Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
zhana_kukyk-1.doc
Скачиваний:
68
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
431.1 Кб
Скачать

16.Қазақстан Республикасының Конституциясының жалпы сипаттамасы.

Конституция” деген сөздiң латыннан аудармасы “құрылғы”, “жарғы”, “заң” деген мағыналарды бiлдiредi. Конституцияның басқа құқықтық нормативтiк кесiмдерден мынадай ерекшелiктерi бар екенiн айта кету керек:

- қоғамдық қатынастардың негiзiн қалайды;

- құқықтың негiзгi бастауы болып табылады;

- ең жоғарғы заңдылық күшi бар;

- оның ерекше тәртiппен қабылдануы;

- тұрақтылығы.

Қазiргi уақытта негiзгi құқықтық құжат - Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамызда өткен республикалық референдумында қабылданған Конституциясы. Ол тәуелсiздiк кезiндегi Конституциялық заңдардың қағидаларын тұжырымдап, бiр арнаға келтiрдi.

Бұрынғы конституциялар социалистiк мемлекеттiң негiзгi заңдары деп саналса, жаңа Конституция демократиялық мемлекеттiң Ата Заңы деп жарияланды. Бұл мақсат Конституцияның алғы сөзiнен-ақ байқалады:

Оның жоғары заңдық күшi бар және елiмiздегi барлық iс-қимыл мен қалыптасушы жүйелердiң нормативтi базасы болып табылады. Республиканың бүкiл аумағына тiкелей қолданылады. Бейнелей айтсақ, бұл Конституция - мемлекетке қоғамның құқықтық сенiмi және халықтың берген төлқұжаты деуге болады.

Қазақстан Республикасының Конституциясы республикалық құрылыстың негiзiн, мемлекеттiк билiк жүйесiн және Қазақстан мемлекетi мен азаматының қатынасын белгiлейдi. Адам және оның өмiрiн, құқықтары мен бостандықтарын Конституция мемлекеттiң ең қымбат қазынасы деп танып, мемлекеттiң сол үшiн қызмет етуi тиiстiгiн атап көрсетед

ҚР-ның конституциясы 98 баптан, 9 бөлімнен тұрады.9 бөлімнің атауы:

  1. Жалпы ережелер

  2. Адам және азамат

  3. Президент

  4. Парламент

  5. Үкімет

  6. Конституциялық кеңес

  7. Соттар және сот төрелігі

  8. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару

  9. Қорытынды және өтпелі ережелер

ҚРның Конституциясына екі рет өзгеріс енгізілді :1) 1998 жыл 7- қазанда.2)2007 жыл 7 мамырда

17. Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың негіздері. Қылмыстық жауаптылықтан босатудың түрлері:

  1. Шын өкінуіне байланысты. Егер айыпты адам қылмыс (кішігірім немесе орташа ауырлықтағы) жасаған соң өзі мойындап келсе, не қылмысты ашуға жәрдемдессе немесе зиянды басқалай қалпына келтірсе, жауаптылықтан босатылуы мүмкін.

  2. Қажетті қорғану шегінен сасқалақтау, қорқу салдарынан асып, қылмыс жасағанда.

  3. Жәбірленушімен татуласуына байланысты. Кейбір істер жәбірленуші шағым бермесе, қозғалмайды. Оларды жеке және жеке-жариялы істер деп атайды.

  4. Жағдайдың өзгеруіне байланысты.

  5. Қылмыстың ескіру мерзімінің өтуіне байланысты. Адам кішігірім қылмыс жасаған соң-2 жыл, орташа ауырлықтағы қындалмыстан соң-5 жыл, ауыр қылмыс жасағаннан кейін-10 жыл, аса ауыр қылмыс жасаған кезінен бастап-15 жыл өтсе, қылмыстық жауаптылықтан босатылады, тек бұл ереже бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстарға қолданылмайды.

Қылмыстық жазадан босатудың түрлері:

  1. Жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату. Кейбір жаза түрлері бойынша сотталған адамдардың мінез-құлқы ары қарай жаза қолдануды қажет етпейді. Осындай кездерде олар жаза мерзімінің толық өтелуін күтпей-ақ босатылады, бірақ ол жазаның ең кем дегенде белгілі бір мөлшерін өтеуге тиісті (кішігірім, орташа қылмыстар-1/3, ауыр-1/2, аса ауыр -2/3).

  2. Кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасағанда жазаның еген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыруы мүмкін.

  3. Жүкті әйелдердің және жас балалары бар әйелдердің жаза өтеуін кейінге қалдыру. Олардың жазаны өтеуі тиісінше бір жылға немесе баласы 8 жасқа толғанша қалдырылуы мүмкін.

  4. Ауруға шалдығуына байланысты жазадан босату.

  5. Төтенше жағдайларға байланысты жазадан босату немесе оны өтеуді кейінге қалдыру. Кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыс үшін сотталған адамның отбасы әр түрлі апаттардың салдарынан қиын күйге душар болғанда босатылуы мүмкін. Ал ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасап сотталғандардың жазасы ондай қиын жағдайларда тек үш айға дейінгі мерзімге кейінге қалдырылады.

Айыптау үкімінің ескіру мерзімі өтуіне байланысты жазаны өтеуден босату. Кішігірім қылмыс-3 жыл, орташа ауырлықтағы қылмыс-6 жыл, ауыр қылмыс үшін-10 жыл, аса ауыр қылмыс үшін-15 жыл бойына әр түрлі себептермен жаза жүзеге асырылмаса, ол адам жазадан босатылады.

