Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

87

.pdf
Скачиваний:
12
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
8.65 Mб
Скачать

кеңесінің шешімімен «ҚазҰУ-ға – 80 жыл» құрмет белгісімен марапатталды. Қазақстан журналистер одағының мүшесі.

Б.Сағындықұлы 2008-2009 оқу жылында қазақ филологиясы кафедрасының меңгерушісі, 20082010 жж. филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беретін Д14А.01.23 Диссертациялық кеңес төрағасының орынбасары, Кеңес төрағасы болды.

2006-2010 жж. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ғылыми кеңесінің мүшесі болды.

2015 жылдан бастап әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Ақсақалдар Кеңесінің мүшесі.

Б.Сағындықұлы жас ғалымдарды даярлау ісіне де елеулі үлес қосуда. Оның жетекшілігімен жиырма төрт ізденуші кандидаттық, алты ізденуші докторлық диссертация қорғады. Мұның сыртында бір PhD докторын, 30-дан аса магистрлерді дайындады. Профессор Б.Сағындықұлы оқыған дәрістерді студенттер қызыға тыңдайды, практикалық сабақтарына да ынтамен қатысады.

Ол ұл өсіріп, қыз тәрбиелеп отырған ардақты әке. Үлкен ұлы Нұрлан филология ғылымының кандидаты. Ерланы заң қызметкері. Кішісі Темірлан кәсіпкер. Үш ұлынан да немере сүйіп отырған ата.

Тағдырдың жазуымен екінші рет үйленіп, жары Бақытгүлден де ұл-қыз көріп отырған бақытты әке.

Өмірден ертерек өткен, Бекеңмен қызметтес болған аяулы ғалым Алма Қыраубаева әріптес ағасы туралы былай деген екен: «Өмірде сирек жандар болады. Құмырсқадай қыбырлаған тіршіліктің шырғалаңына қызықпайды. Аударылып-төңкеріліп жатқан дүниеге елікпейді. Өз ұғымындағы өмір әлемі бар, сол жетеді. «Өмірдің мағынасын ойлап, басыңды қатырма, өмірді сүре біл» - деп сыбырлаған макивелизмің алдай алмайды. Бәрсисаны адастырған Ібілістің өзі келсе де, жолдан таймайды. Ал сол Ібіліс қол қусырып, алдына келуі мүмкін. Ішкі дүние Шумердің сын жазуындай мықты. Пенде кірі жұғып кетсе, жан сарайынан қылует жасап алып тазарады, қылуетке кіргісі келген кісі қолын жуып, дәрет алмаса, маңайлай алмас еді. Айналасына лас сезімді жұқтырмайды, лас жерді өзі де баспайды. Көңілі қалса, томырылып түседі, қуанса, түгел ақтарылады. Көптің пікірінше, Берікбай Сағындықов осындай адам». Бұған алып-қосар ештеме жоқ.

Берікбай Сағындықұлының «Ғаламның ғажайып сырлары» кітабында әулиенің үш түрі туралы айтылады: «бірінші әулиені халық та біледі, өзі де біледі. Екінші түрі – әулие екенін өзі ғана біледі, өзге халық білмейді. Үшінші әулиені халық та білмейді, өзі де білмейді. Сіз үшінші әулиеге жатады екенсіз» деп әкесі Сағындыққа айтқан сөзді Бекеңнің өзіне де айтуға әбден лайық.

Бағдан Қатайқызы Момынова,

ф.ғ.д., профессор. А.Байтұрсынұлы ат.ТБИ (Алматы)

ПРОФЕССОР БЕРІКБАЙ САҒЫНДЫҚҰЛЫ ЖӘНЕ МӘТІНТАНУДЫҢ ЗЕРТТЕУ БАҒЫТТАРЫ

Кіріспе сөз

Қазақ тіл білімінде мәтінтанумен айналысатын санаулы ғалымдарымыздың ішіндегі бірі де бірегейі – профессор Берікбай Сағындықұлы. Басқа еңбектерін былай қойғанда биылғы сексеннің сеңгіріне аяқ басқан мерейлі жылында ғылыми қауымның қолына екі бірдей томнан тұратын салмақты еңбек ұсынды. Ол: «Һибат-ул Хақайиқ» нұсқаларының (ХІІ ғ.) қолданбалы мәтіні» -1- том, «Ғылым» баспасы, Астана, 2018.-332б.; «Һибат-ул Хақайиқ» нұсқаларының (ХІІ ғ.) қолданбалы мәтіні». - 2-том,312 б.

Осы еңбектердің аннотациясында түркология тарихында көне түркі жазба ескерткіштерін лингвотекстологиялық тұрғыдан зерттеу тәжірибесі жоқтығы айтылады. Ал аталған еңбектер - Ахмет Йүгүнекидің еңбегінің үш бірдей нұсқасы салыстырылып, фонетикалық, морфологиялық, лексикалық, синтаксистік айырмашылықтары толық көрсетілген құнды еңбектер. Өз алдына жеке талданып, сараланып, бағасын алдағы уақытта тек қазақ ғалымдары емес, өзге түркі халықтарының мамандары тарапынан да алады деген ойдамыз.

21

Ал мерейтой иесіне зор денсаулық, бас амандығын, бала-шаға қызығын көріп ұзақ жасауды және қолынан қаламы түспей ел ғылымының ертеңі үшін еңбек ете беруін тілейміз. Мерейіңіз үстем болсын, БЕКЕ!

Қазақ тіліндегі мәтінтану ғылымы жайында не білеміз? Ескіден бүгінге жеткен қолжазбалар, ақын-жыраулардың жыр-дастандары, аңыз-әңгімелер, хикаялардың мәтіні, ондағы қолданылған сөздердің түп төркінін қалың көпшілікке танытатын ғылымның қазіргі таңдағы жай-күйі қандай?

Тілдің төрт деңгейін, атап айтқанда, фонетика, лексикология, морфология, синтаксисті танып өстік, кейіннен осыған мәтін қосылған еді. Ал қазір тіл білімінде мәтіннен жоғары мәдениет деңгейі айтылады. Қазіргі тілдік талдаулар осы деңгейлерге байланысты жүргізіледі. Тіл біліміндегі типтік қатынастың бірі - парадигматикалық қатынас бойынша төменгі деңгейдің бірліктері одан жоғары деңгей бірліктері құрамында жүреді, мәтіннің тілдік бірліктері мәдени деңгейдің құрамында қарастырылады, сөйтіп сабақтастық сақталады. Сондықтан мәтіндік талдауларда тілдік бірліктердің семантикасы мен мәдени сипаты да ашылады. Мәтіннің мәтінтанудағы, мәтінтүзіліміндегі, мәтінжасамдағы, мәтін құрылымын анықтаудағы, т.б. тілдік зерттеулердегі орны зор екені ертеден байқалған, өйткені мәтін, ең алдымен, лингвистикалық факт ретінде бағаланған және мәтіндік саралау барысында ғана тілдің барынша толық танылатындығы белгілі болған. Егер кез келген теориялық зерттеудің мәні, түйіні анықтамада десек, мәтінге берілген анықтамалардың саны бүгінде 300-ден асып жығылады екен. Неге мұншалықты көп? Себебі мәтіндердің барлық ерекшеліктерін бір анықтамада толық қамту әлі күнге дейін мүмкін болмай отыр.

