Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

11-02-2016_18-43-50 / 02_07_Визуальды диагностика_каз

.rtf
Скачиваний:
32
Добавлен:
19.03.2016
Размер:
101.55 Кб
Скачать

02_07_Визуальды диагностика_каз

$$$001

Балалар өкпесінің крупозды қабынуының негізгі рентгендік симптомы:

А) Зақымдалған жақтың көлемді жарықтануы

В) Өкпенің бір бөлігінің жайылмалы, біртекті қараюы

С) Екі өкпенің ошақты қараюлары

D) Горизонталды деңгейлі біртекті емес қараю

Е) Орталығы жарықтанған сақина тәрізді қараю

{Дұрыс жауабы} = В

{Күрделілігі} = 1

{Оқулық} = (Заболевание органов дыхания у детей. / ред.В.Ф.Коколина,

А.Г.Румянцев. М. Медпрактика – М.,2007

{Курс} =7

{Семестр} = 14

$$$002

Өкпенің ошақты қараюына тән:

А) Бір өкпенің тоталды қараюы

В) Бір өкпенің субтоталды жарықтануы

С) Бір немесе екі өкпенің ошақты қараюлары

D) Бір өкпенің субтоталды қараюы

Е) Бір өкпенің жоғарғы бөлігінің ошақты ізбестенуі

{Дұрыс жауабы} = С

{Күрделілігі} = 1

{Оқулық} = (Заболевание органов дыхания у детей. / ред.В.Ф.Коколина, А.Г.Румянцев. М. Медпрактика – М.,2007

{Курс} = 7

{Семестр} = 14

$$$003

Науқас бала митралды саңылаудың тарылуына күдікті диагнозбен зерттеуге жіберілген. Диагнозды растау үшін визуалды әдістің қай түрін қолданған тиімді?

А) Радиоизотопты

В) Компьютерлік томографияны

С) Өңешті контрастау арқылы рентген зерттеуін

D) Магнитті-резонансты томографияны

Е) Позитронды-эмиссионды томографияны

{Дұрыс жауабы} = С

{Күрделілігі} = 2

{Оқулық} = Лучевая диагностика в педиатрии : нац.руководство

(ред.А.Ю.Васильев, 2010)

{Курс} = 7

{Семестр} = 14

$$$004

Учаскілік педиатр науқас баланы жүректің туа біткен ақауына күдікті диагнозбен зерттеуге жіберген. Диагнозды растау үшін визуалды әдістің қай түрін қолданған тиімді?

А) Кеуде қуыс мүшелерінің жалпы шолу рентгенографиясын

В) Эхокардиографияны

С) Радиоизотопты зерттеуді

D) Магнитті-резонансты томографияны

Е) Компьютерлік томографияны

{Дұрыс жауабы} = В

{Күрделілігі} = 2

{Оқулық} = Лучевая диагностика в педиатрии : нац.руководство

(ред.А.Ю.Васильев, 2010)

{Курс} = 7

{Семестр} = 14

$$$005

Науқас бозбала әлсіздік, терлеушілік, денеқызуы шағымдарымен учаскілік терапевке келді. «Манту» сынамасы жағымды. Дұрыс диагноз қою үшін визуалды зерттеудің қай түрін қолдаңған тиімді?

А) Радиоизотопты зерттеуді

В) Компьютерлік томографияны

С) Ультрадыбыс зерттеуін

D) Рентген зерттеуін

Е) Магнитті-резонансты томографияны

{Дұрыс жауабы} = Д

{Күрделілігі} = 2

{Оқулық} = Туберкулез у детей и подростков. ред.В.А.Аксенова. 2007.

{Курс} = 7

{Семестр} = 14

$$$006

Науқас бала пиелонефритке күдікті диагнозбен сәулелік зерттеуге жіберілген. Сәулелік әдістердің қай түрін балаға қолданған тиімді?

А) Іштің жалпы шолу рентгенографиясын

В) Экскреторлы урографияны

С) Ультрадыбыс зерттеуін

D) Цистографияны

Е) Радиоизотопты зерттеуді

{Дұрыс жауабы} = С

{Күрделілігі} = 2

{Оқулық} = Руководство по нефрологии детского возраста. С-Петербург, 2008.

{Курс} = 7

{Семестр} = 14

$$$007

Бала жедел жәрдем каретасымен ішек өтпеуіне күдікті диагнозбен жеткізілді.Диагнозды растау үшін визуалды әдістің қай түрі негізгі болып саналады?