18.Қаржылық бақылау. Қаржылық бақылау мемлекеттің қаржылық іс әрекетінің ақша қаржы ағымын, бюджеттің қазынасын қатаң сақтау мен бақылауға бағытталған маңызды бір бөлігі. Қаржылық бақылау барынша күрделі жүйе ж/е ол мынадай бөліктерден тұрады: субьектісі, обьектісі,заты,мақсаты,бақылауды іске асырудың әдістері.Қаржылық бақылаудың суб. Болып қаржылық бақылауды іске асыруға құзыреті ьар арнайы мем. не мем. емес органдар, лауазымды адамдар табылады. Қаржылық бақылаудық объектісіне осы бакылаудың шенберіне ілінген түлғалар мем.органдар, мемлекеттік заңды тұлғалар, мем.емес заңды тұлғалар, азаматтар жатады.Қаржылық бақылаудың заты қаржылық қатынастардың субъектісі ретінде өзінің міндеттерін атқару тұрғысынан қарағандағы, бақылау объектісінің іс қимылы. Қаржылық бақылаудың мақсаты:а)қаржалық құқықтақ қатынасқа қатысушылардың өздерінің қызметтік міндеттерін сапасыз атқаруын ж/е олардың қаржы саласындағы құқық бұзушылық фактілерін анықтау б)кінәлілел мен айыптыларды тауып, оларды жауапқа тарту,в)қаржыллық тәртіп бұзушылықты ж/е оның салдарын жою

19. Заңды тұлғалардың түсінігі, белгілері, түрлері. Заңды тұлға дегеніміз – меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым.

Заңды тұлғаның 2 түрі бар:

1.Коммерциялық -өз қызметінде негізгі мақсаты пайда табуды көздейтін және түскен пайданы қатысушылардың арасында үйлестіріп бере алатын ұйым. Коммерциялық ұйымдарға: шаруашылық серіктестіктер, өндірістік кооперативтер, мемлекеттік кәсіпорындар жатады.

20.Біздің елдегі Сот төрелігін Конституцияның 75 – бабына, ҚР – ның 2000 жылғы 25 – желтоқсандағы « ҚР –ның сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы » конституциялық заңына сәйкес тек сот қана жүзеге асырады. Сот билігі сотта іс жүргізудің азаматтық, қылмыстық заңмен белгіленген өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады. Заңмен қорғалған респң жоғарғы соттары болып таб/ды. Сот билігі р/ң Конс/н,өзге де нормативтік құқықтық актілерін халықаралық шарттар негізінде туған істерді қарастырады. Сотта әркім өз құқығын тыңдатуға құқылы. Айыпталушы өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті емес. Адамның кінәлі екендігіне кез келген күдік айыпталушының пайдасына шешіледі.Соттар тұрақты судьялардан тұрады. Олардың тәуелсіздігі Конс/ң Заңымен қолданады. Судьяның өкілеттігі, тек заңда белгіленген негіздері бойынша тоқтатылады. Сот жүйесін ҚР/ң Жоғарғы Соты және Жерг.Соты құрайды.Жерг.сот 2бөлінеді: аудандық және облыстық.Облыстық сотқа ауданар2. Коммерциялық емес ұйымдар дегеніміз-өз қызметінің негізінде пайда табуды көздемейтін және түскен пайданы қатысушылардың арасында үйлестіріп бермейтін ұйым. Коммерциялық емес ұйымдарға: діни бірлестіктер, қоғамдық қорлар, қоғамдық бірлестіктер, мекемелер жатқызылады.

алық, әскери сот, ҚРастанасының соттары. 25жасқа толған 2жыл стажы бар адам ғана сайлана алады.

21. Азаматтық құқықтың қайнар көздері және жүйесі. Азаматтық құқық дегеніміз- жеке және заңды тұлғалардың мемелекеттің және әкімшілік аумақтың бөліністердің күнделікті өмірмен , іс-әрекеттермен ажырамас байланыстағы құқықтың бір саласы. Азаматтық құқықтың негізгі қайнар көздері дегеніміз-азаматтық-құқықтық нормалардан тұратын нормативтік құқықтық акт. Азаматтық құқықтың қайнар көздеріне ҚР Конституциясы, 1994 жылы 27 желтоқсанда қабылданған ҚР-ның Азаматтық кодексі болып табылады. (жалпы бөлім). 1999 жылы 1 шілдеде ҚР Азаматтық кодексінің «Ерекше бөлімі» қабылданды. Осыған сәйкес азаматтық құқықтың жүйесі 2 бөлім нен тұрады: жалпы және ерекше.

22. Азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілері және объектілері. Азаматтық құқықтық қатынастар дегеніміз қатысушылары бір-бірімен субъективті азаматтық құқықтар мен міндеттер арқылы жалғанатын, азаматтық құқықпен реттелетін мүліктік не мүлікпен байланысты жеке мүліктік емес, мүліктен тыс мүліктік емес қатынастар. Азаматтық құқықтық қатынастар өзара байланысты 3 элементтен тұрады.

-субъектісі;

-объектісі;

-мазмұны.

Азаматтық құқықтық қатынастардың субъектісі болып жеке және заңды тұлғалар, мемлекет, әкімшілік аумақтық бөліністер. Шартты жүзеге асыру үшін қабілеттілік, әрекет қабілеттілігі болуы қажет.

Азаматтық құқықтық қатынастардың объектісі-мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен құқықтар болып табылады. Мүліктік игіліктер мен құқықтарға: заттар, ақша, шетел валютасы, құнды қағаздар, жұмыс, қызмет, т.б.

Азаматтық құқықтық қатынастардың мазмұны дегеніміз-сол қатынастарды жүзеге асырушы субъектілердің құқықтары мен міндеттері немесе сол іс-қимылды жүзеге асырудағы құқықтар мен міндеттер.

