Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

соз.мерез.спид

.docx
Скачиваний:
32
Добавлен:
19.03.2016
Размер:
25.19 Кб
Скачать

Жұқпалы аурулардың қоздырғыштары туралы қазақша реферат

Жоспар:

1.Жыныстық жолмен таралатын инфекциялар. 2. Соз(гонорея), Мерез(сифилис), ЖИТС (СПИД)

1. Жыныстық қатынаста жұғатын ауруларға не мүмкіндік туғызады және қалай азайтуға болады? Жыныстық жолмен берілетін аурулар немесе жыныстық қатынаста жұғатын аурулар жыныстық қатынастар арқылы беріледі. Әсіресе олардың ең қауіптілері: СПИД, мерез, соз. Олармен әркім зақымдала бермейді. Адамдар мәдениеттілікті сипаттайтын ереженің ретін сақтап жүрсе және өзінің денсаулығын, сондай-ақ басқа адамдар денсаулығын ойлап жүрсе, бұл аурулар болмас еді.

Жыныстық қатынастағы аурулар сақтану ережелері мынадай:  1.Кездейсоқ жыныстық қатынастан сақтану. 2.Презервативтерді қолдану. 3.Жыныс мүшелердің гигиенасын сақтап, оларды жылы сумен, жұмсақ сабынмен жуу. 4.Бір жағдайларда жыныс жолмен жұғатын аурулар байқалса, бірден анонимді профилактикалық пунктке бару керек. 5.Сыртқы және ішкі киімдердің гигиенасын сақтау. 6.Ешқашан басқаның жөкесін, сүлгісін, ішкі киімін қолдануға болмайды.

2. Соз(гонорея)- жыныстық жолмен берілетін, жыныстық контакті арқылы берілетін, жиі кездесетін ауру. Бұл несепағар өзегінің іріңдеуімен және ауру тудыратын микроорганизм-гонооккың болуымен сипатталады. Гонореяның еркектер мен әйелдерде біршама айырмашылықтары бар.

Еркек Гонореясы. Еркектерде ол тек жыныс жолымен ғана жұғады. Жаңа гонорея (2 ай ауру кезінде) және созылмалы гонорея (2 айдан жоғары) деп бөлінеді. Аурудың байқалуы 3-тен 5-ке дейінгі күн аралығында пайда болады (кейде 1 күннен- 2-3 апта аралығында болады).

Несепағардың алдыңғы бөлігінде алдымен күю сезімі мен қышуы, сосын кілегейлі бөліністер байқалады(жыныс мүшесінің басы). 3-4 күннен кейін ауру құбылыстары қатты көрінеді. Несепағар өзегінің сыртқы тесігінде қызару мен ісіну пайда болып, ол тығыздалып және аурулы болады. Ірің бөлінеді:лайланады,сары түсті және көп бөлінеді. Несепшығаруда ауру пайда болады. Жалпы ағза азап шегеді және әлсіздік, қозғыштық пайда болады. Содан басқа бұл қолайсыз жұқтырылған факт жүйкені тоздырып, психо- эмоционалды стрессті қалыптастырады.

Егер бұл жағдайда медицианалық көмекке назар аудармаса, онда қуықта инфекция тереңіне таралады. Несеп шығару жиі болады және ақырында ауруы күшейеді.

Емделуі жеткіліксіз немесе емделу толық өткізілмесе, онда гонорея созылмалы түріне көшеді. Несептің бөлінуі азаяды және онда іріңдік қауыз бен жіптер табылады. Қосалқы және қуық алды бездерге тарап, аурудың күйі біршама нашарлайды. Қосалқы бездің зақымға ұшырауы, жоғарғы температура, бездің ісінуі және бірден ауруымен байқалады. Өзектің тарылуы келешек ұрықсыздықпен аяқталады.

Қуық алды бездің зақымдануы жоғарғы температурамен және шап ауруымен сипатталады. Импотенцияның дамуы да ықтимал.