Мәтін теориясы деп жалпы атаумен атасақ, бұл теория ең алдымен, екі ғылым саласын, тіл мен әдебиетті байланыстырып, филологиялық зерттеулердің дүниеге келуіне жол ашады. Мәтінтану әдебиеттанудың негізі екені бұрыннан ғылыми еңбектерде айтылып жүрсе, мәтінтанулық зерттеулер лингвистикалық еңбектердің де түпқазығы екені бүгінгі күні белгілі жайт, өйткені мәтінге талдау оның лингивистикалық мәтініне жүргізіледі. Екіншіден, мәтінге байланысты зерттеулер әдеби тіл категориясымен тығыз байланыста қарастырылады. Үшіншіден, мәтін мәселесі логика, психология, әлеуметтік лингвистика, тарихпен т.б. де сабақтасып жатыр. Төртіншіден, мәтіндік зерттеулер кітап басып шығару ісі мен кітап шығару мәдениетінің қалыптасып, дамуына ықпал етеді. Себебі мәтінтану библиография, палеография, археография сынды теориядан гөрі практикалық саналатын салалармен де тығыз байланысты.

Тіл білімінде мәтінге байланысты жүргізілетін зерттеулерді мәтінтану («текстология») бағытындағы және мәтін лингвистикасы бағытындағы, дискурстық зерттеулер бағытындағы деп аражігін ашып көрсеткен дұрыс. Зерттеу нысанына қарай жалпы тіл білімінде, әдебиеттануда антикалық әдебиет текстологиясы, жаңа әдебиет текстологиясы, медиевистикалық текстология, түпнұсқалық және аударма мәтіндер текстологиясы, дискурстық талдаулар т.б. бөлінеді.

Мәтінтану мәтін тарихын зерттеумен, көне мәтіндерді танумен байланысты ұғым. Қазақ мәтінтануы туралы айтар болсақ, оның тарихы да, қалыптасуы да бөлек. Қазақ мәтінтанушылары жүргізген зерттеулер көне, орта түркі ескерткіштеріне жасалған талдаулардан, жыр жолдарындағы, көркем шығармалардың мәтіндеріндегі ауытқуларға арналған. Тарихи мәтіндердің сырын ашу фольклордан бастап көне және орта түркі жазба ескерткіштерін тануға бағытталады. Мәтінтанушылық бағыттағы ең алғашқы еңбектердің бірі ретінде М.Мағауиннің Ноғайлы жырларына байланысты жазылған зерттеулерін, кешенді тілдік талдаулар берілген, сөздігі бар, түсініктемесі жүйеленген орта түркі жазба ескерткіштерінің зерттеушілері Ә.Құрышжанов, Б.Сағындықұлы т.б. ғалымдардың еңбектерін атауға болады. Ал аударма мәтіндердегі автор еркі мен автордың түпқазық ойлары сақталуын саралау, пайымдау жөнінде қазақ мәтін теориясында түрен салынбағанын мойындау керек. Аударма сапасын авторлардың өздері қадағалайтыны туралы мақалалардан, естеліктерден оқығанымызбен, салыстырып, талдаған еңбекті кездестіру қиын. Бұл пікір, әсіресе, көп тілдерге аударылған авторлардың шығармашылығына байланысты. Осы орайда үштілділіктің көмегі бір тиетін жер осы болар-ау деген ойдамыз.

Мәтінтану түпнұсқаны немесе негізгі мәтінге енгізілген өзгертулерді қарастыра ма, техникалық қателіктерді анықтай ма, жаңа емлелік ережеге сай түзетіле ме, бәрібір, ұстанымы автордың шығармашылық еркін тану мен оны қалпына келтіруге, оны өмірге қайта әкелуге бағытталады. Баспа редакторы тарапынан енгізілетін «керемет әрі орынды түзетулер»,

22

редактордың көзқарасын мәтінге таңу, стиліне өзгерістер енгізу т.б.толып жатқан әрекеттер мәтінтану ұстанымына қайшы келеді. Мәтінтануда факсимиле, академиялық, сыни мәтіндер сияқты ұғымдар да бар. Бұлардың әрқайсысы ұзақ түсініктер беруге лайықты. Сыни тексеруден өткен мәтінді канондық мәтін деп тану, мәтін тізімдері, түпнұсқаға ең жуық көшірмелердің өзі де белгілі бір тарихи кезеңдер, автор үшін маңызды. Авторды белгілеу, яғни атрибуция, түсініктердің берілуі, даталардың дұрыстығын анықтау т.б. - бәрі де мәтінтануда маңызды.

Мәтінтану – бір ғана құжаттың, мәтіннің дәлдігі мен нақтылығын қалпына келтіру арқылы белгілі бір уақыт аралығындғы тілдің күй-қалпын, тұтас бір кезеңнің біраз жайттарын қалпына келтіреді, кейінгі ұрпаққа дәлдікті қалпына келтіруді үйретеді. Ал мәтін лингвистикасы ұғымын кез келген мәтіннің тілдік бірліктеріне, функционалдылығына, қолданысына, стилистикасына, автордың психологиясы мен логикасына байланысты қарастыруға болады. Мұндағы мақсат автор қаншалықты сол тілді меңгерді, мәтін жөнінде білім деңгейі қандай деген сауалдарға жауап ізделеді және грамматикалық байланыстың сақталуы назарда болады. Мәтіннің тілдік табиғатын ашу, яғни мәтін лингвистикасы жалпы тіл білімінде, сондай-ақ қазақ тіл білімінде жақсы зерттеліп келе жатқан сала деп айта аламыз. Мәтін лингвистикасына арналған еңбектердің алдыңғы легінде академик Р.Сыздық, Б.Шалабай сияқты ғалымдардың монографиялары аталады. Мәтін түрлеріне тоқталу, тілдік бірліктерге талдау жасау, мәтінтүзуші жайттарды анықтау, ондағы мазмұн межесіне тоқталу, оны тұтастай жүйе ретінде алып қарастыру, бөлшектерге, сегменттерге бөлу, бүтін мен бөлшек арасынан логикалық байланысты көре білу, таба алу, т.б. мәселелер мәтінді лингвистиканың зерттеу нысаны дәрежесіне көтерді.

Қазақтың көне мәтінін танудың қандай көкейкесті мәселелері.

Көне мәтіндер бүгінгі заманымызға жеткенге дейін, автор, көшіруші, редакциялаушылардың қолынан өтеді. Соған орай факсимеле, канондық мәтін, негізгі мәтін, архаикалық мәтін деген түрлері айқындалады. Көшірме мәтіннің қайсы сапалы, қайсы түп негізге жақын сол ең құнды тізім болып есептеледі.

Көне мәтіндердің канондық мәтінін табу өзекті мәселе. Бұл тұрғыда мәтінтану дегеніміз әр жылдары шыққан басылымдарды салыстырып, ішіндегі түпнұсқаға ең жақынын табу, алғашқы нұсқаға келтіруге тырысу болса, оның аржағында автордың құқығына қол сұқпау деген мәселе жатады. Ал мұның бәрі түптің түбінде тілдің нақты тарихи күйін, сипатын білу үшін аса қажет.