23.Ішкі істер органдарының түсінігі, атқаратын қызметі.Ішкі істер органдарының құқықтық статусы ҚР Президентінің 1995 жылы 21 желтоқсандағы ҚР-ның ішкі істер органдары туралы заң күші бар Жарлығымен реттеледі. Ішкі істер органдарының бірыңғай жүйесі – Ішкі істер министрлігінен, оған бағынышты облыстардағы, қалалардағы, транспорттағы ішкі істер басқармаларынан, қалалық, аудандық, поселкелік ішкі істер органдарынан, ішкі істер әскерлері және т.б мекемеледен тұрады. Атқаратын қызметі: жеке адымның, азаматтың конституциялық құқықтарын қорғау; қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету; қылмысқа қарсы күресу; өз құзыреті шегінде қылмыстық жазалауды және әкімшілік шараларды қолдануды орындау; жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оған жүргізушілер мен автотехника құралдарын пайдалануға мемлекеттік рұқсат беру, жол жүрісі саласындағы ережелердің сақталуын бақылауды жүзеге асыру.

24. ҚР әділет органдары.ҚР-ның әділет органдары мемллекеттің қызметінің атқарылуын құқықтық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың жұмысында заңдылық режиміне қолдау жасайтын, азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін атқарушы билік органдары болып табылады.Оның қызметін ҚР-ның 2002 жылы 18 наурыздағы Әділет органдары туралы заңы реттейді. Әділет органының біртұтас жүйесі Әділет министрлігінен, аумақтық әділет органдарынан, қылмыстық-атқару жүйесінің органдарын қамтитын әділет органдарынан және өзге бағынышты органдарынан құралады. Атқаратын қызметі: Заң жобасын дайндау жұмысн жүргізу, заңдарды талдау, жетілдіру, жүйелеу, құқықтық кесімдердің жобаларына заң сараптамасын жүргізу; заңды тұлғаларды, жылжымайтын мүлікке құқықтырды және олармен жасалатын мәмілелерді, азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру; құықтық көмекті және заң қызметін көрсетуді ұйымдастыру және құқықтық насихатты қамтамасыз ету; сот сараптамасы қазметін ұйымдастыру және жүзеге асыру; қылмыстық жазаларды атқару, қылмыстық жаза атқару органдары мен мекемелерінде құқықтық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз ету .

25. Құқық бұзушылық ұғымы және құрамы.Құқық бұзушылық–бұл қоғамның, мемлекеттің, тұлғаның мүдделеріне нұқсан келтіруші, тұлғаның кінәлі, құқыққа қайшы, қоғамға қауіпті әрекеті.

Құқық бұзушылықтың белгілері: әрекет немесе әрекетсіздік; кінә; құқыққа қайшылығы; зиянды нәтиже; әрекет пен зиянды нәтиженің арасындағы себепті байланыс; заңды жауапкершілік.

Әлеуметтік қауіптілігіне қарай барлық құқықбұзушылықтар қылмыстарға және теріс қылықтарға бөлінеді.

Қылмыстар–бұл қоғамға ерекше қауіптілікпен ерекшеленетін, әлеуметтік маңызды мүдделерге нұқсан келтіретін, нұқсан келтірушіліктен қылмыстық заңнамамен қорғалатын қылмыстық құқықбұзушылықтар.

Теріс қылықтар–әлеуметтік қауіптіліктің, қылмысқа қарағанда, аз дәрежесімен ерекшеленеді, қоғамдық өмірдің әр түрлі салаларында жүзеге асырылуы мүмкін, әр түрлі нұқсан келтіру объектілері мен заңды салдарға ие. Олар үшін жаза емес, әр түрлі шаралар көзделген. Теріс қылықтардың түрлері: азаматтық, әкімшілік

Құқықбұзушылықтың құрамы:

1. Құқықбұзушылықтың субъектісі–бұл осы әрекетті немесе әрекетсіздікті жасаған құқықты әрекетқабілетті жеке тұлға немесе әлеуметтік ұйым.

2. Құқықбұзушылықтың объектісі–бұл осы құқықбұзушылықтың неге бағытталғанын көрсетеді. Объектінің түрлік және тектік түрлерін бөліп қарастырады. Тектік объект ретінде қоғамдық қатынастар орын алса, түрлік объектіге өмір, денсаулық, абырой, мүлік және т.б. жатады.

3. Құқықбұзушылықтың субъективтік жағы–бұл тұлғаның өз әрекетіне және оның салдарына деген субъективтік қатынасын сипаттайтын белгілердің жиынтығы. Бұл жерде басты категория болып кінә табылады. Кінә дегеніміз тұлғаның өзі жасаған құқыққа қайшы әрекетіне психологиялық қатынасы. Кінәнің екі түрі болады: қасақаналық және абайсыздық

4. Құқықбұзушылықтың объективтік жағы–бұл осы құқықбұзушылықты сипаттайтын сыртқы белгілердің жиынтығы, оларға мыналар жатады: а) әрекет немесе әрекетсіздік; ә) құқыққа қайшылық; б) зиянды нәтиже; в) әрекет (әрекетсіздік) пен зиянды салдың арасындағы себепті байланыс.

26. ҚР Үкіметі.Үкімет мемлекеттің жоғарғы атқарушы өкімет органы болып табылады. Үкімет Президенттің Парламент Мәжілісіне заң жобаларын енгізу жөніндегі тапсырмасын орындауға, заң жобалау жұмысының жоспарларын Президентпен келісіп отыруға міндетті. Үкімет Конституцияның 53 бабының 6-шы тармақшасында көзделген ретте Республика Парламентіне есеп береді. Үкіметтің құзіреті, ұйымдастырылуы мен қызмет тәртібі заңмен белгіленеді (1995 жылғы 18 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» мемлекет басшысының конституциялық заң күші бар Жарлығы). Үкіметті Премьер-министр, оның орынбасарлары, министрлер және мемлекеттік комитеттердің құрамында Республика президенті құрады. Республика Премьер-министр тағайындалғаннан кейін он күн мерзімінде Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы Президентке ұсыныс енгізеді. Үкімет мүшелері Қазақстан халқы мен Президентіне ант береді. Республика президенті өз бастамасы бойынша Үкіметтің өкілеттілігін тоқтату туралы шешім қабылдауға және оның кез келген мүшесін қызметтен босатуға хақылы. Премьер-Министрді қызметіне босату бүкіл Үкіметтің өкілеттілігі тоқтатылғанын білдіреді.Үкімет ұйымдық жағынан алқалы орган болып табылады, яғни оның шешімдері Үкіметтің отырысында алқалы түрде қабылданады.