Әйелдердегі гонорея. Еркектер сияқты жұқтыруының негізі жыныстық жолмен өтеді. Бірақ әйелдерде, әсіресе, жас қыздарда дәретханадан кейін, басқа ішкі киімнен, жөкеден, сүлгіден жұғуы мүмкін. Әйелдерде созылмалы және латтенті гонорея әлсіз ағады. Ақырғы кезде оларда ауру белгілері байқалмай, сөйтіп олар жұқты- рудың негізгі көзі болады. Жыныстық мүшелерінің құрлысының әртүрлі болуына байланысты еркектер мен әйелдер гонореясының ағымы да әр түрлі. Несепағар өзегінің зақымдануы әйелдерде еркектердікі сияқты өтеді. Әйелдерде инфекцияның тез терең енуі,несепағар өзегінің қысқалығымен байланысты. Жедел сатысында несепағар өзегі ауырады,кілегей, кейіннен ірің бөлінеді, қызаруы және несепағар өзегінің сыртқы тесігінде ісіну пайда болады.

Гонорея қынап пен жатырдың мойнына зақым келтіруі мүмкін. Олардың кілегей қабығы жұмсарып, іріңдеп кетеді. Іштің төменгі бөлімінде ауру сезімі байқалады.

Бұл жатырдың кілегей қабатының зақымдалуына әкеледі. Бұл жағдай іштің төменгі жағын ауыртып, температурасын жоғарылатып, қынаптан ретсіз қанның бөлінуіне әкеп соқтырады. Жатырдың кілегейлі қабығының зақымдануы қауіпті, біріншіден ол жатыр түтігіне, жұмыртқасына және құрсақ қуысына инфекцияның өтуіне жол ашады; екіншіден- егер әйел жүкті болса, жатырындағы ұрық зақымдалып, оның дамуы нашарлайды.

Тағы бір жағдай, жеткіліксіз емделсе, жұмыртқаның зақымдануына, ал бұл келешек ұрықсыздыққа әкеледі. Егер құрсақ қусы зақымданса, онда қатерлі ауру құрсақ пердесінің қабынуына немесе перитонитке әкеледі. Ал, бұл, күрделі хирургиялық ауру.

Гонореяда иммунитет болмайды, сондықтан тез қайтарылып жұғу пайда болуы мүмкін. Гонорея жедел сатысында ғана адамға жұғады, бірақ ол созылмалы кезінде де жұғуы мүмкін.

Мерез(сифилис)- жыныстық жолмен берілетін инфекциялық ауру. Бұл ауру өзінің белгілерімен, асқынуларымен өте қауіпті. Сифилисті микроорганизм – бозарған спирохета тудырады.

Жұқтыру көзі – кілегей қабығы мен терісінде белсенді сифилис белгілері бар ауру адам. Егер сифилис өз уақытында емделмесе, онда ол өмір бойына созылуы мүмкін.

Ауру 4 кезеңге бөлінеді: 

1.Инкубациялық кезеңде белгісі болмайды. Бұл 20-40 күнге созылып және жыныс мүшелерінің кілегей қабығында қатты шанкрдың болуымен сипатталады.

2.Сифилистің біріншілік кезеңі. Бұл 6-7 аптаға созылады, қатты шанкрдың шығуынан бастап, дененің барлық жері бөрткенге дейін. Қатты шанкр- инфекцияның енген жерінде пайда болған кішірек жара. Еркектерде қатты шанкр кейде жыныс мүшесінің басында байқалады.Ал,әйелдерде- жыныс еріндерінде, жатырдың мойнында Шанкр біреу болады, оның размері үлкен емес,ұсақ монета сияқты, дөңгелек, қатты-созылмалы,жалпақ табақша тәрізді және сұйық бөлініп тұрады. Әдетте ол аурусыз. Қатты шанкраның пайда болуынан бастап лимфатикалық түйіндері үлкейеді.

3.Сифилистің екіншілік кезеңі. Бұл 3-4 жылға созылуы мүмкін. Дененің бар жерінің бөртуімен басталады. Бөртпесі кіші көлемді қызғылт дақ тәрізді болады. Бөртпе біраз апта болып,сосын белгілі бір уақытта жоқ болады. Бұл кезеңде ішкі мүшелер де зақымдала бастайды. Аурулардың бәрі инфекцияның көзі ретінде қауіпті.

