Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Бухгалтерлік есеп

.pdf
Скачиваний:
333
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
2.87 Mб
Скачать

VIII. Бөлім. Өндірістік есепке алу шоттары

Бұлбөлімніңактивтіекеніжәне1(№80)бөлімшедентұратындығы кестеден көрініп тұр. Негізгі, меншікті және қосалқы өндірістер, сондай-ақ үстеме шығыстар активтер болып табылады, өйткені олар бар болуды білдіреді және активті шоттарда бейнеленеді. Өндірістік есепке алу шоттарын калькуляциялық деп те атайды, өйткені ол шоттарда шығындардың калькуляциялауы (жиынтығы) жүргізіледі. Бұл бөлімнің шоттары саудада, сақтандыру ісі мен инвестициялық қызметте, яғни өндіріс жоқ барлық жерде болмайды.

Олардың пайда болын (көбеюін) қараймыз.

Бұл жағдайда олар дебет бойынша өтеді. Бұл жерде біз өндірістік шығыстар қандай элементтерден пайда болатындығына назар аударуымыз керек.

а) Тауар-материалдық құндылықтарды өндірістік цехтардың мұқтаждықтарына шығыс ету. Бұл операциялар № 8011, 8021, 8031, 8041 «Өндірістегі материалдар» шоттарының дебеті бойынша бейнеленеді. Шығыстар тауар-материалдық құндылықтардың жиынтығынынпайдаболатындықтан,шаруашылықоперациялар № 1310—1317 шоттардың кредитінен № 8011,8021,8031,8041 шоттардың дебетіне жасалады. Бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:

Дт

Кт

Құжаттар

8011, 8021, 8031

— 1310—1317

Материалдық есептер,

 

 

жүкқұжаттар, шоттар,

 

 

карточкалар

Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында тек қана активті шоттар орналасқан. Бұл жағдайда (№ 1310—1317) 1 типті «Активті-активті» операция орын алады, яғни баланстың активінде тек қана өзгерістер болады. Бір жағынан кәсіпорын өндірісіндегі шығыстары көбейеді, екінші жағынан бір мезгілде сол сомада материалдық ресурстардың мөлшері кемиді. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.

Мысал келтіреміз: үстіміздегі жылдың 2-ші тоқсанында агрегаттар цехының өндірістік мұқтаждарына 2007 жылы маусым айындағы цех бастығының материалдық есебі, шектеу-алу карточкалары

261

мен жүкқұжаттарына сәйкес, 8750000 теңге сомаға табақ темір шығыс етілді. Бұл жағдайда бухгалтерлік проводка төмендегіше болады:

Дт

 

Кт

 

Сома

Ескерту

8011

1310

=

8750000

1 типті операция

А (+)

 

А (-)

 

 

 

ә) Қосалқы цехтардың өнімін негізгі өндірістің мұқтаждықтарынашығысету.Бұлоперациялар№8011«Өндірістегіматериалдар» шотының дебеті бойынша бейнеленеді. Шығыстар көмекші өндірістер шығындарының жиынтығынан пайда болатындықтан, шаруашылық операциялар кредитінен № 8030 шоттың кредитінен № 8011 шоттың дебетіне жасалады. Бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:

Дт

 

Кт

Құжаттар

8011

8030

Талаптар, жүкқұжаттар,

 

 

 

шектеу-алу карточкалары

Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында тек қана активті шот орналасқан. Бұл жағдайда (№ 8030) 1 типті «Активтіактивті» операция орын алады, яғни баланстың активінде тек қана өзгерістер болады. Бір жағынан кәсіпорын өндірісіндегі шығыстары көбейеді,екіншіжағынанбірмезгілдесолсомадакөмекшіөндірістер бойынша шығындардың мөлшері кемиді. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.