27. Халықаралық құқықтың түсінігі мен қағидалары.Халықаралық құқық халықаралық қатынастарды реттеп отырады. Халықаралық құқық кез келген қоғам өмірінде ерекше орынға ие болатын мемлекеттер арасындағы дипломатиялық, экономикалық, саяси қатынастарды реттеп отыратын құқықтың жүйесі.Ол мемлекеттер мен мемлекеттер тәрізді құрылымдарды және өз тәуелсіздіктері үшін күресуші халықтар мен ұлттардың және халықтық ұйымдарды мемелекеттер арасындағы қарымөқатынасты реттеп отыратын сала. Қайнар көзі – хъалықаралық шарттар, халықаралық ұйымдардың шешімдері, резолюциялары, халықаралық құқықтағы ғалымдар доктринасы, халықаралық дәстүрлер. Объектісі – халықаралық қатынастардың жалпыға бірдей қағидалары мен нормаларының негізінде өзара құқық субъектілерінің қарым-қатынасқа түсуі. Субъектісі - өз тәуелсіздігі үшін күресуші мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар, халықтар мен ұлттар. Халықаралық құқық жүйесіне мынадай сипаттар тән: әмбебаптық, көпшілік мойындағандық, жалпыға міндеттілік, тұрақтылық. Қағидалары: аумақтық тұрақтылық; күш қолданбау, күш көрсетпеу; халықаралық даулар туындаған жағдайда бейбіт тәсілдер арқылы шешу; ішкі істерге қол сұқпау; әр түрлі салада мемлекеттің ынтымақтастығы; өздеріне берілген міндеттемелерді адал түрде орындау.

28. Отбасы құқығы ұғымы, қағидалары.Отбасылық кұқықтық қатынастар - құқық нормасымен реттелген отбасы мүшелері арасындагы қатынастар.Отбасылық құқық қатынастарының субъектілері: ерлі-зайыптылар, балалар, басқа отбасы мүшелері мен жақын туыстары, заңмен белгіленген басқа да адамдар. Объектілері:

1) отбасының мүшелері арасында туатын өзіндік және мүліктік қатынастар;

2) некені қиюдың тәртібі мен шарттары және оны жою;

3) ата-анасының қарауынсыз қалған балаларды басқа отбасыға орналастыру және т.б. болып табылады.Неке - ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес қатынастарды туғызатын, отбасын құру мақсатымен заңдарда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықты одағы.Неке қию тәртібі бойынша некеге отырғысы келген азаматтардың арыздары алдымен азаматтық хал актілерін жазатын (АХАЖ) мемлекет органдарының кітабына жазылады да, некені қию некеге тұруға тілек білдірушілер азаматтық хал актілерін жазу органына арыз берген күннен бастап бір ай мерзім өткен соң жүргізіледі. Некеге түрған адамдардың қалауынша неке шарты жасалуы мүмкін. Неке шарты - нотариуспен расталған, некеге тұратындардың құқықтық жағдайын анықтайтын шарт болып табылады.Төмендегідей жағдайларда: некеге отыратын адамдардың бірі болса да басқа адаммен некеде тұрса; бір атадан, бір анадан туған туыстардың, бір әке-шешеден туған, әкесі не шешесі бөлек бауырлардың, сол сияқты бала қылып алушылар мен бала болып алынғандардың бір-бірімен некеге отыруына; екі адамның біреуі болса да ақыл-есінің ауысуы немесе ақыл-есінің кемдігі салдарынан сот әрекет қабілеттілігі жоқ деп танылған адамдарға некеге тұруға жол берілмейді.Неке ерлі-зайыптылардың бірінің өлгені немесе оны өлді деп немесе хабар-ошарсыз кеткенін жариялау салдарынан, сол сияқты, жұбайлардың көзі тірісінде олардың екеуінің немесе біреуінің өтініші болса тоқтатылады.Төмендегідей істер жайында сот шешім қабылдауы қажет: ерлі-зайыптылардың кәмелетке толмаған баланың болған жағдайда; біреуі болса да келісімін бермесе: олардың арасында мүліктік қарым-қатынастар туындаса;

Соттан басқа, өзара келісім білдірген және т. б. жағдайларда некені бүзу азаматтың хал актілерін жазатын органдарда төмендегі жағдайларда жүргізілуі мумкін: ерлі-зайыпталардың біреуін хабар ошарсыз кетті деп таныса; сот әрекетке қабілетсіз деп таныса; қылмыс жасағаны үшін кемінде 3 жыл мерзімге бас бостандығынанайыруға сотталса; ортақ балалары болмаған жағдайда, мүліктік жағынан бір-біріне тәуелді болмаса.Отбасы - некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге байланысты және отбасы қатынастарын нығайту мен дамытуға жәрдемдесуге тиісті адамдар тобы. Балалар жөнінде ата-аналардың балаларды тәрбиелеу; балалардың күш-қуатын дамыту; оларды міндетті түрде оқыту; балаларды пайдалы еңбекке үйретіп өсіру; жасы толмаған балаларын және көмекке мұқтаж, еңбекке қабілеті жоқ балаларын асырау міндеттері бар.Ал көмек көрсетуден, алимент төлетуден бас тартқан жағдайда мәселе сот арқылы шешіледі. Жасы толмаған балаларға мынадай мөлшерде алимент өндіріліп алынады: бір балаға төрттен бірі, екі балаға үштен бірі, үш және одан да көп балаға әкесінің немесе шешесінің табысының тең жартысы.

