- •«Криминалистика негіздері»
- •Алматы 2011 ж.
- •1.Криминалистика пәні, міндеттері және жүйесі.
- •2.Қылмыстың криминалистік сипаттамасы
- •3.Криминалистикалық ұқсату (идентификация) және диагностика
- •4.Криминалистиканың арнаулы әдістері мен жалпы ғылымдық әдістері
- •5.Криминалистік техника Криминалистік техниканың жалпы ережелері
- •6.Криминалистік фотография. Қылмысты тергеу мен ашудағы бейнежазу.
- •7.Тергеу болжаулары және тергеуді жоспарлау
- •8.Трасология. Трасологиялық ізтану.
- •9.Криминалистік қару-жарақтану. Құжаттарды криминалистік зерттеу.
- •10.Адамның сыртқы белгілеріне қарап ұқсастыру
- •11.Криминалистік тіркеу және криминалистік техникадағы басқа да тергеу бағыттары
- •12.Криминалистік тактиканың жалпы ережелері.
- •13.Тергеу қарауының тактикасы
- •14.Тергеу экспериментінің тактикасы
- •15.Оқиға орнындағы айғақтарды тексеру және нақтылау тактикасы. Тінту және алу тактикасы.
- •16.Жауап алу және беттестіру тактикасы
- •17. Таныту үшін көрсету тактикасы. Сараптама жүргізу және оның мәні.
- •18.Қылмыстың жеке түрлерін тергеу әдістемесі Криминалистік әдістемесінің жалпы ережелері.
- •19.Кісі өлтіру мен зорлауды тергеудің әдістемелері.
- •20. Алибиді зерттеу әдісі
- •21.Өтірікпен байланысты оқиғаларды тергеу әдісі
- •22.Өзін кінәлаумен байланысты жағдайларды тергеу
- •23.Жалған көріністі (жасағансу) табу мен әшкерелеу
- •24. Бөтен мүлікті өз иелігіне өткізуді немесе жұмсап жіберу барысындағы тергеу әдістемесі.
- •25. Қарақшылықпен шабуыл жасауды және тонауды тергеу әдістемесі.
- •26. Ұрлықты тергеу әдісі.
- •27. Алаяқты тергеу әдісі.
- •28. Пара алушылықты тергеу
- •29. Есірткі заттарын немесе жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз айналымға түсірумен байланысты қылмыстарды тергеу әдісі.
- •31. Өртеудің немесе өртке қарсы қауіпсіздік тәртібін қылмыстық жолмен бұзудың, сондай-ақ жарылыс деректері бойынша қозғалған қылмыстық істерді тергеу әдісі.
- •32. Бұзақылықты тергеу әдісі.
- •33. Салық қылмыстарын тергеу әдісі.
- •34. Топтық және ұйымдастырылған қылмыстарды тергеу ерекшеліктері.
- •35. Криминалистика пәнінен тест сұрақтары
- •Дәрістер жинағын құрастыруға пайдаланылған норматитік актілер мен оқу құралдары
- •Мазмұны
24. Бөтен мүлікті өз иелігіне өткізуді немесе жұмсап жіберу барысындағы тергеу әдістемесі.
Өз иелігіне өткізудің немесе жұмсаудың ұғымы мен пәні
Анықтауға жататын жағдайлар
Бөтен мүлікті иеленудің немесе жұмсаудың тәсілдері
Бастапқы тергеу барысындағы түрлі жағдайлар мен тергеу әрекеттері
Криминалистика негіздері 90
1.Иеленіп алу немесе ысырап ету, яғни кінәлі адамға сеніп тапсырылған бөтен мүлікті ұрлау (ҚР ҚК – 176 бап). Берілген қылмыс құрамы кінәлінің атқарған қызметіне сеніммен қалдырылған мүлікті жауаптылықпен қарастырылған.
Көбінесе қылмыстық жолмен иеленудің құралына ақша қаражаттары, сондай-ақ шетел валюталары, чек кітапшалары, несие карточкалары, облегациялар, акциялар, сертификаттар жатады.