Мысал келтіреміз: үстіміздегі жылдың 3-ші тоқсанында темірбетон бұйымдарын құю цехының өндірістік мұқтаждықтарына 2007 жылы қазан айының 1 жұлдызындағы қазандықтың №183 жүкқұжатына сәйкес, көмекші өндірістен 860000 теңге сомада өндірістік бу мен су жұмсалды. Бұл жағдайда бухгалтерлік проводка төмендегіше болады:

Дт

 

Кт

 

Сома

Ескерту

8011

8030

=

860000

1 типті операция

А (+)

 

А (-)

 

 

 

262

б) Негізгі өндірістегі жұмысшылардың еңбекақысын есептеу. Бұл операциялар № 8012 «Өндірістік жұмысшылардың еңбегіне ақы төлеу» шотының дебеті бойынша бейнеленеді. Шығыстар өндірістік жұмысшылардың еңбекақысына шығындардан пайда болатындықтан, шаруашылық операциялар № 3350 шоттың кредитінен № 8012 шоттың дебетіне жасалады. Бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:

Дт

 

Кт

Құжаттар

8012

3350

Жүктелімдер, еңбекақы

 

 

 

есептеу бойынша есептер

Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында тек қана пассивті шот орналасқан. Бұл жағдайда (№ 3350) баланстың активі мен пассиві көбейетін 3 типті «Активті-пассивті» операция орын алады. Бір жағынан кәсіпорын өндірісіндегі шығыстары, екінші жағынан бір мезгілде сол сомаға еңбекақы есептеу бойынша кредиторлық қарыздары көбейеді. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.

Мысал келтіреміз: қыркүйек айының соңында шойын құю цехының жұмысшыларына 2007 жылдың қыркүйек айының жүктелімі мен есебі бойынша 2000000 теңге мөлшерде еңбекақы есептелінді. Бұл жағдайда бухгалтерлік проводка төмендегіше болады:

Дт

 

Кт

 

Сома

Ескерту

8012

3350

=

2000000

3 типті операция

А (+)

 

П (+)

 

 

 

в) Негізгі өндірістегі жұмысшылардың еңбекақысы есебінен әлеуметтік салық және әлеуметтік мұқтаждықтарға қаржылар есептеу. Бұл операциялар № 8013 «Еңбек ақы қорынан аударымдар» шотының дебеті бойынша бейнеленеді. Шығыстар өндірістік жұмысшылардың еңбекақысы есебінен қаржы бөлу мен әлеуметтік салықтан пайда болатындықтан, шаруашылық операциялар № 3150, 3210 шоттардың кредитінен № 8013 шоттың дебетіне жасалады. Бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:

263

Дт

 

Кт

Құжаттар

8013

3150, 3210

Еңбекақы, әлеуметтік салық

 

 

 

пен әлеуметтік мұқтаждықтарға

 

 

 

қаржы бөлу бойынша есептер

Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында тек қана пассивті шоттар орналасқан. Бұл жағдайда (№ 3150, 3210) баланстың активі мен пассиві көбейетін 3 типті «Активті-пассивті» операция орыналады.Біржағынанкәсіпорынөндірісіндегішығыстары,екінші жағынан бір мезгілде сол сомаға әлеуметтік салық пен әлеуметтік мұқтаждықтарға қаржылар есептеу бойынша кредиторлық қарыздары көбейеді. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.

Мысалдар келтіреміз: 1) қыркүйек айында шойын құю цехы жұмысшыларының еңбекақысы есебінен 2007 жылы қыркүйек айындағы әлеуметтік салық есептеу бойынша есептерге сәйкес, 378000 теңге сомада әлеуметтік салық есептелді. Бұл жағдайда бухгалтерлік проводка төмендегіше болады:

Дт

Кт

 

Сома

Ескерту

8013

— 3150

=

378000

3 типті операция

А (+)

П (+)

 

 

 

2) қыркүйек айында шойын құю цехы жұмысшыларының еңбекақысы есебінен 2007 жылы қыркүйек айында әлеуметтік мұқтаждықтарға қаржы бөлу бойынша есептерге сәйкес, 30000 теңге әлеуметтік мұқтаждықтарға қаржы есептелді. Бұл жағдайда бухгалтерлік проводка төмендегіше болады:

Дт

Кт

 

Сома

Ескерту

8013

— 3210

=

30000

3 типті операция

А (+)

П (+)

 

 

 

г) Газ, электр және қуаттың басқа түрлері ретіндегі өндірістік мұқтаждықтарғажеткізіпберушілердіңшоттарынакцепттеу(келісім беру). Бұл операциялар № 8011 «Негізгі өндірістегі материалдар» шотының дебеті бойынша бейнеленеді. Шығыстар жеткізіп берушілердің беретін қуаттың түрлерінен пайда болатындықтан, ша-