Қазақ көне мәтінінінің табиғаты деген мәселеге келсек, өзге озық жұрттың бұл саладағы тәжірибесіне көңіл қойсақ, оларда хат мәдениеті ерте дамығандықтан, ең басты принцип – жазба нұсқаның (автограф, тізбе т.б.) сақталуы. ХХ ғасыр басындағы қуғын-сүргінге түскен қазақ оқығандарының да көбінің қолтаңбалары сақталмаған. Осы орайда қазақ филологиясына «ауызша-жазбаша мәтін» деген жаңа әдістемелік бағытты ұсынатын пікірлер бар, соны қолдаған жөн. Әрине, осы қос ұғымды атаудың соңғы «жазба» сыңары классикалық ұғымдағы автографтар (қолжазба, тізбе немесе тізім, көшірме), әр жылдары жарық көрген басылымдар. Қазіргі кезде «штамп», «қайталама» деп, үлкен күмәнмен қарап келген тұтас шумақтарға қазіргі мәтін және мәтінтану тұрғысынан екі түрлі көзқараспен қарап, бағалауға болады. Мұра ретіндегі көне мәтіндерді тану барысында аталған тұтас шумақтарға автордың өзіне дейінгі танымал ақындардың шығарма-шылығынан өзгеріссіз пайдаланған «цитатасы, яки дәйексөзі» я болмаса «сілтемесі» ретінде қарау керек болса, қазіргі мәтіндердегі «штамп», «стандарт», «қайталамалар» автордың «стильдік ерекшелігі» т.б. ретінде бағаланады.

Мәтінтанудың бүгінгі бағдары.

Ташкентте Орта түркі жазба ескерткіштерінің біраз қоры бар. Бірақ жазба ескерткішердің негізгі қоры Түркиядағы Стамбул архивтері мен кітапханаларында сақталғаны белгілі. Зерттелу деңгейі де жақсы. Қолжазба қолжетімді болған соң мәтінтанулық зерттеулер де жақсы жолға қойылған. Жазба ескерткіштер тілін негіз етіп сөздік құрастыру, текстологиялық талдаулар жасау ілгерілеген. Ал татар бауырластар өздерін Алтын Орда хандығынан қалған қолжазбалардың иесіміз деп санайды. Қолжазбалар молынан сақталған. Қазан қаласына жол түсіп, конференцияға барғанымызда бұған көзім жетті. Қазан Кремлінің бір қабаты осы қолжазбалар қорына арналған. Қолжазбаларды зерттеуге байланысты қалыптастырған ғылыми мектептері бар. Қытайды алсақ, жазба мәтін, яғни, қолжазбаларды сақтау жүйесі ғасырлар бойы жолға қойылған. Сондықтан оларда мәтінтану ғылымы дамыған деуге болады. Қазақ әдеби тілінің табиғаты бөлектігін, ондай ұғым барын, ұғымның қалыптасуына үлкен еңбек сіңірген академик Р.Сыздық екенін, сонымен қатар қазақтың ескі жазба әдеби тілі туралы түсінік барын айтып жүреміз. Оларды біздің үлкен баға жетпес құндылығымыз санайтынымызды да айтып отырамыз. Өйткені орта түркі

23

ескерткіштерін өзбек ағайындар кеңестік кездің өзінде-ақ көне өзбек тілінде жазылған («памятники староузбекской письменности») деп, ал татарлар көне жазбалардың дені көне татар тілі ескерткіштері («памятники старотатарской письменности») деп иемденіп алғаны белгілі. Ал жоғарыда аты аталған Қ.Өмірәлиев, Б.Сағындықұлы, Б.Әбілқасымов, т.б. ғалымдар кейбір жазба ескеркіштердегі сөздердің 60-70 пайызға дейін мағынасы, формасы жағынан қазақ сөздерімен дөп түсіп жататынын дәлелдеп, сөздіктерін шығарып қойғанын ғылыми дәлел ретінде ұсынамыз. Қытайда қандас ғалымдар тұрады. Олардың ішінде Қазақстанға келіп, дәрістер оқып, конференцияларда баяндама жасап жүрген Еркін Ауғали, Дүйсенәлі Әшімұлы, Айдар Міркамал сынды ғалымдар тарихи мәтіндерді тануды ілгерілетеді деп ойлаймын. Өйткені олар үш-төрт тілді еркін меңгерген, ханзу, жапон тілдерін жақсы біледі және ескі ханзу тілін білетін ғалымдар. Бізге беймәлім қытай архивтерінде сақталған қолжазбаларды тануға көмектеседі деп ойлаймын. Оларды өз басым қазақтың ескі жабаларының тілі туралы, олардың жазылу себептері туралы, нақты даталар мен жеке тұлғаларға байланысты тың деректерге қол жеткізуге мүмкіндікті ашатын ғалымдар ретінде бағалаймын. Аталған зерттеушілердің еңбектерін Қазақстанда шығаруды қолға алса, мәтінтану үшін де, қазақ әдеби тілінің тарихы үшін де берекелі іс болар еді.

Қазір мәтін лингвистикасы мен дискурс деген жаңа лингвистикалық бағыттар дами бастады. Мәтін қағазға түскен өнім болса, дискурсқа қарапайым сырласу мен сұхбат ең жақын келеді. Дегенмен де дискурс функционалды, қолданыстағы ұғым болса, мәтін бір кездегі қолданыстан қағаз бетіне түскен дүние. Дискурс – өте күрделі ұғым. Мәтінге лингвистикалық саралау жүргізгенде де, дискурстық талдау жасағанда да толыққанды болуы үшін көмекші құралдардың қызметі қарастырылуы керек. Шаршытоп алдына шыққан адам эмоциясыз сөйлей алмайды. Ал эмоцияны жеткізудегі ең оңтайлы амалдар - бейвербалды амалдар немесе ым-ишараттар, интонация, дауыс екпіні, т.б. және коммуниканттың сөйлеу әдебі кезіндегі мәнді жүріс-тұрысы, киім киісі, т.б. Ал талдауларда бұл аталғандарды ескермесе, толыққанды саналмайды.

«Қазақ әдеби тілінің тарихы» курсын оқыту барысында, көп жылғы жинақталған тәжірибе негізінде «Қазақ әдеби тілінің тарихы» оқулығы (2011 ж. ҚРБжҒМ грифімен) дүниеге келді. Ой түйдік. Сонда байқағанымыз, қазақ әдеби тілінің тарихындағы әлі де жете зерттеуді қажет ететін бір мәселе Ноғайлы дәуіріне байланысты. Екінші мәселе – армян-қыпшақ ескерткіштері туралы студенттердің хабарының болымсыздығы. Бұл жазбалардың Қазақстанға келуіне өз үлесін қосқан Сейсенбай Құдасов деген зерттеуші әріптесіміз армян-қыпшақ жазба ескерткіштерінің бірден-бір маманы, ол: «ХУІ-ХУІІ ғғ. жеткен армян әліпбиімен жазылған қыпшақ тіліндегі жазба мұралар тілін қазақ әдеби тілі тұрғысынан зерттеу маңызды. Олар «Кодекс Куманикус» тілі мен қазіргі қыпшақ тілдерін жалғастырып жатыр, оларды танып-білудің тарихи-генетикалық сабақтастықты тануға, ареалдық белгілерін айқындаудағы маңызы зор» деп біледі. Үшінші мәселе - репрессияға ұшыраған алаш азаматтарының мұраларын мәтінтану тұрғысынан да, мәтін талдау тұрғысынан да зерделеуге байланысты, бұл – қазақ әдеби тілі тарихын тұтас тану үшін қажетті қадам, ал бізге ең жақын репрессия кезеңі «ақтаңдағы» мол, аз зерттелген кезеңге жатады.

