Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

все файлы 2 / ЕНТ каз тили / Қысқарған сөздер

.rtf
Скачиваний:
65
Добавлен:
09.02.2016
Размер:
9.66 Кб
Скачать

Қысқарған сөздер, тіркесті сөздер, емлесі

Күрделі атауларды шартты түрде белгілі тәсілдермен қысқарту арқылы жасалған сөздер қысқарған сөздер деп аталады. Қысқарған сөздерді тіл білімінде аббревиатура деп атайды. Күрделі сөздер әр түрлі жолмен қысқарады:

1. Күрделі атаудың әр сөзінің бас әрпінен: ҚР, БҰҰ, ТМД, т. б.

2. Күрделі атаудың бірінші сөзінің алғашқы буыны және қалған сөздің басқы әрпінен: ҚазҰУ, ҚарМУ, ҚазҰПУ, т. б.

3. Күрделі атаудың әр сөзінің алғашқы буынынан: ауатком, колхоз, ұжымшар, т. б.

4. Күрделі атаудың алғашқы сөзінің бірінші буыны мен келесі сөз түгел алынады: пединститут, медколледж, медбике, педпрактика, т. б.

5. Техника маркаларын көрсету үшін алынған шартты белгілер де қысқарған сөзге жатады: ТУ-104, ДТ- 54, ЯК-40 , т. б.

6. Әр түрлі өлшем бірліктері: м (метр), кг (килограмм), ц (центнер), т. б.

Қысқарған ( пединститут, ауатком, ұжымшар, кеңшар медколледж,

сияқты сөздерден басқа) сөздерге қосымша дефис арқылы жалғанады. Мысалы: ҚазҰУ-ды бітірген, ДТ-54-ті жүргізеді, БҰҰ-ға мүше, т. б.

Күрделі сөздің бірі тіркесті сөздің құрамындағы сөздер біртұтас лексикалық мағына береді, бір ұғымның атауы болып келеді.

Тіркесті сөздер әр түрлі сөз табынан жасалады.

Зат есімнен жасалған тіркесті сөздер: бала бақша, нағашы ата, ортан жілік, қайын ене, қазақ тілі, Республика алаңы, Оқушылар үйі, Достық даңғылы, Абай даналығы, ауыл шаруашылығы – кім? не?

Сын есімнен жасалған тіркесті сөздер: сары ала, көк бурыл, күрең төбел, ұзын бойлы, қою қаба сақалды, қызыл шырайлы – қандай?

Сан есімнен жасалған тіркесті сөздер: он үш, жиырма бес, тоғыз жүз алпыс, екі мың елу жеті, алпыс үш, жетпіс тоғыз – қанша, неше?

Етістіктен жасалған тіркесті сөздер: келе жатыр, айтып болып еді, құлап қала жаздап еді, күліп жібере жаздады – қайтты, не істеді?

Үстеуден жасалған тіркесті сөздер: қыс бойы, күні кеше, таң атқаннан кеш батқанша, кеш батқаннан таң атқанға дейін – қашан?

Тіркесті сөздер әрқашан бір-бірінен бөлек жазылады.

Күрделі сөздердің түрлерін жинақтап кесте арқылы көрсеттік.

КҮРДЕЛІ СӨЗДЕР

Біріккен сөздер

Қос сөздер

Қысқарған сөздер

Тіркес сөздер

Саңырауқұлақ

Бәйшешек

Айдос

Ұлтабар

Алаөкпе

Ханталапай

Қосалқа

Өнеркәсіп

Жазғытұрым

Әлдеқалай

Үйір-үйір

Таудай-таудай

Бетпе-бет

Жөнді-жөнсіз

Ас-мас

Көйлек-көншек

Сарт-сұрт

Жап-жасыл

Көкпеңбек

Аппақ

ХШЖК

ҚР

ҚазҰУ

ҚБТУ

Ауатком

Ұжымшар

Физмат

Ил-40

Ан-24

см

Ана тілі

Сөз тіркесі

Ал қара көк

Күрең қызыл

Жиырма үш

Оқушылар сарайы

Ақ құба өңді

Қызыл шырайлы

Қыс бойы