4.Сифилистің үшінші кезеңі. Бұл ішкі мүшелердің қатты бұзылуымен белгіленеді. Бұл жұққаннан кейінгі 3-4 жылдан кейін емделмесе, ұзаққа созылатын және өлімнің себебі болатын кезең. Сифилистің бұл кезеңінде адамның сырт пішіні бұзылып, мүгедек болады. Жүйке жүйесіазап шегіп,миында ісік тәрізді құрылымдар(гумма) пайда болып,лезде психикасы бұзылады.

Сифилис-қауіпті ауру және қарқынды емделуді талап етеді.

Ешқандай жағдайда бұл ауруды асқындыруға болмайды, бұл өлімдей қауіпті.

Жүре пайда болатын иммунитет тапшылығы синдромы- ЖИТС- жыныстық жолмен контакт арқылы берілетін, адамның иммунды тапшылық вирусы тудыратын қауіпті инфекциялық ауру. Бұл ауру кезінде иммунологиялық реакцияларға жауапты моноциттер мен лимфоциттер вирусқа шабуыл жасап, азғаның иммунды жүйесін бұзады. Ауру нәтижесінде ағзаның әр бір инфекцияға және микроорганизмдерге қарсыласу қасиеті лезде төмендеп, ал мұндай қауіптілік қалыпты жағдайда кездеспейді. Ауру әдеттегі пайда болған инфекциядан немесе қатерлі ісіктен, әсіресе жиі қанның қатерлі ісіктерінен және лимфоидты тіндерде болатын-Капоши саркомасынан өледі.

Жыныстық жолмен жұғудың басқа да жолдары бар:  1. Адам иммунитет тапшылығын тудыратын вирусы бар аналардан құрсақтағы балаға жұғуы. 2. АИТВ (ВИЧ)-пен зақымдалушының қанын біреуге қайта құю кезінде оның жұғу мүмкіншілігі өте жоғары болуы. 3. Стерилизацияланбаған медициналық шприц инелерін наркомандар компаниясында қолдану арқылы. 4. Гомосексуальді( бір жынысты) жыныстық қатынас арқылы.

Теориялық жағынан сүйісу арқылы жұғуы мүмкін, бірақ бүкіл әлемде бірде-бір осындай жағдай тіркелмеген. АИТВ қол алысқанда, бір бөлмеде тұрғанда жөтелу және түшкіру арқылы, ыдыс-аяқ, киімдер, ішкі киімдер, бассеин суынан, моншадан, қолжуғыштан, дәретханадан, шаштараздан, маникюрден, массаждан, сондай-ақ шіркейлердің шағуынан берілмейді. Қазіргі кезде «қатерлі топтар» деген маңызды ұғым бар, олар қатерлі аурулардың жұғуына жағдайы бар адамдар.

ВИЧ-пен (АИТС) зақымдалу үшін қауіпті топтар мыналар:  1. Жыныс серіктерін жиі ауыстыратын еркектер. 2. Еркектер мен гомосексуальисті еркектердің қатынаста болуы. 3. Нашақорлардың топ ішінде вена арқылы қолданылуы. 4. Жыныстық серіктері көп әйелдер немесе жезөкшелікпен айналысатындар. 5. СПИД тараған жергілікті тұрғындармен жыныстық байланыста болатын адамдар. 6. СПИД-қа қарсы зерттелмеген донорлардан көп қан құйылған гемофилиямен ауысатындар. 7. ВИЧ-ті жұқтырған немесе СПИД-пен ауыратындармен жыныстық қатынастағы адамдар. 8. ВИЧ немесе СПИД-пен ауыратын анадан туған балалар.

СПИД-тің байқалу әртүрлі болуы мүмкін, сондықтан оның анықталуы ерекше жауапкершілікті керек етеді. Сондай-ақ мынадай адамдарға көңіл аудару керек: 1. Ешқандай себепсіз температурасының ұзақ көтерілуі. 2. Лимфатикалық түйіндердің үлкеюі. 3. Жиі тұмау, бронхит және өкпе қабыну ауруларымен ауыратындар. 4. Теріде түйінді өсінділер, терінің қалыңдауы.