Тымболова Алтынай Оразбекқызы,

ф.ғ.д., профессор м.а., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Қазақ тіл білімі кафедрасының меңгерушісі

АЛЛАТАНУ ІЛІМІН АРДАҚТАҒАН ҒАЛЫМ

Кез келген халықтың мәдениеті мен тарихының негізгі түп қазығы – діннен бастау алатыны анық. Ұлттың тұрмыс-тіршілігі, тіпті мінез-құлқы да ұстанған дінінің негізінде пайда болады. Ислам діні салт-дәстүрлердің рухани өзегіне айнала отырып, қазақ халқының ғылым, білім, дінитанымдық көзқарасын кеңейтті. Екі ғасыр мұсылман дінін жоққа шығарған атеизмді сіңіру, бір ғасыр бойы құдай жоқ деп оқыту – бір кездері ислам тарихына ауыр соққы болған еді.

Осындай кезеңде қасиетті дінімізді лингвистикалық, антологиялық, философиялық, тарихи, психологиялық, әлеуметтік тұрғыдан талдай білетін ілім-білім қажет болды. Алайда бәрін үйлестіруші ұлы жаратушы адамзатқа осындай теңдессіз дін жіберумен қатар оған иелік жасайтын, жан-жақты талдап түсіндіретін, ерекше қабілетті тұлғаларды да қоса жаратқан.

24

Сондай «аманат» арқалаған тұлғаның бірі – белгілі түрколог, этимолог, теолог ғалым, әлФараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымының докторы – Берікбай Сағындықұлы.

Дінді тіл арқылы тәпсірлеп түсіндіретін жаңа бағыт ретінде қалыптасып келе жатқан теолингвистика ғылымы арнайы зерттеуді қажет етеді. Осы саланың негізін қалыптастыруға үлкен үлес қосқан ғалымдардың бірі де, бірегейі де – Берікбай Сағындықұлы деуге болады.

Біз бұл мақаламызда ғалымның ғылымға арнаған саналы ғұмырында тіл білімін зерттеумен қатар, осы теология ғылымымен де үлкен сүйіспеншілікпен айналысқандығын, сол салада жеткен жетістіктері туралы айтпақпыз.

Еліміз тәуелсіздік алып, атеиспіз деп жүргендердің аптығы басылып, алла қайда, тіршіліктің қамымен ала дорба қайда деп аңырып жүрген тұста, 1997 жылы ғалымның «Ғаламның ғажайып сырлары» атты еңбегі жарқ етіп жарық көреді. Кейін бұл еңбек толықтырылып 600 беттен тұратын діни-танымдық зерттеу ретінде 2016 жылы қайта басылып шығады.

Аталмыш еңбекті Алланың бар екендігін ішкі түйсікпен сезініп өссек те, құдай жоқ деп оқыған біздер, қазақ баласы шынында да жаңалық ретінде қабылдадық. Себебі дініңді, діліңді тануға сусап жүрген тұста бұл зерттеу көкірек көзімізді ашып, рухани кеңістігімізді кеңейтуге бағдаршам сынды жол нұсқады. Оқыған сайын тереңіне тарта беретін, іздеген жоғыңды табуға көмектесетін дүниелер болады. Бұл сондай еңбек. Қайтара оқыған сайын жандүниең тазарып, ішіңе бір сәуле еніп, пәни дүниенің жалғандығына көз жеткізіп, тәубеңе келіп, ақиқатты танып, рухани кемелдене түсесің.

Ғылыми ортада да, дін қызметкерлері тарапынан да, жалпы көзіқарақты оқырмандар үшін де бұл еңбек әлімсақтан бері жұмыр басты пенделерді толғандырып келе жатқан құдай, оның пенделері, ғалам туралы, оның ғажап сырлары туралы ғылыми негізі бар алғашқы жүйелі зерттеу, Аллатану ғылымының әліппесі деп бағаланды.

Дін өзіне бет бұрған адамнан кемелділік, абырой, тазалық, білім, шынайылық, еңбекқорлық секілді биік адами сапаларды талап етеді. Жаратылыс рухын зерделеп, оның ақиқатын ақыл биігінен ұғыну үшін де биік өре, темірдей төзім, берік жады, қажымас ерік-жігер керек. Осы қасиеттердің барлығы ғалымның бір бойынан табылады. Балалық, жастық шағы кеңес үкіметінің дінді тұсаулаған тұсында өтсе де, ғалымның бұл ілімді меңгеруіне құйма құлақ құмбылдығы мен көкірек көзінің ояулығы себеп болса керек. Үлкендердің діни-танымдық әңгімелерін құлшына тыңдап, діннен хабары бар ғұламалардан жастайынан сабақ алуы, көне түркі жазба ескерткіштерін түпнұсқадан оқи алуы да ғалымның бұл салада жетістіктерге жетуіне септігін тигізген.

Ислам – ізгілік пен махаббаттың діні. Имандылық деген нәрсе адам бойына қанмен сіңіп, тәрбиемен келеді. Ата-бабамыз ислам дінінің мәні мен мазмұнын тереңнен түсініп, негізгі мәйегін ұстанған. Ислам діні адамдардың не үшін өмір сүріп жатқандығынан, жақсы-жаман әрекеттері үшін Алланың алдында жауап беретіндігінен хабардар етеді. Ол ықылым замандардан бері Құдай мен адамның арақатынасы, адамның танымынан тыс күштердің барлығын мойындау және соған илануға жетелейді.

Адамды Алла жаратты. Бұл дүниенің шегінде барлық құдірет адамның қолымен жасалады. Сөйте тұра бүлдіретін де адамның өзі. Қазіргі жұтып жіберуге дайын тұрған жаһандану тұсында адамзат дін іліміне аса зәру. Себебі дін – сенім, дін – ғылым. Өзіңді тану. Өз жүрегіңе үңілу арқылы алланы тану.

Демек, тәңіріні тану көкірегімізге хақтықтың сәулесін түсіру үшін қажет. Осы мақсатты көздеп жазған ғалымның еңбегі қаншама адамды тәрбиелеп, жаратқанның ілімімен сусындатып жатқандығын бағамдай беріңіз. Адамзаттың түйсігін ақшамен тұмшалаған, көштен қалдыратын материалдық дағдарысыңыз, адам санасының таттануының жанында түк те емес. Адам ізгілікке, махаббат пен әділдікке бет бұрып, жақсылыққа жол салғанда ғана жақсы өмір сүреді. Автордың аскетизмді терең насихаттауы да сондықтан.

Аллатағаланы тану ілімі орта ғасырлардан тамыр тартып, беріде ислам философиясының сүбелі зерттеу бөлігіне айналған. Ғалым осы ислам дінінің адамдарды білімділікке, еңбек етуге, сабырлылыққа үндейтіндігін, адам баласының ақылын, санасын, ойлау қабілетін арттыратын қасиетін, иманға негізделген биік өнегелілікке шақыратындығын, ақиқатты, әділдікті, тазалықты ұстануға, Алламен «байланыс» орнатуға, ол байланыстың құлшылық етумен, өз мойныңдағы жауапкершіліктерді адал атқару арқылы орындауға болатындығымен түсіндіреді.

25

Бауырмалшылыққа, сүйіспеншілікке, адамның адамға деген, ата-анаға деген құрметін арттыруға үндейді.

Жарық дүниенің жаратылуынан бастап, аяқталуына дейінгі діни әңгімелер арқау болған еңбекте көпшілікке белгілісі, белгісізі бар, мұсылман баласының қажетіне жарап, пайдасына асар тағылым-ғибраты зор әңгімелер, аңыздар мол қамтылған.