264

руашылық операциялар № 3310 шоттың кредитінен № 8011 шоттың дебетіне жасалады. Бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:

Дт

 

Кт

Құжаттар

8011

3310

Келісімдер, шот-фактуралар,

 

 

 

жүкқұжаттар

Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында тек қана пассивті шот орналасқан. Бұл жағдайда (№ 3310) баланстың активі мен пассиві көбейетін 3 типті «Активті-пассивті» операция орын алады. Бір жағынан кәсіпорын өндірісіндегі шығыстар, екінші жағынан бір мезгілде сол сомаға жеткізіп берушілерге кредиторлық қарыздары көбейеді. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.

Мысалкелтіреміз:қыркүйекайындакүйдіруцехыбойынша2007 жылы қыркүйек айының 30 жұлдызындағы № 354 шот-фактураға сәйкес, 950000 теңге сомаға электр қуаты мен газды пайдаланғаны үшін жеткізіп берушілердің шоттары акцепттелді (келісілді). Бұл жағдайда бухгалтерлік проводка төмендегіше болады:

Дт

 

Кт

 

Сома

Ескерту

8013

3310

=

950000

3 типті операция

А (+)

 

П (+)

 

 

 

ғ) Негізгі өндірістің артығын кіріске алу. Бұл операциялар № 8010 «Негізгі өндіріс» шотының дебеті бойынша бейнеленеді. Шығындардың көбеюі негізгі өндірістің артығын кіріске алудан болатындықтан, шаруашылық операциялар № 6010 шоттың кредитінен № 8010 шоттың дебетіне жасалады. Бұл жағдай қосымша табыс пайда болғанын және ол салық салынуға жататындығын білдіреді. Бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:

Дт

 

Кт

Құжаттар

8010

6010

Түгендеу актілері,

 

 

 

жүкқұжаттар

Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында тек қана пассивті шот орналасқан. Бұл жағдайда (№ 6010) баланстың активі

265

мен пассиві көбейетін 3 типті «Активті-пассивті» операция орын алады. Бір жағынан кәсіпорын өндірісіндегі шығыстар, екінші жағынан бір мезгілде сол сомаға негізгі қызметтен түскен табыстар көбейеді. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.

Мысал келтіреміз: қазан айында құрастыру цехы бойынша 2007 жылы қазан айының 30 жұлдызындағы № 3 түгендеу актіне сәйкес, 460000 теңге сомада негізгі өндірістің артығы анықталып, кіріске алынды. Бұл жағдайда бухгалтерлік проводка төмендегіше болады:

Дт

 

Кт

Ескерту

8010

6010

3 типті операция

А (+)

 

П (+)

 

д) Негізгі өндірістің шығындарын жинақтау. Бұл операциялар № 8010 «Негізгі өндіріс» шотының дебеті бойынша бейнеленеді. Шығындардың жиынтығы калькуляциялық шоттарға сәйкес жасалатындықтан, шаруашылық операциялар № 8011—8014 шоттардың кредитінен № 8010 шоттың дебетіне жасалады. Бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:

Дт

Кт

Құжаттар

8010

— 8011—8014

Калькуляциялық шығындардың,

 

 

жиынтығы, бухгалтерлік анықтама

Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында тек қана активті шоттар орналасқан. Бұл жағдайда (№ 8011—8014) 1 типті «Активті-активті» операция орын алады, яғни баланстың активінде тек қана өзгерістер болады. Бір жағынан кәсіпорынның негізгі өндірісіндегі шығыстары көбейеді, екінші жағынан бір мезгілде сол сомада калькуляциялық шоттар бойынша шығындардың мөлшері кемиді. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.