Қандай жағдайда да қатерлі топтардағы адамдарды ВИЧ- инфекциясының бар-жоғын және келісім арқылы анонимді тексеру керек.

Осы уақытқа дейін СПИД-пен ВИЧ-қа қарсы дәрілер де, егуде жоқ. Барлық қолайлы құралдарды және әдістерді қолдану арқылы оның жұқпауына өзіңіз жағдай жасаңыз.

Қазақстан Республикасында ВИЧ-пен 15-29 жастағы адамдар арасында ауру қаупі бар. Ауру жұқтырған адамдардың ішінен 68 %-ын осы аралықтағы жастар құрайды. Жас адамдар тәртіп ерекшелігі және оларда жыныс жолмен жұғатын СПИД туралы ақпараттың аздығынан, яғни бұл проблема толық шешілуден әлі алыс жатыр.

Жыныстық жолмены жұғатын вирустық инфекциялар кейінгі кезде кеңінен етек алуда. Олардың адам ағзасына келтірер зардабы орасан зор. Мақалада осы салада ізденіс жүргізген ғалымдардың клиникалық эпидемиологиялық тұрғыда жүргізген зерттеулерінен мәліметтер алынған.

 

Вирусология саласында жүргізілген көптеген зерттеулерге қарамастан, герпеcвирустық инфекция  мәселесі өзектілігін жоғалтқан жоқ, керісінше әр саладағы мамандарды осы мәселені зерттеуге өз үлестерін қосуға итермелейді. Жыныстық жолмен жұғатын вирустық инфекциялар арасында гениталды ұшық жиі кездесетін аурудың бірі. Мамандардың бірыңғай пікірі жоқтығынан диагностика, науқастарды жүргізу тактикасы, стандартталған тест жүйесі сұрақтары, сондай-ақ дәрігерлердің бұл аурудың кейбір клиникалық көріністері және немен аяқталатындығы жөнінде толық мағлұматы болмағандықтан, гениталды ұшықты бақылауға көнбейтін инфекциялар қатарына жатқызады [9]. Алынған мәліметтер көптеген деректермен дәлелденген, онда әр түрлі лабораторияларда қойылған ПТР нәтижелерінің сәйкес келмейтіндігі көрсетілген [1,13]. Бұл ПТР тест жүйесінің әртүрлі сезімталдығымен түсіндіріледі, ол қолданған праймерлерге және ДНК амплификация циклының соңына тәуелді. Осы мәліметтерді ескере отыра, клиникалық лабораторияларда қолданылатын тест жүйесін стандарттайтын әдістерді енгізу қажеттігі туындайды [5]. Гениталды ұшықтың вирусы адам ағзасының барлық мүшелері мен тіндеріне, шырышты қабыққа, тері жабындысына, ішкі ағзаларға тропты [3,14]. О.И. Киселев және В.И. Покровский [8] зерттеуі бойынша вирустық инфекциямен шақырылған өзгерістер, келесі процестердің нәтижесі болып табылады: өмірге қажетті ағзалардың қызметінің бұзылуы; виремия («вирустық жүктеме» жалпы токсикозбен сәйкес келеді); науқастың жалпы жағдайының ауырлығы, қызбаның пайда болуы, инфекциялық процесстің сипаты, ағымы және соңы, сондай-ақ бактериалық инфекцияның қосарлануы және асқынудың туындауы иммундық жүйе жұмысымен тығыз байланысты.

Аралас инфекцияда бактериалды флора вирустың репродукциясын күшейтеді, ал жүйелі процесстер вирустың организмге жасушалық және моллекулярлық деңгейдегі әсері болып табылады. Гениталды ұшықтың клиникалық көрінісі иммунжетіспеушілік жағдайда, қосарласқан вирус- вирустық жұқпада [14], бактериалды -вирусты зақымдануда өзгеруі мүмкін [3,7]. Бұл жағдайда клиникалық көрінісі өзгеріп, нақты диагнозды дер кезінде қою қиындайды және вирусқа қарсы дәрі дәрмектер дер кезінде тағайындалмайды. Кез келген мамандықтағы дәрігер вирустық патологияны өзінің күнделікті жұмысында жиі кездестіреді. Оларға вирустық емес аурулармен жиі салыстырмалы диагноз жүргізуге тура келеді (мерез, қотыр, пемфигус, Бехчет ауруы, жұмсақ шанкр т.б.).