Адамзат баласын қайран қалдыратын тылсым күштер, құранның қасиеті, намаздың пайдасы жөнінде, тағы біз білмейтін талай сырдың төңірегінде ой толғайды.

Құдайсыздар имандылықты, адамгершілікті, ізгілікті желге ұшырады. Олар қалайда құдай жоқ деп айтуға тырысты. Сөйтіп көздеген мақсатына жетті. Ел-жұрт дінінен айрылып, мүлде қараңғы болып қалды. Автор алайда «құдайсыздар құдайды қанша жоқ деп қақсағанымен жаратушы ие – Алла бар, Алла – бір» деген пікірді еңбектің өн бойында алға тартып отырады. Жақсылыққа жаршы болудан бір танбайды. Иә, алланың бар екендігін, құдіретін ғаламды жаратуынан, ал бір екендігін бүкіл тіршілік тынысы жалғыз өзінің әміріне бағынатындығынан көреміз. Бұған сол ғаламда жер басып жүрген соң сенбеске амалың жоқ. Әйтпесе мұсылмандықтың терең мазмұнын толғаған Абай атамыз да «Алланың сөзі де рас, өзі де рас. Рас сөз ешуақытта жалған болмас»,-дер ме еді.

Ғалым құдайдың құдіреті, пайғамбарлардың мұғжизасы, әулиелердің кереметі, жазмыш, адам тағдыры, ақырзаман туралы пайымдауларын ғылыми дәйектемелермен тұжырымдайды.

Адам баласы дүниеге келгеннен кейін өз еркімен екі айырық жолға тсүееді. Бірі оңай – шайтанның жолы, екіншісі қиын – алланың жолы.

«Құдай жолы түгін тартсаң майы шығатын құнарлы топырақ сияқты. Ізгілік атаулының бәрі осы топырақтан өсіп-өнеді. Алла жолының қиындығы мынада: әркім өз ойына келгенін істей алмайды, өйткені Алланың әмірімен пайғамбарлар салып берген сара жол бар, нұсқау бар» [1]. Міне, автор осындай ғибратты тағылымдарымен өзімізді шексіз сүйетін алланың сүйікті пендесі болуға шақырады. Кәпірліктен тиылудың жолдарын меңзейді. Осы аталған екі жолды айырып беретін ғылымның, діннің аты – ислам. Ислам – әрі ғылым, әрі дін. Ғылым болатын себебі, оның негізін қалаған ғұламалардың ғұламасы – Алла тағала. Аллатағаланың бір аты – Ғылым. Сондықтан да ислам Адам ата, Хауа ана заманынан осы кезге дейін салтанат құрып келеді. Аллатағала періштелер, пайғамбарлар, нәбилер арқылы пенделеріне әрдайым сәлем жолдап отырған. Ислам – аллатағаланың дүние жаратылғалы адамзатқа жолдаған барлық сәлемдерінің жиынтығы дейтін тұжырымдарынан-ақ еңбектің ғылыми негізінің дәлелді екендігіне көз жеткізесіз.

Сондай-ақ автор адамдарды имандылыққа иландырып, жамандықтан жирендіру үшін олардың бойындағы жақсы қасиеттерді санамалап көрсетіп отырады. Мысалы, есту, көру, сезу, ойлау, ақылдылық, білімділік, мейірімділік, сүйіспеншілік, әдептілік, сабырлылық тағы басқа жақсы қасиеттермен қоса, олардың 999 жаман сыңарынан аулақ болуға шақырады.

Сөйтіп Алланың ақ жолымен жүру немесе жаман қаситеттерді бойына дарытып, шайтанның жолына түсу пенденің өзіне байланысты деп салмақты ой тастайды.

Қысқасын айтқанда, құдайдың құдіретін, оның бар екендігін пайғамбарлар, машайықтар, әулиелердің нақты істері арқылы насихаттайды. Олардың қай-қайсысы да адамзат баласының тарихына, бүкіл өркениетіне үлес қосқан алланың абзал құлдары екендігі еңбекте жеткілікті дәлелденген.

Ғалым осы салада өмір бойғы ізденістен, жиған-терген тәжірибесінен білім алушыларға ұзақ жылдар бойы арнайы дәріс оқып келеді. Өзіміз де ол дәрістерді талай тыңдадық, ғалам сырларына қаныға түсу үшін сұрақтар қойдық. Уақыты бола қалса, ағай оларға жауап беруден әсте жалыққан емес. Сондай кездерде бұл тақырыпта әлі де айтар тәмсілдерінің көп екендігін аңғардық. Сондықтан да «Ғаламның ғажайып сырларына» әлі де енбей қалған дүниелерін өз аузынан естіп, жазып алған едік. Төменде солардың бірқатарын ұсынып отырмыз:

Бағдат қаласының шығу төркіні. Ілгеріде екі кісі дос болыпты. Екеуі сауда жасайды екен. Бір күні келе жатып айдалада қонуларына тура келеді. Түнде біреуі түс көреді. Түсінде бір шыбын мұрнынан ұшып шығып, бір бұтаға барып қонады. Бір бұтаға қонып отырса, сол бұтаның түбінен бір құмыра алтын көреді. Шыбын ұшып келіп, қайтадан мұрнына кіреді. Сол кезде оянып кетеді. Таң атқан екен. Жолдасы оянып отыр екен. Оған түсін айтады. Төңірегіне қараса шыбын қонған бұталардың бәрі көзіне оттай басылады. Түбінде алтын жатқан бұтаны да көреді. Анау бұтаның түбінен бір құмыра алтын көрдім дейді. Жолдасы неміз кетіп барады, барып көрейік дейді. Айтқан бұтасын келіп қаза бастайды. Айтқандай-ақ бір құмыра алтын шығады. Сол-ақ екен қасындағы

26

жолдасының пиғылы бұзылады. Алтынды жалғыз өзі алғысы келеді. Қолында қаруы болғандықтан бұл алтынды мен алам, сені өлтірем дейді. Мұны тапқан сен емес, мен едім ғой дейді. Досы, мен ешнәрсе білмеймін, сені өлтіремін деп үзілді-кесілді кесімін айтады. Онда мен екі рәкат намаз оқып алайын, мұрсат бер дейді. Намаз оқуға рұқсат береді. Намаз оқып болғаннан кейін әйелім жүкі қалып еді, сәлем айта бар, ұл туса атын Бағдат қойсын, қыз туса өзі білсін дейді. Серігі мақұл деп келіседі. Сөйтіп бұны өлтіріп, алтынды өзі иемденеді. Әйеліне күйеуіңді жолда жылан шағып өлтірді, көміп кеттім деп сәлемін жеткізеді. Әйелі ұл туады. Атын Бағдат қояды.

