Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

11-02-2016_18-43-50 / 02_01_06 Кардиология_каз

.rtf
Скачиваний:
31
Добавлен:
19.03.2016
Размер:
114.86 Кб
Скачать

02_01_06 Кардиология_каз

$$$ 001

Бес жасар бала 4 күн бойы ЖРВИ-мен ауырады. Дене қызуы 36,70С. Дәрігер тексеру кезінде балада жүрек–қан тамыр қызметінің өзгерістерін анықтады. Төмендегі белгілердің қайсысы патологияны білдіреді?

A) өкпе артериясы үстінде 2 тон акценті

B) АҚҚ 90/45 мм. сын.бағ

C) жүректің сол жақ салыстырмалы шегі сол жақ орта бұғана сызығынан 1 см сыртқары

D) Жүректің жиырылу жиілігі минутына 132 соққы

E) жүрек ұшы 5-ші қабырғааралықта

{Дұрыс жауап}= D

{Күрделі}= 1

{Оқулық}= Шабалов Н.П. «Детские болезни», 2007ж

{Курс}= 7

{Семестрі}= 14

$$$ 002

11 жасар балада митральды қақпақшаның пролапсы анықталды. Кардиологтың есебінде тұр. Митральды қақпақшаның пролапсы кезінде қандай асқынулар болуы мүмкін?

A) жүрек соғуы

B) кеуде клеткасының ауырсынуы

C) жүрек ұшында жоғары жиілікті систолалық шу

D) инфекциялық бактериальды эндокардит

E) физикалық күш түскенде ентігу

{Дұрыс жауап}= D

{Күрделі}= 1

{Оқулық}= Шабалов Н.П. «Детские болезни», 2007ж

{Курс}= 7

{Семестрі}= 14

$$$ 003

7 күндік шала туылған балада лоқсу, жоғары нервті-рефлекторлы қозғыштық, іріңді омфалит анықталды. Дене қызуы 37,20С. Тыңдағанда 1 және 2 тондардың анықтылығы бірдей және олардың арасының интервалдары бірдей маятник тәрізді жүрек ырғағы естіледі. Осы кардиальды феноменді қалай бағалауға болады?

A) ОЖЖ перинатальды зақымдалуының көрінісі

B) қызбаның салдары

C) іріңді инфекция ошағының токсикалық әсері

D) эмбирокардия, қалыпты жағдай варианты

E) ас қорыту жүйесінің дисфункциясының салдары

{Дұрыс жауап}= D

{Күрделі}= 2

{Оқулық}= Шабалов Н.П. «Детские болезни», 2007ж

{Курс}= 7

{Семестрі}= 14

$$$ 004

Ер бала 6 жаста, физикалық дамуының қалыс қалуына шағымданып түсті. Қарағанда иық белдеуінің шамадан тыс дамуы назар аудартады. Аяқтары әлсіз, арық, бұлшық ет гипониясы, бала нашар жүреді. Тері жамылғысы әдеттегідей түсті. Жүрек шектері солға қарай 2 см -ге ұлғайған. Жүрек соққысы мен 1-ші тон күшейген. 2-ші қабырға аралықта төстің оң жағында систолдық шу естіледі. ЖСЖ минутына 115 рет. Аяғында пульс анықталмайды. АҚҚ 13/80 мм.сын.бағ. Аяққа қарағанда, АҚҚ қолында жоғары. ТЖ минутына 24. Бауыры ұлғаймаған. Аорта коарктациясын қандай диагностикалық белгі басым дәлелдейді?