29.Қылмыстық-құқықтықжауапкершілік.Құқықтық жауапкершіліктің ішіндегі ең қатал түрі қылмыстық жауаптылық болып табылады. Қылмыс жасаған кезде он алты жасқа толған адам қылмыстық жауаптылыққа тартылады.Қылмыстық жауапкершілікке тарту көзделген қауіпті әрекет жасаған кезде есі дұрыс емес күйде болған, яғни созылмалы психикалық ауруы, психикасының уақытша бұзылуы, кемақылдылығы салдарынан өзінің іс-әрекетінің іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін ұғына алмаған немесе оған ие бола алмаған адам қылмыстық жауапқа тартылмайды. Бұларға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкін. Алкогольді ішімдікті, есірткі заттарды немесе басқа да есеңгірететін заттарды пайдалану салдарынан мас күйінде жасалған қылмыс үшін адам қылмыстық жауаптылықтан босатылмайды.Жаза - соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы. Жаза қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамға қолданылады және адамды құқықтары мен бостандықтарынан айыру немесе оларды шектеу болып табылады.Жазаның мақсаты әлеуметтік әділдікті қалпына келтіру, сондай-ақ сотталған адамның да, басқа адамдардың да жаңа қылмыстар жасауынан сақтандыру болып табылады. Жаза тән азабын шектіруді немесе адамның қадір-қасиетін қорлауды мақсат етпейді.Сотталған адамға келтірілетін бас бостандығынан айырудың мәніне қарай жазаның түрлері мынандай топтарға бөлінеді:

1.Сотталған адамға моральдық жағынан әсер ететін жаза түрлері. Бұған жататындар: қоғамдық жұмыстарға тарту, арнаулы, әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградадан айыру.

2.Сотталған адамның құқығына шек қоюмен байланысты жаза түрлері: белгілі бір лауазым атқару немесе белгілі бір қызметпен шұғылдану қүқығынан айыру, әскери қызмет бойынша шектелу.

3.Сотталған адамды материалдық жағынан айыруға байланысты жазалар: түзеу жұмыстары, айыппұл, мүлікті тәркілеу.

4.Сотталған адамның құқығынан немесе бас бостандығынан айыруға байланысты жаза түрлері: өлім жазасы, бас бостандығынан айыру, қамау, тәртіптік әскери бөлімде үстау.

Бұлардан басқа жазаларды негізгі, қосымша деп топтауға болады. Негізгі жазалар дегеніміз заң бойынша жеке-дара жаза ретінде, жазаның мақсатын жүзеге асыру үшін қолданылатын жаза түрлерін айтамыз (39 бап, 1 бөлігі). Негізгі жазалар: айыппұл салу, белгілі бір лауазым атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру, қоғамдық жұмыстарға тарту, түзеу жұмыстары, әскери қызмет бойынша шектеу, бас бостандығын шектеу, қамау, тәртіптік әскери бөлімде ұстау, бас бостандығынан айыру, өлім жазасы. Қосымшя жазалар негізгі жазаға қосылып тағайындалады және жазаның мақсатын жүзеге асыруда көмекші рөль атқарады (арнаулы әскери атағынан, сьныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградалардан айыру; мүлкін тәркілеу).

30. Табиғи ресурстарға меншік құқығы, объектілері, субъектілері.Табиғи ресурстарға меншiк нысаны ҚРң Конс-мен белгiленедi. Табиғат ресурстарына меншік құқығын 2 мәнісінде қарастыру керек. 1) табиғат ресурстарын меншік құқығы ұғымынан нормативтік құқықтық актілерде баянды етілген, экол/қ құқық қатын.астарын реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығын түсінеміз. Баксқаша айтқанда, бұл объективтік мағынадағы меншік құқығы.

2) табиғат ресурстар меншік құқығы-табиғат ресурстарын иелену, пайдалану ж/е иелік ету жөніндегі субъектілердің заңдылық жиынтығы түсініледі.Басқаша айтқанда,бұл субъективтік мағынадағы меншік құқығы ретінде түсініледі. ҚР Азаматтық Кодексінің 188-бабында былай делінген: меншік құқығы дег/з субъектінің заң құжаттары арқ танылатын ж/е қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану ж/е оған билік ету құқығы. Иелену құқығы табиғат объектілеріне нақты иеленуді жүзеге асыруды заң жүзінде қамтамасыз етілген мүмкіндігі болып табылады. Пайдалану құқығы табиғат объектілерінен қоғамның қажеттерін қанағаттандыру ү/н пайдалы қасиеттерін алудың заңдылық тұрғысында қамтамасыз етілген мүмкіндігі б.т. Табиғат ресурстарының субъектілері: мемлекеттің өзі, жеке ж/е заңды тұлға. ҚР жер кодексінің 20- бабына сәйкес жерге меншік құқығынның субъектілері деп мыналар танылады:

1) республика аумағындағы жерге мем/к меншік құқығының субъектісі – ҚР;

2)ҚР азаматтары, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар ұғынылады.

Таб ресурстар/ң объектілерін мынадай топтарға бөлуге болады: 1)сарқылмайтын объектілер(күн энергиясы, атмосфералық ауа, су). 2)Сарқылатын