Бағдат өсіп, он жасқа келеді. Бірде сол елдің патшасы ел аралап жүреді. Кездейсоқ Бағдат баланың аулына келеді. Бағдат, Бағдат деп айқайлап жатқан бір әйелдің дауысын естиді. Бағдат деген ат бұл мемлекетте ешкімге қойылмаған екен. Патша таңырқап әлгі әйелді шақыртып алады. Баласына атты кім қойғанын сұрайды. Бағдат бір-біріне қарама-қарсы екі сөзден тұр. Бағы – бақ, даты – тат деген сөз. Бұл екі сөзді біріктіріп ешкім қолданбаған. Бұл аттың қойылу себебін түсіндіріп бере аласыз ба дейді. Әйел күйеуінің бір кісімен бірігіп, сауда жасағанын, ақырында жылан шағып жолда өлгенін айтады. Патша жолдасынынң атын сұрайды. Сөйтсе ол осы өңірдегі атақты байлардың біріне айналған екен. Оны шақыртып алып, патша тергеуге алады. Бір кездегі кедейдің қалай байығанын тәптіштеп сұрастырады. Бір құмыра алтынды тауып алғаны мәлім болады. Патша ақылды екен, алтын үшін жолдасын өлтіргенін сезіп, қылмысын мойындатады. Бүкіл байлығын Бағдатқа алып береді. Өзінің басын шабады. Бағдат бұл байлықты өскеннен кейін қала салуға жұмсайды. Қаланың негізін сол салғандықтан, Бағдат қаласы атанады.

Ит – адамның досы. Адам Ата пейіште жүргенде бидай жеп қояды. Жазықты боп қалған соң оны Аллатағала жерге апарып тастауға бұйрық береді. Хауа ана басқа аймаққа түседі де, екеуі бірбірін таба алмай қалады. Хауаны іздеп сенделіп жүрген кезде шайтан бүкіл хайуанаттарға жар салады. Ол кез хайуанаттардың бір-бірінің тілін жақсы түсінетін заман еді. Сендердің барлығыңды құртатын пәле жер бетіне түсті. Мұның тұқымы көбейсе, сендердің ешқайсыңды қалдырмай, жер бетінен жойып жібереді. Өспей, өнбей тұрғанда көзін құртыңдар. Адамды өлтіріңдер дейді. Хайуанаттар шошып кетеді. Бұл әңгімеден қатты қорқады. Бәрі ақылдасып, Адамды өлтіруге шешім қабылдайды. Адам Атаны төңіректеп, ақырып-шақырып жақындай түседі. Өлім қаупі төнеді. Адам ата сескеніп, Аллатағалаға жалбарынады. Осы кезде Жәбірейіл періште көктен түсіп, Адам Атаға ең алдымен жеткен хайуанның басынан сипап жібер дейді. Ең алдымен шабалаңдап ит жетеді. Иттің басын сипап жібереді. Сол кезде ит шәуілдеп, бүкіл хайуанатқа жар салады. Сендердің қас дегендерің дос боп шықты. Менің басымнан сипады. Кетіңдер, құрыңдар деп, Адам Атаны айнала жүгіріп, хайуандардан қорғаумен болады. Осыдан кейін ит Адам атаның қасында мәңгі қалады. Адаммен бірдей тамақтанады, бірдей жүреді. Анаумынау зиянкестерден қорғайды. Біреу келе жатса, үріп хабар береді. Міне, осыдан бастап адам мен иттің достығы басталады.

Тажал. Бұрынғы өткен заманда, бір пайғамбар тұсында, бір жесір әйелден жалғыз көзді ұл туады. Бұл баланың ерекшелігі суға салса, батпайды, отқа салса, күймейді, қылыш кеспейді, найза өтпейді. Бала алты жасқа толысымен-ақ, халыққа зиянын тигізе бастайды. Халық сол кезде пайғамбарға шағым жасайды. Пайғамбар Алла Тағаланың рұқсатымен дұға оқып, тажал баланы үлкен биік таудың ішіне қамап тастайды. Бала түнімен тауды жалап, шығуға бір елі қалғанда «Аллаһу акбар» деген таң намазы оқылады екен де, тау қайтадан бітеліп, өз орнына келеді. Бала күн сайын тауды жалап әлек, таң атқанда қайта бітеліп, еңбегі еш кетіп отырады. Аллаһу акбар естілмеген бір күні жер бетіне шығады. Құдайдың құдіретімен алты айшылық жолды бір-ақ аттайтын алып есекке мініп алып, дүниені аралайды. Есегіне тағып алған қоңыраулар неше түрлі әсем үн шығарады екен. Сол үнді естігісі келіп, халық артынан жүгіреді екен. Әнге елтіп, есекке жете алмай, мыңдаған халық қырылып кетеді екен. Осы бәледен құтқару үшін жерден Мәді хазірет шығады. Аспаннан Иса пайғамбар түседі. Олардың әңгімесі бөлек»,-деп ойын аяқтаған ғалым тағы да сүбелі еңбектеріне арқау боларлық мұндай мысалдарының жететіндігін аңғартты.

Қорыта келгенде, ислам ілімін меңгерген ғұламалар халық арасында қашанда ерекше бедел мен ықыласқа ие болған. Әрбір адам жеке өмірінде бір рухани тірек іздейтіні ақиқат. Ақиқаттың жолы ауыр, талабы қиын. Осындай ауыр жолда ардан аттамай, адалдықты ту етіп, мұсылманның бес парызына қарыз болмай, адал орындап, өмір сыры мен сынын жан жүрегімен бағамдаған адам ғана осындай берері мол еңбек жаза алса керек. Сондықтан да ұстазымыз Берікбай қажыны өзі іздеген ақиқатты дінтану ілімінен тауып, рухани қажеттілігін ғибадатпен астастыра білген алланың сүйікті перзенті деуімізге әбден болатын шығар.

27

Алланың ақ жолын ұстанған ғалымның сексеннің сеңгіріне шығып отырған мерейтойы тұсында жаратқаннан жүз жасауын нәсіп етсін деп тілейміз.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ:

1.Сағындықұлы Б. Ғаламның ғажайып сырлары. –Алматы, 2016. -575 б.

Сабыр Мұрат Бөкенбайұлы,

Ф.ғ.д., профессор. Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университеті.

Орал қ.

ТІЛ ТАРИХЫН ЗЕРЛЕГЕН

Білімнің қара шаңырағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қадыр-қасиеті, онда өткен әрбір күн шәкірттерге қашанда қымбат. Осы шаңырақтан алған тәлім-тәрбиең, ілімбілімің өміріңнің мазмұнына айналып, толық адам ретінде қалыптасуыңа ықпал етсе қалай ұмытарсың. Әсіресе филология факультетіндегі құстың қос қанатындай әдебиетшілер қауымы мен тілшілер қауымының көш басындағы марқасқа ғалымдардың орны бөлек. Алдыңғы толқын ағалар ескінің соңы боп тарихқа айналса, кейінгі толқын інілер жаңаның басы болып қаулап, өсіпжетіліп келеді. «Ат тұяғын тай басар» деген қазақ мақалының ғылым саласында өрісі тар сияқты. Себебі ғылымда әр ғалымның өзіндік орны, өзінің шыққан биігі бар. Ол биіктер өзінше сәнді, өзінше ерекше, бірін-бірі қайталамайды.

Филология факультеті орналасқан үшінші қабатқа көтерілсең, күні кеше алдынан дәріс алған ұстаздарыңның кейбіреулерін кездестіре алмай, рухымен сырласуға мәжбүр боласың. Ардың ісі әдебиеттің арғы-бергісін толғаған әулие, академик Зейнолла Қабдоловты есіңе алып зарығып, қазақ тарихи грамматикасының негізін қалаған, профессор Мархабат Томановты ойлап торығып тұрғаныңда бір шеттен Арқаның қарағайындай болып Тұрсекең (Тұрсынбек Кәкішов) шыға келсе тәуба дерсің. Енді бір шеттен кең дәлізді жалғыз өзі алып, асқар таудай Алтекең (Алтай Аманжолов) шыға келгенде көңіл туың желбіреп, айдынданып қаласың. Осындай ұлы ұстаз ғалымдардан тәлім-тәрбие алып, солар бастаған ғылымның ұлы көшінің соңына ергеніңе риза болып, марқайып, мадиықтанасың. Алдыңғы жақсылардың артқы жастарға тигізген шарапатын, арманына қанат бітірген қамқорлығын қалай айтсаң да жарасады.