Гениталды ұшық және мерез теріде, жыныс мүшелерінің шырышты қабығында, ауыз қуысында, жиі эрозия және жара түзілумен байқалатын аурулар. Кубанова А.А.   мәліметі бойынша вульваның эрозивті жаралы ауруларының жиілігі барлық вульваның патологиясы бар науқастардың 53,0% құрайды [10]. Гениталды ұшықтың атипті көрінісі эрозивті жаралы бөртпелермен байқалады [12]. Әдебиетте несепжыныс жолының шырышты қабығы лимфотропты Эпштейн Бар вирусымен зақымдануы, жыныс мүшелерінде эрозивті-жаралы бөртпенің пайда болуымен, гениталды ұшықтың клиникалық көрінісіне өте ұқсас көрінетін кейбір мәліметтер бар[4,5,8]. Кубанова А.А. зерттеуінде вульваның жедел жарасы диагнозы қойылған науқасты тексергенде, лабораториялық зерттеуде ұшық вирусымен қатар Эпштейн Бар вирусы анықталған клиникалық оқиға сипатталған. Бұл науқаста герпесвирусты инфекцияның бар екеніне күмән тумағанда, клиникалық, диагностикалық лабораториялық зерттеу әдістері кезегімен толық қолданылып, эрозивті жараның этиологиясын толық анықтаумен аяқталады және ары қарай науқасты жүргізу стратегиснын және емінің тактикасын анықтауға мүмкіндік туады[7,4].

Герпесвирусты инфекцияның симптомсыз (субклиникалық) ағымы науқастың жыныстық серігіне ауруды жұқтыру қаупін тудырады. Герпесвирусты инфекцияның репликациясы процессінде жыныс жасушаларын зақымдап, сперматогенезді бұзады, соңында генетикалық аппараттың бұзылуына әкеледі. Сондай-ақ вирустың ДНК-сы генетикалық аппараттың гаметінің құрамына тіркелуі мүмкін[2]. Герпесвирусты инфекцияның субклиникалық түріне және клиникасы атипті көрініс бергенде диагноз қою үшін тек лабораториялық әдіске жүгіну қажет[10].

Кенеттен түсік тастау және уақытына жетпей босану, эмбрио және органогенездің бұзылуы, нәрестенің туа біткен патологияның этиологиясында басты рөлді Herpesviridae туыстығына жатқызады.  Эпштейн Бар вирусын, жай ұшық вирустарының  1 және 2 түрімен, цитомегаловируспен бірге жиі TORCH-инфекция қоздырғыштарының қатарына жатқызады. Эксперимент мәліметтері негізінде плацентаның, эмбрионның трансплацентарлы және ұрықтың зақымдалуы жүктіліктің кез келген мерзімінде байқалатындығы анықталған[4]. Әйел ағзасының иммунокомпетенттігінің жетіспеушілігі ұрықтың жатырішілік зақымдануының бірдебір себебі болып табылады. Белгілі герпесвирустардың арасында аса қауіп төндіретіні цитомегаловирус және жай ұшық вирустарының  1 және 2 түрі. Тәжірибеде  акушерлік гинекологиялық патологияда Эпштейн Бар созылмалы вирусық инфекциясының рөлі туралы ақпарат өте аз, сондықтан дәрігерлердің басым көпшілігінде герпесвирустарды инфекциялық мононуклеозбен ассоцияциялау жиі кездеседі.

2009 жылы Киев қаласында әр түрлі жатырішілік патологиясы бар 126 нәрестенің қанына ПТР мониторингі жүргізілгенде инфицирленген балалар саны 23% құрады. Жатырішілік патологияның дамуында этиологиясының басым бөлігін герпесвирустың вертикалды жолмен берілуі 89,7% құрады, соның ішінде Эпштейн Бар вирусы 62,1% , жай ұшық вирусы тек 6,9% [13].