31. ҚР экологиялық құқығы. Экологиялық құқық - табиғи ресурстарды пайдалану және қорғау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықгық нормалардың жиынтығы.Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау туралы заңдары ҚР Конституциясына және 2007 ж 9 қаңтарда қабылданған ҚР экологиялық кодексіне негізделеді. Экологиялық құқықтың объектісі қоғам мен табиғаттың өзара байланысы барысында туындайтын қоғамдық қатынастар, яғни қоршаған орта(ауа, су, топырақ, жер қойнауы, жануарлар мен өсімдіктер әлемі). Субъектісі – мемлекет, жеке және заңды тұлғалар. Экологиялық құқықтар әдістер дегеніміз нақты бір міндетті орындауға бағынылған шындықты, болмысты, практикалық және теориялық жағынан игерудің амал-айлаларының жиынтығы. құқықтық нормалардың орындалуы үшін әкімшілік-құқықтық және азаматтық құқықтық әдістері қолданылады. Аталған әдістер экологиялық құқық саласында да пайдаланылады.Әкімшілік-құқықтық әдістер құқықтық қатынастардың субъектілерінің тең емес, билік етушілер мен оған бағынушалар қатынасынан туындайды.Азаматтық құқықтық әдіс құқықтық қатынастың субъектілерінің заң алдында өзара теңдігіне негізделген . Сонымен бірге императивті және диспозитивті әдістер қолданылады. Императивті эклогиялық құқықтық қатынастарының субъектілерінің құзыретін белгілегенде оларға алдын ала көрсету, жазу, тыйым салу нормалары қолданылады. Диспозитавтік әдіс ол экологиялық құқықтық қатынастардың субъектілері өзара ұсыныс, санкция, рұқсат беру сияқты амалдардың негізінде әрекет жасауы. Экологиялық құқықтың жүйесі жалпы және ерекше деген екі бөлімнен тұрады. Жалпы бөлім қоғам мен табиғттың өзара қарым-қатынасы, жаһандық және ұлттық экологиялық мәселелер, табиғтты құқықтық қорғау, қоршаған ортаны қорғау, табиғат қорлары мен байлықтарын ұтымды пайдалану мен қайта өндіру ұғымдары, экологиялық заңнамалардың бұзылғаны үшін жауаптылық сияқты мәселелерді қарастырады. Ерекше бөлім жерді, суды, ауаны, орманды, жер қойнауын, жануарлар, өсімдіктер дүниесін пайдалану және қорғаудың, экологиялық құқық бұзушылық және жауаптылықтьң экологиялық-құқықтық тәртіптерін оқытады.

Экологиялық мәселелерді 3 топқа бөліп, қарастыруға болады:

  1. Жаһандық немесе әлемдік (климаттың өзгеруі, жердің шөлейттенуі...).

  2. Ұлттық (Семей полигоны, Арал теңізі, трансшекаралық мәселе... ).

  3. Жергілікті (радиоактивті, химиялық ластану, өнеркәсіптік қаолдықтар... ).

Экологиялық құқық бұзушылық жасалған уақытта мынадай жауапкершілікке тартылады: тәртіптік, материалдық, әкімшілік, қылмыстық, азаматтық, құқықтық.

32.Азаматтық құқықтық жауаптылық. Азаматтық-құқықтық жауаптылық құқық бұзушының мүлкінен айыру,не алу,немесе касіпкерлікпен айналысуға тиым салумен ,заңды тұлғаны мәжбүрлікпен жою, не қайта құрумен байланысты, жағымсыз нәтижелі, құқықтық жауаптылықтың бір түрі.Азаматтық-құқықтың бірнеше түрі бар. 1. Шарт бойынша және шарттан тыс жауаптылық-Шарт бойынша жауаптылық дегеніміз несие берушінің алдындағы боршын өтемеген, не оның толық ыждахаттылықпен орындалмағаны ушін шарт,не басқа да құқықтық не іздер бойынша борыш қорығы мүліктей зиян әкелетін жағымсыз салдарлар.Шартта белгіленбеген, бірақ бір тұлғанын құқыққа қарсы әрекетінің нәтижесінде, екінші бір тұлғаға келтірілген зиян бойынша күшіне енетін жауаптылықты шарттан тыс жауаптылықтар деп атаймыз. 2.Үлестік және ынтымақтастық жауаптылық-зиян келтіруші жақта бірнеше тараптар болған жағдайда ушіге жүктелетін жауаптылықты үлестік жауаптылық деп атаймыз.3.Негізгі және қосымша жауаптылық-құқықтық нормалардың жалпы тапсырмаларында белгіленген тәртіп бойынша туындайтын борышқор мен зиян келтірушінің жауаптылығы Негізгі жауаптылық деп атайды.Заңда белгіленегн кейбір жағдайларға байланысты зиян шеккен жақтың құқығын,мүддесін толық қорғау және қанағаттандыру мақсатында,негізімен қатар,қосымша жауаптылықта тағайындалады.4.Кері жауаптылық-деп заң бойынша бір тұлғаның екінші бір тұлғаның әрекеті үшін жауаптылығы регрестік жауаптылыққа жатады.Кері жауаптылықтың мәні,ол шындығында , кінәлі болған зиян келтірушіге жауаптылықты жүктеу.

33.Заңды жауапкершіліктің түрлері. Заңды жауапкершілік–бұл құқықбұзушылық жасаған тұлғаларға заңнамамен көзделген мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын белгілі бір іс жүргізушілік тәртіпте қолдану. Шаралар мынадай сипатта болуы мүмкін: а) жеке сипаттағы шаралар (бас бостандығынан айыру); ә) мүліктік сипаттағы шаралар (айыппұл); б) ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар (жұмыстан босату).

Заңды жауапкершіліктің төмендегідей түрлері болады:

1. Қылмыстық–тек қылмыстар үшін қолданылады; ешкім де сот шешімінсіз қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылмауы және қылмыстық жауаптылыққа тартылмауы тиіс. Қылмыстық жазалау шаралары–кінәлінің тұлғасына бағытталған мемлекеттік мәжбүрлеудің ең қатаң нысандары–бас бостандығынан айыру, өлім жазасы және т.б.

2. Әкімшілік–әкімшілік теріс қылықтарды жасағаны үшін туындайды және айыппұл, арнайы құқығынан айыру және т.б. сияқты шаралардан көрініс табады.

3. Азаматтық–мүліктік сипаттағы шарттық міндеттемелерді бұзу және шарттан тыс мүліктік зиян келтіру  үшін туындайды. Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің негізгі қағидасы–зиянды толығымен өтеу.

4. Тәртіптік–еңбек, оқу, қызметтік, әскери тәртіпті бұзу үшін қолданылады; тәртіптік жауапкершілік шаралары–сөгіс, қатаң сөгіс, жұмыстан шығару және т.б.