Сондай ел жақсысы, қадірменді ұстаз, филология ғылымдарының докторы, професссор, «Қазақ филологиясы» кафедрасының меңгерушісі, көрнекті ғалым Берікбай Сағындықұлы бүгінде 80 деген сегіз белдің төбесіне шығып отыр. Қысқаша өмір өткелдерін барласақ, Берікбай ағай 1962 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітіріп, республикалық «Социалистік Қазақстан» газетінде әдеби қызметкер болып қызмет істейді. 19721975 жылдары Қазақ ССР Ғылым академиясы Тіл білімі институтының аспирантурасын тамамдап, 1975-1979 жылдары Қазақ ССР «Ғылым» баспасының редакторы, редакция меңгерушісі қызметін атқарады. 1979 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті қазақ тілі кафедрасына аға оқытушы болып орналасады. 1984-1997 жылдар аралығында доцент қызметін атқарса, 1997 жылдан бастап әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры.

Берікбай Сағындықұлының түркітану сияқты кешенді ғылымның бір саласы орта ғасырлық жазба ескерткіштерді зерттеу ісін құлшына қолға алуына ұстазы, күллі түркі әлеміне танымал, атақты түркітанушы Ә.Нәжіптің ықпалы мол болды. Еждаһатсыз, михнатсыз, табылмас ғылым сарасы,-деп ұлы Абай айтқандай қиын да, қызық тіл тарихы саласын зертеуде Бекеңнің еңбегі жемісті болды деп айтуға болады.

Қазақ тілі тарихын зерттеу барлық түркі тілдері тарихын зерттеу ісімен тығыз байланысты. Сонымен қатар қазақ тілінің басты қайнар көздерінің бірі болып табылатын орта ғасырлық жазба жәдігерліктерді зерттеу ісі өткен ғасырдың 60-жылдарынан кешенді түрде қолға алынды. Ә.Н.Нәжіптің 1978 жылы «Изучение истории тюркских языков в Казахстане» атты мақаласы жарияланды. Мақалада А.Құрышжанов, А.Есенғұлов, Г.Айдаров, А.Махмутов, Т.Қордабаев, М.Томанов, А.Аманжолов, А.Ибатов сияқты ғалымдардың зерттеулерінің басты ерекшеліктері

28

мен құндылығына тоқтала келіп, «в 1973 году в Известия АН К ССР опубликована статье молодого ученого Б.Сагиндыкова на тему «лексические и грамматические особенности арабских и персидских элементов тюркоязычных памятников Золотой Орды и Египта ХІҮ века». За анализ арабских и персидских элементов, за выяснение их роли в обогощении лексики, в словооброзавательном процессе, в различных сочетаниях и т.д. в первые взялся Б.Сагиндыков»,деп атап көрсетеді. Ә.Нәжіп сияқты ұстаздардың үмітін ақтап Берікбай Сағындықұлы

1977 жылы “ХIV”ғасыр жазба ескерткіштерінің салыстырмалы лексикасы» деген тақырыпта кандидаттық диссертациясын жемісті қорғады. Ұстаздық пен ғылыми жұмысты мәңгі серік қылды. Ғылыми жұмыс өмірінің мазмұны мен мақсатына айналды. Ырыс ауысады, білім жұғысады емес пе. Ұстазынан озуға талаптанбаған, алдыңғы буынның қолы жетпеген биіктерге ұмтылмаған шәкірт шәкірт бола ма. Бекең жазба ескерткіштерді танып, түстеу жұмысын шындап қолға алды. Орта түркі дәуіріндегі жазба жәдігерліктер қазақ халқы үшін тек тілдік мәлімет ғана емес, ол біріншіден рухани қазына, екіншіден қыпшақ тайпалары тілінен, дағды - дәстүрінен, тұрмыс-тіршілігінен хабар беретін тарихи дерек. Осы материалдық және рухани дуниелерде қазақ жұртының іздері, тарихы жатыр. Осындай жаба мұраларды тәржімалап, транскрициялап қалың көпшілікке таныстыруда Бекеңнің еңбегі ұшан теңіз. Ә.Құрышжановпен бірлесіп Ахмед Йүгінекидің «Ақиқат сыйы» шығармасының транскрипциясы мен мағыналық, поэтикалық аудармасын дайындады. Ежелгі дәуір әдебиеті нұсқалары ретінде Жүсіп Баласғұни, Қожа Ахмед Яссауи, Ахмед Йүгінеки, Сүлеймен Бақырғани, Рабғузи, Хорезми еңбектерін аударды. Қазақ тілінің тарихи лексикологиясы, тарихи фонетикасы, тарихи морфологиясы, түркі тілдерінің салыстырмалы лексикологиясы мәселелерімен шұғылданды. Осы салада талмай ізденіп, біраз жетістіктерге жетті, шәкір тәрбиелеп, төрт ғылым докторын, жиырма бір ғылым кандидатын дайындап, ғылымға үлкен үлес қосты. Қазақ тіл білімінде тұсастай «Сағындықұлы мектебі» қалыптасты деп айтуға болады. Ағамыз да шәкірттерін бесігінен тәрбиеледі. Әлі есімізде Бекеңнің арнай курстарында араб жазулы қолжазбаларды ежіктеп оқып, терлептепшіп тұратынбыз. Ағайдың шәкіртерінде көлденең келген кісі жоқ. Бәрі де университет қабырғасынан өсіп жетілген түлектер. Ағай талапты жасты жөргегінен танып 1,2 курстың студентіне өзіндік жұмыс қылып тақырып беретін. Сол өзіндік жұмыс келесі жылдары курстық жұмысқа, дилом жұмысқа, одан әрі кандидаттық дисертацияға, тіпті докторлық диссертацияға ұласады. Ұстаздың қояр талабы біреу: ол ғылым үйренем деген адамның ақыл-ойы айқын, ерік-жігері, тілек – мүддесі бір ғана мақсатқа бағытталуы, ғылым үшін ақиқат пен әділдікті ту қылып ұстауы шарт. Ғылымды күшті меңгерген және оны сүйетін ұстаз ғана өз шәкірттерінің бәріне жемісті ықпал жасайтын болады. Бұл тұрғыда кейінгі жастар қазақ тілі тарихын жазба ескерткіштер негізінде зерттеуге талаптанса, қызығушылық танытса, ол - сөз жоқ, Бекеңнің ықпалы.

«Ғылымдарды меңгергенмен, пайдаға асырмаған адам – жерді жыртқанмен, тұқым сеппеген диқанмен бірдей»,- деп шығыс ғұламасы Сағди тегін айтпаса керек-ті. Бұл тұрғыда Бекең дәнін уақытында сеуіп, өнімін дер кезінде жинайтын шебер ғылым диқаны. Ауыр еңбегінің жемісі - түркітану ғылымына әкелген өзіндік тұжырымдары мен соны жаңалықтары .