A) физикалық дамудың қалыс қалуы

B) жүрек шектерінің кеңеюі

C) 1 тон және жүрек соққысының күшеюі

D) АҚҚ 130/80 дейін жоғарлауы

E) Аяққа қарағанда, АҚҚ қолында жоғары болуы

{Дұрыс жауап}= E

{Күрделі}= 2

{Оқулық}= Шабалов Н.П. «Детские болезни», 2007ж

{Курс}= 7

{Семестрі}= 14

$$$ 005

Бала 5 айлық, салмағын аз қосуына, ентігу, цианоз және олардың физикалық күш түскенде күшеюі шағымдарымен келіп түсті. Анамнезінде перинатальды энцефалопатиясы бар. Отбасындағы үлкен баласы ЖРВИ ауырады. Анасының айтуынша баланың жағдайы кенеттен нашарлаған: ентігу және цианоз күшейіп, мазасыздық пайда болды. Қарағанда тері жамылғысы цианозды. Қызуы қалыпты. Катаральды белгілер жоқ. Жүрек шектері ұлғаймаған. 2-ші қабырға аралықта төстің сол жағында дөрекі систолалық шу естіледі. Өкпесінде тынысы барлық аймақта естіледі. ТЖ мин 40. Сіздің диагнозыңыз?

A) обструктивті бронхит

B) құрысу синдромы

C) Фалло тетрадасы, ентігу-цианозды ұстама

D) ірі тамырлар транспозициясы

E) жүрекше аралық перде ақауы

{Дұрыс жауап}= C

{Күрделі}= 2

{Оқулық}= Шабалов Н.П. «Детские болезни», 2007ж

{Курс}= 7

{Семестрі}= 14

$$$ 006

Науқас Л. 14 жаста, ЖРВИ кейін кеуде клеткасының ортасының жедел ауыруын сезеді, тыныс алған кезде күшейеді, арқаға беріледі және жөтелмен бірге жүреді.Тыңдағанда жүрек аймағында қатты ысқырықты дыбыс естіледі. ЭКГ-де: QRS комплексінің өзгеруінсіз стандартты және кеуде тіркемелерінде ST сегментінің көтерілуі анықталады. Сіздің диагнозыңыз?

A) өкпе артериясының тромбоэмболиясы

B) пневмония

C) плеврит

D) перикардит

E) аорта аневризмасы

{Дұрыс жауап}= D

{Күрделі}= 2

{Оқулық}= Шабалов Н.П. «Детские болезни», 2007ж

{Курс}= 7

{Семестрі}= 14

$$$ 007

Балаға 11 ай, стационарға ТБЖА орнын анықтау үшін келіп түсті. Анамнезінен: салмағын аз қосқан, тамақтандыру кезінде тез шаршайды, ентігу, цианоз пайда болады. Бронхит, пневмониямен ауырмаған. Қарағанда: тері жамылғысы цианозды, «дабыл таяқшасы» және «сағат әйнегі» симптомы. Жүрек шектері: сол жақ шегі -сол жақ ортаңғы бұғана сызығынан 1см сыртқары, оң жағы- оң жақ парастернальды сызық бойымен, жоғарғы- II қабырға тұсында. Тондары қатты, ЖСЖ минутына 140. Төстің сол жақ шеті бойында қатқыл тембрлі систолалық шу естіледі, сол жақта 2-ші қабырғааралықта II тон әлсіреген. Өкпеде тынысы пуэрильді, сырылдар жоқ. Бауыры мен талағы ұлғаймаған. Диагнозды анықтау үшін қандай зерттеу жүргізу қажет?

A) кеуде клеткасының рентгенографиясы

B) кеуде клеткасының рентгенографиясы, ЭКГ

C) кеуде клеткасының рентгенографиясы, ЭКГ, ЭхоКГ

D) қанның биохимиялық тексеруі

E) компьютерлі томография

{Дұрыс жауап}= C

{Күрделі}= 3

{Оқулық}= Шабалов Н.П. «Детские болезни», 2007ж

{Курс}= 7

{Семестрі}= 14

$$$ 008

14 жасар қыз балада инфекциялық эндокардит анықталды. 2 апта бойы дене қызуы фебрильді цифрда тұр, жедел аортальдыжетіспеушілік фонында жүрек жетіспеушілігі белгілері күшейіп келеді, қақпақшаларда вегетация мөлшері көтерілген (10мм жоғары), өкпе артериясының ұсақ тармақтарының тромбоэмболиясы белгілері пайда болды. Ем тактикасын анықтаңыз?

