ғалымдарына арналған Қазақстан әлеуметтанушы қауымдастығының сыйлығын ізденуге арналған байқау ұйымдастырды. Байқаудың алғашқы жеңімпаздары мен лауреаттары Ш.Е.Жаманбалаева Л.Т.Қожамқұлова, Г.Әбдірайымова, Ж.А.Нұрбекова, Н.У.Шеденова, З.Х.Валитова, А.К.Сәдуақасова болды.

Осылайша, Қазақстанның әлеуметтану ғылымы шынайы әлеуметтің міндеттерін шешуге тырыса отырып, қарқынды дамып келеді.