1994 жылы «Түркі тілдері лексикасы дамуының фонологиялық заңдылықтары» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғап, «Қазақ тілі лексикасы дамуының этимологиялық негіздері» атты монографиясы жарияланды. Аталмыш еңбек қазақ тілі тарихын зерделеуде ерекше жаңалықтарымен, тың тұжырымдарымен құнды. Аса ежелгі дәуірде өмір сүрген түбірлер мен қосымшаларды бұрынғы қалпына келтіру – еңбектің басты мақсаты. Сөз құрамындағы тарихи фонетикалық өзгерістерге терең зерттеулер жүргізді. Әсіресе түркітануда көптеген жылдар бойы В.В.Радловтан бастап пікір қайшылықтарын туындатып келе жатқан сөз басындағы й~дж~ж~т~д~ч~ш~с~з сәйкестігінің генезисі туралы нақты деректермен жаңа пікір ұсынды. Түркі тілдерінің сөз басындағы осы бір жұмбақ сәйкестіктің бір емес, бірнеше аффрикаттан пайда болғандығына көз жеткізді. Мәселен, қыпшақ тілдеріндегі ж дыбысының дж аффрикаты негізінде, якут тіліндегі с дыбысының ц(тс) аффрикаты арқасында, қарашай-балкар тіліндегі з дыбысының дз африкатының дамуы нәтжесінде қалыптасқаны аян болды. Ал аффрикаттардың басын ұйыстыратын архетип алтай дәуірінен әлдеқайда әрі кететін, қазіргі тұңғыс-манчжур, монғол, түркі тілдерінде қалдығы сақталған ерекше күрделі фонетикалық құбылыс екендігі анықталды. Тарихқа белгісіз дәуірлерде түркі тілдерінде бірде-бір жіңішке дауыстылардың, ұяң дауыссыздардың болмағандығы нақты фактілермен дәлелденді. Лексикадағы өзгеру механизмдерін айқындайтын басты заңдылықтар қарастырылып, түркітану тарихында бірінші рет

29

сына (протезалық, эпентезалық, эпитезалық) дауыссыздар анықталып, олардың қызметі зерделенді. Түркі тілдерінде ішкі флекция қалдықтары айқындалып, түркі тілдерінің ежелге дәуірлерде флекциялық құрылымды басынан өткергендігі анықталды. Түркологияда алғаш рет тілдік бөлшек – түбіртек (силлабофонема) бар екендігі тұжырымдалды. Түбіртек теориясы туралы өз алдына еңбек жазылуда.

Ұлы Абай 38-қара сөзінде танымдық мағынасы зор мынадай ғылым салаларын ұсынады: Олар: Аллатағаланы танымақтық, өзін танымақтық, дүниені танымақтық, пайда мен зиянды айырмақтық. Берікбай ағайдың тағы бір қыры жасынан Аллатағаланы тану жолын ұстанғандығы. Ағайдың қаламынан туған, «Ғылым» баспасынан 1997 жылы жарық көрген, «Ғаламның ғажайып сырлары» атты кітабы Аллатану ғылымына қосылған ғибраты мол шығарма. Кітапта «Құдай бар ма?», «Алла тағала ғаламды не үшін жаратты?», «Діннің көбейіп кету себебі неліктен?» т.б. осындай сұрақтарға ғылыми жауап беріледі. Ғалымның «Құдайдың жолы түгін тартсаң майы шығатын құнарлы топыраққа ұқсайды. Адамгершілік, ізгілік, имандылық, жоғары мораль – бәрібәрі осы топырақта өсіп өнеді»,- деген тұжырымдары ұлттық тәрбиемен үндесіп жатыр.

Аға ғалымның бергенінен берері көп, айтары мол, жазары жетерлік. Ғылымды кісінің білімі де, білегі де күшті, санасы сергек, ақылы толық, жаны жаңалыққа құштар, көңілі жаз болады емес пе. Ол қашанда жайдары, қарапайым, шәкірттер ықыласына бөленген, әріптестер құрметіне шомылған адам. Күшті болса, күндігін табады, ақылды болса, жылдығын табады, ғалым болса, өшпейтін етіп, өмірінің шындығын табады емес пе. Біздің ұстазымыз өмірінің шындығын тапқан, осындай кемел кісі.

Ермекова Тыныштық Нұрдаулетқызы,

ф. ғ.д., профессор. Қазақ тіл білімінің теориясы мен әдістемесі кафедрасының меңгерушісі, ҚазМемҚызПУ.

ПРОФЕССОР Б. САҒЫНДЫҚҰЛЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЗЕРТХАНАСЫ

Өткен ғасырдың 60-70 жылдары қазақ тіл білімі тарихында айырықша табысты, жемісті кезең ретінде жазылатынын бүгінгі ұрпақ сезінетіні хақ. ХХ ғасыдың алғашқы алпыс жылында-ақ есімдерін ел мойындаған А. Байтұрсынұлы, Қ. Жұбанов, Н. Сауранбаев, С. Аманжолов, І. Кеңесбаев, Ғ. Мұсабаев, М. Балақаев, А. Ысқақов, Ә. Қайдар, Р. Сыздық т.т бастаған алыптар ізімен ұлттық тіл біліміне жаңа серпінді ғалымдар легі келді. Бұл буын өкілдеріне қазақ тіл білімінің кенжелеу қалып жатқан мәселелерін қарастырумен бірге бүкіл түркітану ғылымындағы ортақ проблемаларды зерттеу міндеті тұрды. Және осы буын өкілдеріне тәуелсіз Қазақстан жағдайындағы жаңа тарихи кезеңдегі ұлттық ғылымға өз үлестерін қосумен бірге жаңа заманға лайық ғылыми парадигмалар үдесінен шығатын шәкірт даярлау сияқты абыройлы міндетті қоса атқару қызметін қатар алып жүруге тура келді. Осы лектің ішінде тіл білімінің қай салаына бармасын өзіндік оқшау ойымен, көзқарасымен дараланып тұратын тұлғалар бар. Соның бірі – филология ғылымдарының докторы, профессор Б.Сағындықұлы. Түркітанушы және қазақ ғалымдары үшін Б.Сағындықұлының ғылыми еңбектерінің мәні қашан да зор, себебі ғалымның сүбелі еңбектері түркі және қазақ тілдерінің арасындағы тарихи байланыс тамырларын зерттеу ісіне арналады. Ғалымның сан салалы шығармашылық лабораториясын алуан қырынан қарауға болар еді.

Ең алдымен, профессор Б. Сағындықұлы – түркітанушы. «ХІҮ ғасырдағы түркітілді ескерткіштер лексикасын салыстырмалы талдау» (1977) атты кандидаттық, «Түркі тілдері лексикасы дамуының фонологиялық заңдылықтары» (1994) атты докторлық диссертацияларының сол кезеңдегі түркітілдес халықтар лингвистеріне ортақ қазына ретінде танылуы кездейсоқ құбылыс емес. Мәскеуде аспирантурада оқып жүрген шағының өзінде-ақ белгілі түркітанушы Ә. Наджип болашақ жас ғалымның ғылыми әлеуетінің жоғары екендігін байқап, тарихи, тілдік сипаттары тереңде жатқан ескерткіштерді зерттеуге бағыт-бағдар сілтейді. Бүгінде Б.Сағындықұлы – талмас ізденіс пен қажымас қайраттың, ақыл мен зерек зейіннің арқасында ұстаз сенімін абыроймен ақтап шыққан білікті ғалым.

30

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]