A) антибиотикті ауыстыру

B) антибиотиктер мөлшерін көбейту

C) оперативті ем жүргізу

D) иммуномодуляторлар қосу

E) қанды лазерлі сәулелендіру тағайындау

{Дұрыс жауап}= C

{Күрделі}= 3

{Оқулық}= Шабалов Н.П. «Детские болезни», 2007ж

{Курс}= 7

{Семестрі}= 14

$$$ 009

Экссудативті перикардитпен ауыратын 15 жасар науқаста айқын ентігу дамып, өлу қорқыныш сезімі, тамыр веналарының ісінуі, салқын тер, беті мен мойнының ісінуі, ерін, мұрын, құлақта цианоз, жіп тәрізді пульс пайда болды, қысымы күрт төмендеді. Жедел түрде не тағайындау қажет?

A) тұзсыз диета

B) перикард пункциясы

C) диуретиктер

D) сұйықтықты тәулігіне 600 мл дейін шектеу

E) глюкокортикоидтар

{Дұрыс жауап}= B

{Күрделі}= 3

{Оқулық}= Шабалов Н.П. «Детские болезни», 2007ж

{Курс}= 7

{Семестрі}= 14

$$$ 010

Бала 3 жаста, ЖРВИ диагнозымен келіп түсті. Аурудың 3-ші күні науқаста ентігу, әлсіздік, жіп тәрізді пульс, аузынан көпіршікті қақырықпен жиі жөтел пайда болды. Өкпенің төменгі бөліктерінде екі жақта бірдей ылғалды ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. Жүрек тондары тұйықталған, тахикардия. Рентгенограммада: ошақты көлеңкелер жоқ, өкпенің альвеоларлы ісігі. ЭхоКг-де сол қарыншаның айдау қызметінің төмендеуі. Қандай асқынудың дамығандығы жөнінде ойлауға болады?

A) перикардит

B) жедел пневмония

C) жедел сол қарыншалық жүрек жетіспеушілігі

D) жедел оң қарыншалық жүрек жетіспеушілігі

E) тамыр коллапсы

{Дұрыс жауап}= C

{Күрделі}= 3

{Оқулық}= Шабалов Н.П. «Детские болезни», 2007ж

{Курс}= 7

{Семестрі}= 14

$$$ 011

12 жасар қыз бала жүрегінің ауырсынуы, жүрегінің соғуына, тыныс алудың ретсіздігіне шағымданып түсті. Қарағанда: жағдайы қанағаттанарлық, астеникалық дене бітімді, бойы ұзын. Терісі таза. Буындар қимылы толық көлемде, бірақ тұлғасы бұзылған. Кеуде клеткасының құйғыш тәрізді деформациясы бар. Жүрек шектері қалыпты. Тыңдағанда систолалық сыртыл естіледі. Осы жағдайдың диагностикасында қай белгі көмектеседі?

A) жүректегі ауырсыну

B) жүрегінің соғуы

C) ұзын бойлылық

D) кеуде клеткасының құйғыш тәрізді деформациясы

E) систолалық сыртыл

{Дұрыс жауап}= E

{Күрделі}= 3

{Оқулық}= Шабалов Н.П. «Детские болезни», 2007ж

{Курс}= 7

{Семестрі}= 14

$$$ 012

Бала 1 жаста, жүректің жиырылу жиілігі минутына 40-50 соққы. ЭКГ-де жүрекшелік Р тісшесінің саны қарыншалық QRS комплексінен екі есе жоғары. Жүрекше ырғағы 3:1 тең. Импульсті өткізудің осы бұзылысының клиникалық көрінісінде ұстама байқалуы мүмкін:

A) санасының жоғалуы

B) айқын цианоз

C) жүрегінің соғуы

D) ентігу

E) ыстықтау сезімі

{Дұрыс жауап}= A

{Күрделі}= 3

{Оқулық}= Шабалов Н.П. «Детские болезни», 2007ж

{Курс}= 7

{Семестрі}= 14

Соседние файлы в папке 11-02-2016_18-43-50