5. Материалдық–қызметкерлер мен жұмысшылардың өз қызметтік міндеттерін орындауы барысында кәсіпорынға, мекемеге, ұйымға келтірген зияны үшін туындайды.

34. ҚР Конституциялық құқығы Конституциялық құқық дегеніміз — тұлғаның құқықтық мәртебесі мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік және қоғамдық құрылысының негіздерін құрайтын қоғамдық катынастарды, мемлекет пен жеке адамның қарым-қатынасын, принциптерін, сайлау жүйесінің негіздерін халықтың колындағы мемлекетгік билікті іске асыру тетіктерін реттейтін және белгілейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Конституциялык құқық, — кұқықтың жетекші саласы. Конституциялық құқықтық қатынастар төменгі әдістермен реттеледі: міндеттеу, тиым салу, рұқсат беру, мойындау. Белгілері: Конституцияныңғ үстемдігі; Конституцияның құрылтайлық сипаты немесе құқықтың негізгі бастуы; Конституцияның тура, тіке әрекеті; Конституцияның өзгертудің, қабылдаудың ерекше тәртібі; Конституция ерекше құқықтық қорғауға жатады. Конституцияның басқа нормативтік актілерден өзіндік ерекшеліктері: қоғамдық қатынастардың негізін қалайды; құқықтың негізгі бастауы; Ең жоғарғы күші бар норматитвтік акті; ерекше тәртіппен қабылдануы; тұрақтылығы.

35. ҚР азаматтарының конституцияық міндеттері.Азаматтардың негізгі міндеттеріне ҚР –ның Конституциясын және басқа заңдарды сақтау, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу, салықтар мен алымдарды төлеу т.б жатады. Әр азамат Республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті.Мемлекеттік нышандарды қорлағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа дейінгі заңдық жауаптылық белгіленген. Елді сыртқы қарулы күш көрсетуден қорғау әр азаматтың қасиетті борышы мен мндеті ретінде конституциялық тұрғыда бекітілген. Әскери қызметтің тәртібі мен түрлері “Жалпыға бірдей әскери міндет және әскери қызмет туралы ” 1993 жылы 1 қаңтардағы ҚР –ң заңымен реттеледі. Жалпыға бірдей әскери міндетке: азаматтарды әскери қызметке дайындау; шақыру учаскелеріне тіркеу; әскери қызметке тіркеу; әскери қызметті өтеу; запастағы әскери қызмет; запаста жүрген кезде оқу жиындарын өту; соғыс кезінде азаматтардың бәріне бірдей әскери білім беру кіреді. ҚР-ң азаматтары тарихи, мәдени мұралардың сақталуына қамқорлық жасауға, тарих пен мәдениет ескерткіштерін қорғауға, табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті.

36. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы.Кәмелетке толмағандар деп қылмыс жасаған кезге қарай жасы он төртке толған, бiрақ он сегiзге толмаған адамдар танылады. Қылмыс жасаған кәмелетке толмағандарға жаза не тәрбиелiк әсерi бар мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкiн. Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза түрлерi:

а) Айыппұл; айыппұл кәмелетке толмай сотталған адамның дербес табысы немесе өндiрiп алуға жарайтын мүлкi болған жағдайда ғана тағайындалады.

б) белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру; Кәмелетке толмағандарға белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге тағайындалады.

в) қоғамдық жұмыстарға тарту; Қоғамдық жұмыстарға тарту қырық сағаттан жүз алпыс сағатқа дейiнгi мерзiмге тағайындалады, ол кәмелетке толмаған адамның қолынан келетiн жұмысты орындауы болып табылады және ол оны оқудан немесе негiзгi жұмысынан бос уақытында атқарады. Он алты жасқа толмаған адамдардың бұл жаза түрiн орындауының ұзақтығы күнiне екi сағаттан, ал он алтыдан он сегiз жасқа дейiнгi адамдар үшiн күнiне үш сағаттан аспауы керек.

г) түзеу жұмыстары; Түзеу жұмыстары сот үкiм шығарған кезде он алты жасқа жеткен кәмелетке толмаған адамдарға бiр жылға дейiнгi мерзiмге тағайындалады.

д) бас бостандығын шектеу; Кәмелетке толмағандарға бас бостандығын шектеу бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге тағайындалады.

е) бас бостандығынан айыру болып табылады. Бас бостандығынан айыруға бiрiншi рет сотталғанда тәрбиелеу колонияларында өтейдi.

37. Мемлекеттік билік жүйесі. . Мемлкеттік билік бұл мемлкеттік құқықтық құралдар, әдістер мен тәсілдер жүйесі. Осылардың көмегімен билік етуші субьектілердің ерік жігері іске асырылады немесе қоғам өмірінің экономикалық әлеуметтік және рухани салаларын басқау жүзеге асырылады. Билік мемлекеттік буындар жүйесі арқылы көрінеді. Олар әр алуан. Мемлекет органы дегеніміз белгілі тәртіппен құрылған азаматтар ұжымы. ҚР мемлекеттік органдары мемлекеттік қызметті іске асыру нысаны бойынша өкілді, атқарушы, сот, прокуратура, және өзге де бақылааушы, қадағалаушы органдарға бөлінеді. Мемлекеттік органдардың мынадай төрт негізгі түрі ерекшеленеді: ҚР Үкіметі және ҚР соттарының жүйесі. Осы органдардың бәрі жинақтала келе, ҚР дағы мемлекеттік органдарының бірәыңғай жүйесін құрайды.

ҚР Президенті мемлекет басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғарғы лаузымды тұлға.

ҚР Парламенті ҚР ның заң шығару қызметін жүзеге асыратын республиканың ең жоғарғы өкілді органы. Парламент екі палатадан сенаттан және мәжілістен тұрады. Парламент тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн екi Палатадан: Сенаттан және Мәжiлiстен тұрады.

ҚР Үкіметі атқарушы биліктің маңызды тармағы болып табылады, атқарушы органдардың жүйесін басқарады, және олардың қызметіне басшылық жасайды.