А.М.Охотников және оның соавт. [11] мәліметі бойынша, кездесу жиілігі бойынша екінші орын туа біткен цитомегаловирустық инфекцияның еншісіне тиеді. Цитомегалия вирусының вертикалды жолмен берілуі табиғатта бұл вирустың папуляциясының сақталуының тек жалғыз ғана жолы болып саналады. Оның негізгі берілу жолы трансплацентарлы. Соныменен қатар, вирустың интранаталды және ана сүтімен берілу қаупі жоғары. Әдеби мәліметтер бойынша, цитомегалия вирусының әйелдерде жүктілік кезінде цервиканалды каналда 3-28%, ал емізетін әйелдердің сүтінде 10-50% кездесетіндігі айтылған.

Вертикалды жұғу жолы герпесвирустардың  басқа тобынада тән. Жай ұшық, желшешек  немесе белдемелі ұшық вирусы вертикалды жолмен анасынан баласына постнаталды анасының сүті арқылы, жарақаттанған шышышты қабық және тері арқылы, сондайақ интранаталды егер анасының жыныс жолында ұшықтың клиникалық көрінісі болған болса.  Жай ұшық вирусының 1 және 2 түрін нәресте зәрінің тұнбасындағы жасушадан туғаннан кейін алғашқы күнінде анықталуы инфекцияның антенаталды жұққандығын көрсетеді. Вирустың бір түрі зәр тұнбасындағы жасушада қатарынан 2-3 рет анықталуы тексерушінің ағзасында бұл вирустың үздіксіз персистенциясын ғана емес, иесінің ағзасында бұл вирустың үздіксіз репродукциясы және қанына үнемі түсіп және зәріменен бөлініп тұруы. Педиатрия ғылыми зерттеу институты мәліметі бойынша әртүрлі вирустық инфекцияның анықталу жиілігі түсік тастаған әйелдердін 60% цитомегаловирус құрайды, 57,5% жай ұшық вирустары, түсік тастаған әйелдердің  анамінезінде 40,6% цитомегаловирус және 26,6% жай ұшық вирустары.

Қазіргі кезде қатерлі ісіктің этиологиясын зерттеу бойынша халықаралық агентстваның эксперттері адамға онкогенді әсері бар герпесвирустардың келесі түрлері қарастырылады:

1. Эпштейн Бар вирусы бір қатар қатерлі ісіктің дамуына қатысады. Эпштейн Бар вирусының ерекшелігі жасушаларды бұзбайды, зақымдаған лимфоциттердің пролиферациясын жылдамдату арқылы өсін және апоптозды потенциялы жасушалардың ара қатынасын өзгертеді[4]. Бұл феномен лимфопролиферативті ауруларда іске асады деп ойлауға болады.

2. Адам герпесвирусының 8 түрі. Қазіргі кезде бұл вирустың Капоши саркомасының пайда болу этиологиясында рөлі бар екендігін дәлелдеген [6], соныменен қатар дене қуыстарының лимфомасы, Кастельман ауыруының этиологиясындада. Адам герпесвирусының 8 түрінің геномында бір қатар гендердің өнімі жасуша ақуызымен (жасушаның көбейуін және тіршілігін реттейтін) құрылымы жағынан жоғары дәрежеде ұқсас; ол олардың белсенділігінің жоғарылауы ісіктің дамуына әкеліп соқтырады.

Герпесвирустардың жалпы қасиеті, олардың иесінің жасушасында латентті түрде сақталуы. Вирустың латентті түрде болуы олардың иммундық бақылаудан тысқары қалуына және персистентті инфекцияны орнықтырады. Соныменен қатар латентті инфекция жасуша трансформациясында және қатерлі ісіктің дамуында шешуші рөль атқарады.