Мысал келтіреміз: кәсіпорын бойынша шілде айында комбайндардың моторларын құрастыратын цех бойынша шығындардың жалпы сомасы 2007 жылы тамыз айының 1 жұлдызындағы № 10 ведомосына сәйкес, 46000000 теңгені құрады. Бұл жағдайда бухгалтерлік проводка төмендегіше болады:

266

Дт

Кт

Сома

Ескерту

8010 —

8011—8014

= 46000000

1 типті операция

А (+)

А (-)

 

 

е) Негізгі және көмекші өндірістердегі негізгі құралдардың тозуы мен материалдық емес активтердің амортизациясын есептеу. Бұл операциялар № 8045 «Негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің тозуы» шотының дебеті бойынша бейнеленеді. Шығындардың жиынтығы негізгі құралдардың тозуы мен материалдық емес активтердің амортизациясы бойынша жиналатындықтан,шаруашылықоперациялар№ 2420—2429«Негіз- гі құралдардың тозуы», 2720, 2740 «Материалдық емес активтердің амортизациясы» шоттарының кредитінен № 8045 шоттың дебетіне жасалады. Бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:

Дт

Кт

Құжаттар

8045

2420—2429

Негізгі құралдардың тозуы мен

 

2720, 2740

материалдық емес активтердің

 

 

амортизациясын есептеу бойынша

 

 

есептер

Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында тек қана пассивті шоттарорналасқан.Бұлжағдайда(№2420,2720)баланстың активі мен пассиві көбейетін 3 типті «Активті-пассивті» операция орын алады. Бір жағынан кәсіпорынның негізгі құралдардың тозуы мен материалдық емес активтердің амортизациясы бойынша шығыстары, екінші жағынан бір мезгілде сол сомаға негізгі құралдардың тозуы мен материалдық емес активтердің амортизациясы көбейеді. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.

Мысал келтіреміз: кәсіпорында 2007 жылы тамыз айында негізгі құралдардың тозуын есептеу бойынша есептер мен ережелерге сәйкес,68750теңгесомадаүйлерменғимараттардыңтозуыесептелді. Бұл жағдайда бухгалтерлік проводка төмендегіше болады:

Дт

Кт

Сома

Ескерту

8045

— 2421

= 68750

3 типті операция

267

А (+)

А (+)

Енді негізгі

және қосалқы өндірістер шығыстарының кему

(жабылу) жағдайларын қараймыз.

Аталмыш жағдайларда көрсетілген шығыстар кредит бойынша өтеді. Бұл жерде біз шығыстар шоттары жабылуының ерекшеліктеріне назар аударуымыз керек.

а) Дайын өнімді кіріске алу. Бұл операциялар № 1320 «Дайын өнім»шотыныңдебетібойыншабейнеленеді.Дайынөнімжұмсалған шығындардың жиынтығынан пайда болатындықтан, шаруашылық операциялар № 8010 шоттың кредитінен № 1320 шоттың дебетіне жасалады. Бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:

Дт

 

Кт

Құжаттар

1320

8010

Жұмсалған шығындардың

 

 

 

жиынтығы, № 10 журнал-ордер,

 

 

 

жүкқұжаттар

Жазудың дұрыстығын тексереміз: дебеттік жағында тек қана активті шот орналасқан. Бұл жағдайда (№ 1320) 1 типті «Активті-активті» операция орын алады, яғни баланстың активінде тек қана өзгерістер болады. Бір жағынан кәсіпорынның дайын өнімі көбейеді, екінші жағынанбірмезгілдесолсомаданегізгіөндірісбойыншашығындардың мөлшері кемиді. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.

Мысал келтіреміз: кәсіпорында 9 ай ішінде 2008 жылы қыркүйек айындағы № 10 журнал-ордердің мәліметтеріне сәйкес, 5850000 теңгеге дайын өнім шығарылды. Бұл жағдайда бухгалтерлік проводка төмендегіше болады:

Дт

 

Кт

Сома

Ескерту

1320

8010

= 5850000

1 типті операция

А (+)

 

А (-)

 

 

ә) Жұмыстар, қызметтер өткізудің өзіндік құнын анықтау. Бұл операциялар № 7010 «Өткізілген өнімнің және көрсетілген қызметтердің өзіндік құны» шотының дебеті бойынша бейнеленеді. Шығыстар жұмсалған шығындардың жиынтығынан пайда болатындықтан, шаруашылық операциялар № 8010 шоттың кредитінен № 7010 шоттың дебетіне жасалады. Бухгалтерлік жазу төмендегіше

268

болады:

 

 

 

Дт

 

Кт

Құжаттар

7010

8010

Жұмсалған шығындардың

 

 

 

жиынтығы, № 10 журнал-ордер

Жазудың дұрыстығын тексереміз: дебеттік жағында тек қана активті шот орналасқан. Бұл жағдайда (№ 7010) 1 типті «Активтіактивті» операция орын алады, яғни баланстың активінде тек қана өзгерістер болады. Бір жағынан кәсіпорынның өнім өндіру бойынша шығыстары көбейеді, екінші жағынан бір мезгілде сол сомада негізгі өндіріс бойынша шығындардың мөлшері кемиді. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.

