Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
21-тарау. Халыаралы баалы ааздар нарыы.docx
Скачиваний:
7
Добавлен:
25.11.2019
Размер:
38.05 Кб
Скачать

14. Әлемдік инвестициялық байлықтың құрылымы /41, 11б./

Ресурстар түрі

Үлесі %-бен

Қаржылық байлықтар, соның ішінде:

  • қолма-қол ақша қаражаттары

  • акциялар мен облигациялар

57,7

8,1

23

2,6

Материалдық байлықтар, соның ішінде:

  • жылжымайтын мүлік

  • шикізат материалдары

42,3

35,6

6,7

Қорытынды: әлемдік инвестициялық байлық

100

Бүгін әлемде қаржылық құралдыр ретінде облигациялар өте кең тараған. Әлемдік нарық облигациялары өзінің көлемі бойынша акция нарығынан асып түседі. Мұны әлемнің жетекші биржаларындағы листингтен өткен облигациялық шығарылымы бойынша келтірілген мәліметтер растайды (15-кесте).

15. 2004Ж. Басындағы облигациялық қарыздардың нарықтық көлемі, млрд долл /82, 113 б./

Облигация түрлері

Биржа

Люксем-бургтық

Токиолық

Осаколық

Нью-Йорктық

Лондон-дық

Итальян-дық

Корпоративтік

49

113

97

233

488

58

Мемлекеттік

1

2430

2430

1828

409

931

Шетелдік

3106

5

2

64

527

12

Барлығы

3156

2548

2536

2125

1424

1001

15-кестеде листингтен өткен облигациялық қарыздар көлемі 1 трлн доллардан асатын әлемнің ірі биржаларының мәліметтері бойынша ғана көрсетілген. Көріп отырғанымыздай мұнда отандық компаниялар шығарған корпоративтик облигациялар мемлекеттік облигациялар, сондай-ақ шетелдік эмитенттердің облигациялары айналыста болады.

Егер салымды экономика салаларының бөліктерінде қарастырсақ, онда мысалы, АҚШ-тағы облигация шығару – жыл сайынғы көлемі 300-400 млрд доллар ретінде үлкен емес ауытқулары бар тұрақты деңгейде болады. Осы кезде корпорацияның облигациялық қарыздарының салалық құрылымы нақты ерекшелінеді.

16. АҚШ-тағы жеке корпорациялардың облигация нарығының салалық құрылымы

Сала

Облигациялық қарыздағы үлесі, %

Өңдеуші

25,0

Коммуналды қызмет

20,0

Қозғалмайтын мүлік, қаржылық сектор

27,0

Байланыс

10,0

Сауда

10,0

Көлік

7,0

Барлығы

100,0

16-кестеден көріп отырғанымыздай облигациялық қарыздың үлкен үлесі – өңдеуші сала, коммуналдық компания, қозғалмайтын мүлік және қаржы-несиелік институттарға тиесілі (70%-дан аса шығарылым). Мұндай бөлу өндірістік пайыздардың еңбек сыйымдылығы және ғылым икемділігі, ішкі және сыртқы бәсекелестік салымдарынан негізгі капиталды жиірек жаңарту, жаңа өндіріс пен технологияны құраудың бірінші кезеңінде жоғары шығындармен байланыстырылған.

Жеке корпорация облигацияларын орналастыру мен меншіктену тәжірибесі маңызды болып табылады. Жеке секторлардың бағалы қағаздары арасында облигациялардың үлес салмағы бар. АҚШ-та оларды қор биржасынан тыс сату және сатып алудың бес негізгі әдісі бар.

Оларыдң біріншісіне кепілдендірілген эмиссия болып табылатын андеррайтинг жатады. Бұл жағдайда инвестициялық банк эмитент – корпорацияға оның облигациясын орналастыруға және ақша капиталын анықталған санын алуға кепілдік береді. Банк коммерциялық банктердің қарызы көмегімен келісім бағамы бойынша барлық эмиссияны меншіктенеді, содан кейін олар комиссиялық сыйақы түрінде пайда ала отырып, жоғары бағам бойынша әр түрлі инвесторларға сатады.