90 жылдардың ортасында  Эпштейн Бар вирусымен адам папилома вирусы қосарласа кездескенде  несеп-жыныс жолдарының патологиясындағы рөлі туралы жаңа мәліметтер пайда болды. Voog E. соавторларымен вульва лейкоплакиасы диагнозы қойылған әйелдерге зерттеу жүргізген. Бұл әйелдерде ПТР әдісі арқылы адам папилома вирусы 17% жағдайда, Эпштейн Бар вирусы ДНКсы 48,0% анықталған. Жатыр мойнын тексерген кезде Эпштейн Бар вирусы 38,0%, ал адам папилома вирусы 33,0% анықталған. Авторлардың айтуы бойынша бұл мәліметтер Эпштейн Бар вирусының онкогенді әсерінің барлығының айғағы.

Бұл мәліметтер қорыта келгенде герпесвирустық инфекцияның кеңінен етек алуы тұрғындар арасында замануй клинико-эпидемиологиялық тұрғыда зерттеуді талап ететіндігінің айғағы.

Қайталамалы ұшықтың рецивинің алдын-алу және емдеу қазіргі кезде этиотропты және иммунотропты әсері бар дәрілерді қолдану болып табылады [9]. Герпесвирустық инфекцияның қазіргі кездегі химиотерапиясы вирустың жеке буындарының репродукциясын іріктеу арқылы ғана тежейді, ал макроорганизм жасушасына әсер етпейді [1]. Герпесвирустық инфекцияның жиі жиі қайталануы патогенетикалық емнің қажеттігін тудырады [13]. Вирустық инфекцияда тағайындалатын жиынтықты ем науқастарда емнің клиникалық тиімділігін жоғарытылады. Осыған байланысты науқастарға жаңа емдеу әдісін ацикликалық нуклеозид және жаңа иммуномодуляцияға бағытталған заттарды енгізу қажеттігі туындайды [15].

Бірақ ацикликалық нуклеозидтердің жалпы кемшілігі ағзадан вирусты толық эллиминация жасай алмауы. Соныменен қатар, осы топтағы дәрілерге төзімділік дамуы мүмкін.

Герпесвирустық инфекциясы бар науқастарды емдеудің кейбір қиындықтары ауру патогенезінің кейбір механизмдерін түсінбеу, ағым варианттарын білмеу, сондай-ақ дәрілердің қымбаттығы.

Көптеген авторлардың ойы бойынша, дәрігердің алгоритм диагностикасы және емі вирустық инфекциясы бар науқасты емдеуде келесі кезеңдерді қамту керек:

–   Жалпы және арнайы вирусқа қарсы иммунитет көрсеткіштерін зерттеу арқылы иммунитет бұзылысын анықтау;

–   Патогенетикалық иммундық ем иммуномодуляторлардың көмегімен анықталған иммунитет бұзылысын түзету мақсатында;

–   Жүргізілген иммундық емнен кейін ем тиімділігін анықтау үшін қайта иммунологиялық тестілеу жүргізу;

Соныменен иммунологиялық критерилерді (иммундық статустың көрсеткіштерінің қалыпқа келуі) емнің тиімділігін бағалау үшін қолдану қажет.

Созылмалы және қайталамалы вирустық инфекциясы бар науқастардың емінде пациентті жүргізу тактикасына зор көңіл бөлу, науқаспен өзара сенімді психологиялық қатынас тудыру, оптималды дәрілік заттарды және емдеу үлгісін таңдау, кейінен диспансерлік бақылау жүргізу, науқасқа иммунореабилитация және психотерапиялық қолдау көрсету.

Соныменен герпесвирустық инфекциясы бар науқастарға жиынтықты ем тағайындауда, әсіресе созылмалы және қайталамалы ағымында стратегиялық бағыт орынды және дәлелді. Химиялық құрылысы және әсер ету механизмі әртүрлі дәрілерді қиыстыра қолдану оладың антивирустық тиімділігін күшейтеді [15,16]. Соныменен қатар, әсер ету механизмі әр түрлі дәрілерді үйлестіре қолдану (ациклді нуклеозидтерді интерферонмен, интерферон индукторларымен, иммуномодуляторлармен, антиоксиданттармен, жүйелі энзимдік еммен, вакцинамен) ингибиторрезистентті вирстардыңмутанттары ның пайда болу ықтималдылығын төмендетеді немесе пайда болуына жол бермейді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]