Мысал келтіреміз: кәсіпорын бойынша 9 ай ішінде өткізілген жұмыстардың өзіндік құны 2007 жылы қыркүйек айындағы № 10 журнал-ордердің мәліметтеріне сәйкес, 12350000 теңгені құрады. Бұл жағдайда бухгалтерлік проводка төмендегіше болады:

Дт

Кт

Сома

Ескерту

7010 —

8010

= 12350000

1 типті операция

А (+)

А (-)

 

 

б) Ауыл шаруашылығында құнарлы малдың төлін кіріске алу. Бұл операциялар № 2930 «Аяқталмаған құрылыс» шотының дебеті бойыншабейнеленеді.Құнарлымалдыңтөліауылшаруашылығында жұмсалған шығындардың жиынтығынан пайда болатындықтан, шаруашылық операциялар № 8010 шоттың кредитінен № 2930 шоттың дебетіне жасалады. Бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:

Дт

 

Кт

Құжаттар

2930

8010

Өнім беруші малды бонитирлеудің

жүкқұжаттар

 

 

Ф № 24 үлгідегі актілері,

 

 

 

Жазудың дұрыстығын тексереміз: дебеттік жағында тек қана активті шот орналасқан. Бұл жағдайда (№ 2930) 1 типті «Активтіактивті» операция орын алады, яғни баланстың активінде тек қана өзгерістер болады. Бір жағынан кәсіпорынның құнарлы малының төлі көбейеді, екінші жағынан бір мезгілде сол сомада негізгі өндіріс

269

бойынша шығындардың мөлшері кемиді. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.

Мысал келтіреміз: кәсіпорын бойынша 6 ай ішінде 2007 жылы маусым айындағы құнарлы малды бонитирлеудің Ф № 24 үлгідегі актісіне сәйкес, 125000 теңгеге ірі қара малдың төлі алынды. Бұл жағдайда бухгалтерлік проводка төмендегіше болады:

Дт

Кт

Сома

Ескерту

2930 —

8010

= 125000

1 типті операция

А (+)

А (-)

 

 

в) Табиғи апаттардың әсерін жою бойынша негізгі өндірістің шығындарын бейнелеу. Бұл операциялар үшін Типтік жоспармен № 861, 862 «Табиғи апаттар әсерінен болған залалдар» шоттары қарастырылған болатын. Қазіргі уақытта Жұмыс жоспары ережелері бойынша шығыстар табиғи апаттардың әсерін жою үшін жұмсалған шығындардың жиынтығынан пайда болатындықтан, шаруашылық операциялар № 8010 шоттың кредитінен № 7420 шоттың дебетіне жасалады. Бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:

Дт

 

Кт

Құжаттар

7420

8010

Кәсіпорын бойынша бұйрық,

 

 

 

негізгі өндірістің шығыстарын

 

 

 

шығыс ету актілері, есептер

Жазудың

дұрыстығын тексереміз: дебеттік жағында тек

қана активті

шоттар орналасқан. Бұл жағдайда (№ 7420) 1 типті

«Активті-активті» операция орын алады, яғни баланстың активінде тек қана өзгерістер болады. Бір жағынан кәсіпорынның табиғи апаттардың әсерін жою бойынша жұмсалған шығыстары көбейеді, екінші жағынан бір мезгілде сол сомада негізгі өндіріс бойынша шығындардың мөлшері кемиді. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.

Мысал келтіреміз: кәсіпорын 2007 жылы шілде айының 25 жұлдызындағы негізгі өндірістің шығыстарын шығыс етудің № 1 актісі мен кәсіпорын бойынша директордың бұйрығына сәйкес, 650000 теңге сомада орман өртін сөндіру нәтижесінде негізгі

270