2. Бөтен мүлікті иелену немесе жұмсау туралы істер бойынша келесі мән-жайлар анықталады:
бөтен мүлікті иелену дерегінің орнының болуы;
иелену тәсілі;
әр эпизоттың уақыты, орны және басқа жағдайлары;
айыпкердің (айыпкерлердің) кінәлілігі;
иеленген материалдың залал сипаты мен мөлшері;
иеленуге қатысушылардың әрқайсысының тұлғалары;
жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар;
бөтен мүлікті иеленуге себепші мән-жайлар.
3. Бөтен мүлікті иелену немесе жұмсау тәсілдері:
а) банк саласында:
ұрлау мақсатында алынған жасанды құрылтайшылар және бухгалтерлік құжаттарды, кепіл хаттарды, кепілдік және сақтау құжаттарын қолдану арқылы кредитке иелену;
жасанды және бағалы қағаздар арқылы алынған ақша қаражаттарын иелену: кредиттік авизо, есептелуші шектер, мемориалды ордерлер, векселдер, депозитті сертификаттар;
бөтен немесе жасанды пластикті кредит карточкаларын пайдалану арқылы ақшаны жымқыру;
банкті компьютерлік торларды қолдану мен ақша қаражаттарын аудару және иелену;
Криминалистика негіздері 91
ә) жекешелендіру ісінде:
жекешеленетін мекеменің болашақта жеке меншікке немесе акционерлікке аударудағы баланстың құнын түсіру;
бекітілген тәртіпті бұзу арқылы жекешелендіруді жүргізу;
жасанды немесе заңсыз жазылған жекешелендіру шектерін, оларды айналымға қайта енгізуді пайдалану;
халық қорына жекешелендірілетін мекеменің интеллектуалдық меншігін немесе басқа материалды емес активтерді көтерілген баға бойынша қосуы;
акционерлер құрамына «өлі жандарды» немесе жекешелендіруге қатысуға құқық қабілеті жоқ тұлғаларды қосу есебімен акцияның бақылаушы пакетіне иелену;
б) көтерме және бөлшекті саудада:
шыққан шығын немесе бүлінген тауар деп қосып жазып заңсыз жолмен есептен шығару;
тауарды кассасыз пайда табуды иеленумен тасымалдау;
тасымалданған тауар құжатын жою;
тонауға алдын ала дайындалып, тауарды жарамсыз деп сорттау арқылы жымқыру;
сатып алып, сату келісім шарты бойынша қосымша төлем ретінде алынған аванс қаражаттарын жұмсау;
өндірілмеген жарнамалардың, маркетингтік, көліктік, жөндеу және басқа жұмыстарына бөлінген ақша қаражаттарын өз иелігіне өткізуге негізделген есептен шығару.
4. Бөтен мүлікті иелену немесе жұмсау туралы істер бойынша тергеудің бастапқы этабында пайда болған екі жағдайды бөлуге болады:
а) Іс жедел іздестіру іс-шараларының салдарында пайда болады, тергеудің жүруіне қызығушы тұлғалар істің қозғалғанын білмейді.
Криминалистика негіздері 92
Бұл жағдайда мынадай тергеу әрекеттері сипатталады: орнында ұстау, ұсталынғандардың өзіндік тінтулері, олардың жұмыс орындары мен тұрғын жерлерін тінту, мүлікті қамауға алу, сезіктілерді жауаптау, құжаттарды, заттарды алу мен қарау, алаң мен құралдарды қарау, куәларды жауаптау, инвентаризация мен ревизияны ұйымдастыру, тану органдарына жедел-іздестіру іс-шараларын өткізуді тапсыру;
ә) қызығушы тұлғаларға белгілі тергеуге дейінгі тексеруді өткізгеннен соң істің қозғалуы.
Бұл жағдайда келесі әрекеттер сипатталады: қулықпен пайда табуға жауапты тұлғаларды жауаптау, құжаттарды, заттарды алу және қарау, алаң мен құрылыстарды қарау, куәгерлерді жауаптау, қажетті жағдайда – сезіктілерді ұстау, мүлікті іздестіру және тіркеу, беттестіруді жүргізу, тану органдарына жедел іздестіру іс-шараларын өткізуді тапсыру.