ҚР Сот билігін сотта іс жүргізудің азаматтық, қылмыстық және заңмен белгіленген өзге де нысандары арқылы тек сот қана жүзеге асырады. ҚР-ның Жоғарғы соты және жергілікті соттар құрайды

38. Мемлекет нысаны (басқару нысаны, мемлекеттік құрылым, саяси режим) Мемлекеттік биліктің қалыптасу, бөліну және іске асырылу тәсілдерінің жиынтығы мемлекеттің нысаны деп аталады. Мемлекеттің басқару нысаны дегеніміз – мемлекеттік биліктің жоғарғы органдарының құрылымы, ұйымдастырылу тәртібі, өкілеттік сәйкестігі. Елдегі жоғарғы биліктің даралықпен немесе көпшілікпен іске асырылуына байланысты мемлекет басқарылу нысандарына қарай монархиялық және республикалық болып екі түрге бөлінеді.

Монархия дегеніміз елдегі жоғарғы мемлекеттік билік мұрагерлік арқылы берілетін өмір бойғы, дара билеудің нысаны. Монархиялық мемлекет өз кезегінде абсолюттік, парламенттік, конституциялық, аралас монархия болып бірнеше түрге жіктеледі. Абсолюттік монархияның төмендегідей белгілері бар: монархтың мемлекеттік билікке үстемдігі; мемлекеттік биліктің барлық тармағының монархтың қолына шоғырлануы; монархтың билігін шектейтін белгілі бір өкілетті органның болмауы; ішкі және сыртқы саясатты монарх өзі тағайындайтын министрлер арқылы іске асырады; мелекетті басқаруға халықтың араласу құқығы шеңберінің шектеулілігі; қоғам тарапынан жоғарғы билік органдарын бақылау механизмінің жоқтығы. Конституциялық және парламенттік монархияда монархтың билігі конституциямен не парламенттің іс - әрекетімен шектелген.

Республикалық басқару нысанынында мемлекет басшысы мен мемлекеттік биліктің ең жоғарғы органдарын халық сайлайды, мемлекеттегі органдар мен лауазымды қызметтердің өмір бойы емес, белгілі бір мерзімге сайлануы; мемлекеттің жоғарғы органдарын сайлайтындықтан олар халықтың атынан сөйлейді, әрекет жасау құқығына ие болады, мемлекеттік биліктің заң шығару билігі, атқару билігі және сот билігі болып үш тармаққа бөлініп іске асырылуы. Республиканың президенттік, парламенттік және аралас басқару сияқты түрлері болады. Президенттік республиканың негізгі белгілері: Мемлекеттің басшысы Президенттің бүкіл халықтың дауыс беру тәсілі арқылы сайлануы; Мемлекет басшысы Президент бір мезгілде атқарушы биліктің басшысы болып саналады; мемлекеттік биліктің заң шығару билігі, атқару билігі және сот билігі сияқты үш тармаққа міндетті түрде бөлінуі;

Парламенттік басқару барысында бүкілхалықтық жолмен сайланған Парламенттің рөлі мен маңызы басқа президент, үкімет сияқты институттарға қарағанда жоғары. Парламенттік басқарудың белгілері: мемлекеттік биліктің қатаң тармақтарға бөлінуі анық байқалмайды. Мемлекет басшысы Президентті Парламент сайлайды.

Мемлекеттің орталық және жергілікті органдары арасындағы биліктік өкілеттілікті бөлу, мемлекеттің тұтас және жеке бөлшектерімен арақатынасын анықтайтын биліктің аумақтық ұйымдасуы мемлекеттің құрылым нысаны деп аталады. Мемлекет әкімшілік – аумақтық құрылымына орай унитарлы, федеративті, конфедеративті болып келеді.

Саяси режимнің тұрапатына қарай мемлекет нысаны жағынан демократиялық емес (тоталитарлы, авторитарлы режимдер) және демократиялық (президенттік, парламенттік) болып екі үлкен топқа бөлінеді.

Тоталитарлық латын тілінен аударғанда «толық», «тұтас» деген мағына береді. Сонда тоталитарлықтың барысында бүкіл қоғам мен жеке адам өмірінің барлық жағы тұтастай мемлекеттің қолына, бақылауына шоғырландырылады.

39. ҚР сот билігі. ҚР-да сот билігі тұрақты судьялар, сондай ақ заңда көзделген жағдайларда және тәртіппен қылмыстық сот ісін жүргізуге тартылған алқа зеседателдері арқылы сотарға ғана тиесілі. Сот билігі ҚР-ның атынан жүзеге асырылады ж/е азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға республика конспитуциясының, заңдарының орындалуына қамтамасыз етуге қызмет етеді.Сот билігі азаматтық, қылмыстық ж/е заңда белгіленген өзге де сот ісін жүргізу нысандары арқылы жүзеге асырылады.Біздің елдегі сот төрелігін Конституцияның 75-бабына, ҚРның 2000 жылғы 25 желтоқсандағы «ҚР-ның сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» конституциялық заңына сәйкес тек сот қана жүзеге асырады. Сот жүйесін ҚР-ның Жоғарғы соты және жергілікті соттар құрайды.Жергілікті соттарға облыстық және оларға теңестірілген соттар (республика астанасының қалалық соты, республикалық маңызы бар қалалардың қалалық соты, мамандырылған сот- ҚР Әскери соты және басқалары) және аудандық, сол сияқты оларға теңестірілген соттар жатады.Соттар қайсыбіреулердің еркіне қарамастан тек Конституциямен мен Республика заңдарына сәйкес, өздеріне Республика атынан берілген билікті жүзеге асырады, іс жүргізу нысандарында белгіленген сот ісін қарауға процесс мүшелерінің барлығының да белсенді қатысу мүмкіндігін қамтамасыз етеді, істің ақиқатын ашады және ол бойынша заңды әрі негізделген шешім шығарады. Барлық соттарында судьяларынң мәртебесі бірдей.