Екіншісі, АҚШ-тың Бағалы қағаздар және биржа бойынша комиссиясы тарапынан тіркеушілік және бөлушілік шығындардан қашуға мүмкіндік беретін бағалы қағаздар нарығында облигацияны еркін ұсыну, ол «қоғамдық әдіс» деп аталатын екінші әдіске жатады. Мұнда эмиссия кең жарнамаланбайды және инвестициялық банк делдалдылықты өз мойнына алады, бірақ бұл кезде ол облигация эмиссиясының барлығын сатып алмайды, тек корпорация атынан оны әр түрлі инвесторларға ұсынады. Қағаздарды өткізгеннен кейін ол комиссиялық сыйақы алады. Нәтижесінде корпорация мен несиелік-қаржылық институт арасында тығыз байланыс орнайды.

Үшінші әдіс тікелей немесе жеке орналастыруды қамтиды, бұл жерде корпорация қарыз алуға міндеттелетін, өзіне сәйкес келетін сатып алушыны табады. Мұнда эмиссия бұқаралық ақпаратқа жарнамаламай-ақ және сатып алушылардың кең тобын таратпай-ақ жүзеге асырылады. Корпорация өзіндік тізбекті құрайтын және барлық облигациялық қарыздарды толық меншіктенетін бірнеше сатып алушылармен келіседі. Инвестициялық банк агенттік және кеңес берушілік қызметті орындауы, сатып алушы тауып және оған комиссиялық сыйақы алуы мүмкін.

Төртінші әдіс – аукцион сипатындағы бәсекелестік сауда-саттық. Корпорация эмиссия шарттарын анықтайды және инвестициялық банктерге меншіктену үшін облигация ұсынады. Осыдан кейін банктер нарыққа шығады және оны қағаздар үшін кім көп береді қағидасы бойынша өткізе бастайды. Облигацияны өткізгеннен кейін олар комисссиялық сыйақы алады.

Орналастырудың бесінші әдісі – салыстырмалы түрдегі жаңа әдіс. XX ғасырдың 90-жылдарында пайда болып, ол «орналастырудың жаңа технологиясы» деген атауға ие болады. Оның мәні – жаңа эмиссияның бағалы қағаздарын орналастыру кезінде корпорация инвестициялық банктер, брокерлік фирмалар ашады. Олар өз құрылымдарында арнайы қаржылық бөлімшелер құрады және осы сипатта өзінің бағалы қағаздарын әр түрлі инвесторларға ұсынады және тікелей техникалық құралдарды қолдана отырып олардың көмегімен бағалы қағаздар нарығына шығады. «Жаңа технологияның» мақсаты орналастыру шығынын үнемдеу болып табылады.

Отандық та, шетелдік те эмитенттер әрқайсысы арнайы қасиетті иеленген әр түрлі облигация түрлері мен үлгілерін шығарады. Сондықтан инвестор нақты облигацияны сатып алу кезінде режим қабылдауы тиіс. Бір жағынан, көптеген қазақстандық шаруашылық субъектілер инвестициялық жобаны жүзеге асыру барысында қаржылық ресурстардың өте қажеттілігін бастан кешіруде. Олар отандық та, шетелдік те қаражаттарды тартуға ұмтылады. Олар капитал иелерінің шетелдік ресурстарын өздерінің бағалы қағаздарын отандық нарықта, мысалы, қазақстандық нарықта сату жолымен алуы мүмкін. Ол үшін өкілетті өкіл арқылы шетелдік инвестор Қазақстанға капитал енгізуі және осында бағалы қағаздар иеленуі қажет. Бірақ оған қазақстандық заңнаманы басшылыққа ала отырып, сенімді брокер арқылы өзінің қор нарығында қазақстандық эмитенттердің бағалы қағаздарын иеленгендігі ыңғайлы. Сондықтан біздің компаниялар әлемдік капитал нарығына дербес шығуға ұмтылады. Берілген мақсатқа жетудің бір әдісі – депозитарлық қолхаттар деп аталатын акцияларға туынды бағалы қағаздарды шығару.

? БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ

  1. Халықаралық бағалы қағаздар нарығының негізгі орталықтары.

  2. АҚШ-та бағалы қағаздарды шығару және айналыс ерекшеліктері қандай?

  3. Ұлыбританияда бағалы қағаздарды шығару және айналыс ерекшеліктері қандай?

  4. Францияда бағалы қағаздарды шығару және айналыс ерекшеліктері қандай?

  5. Ямайкада бағалы қағаздарды шығару және айналыс ерекшеліктері қандай?

  6. Германияда бағалы қағаздарды шығару және айналыс ерекшеліктері қандай?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]