Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

11-02-2016_18-43-50 / 02_01_09 Ревматология_каз

.rtf
Скачиваний:
29
Добавлен:
19.03.2016
Размер:
85.56 Кб
Скачать

02_01_09 Ревматология_каз

$$$ 001

10 жасар ер балада тізе және тобық буындарының ауырсынуы мен ісінуі, дене қызуының 38 жоғарлауы байқалады. Жүректің сол жақ шегі 2 см. ұлғайған. Жүрек тондары тұйықталған. Бір апта бұрын баспамен ауырған. Сіздің алғашқы диагнозыңыз?

A) Инфекциядан кейінгі миокардит

B) Жедел ревматикалық қызба

C) Ревматоидты артрит

D) Септикалық кардит

E) Реактивті артрит

{Дұрыс жауап}= B

{Күрделі}= 2

{Оқулық}= Шабалов Н.П. «Детские болезни», 2007ж

{Курс}= 7

{Семестрі}= 14

$$$002

Қыз бала 11 жаста. Баспадан кейін буындарының ауруы түрінде асқыну пайда болған. Ревматизм диагнозы қойылды. Аурудың жедел сатысында науқаста келесі белгілер анықталды: айқын тершендік, ұзаққа созылған қызба, ентігу, жүректің соғуы және тоқтауы, тондардың тұйықталуы, «шоқырақ» ырғағы және өкпенің төменгі бөліктерінде ұсақ көпіршікті сырылдар. Осы белгілердің фонында жаңа белгі – жүрек ұшында систолалық шу пайда болды. Аускультативті белгілердің өзгерісі нені көрсетеді?

A) Жүрек ақауының қалыптасуын

B) Аурудың ремиссия сатысына ауысуын

C) Сауығудың басталуын

D) Қарынша миокардының компенсаторлы мүмкіншілігінің іске қосылуын

E) Жүректің барлық қабаттарының зақымдалуын

{Дұрыс жауап}= A

{Күрделі}= 2

{Оқулық}= Шабалов Н.П. «Детские болезни», 2007ж

{Курс}= 7

{Семестрі}= 14

$$$003

Ер бала 11 жаста. Оңтүстікке барған кезде 38-39 С дейін қызба, ұртында және мұрын үстінде көбелек тәрізді бөртпелер, аяқ- қолдарының ірі буындарында ауырсынулар пайда болды. ЭТЖ- 38 мм/сағ. Содан кейін жүректе ауырсынулар, миалгия қосылып, жалпы әлсіздік күшейді. Ең ықтимал диагнозды анықтаңыз?

A) Жүйелі қызыл жегі

B) Ювенильді ревматоидты артрит

C) Ревматизм

D) Бруцеллез

E) Дерматомиозит

{Дұрыс жауап}= A

{Күрделі}= 2

{Оқулық}= Шабалов Н.П. «Детские болезни», 2007ж

{Курс}= 7

{Семестрі}= 14

$$$004

4 жастағы ер бала бетіндегі және аяқ- қолындағы алқызыл эритемасы бойынша дерматологта емделді. Бір жылдан соң терідегі өзгерістермен қатар аяқ- қолдарының бұлшық етінің ауырсынуы пайда болды. Жүру кезінде құлап, өз еркімен керуеттен тұра алмайды. Стационарға жолданды. Ең ықтимал диагноз?

A) Жүйелі қызыл жегі

B) Жүйелі склеродермия

C) Дерматомиозит

D) Ювенильді ревматоидты артрит

E) Ювенильді полиартериит

{Дұрыс жауап}= C

{Күрделі}= 2

{Оқулық}= Шабалов Н.П. «Детские болезни», 2007ж

{Курс}= 7

{Семестрі}= 14

$$$005

Ревматоидты артритпен ауыратын 15 жасар науқасқа ем әдісін таңда, егер ол балада васкулит, висцерит, дене қызуының жоғарлауы белгілері жоқ, тізе буынында сұйықтық бар. ЭТЖ 35 мм/сағ; ауру ұзақтығы 6 ай, бұрын емделмеген.

A) тек стероидты емес қабынуға қарсы дәрілік заттар (СЕҚҚД)

B) СЕҚҚД -мен қатар кеналогты буын ішіне енгізу комбинациясы

C) алтын препараттары

D) D пеницилламин

E) цитостатиктер

{Дұрыс жауап}= B

{Күрделі}= 3

{Оқулық}= Шабалов Н.П. «Детские болезни», 2007ж

{Курс}= 7

{Семестрі}= 14

$$$006

10 жыл бойы ревматоидты артритпен ауыратын қыз балада қарау кезінде екі жақтан бірдей саусақтардың ульнарлы девиациясы, бұлшық еттердің атрофиясы, білезік буындарында қимылының жоқтығы анықталды. Рентгенологиялық тексеру кезінде қандай өзгерісті күтуге болады?

A) Буын айналасының остеопорозы

B) Буын саңылауының тарылуы, остеопороз, көптеген өрнектер

C) Остеопороз, буын саңылауының тарылуы, бірен- саран өрнектер

D) Буын саңылауының тарылуы, шеткі пластинкалардың склерозы

E) Буын саңылауының тарылуы, остеопороз, көптеген өрнектер, шығу, анкилоз

{Дұрыс жауап}= E

{Күрделі}= 3

{Оқулық}= Шабалов Н.П. «Детские болезни», 2007ж

{Курс}= 7

{Семестрі}= 14

$$$007

Стационардың көз аурулары бөлімшесінде коньюнктивитпен емделіп жатырған балада оң жақ тобық буыны ісінді. Лабораториялық тексеруде: ЭТЖ- 36 мм/сағ. Диагнозды растауға қосымша тексеру тағайындаңыз.

A) Белоктар электрофорезі

B) Буындар рентгенографиясы

C) Жедел саты көрсеткіштері

D) Синовиальды сұйықтықты зерттеу

E) Хламидиозға ИФА

{Дұрыс жауап}= E

{Күрделі}= 3

{Оқулық}= Шабалов Н.П. «Детские болезни», 2007ж

{Курс}= 7

{Семестрі}= 14

$$$008

Сегіз жасар ер балада баспамен ауырғаннан кейін буындарында ұшпалы ауырсыну, ісіну және қимылдарының шектелісі, қызба пайда болған. Тахикардия, жүрек тұйықтығының ұлғаюы, тондардың әлсіреуі, жүрек ұшында нәзік үрмелі шу анықталды. Қанда: ЭТЖ 55 мм/сағ, лейкоцитоз 14,2 г/л; Патогенетикалық мақсатта қай дәрілік затты тағайындау қажет?

A) Преднизолон

B) Цефазолин

C) Делагил

D) Дипразин

E) Эритромицин

{Дұрыс жауап}= A

{Күрделі}= 3

{Оқулық}= Шабалов Н.П. «Детские болезни», 2007ж

{Курс}= 7

{Семестрі}= 14

Соседние файлы в папке 11-02-2016_18-43-50