А) Эхографиялық

В) Рентгендік

С) Радиоизотоптық

D) Компьютерлік томография

Е) Магнитті-резонансты томография

{Дұрыс жауабы} = В

{Күрделілігі} = 2

{Оқулық} = Лучевая диагностика, А.Ю.Васильев, Е.Б.Ольхова, 2008.

{Курс} = 7

{Семестр} = 14

$$$008

Бала ауруханаға бүйрек ісігі диагнозымен жіберілген. Сәулелік әдістермен ісіктің құрылымын анықтауға бола ма?

А) Мүмкін емес

В) Мүмкін

С) Мүмкін, егер баланың жасы 3-тен кем болса

D) Мүмкін, егер баланың жасы 3-тен артық болса

Е) Мүмкін, егер баланың жасы 18-ге толған болса

{Дұрыс жауабы} = А

{Күрделілігі} = 2

{Оқулық} = Лучевая диагностика, А.Ю.Васильев, Е.Б.Ольхова, 2008.

{Курс} = 7

{Семестр} = 14

$$$009

Кеуде қуысы мүшелерінің жалпы шолу рентгенограммасында тіке проекцияда оң өкпе алаңының төменгі бөлігінде жоғарғы шекарасы үшінші қабырғаға жететін, төменгісі бауыр көлеңкесімен қосылған біртекті кұрылымды қараю белгісі анықталады. Оң өкпе түбірі көрінбейді, орталық мүшелер көлеңкесі ығыспаған.Аталған визуалды симптомдар тән:

А) Өкпенің инфильтративті туберкулезіне

В) Ошақты пневмонияға

С) Өкпе бөлігінің ателектазына

D) Өкпенің крупоздық қабынуына

Е) Пневмоторакске

{Дұрыс жауабы} = Д

{Күрделілігі} = 3

{Оқулық} = Детская пульмонология А.Н.Зосимов, В.К.Ходзицкая, С.А.Черкасов. М.,2008

{Курс} = 7

{Семестр} = 14

$$$010

Жүрек өлшемі негізінен сол жүрекше мен оң қарынша есебінен үлкейген. Жүрек мықыны толысқан негізінен өкпе артериясымен. Контрасталған өңеш сол жүрекше тұсында кіші радиуспен ығысқан. Өкпе түбірі үлкейген, құрылымды, анық бейнеленген. Визуалды симптомдар тән:

А) Қос жармалы қақпақшаның жетіспеушілігіне

В) Қолқа қақпақшасының жетіспеущілігіне

С) Митралды саңылаудың тарылуына

Е) Сулы перикардитке

{Дұрыс жауабы} = С

{Күрделілігі} = 3

{Оқулық} = Лучевая диагностика в педиатрии: нац.руководство

(ред.А.Ю.Васильев 2008)

{Курс} = 7

{Семестр} = 14

$$$011

Баланың қапталдан түсіріліген краниограммасында бас сүйегінің күмбезінің проекциясында көптеген, бір-бірімен қосылмайтын өлшемі 0,3 мм-ден 1 см дейінгі шеттері өте айқын жарықтанулар анықталады. Көрсетілген визуалды белгілер тән:

А) Остеолитикалық метастаздарға

В) Остеобластық метастаздарға

С) Остемиелитке

D) Жарақаттық зақымдануларға

Е) Миелома ауруына

{Дұрыс жауабы} = Е

{Күрделілігі} = 3

{Оқулық} = Лучевая диагностика в педиатрии: нац.руководство

(ред.А.Ю.Васильев 2008)

{Курс} = 7

{Семестр} = 14

$$$012

6 – айлық баланың кеуде қуысы мүшелерінің жалпы шолу рентгенограммасында орталық көлеңкенің жоғарғы 1/3 бөлігінің, көбіне оң жағының, сыртқы шекарасы өте аңық, бірақ тегіс емес, құрылымы біртекті кеңеюі анықталады. Көрсетілген өзгерістер қай ауруға тән?

А) Трахео – бронхиалды лимфатүйіндерінің туберкулездік зақымдануына

В) Айырша безіне (тимома)

С) Жүрек ақауларына

D) Қолқа аневризмасына

Е) Лимфогранулематозға

{Дұрыс жауабы} = В

{Күрделілігі} = 3

{Оқулық} = Лучевая диагностика в педиатрии: нац.руководство

(ред.А.Ю.Васильев 2008)

{Курс} = 7

{Семестр} = 14