Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

все файлы 2 / ЕНТ география / География каз / Тест сұрақтары 11 сыны1

.docx
Скачиваний:
169
Добавлен:
09.02.2016
Размер:
20.6 Кб
Скачать

Тест сұрақтары 11 сынып

  1. Еуропаның неше елінде монархиялық құрылым сақталған?

  2. Батыс Еуропада қандай елдер әлеуметтік-аймақтық құрылымы жағынан басым түседі?

  3. Еуропалық Одақ қашан құрылды?

  4. Еуропалық Одаққа мүше емес елді атаңдар?

  5. Батыс Еуропадағы халқы көп ел?

  6. Батыс Еуропадағы «ергежейлі» елдерді атаңдар?

  7. Батыс Еуропадағы аса қарқынды дамыған шаруашылық салалары?

  8. Батыс Еуропадағы ең ірі теңіз порты?

  9. Батыс Еуропадағы алғашқы темір жол желісі қай елде салынды?

  10. Мына қалалардың қайсысы жағалауда орналасқан?

  11. Оңтүстік Уэльс экономикалық ауданы қандай елде орналасқан?

  12. Тулуза қай елдің қаласы?

  13. АЭС-тер үлесі жоғары елді атаңдар?

  14. Мына елдердің қайсысының халқы роман тіл тобына жатады?

  15. Мына елдердің қайсысы лютеран дінін ұстанады?

  16. Еуропаның ең биік нүктесі?

  17. Батыс Еуропадағы жүк айналымы ең жоғары өзен?

  18. Еуропадағы жері ең жазық ел?

  19. Еуропадағы жері ең таулы ел?

  20. Оңтүстік Еуропа ауыл шаруашылығының маманданған саласы?

  21. Еуропаның теңіз табаны есебінен аумағын ұлғайтып отырған елі?

  22. Мына елдердің қайсысы республика?

  23. Мына елдердің қайсысы Орта Еуропаға кірмейді?

  24. Мына елдердің қайсысы Оңтүстік Еуропаға кірмейді?

  25. Базель, Страсбург, Бонн қалалары қандай өзен бойында орналасқан?

  26. Норвегия қалаларынан тұратын қатарды табыңдар?

  27. Дания қалаларынан тұратын қатарды табыңдар?

  28. Бельгия қалаларынан тұратын қатарды табыңдар?

  29. Швецария қалаларынан тұратын қатарды табыңдар?

  30. Австрия қалаларынан тұратын қатарды табыңдар?

  31. Төмендегі елдердің қайсысы Балтық бойы елдеріне кірмейді?

  32. Батыс Европадағы палеозойлық аласа тау?

  33. «Дунайуворош» металлургия комбинаты қай елде орналасқан?

  34. «Икарус» автобусы қай елде шығарылады?

  35. Ірі боксит-алюминий өнеркәсібі қай елде орналасқан?

  36. «Шкода» автокөлігі қай елде шығарылады?

  37. Шығыс Еуропадағы халқы ең көп ел – Польшадағы халық саны?

  38. Шығыс Еуропадағы халқы ең аз ел – Эстониядағы халық саны?

  39. Польша қалаларынан ғана тұратын қатарды табыңдар?

  40. Словакия қалаларынан ғана тұратын қатарды табыңдар?

  41. Чехия қалаларынан ғана тұратын қатарды табыңдар?

  42. Венгрия қалаларынан ғана тұратын қатарды табыңдар?

  43. Қара теңіз жағалауында орналасқан елдерді атаңдар?

  44. Балтық теңізі жағалауында орналасқан елдерді атаңдар?

  45. Азия неше тарихи-географиялық аймаққа бөлінеді?

  46. Азияның теңіз деңгейінен орташа биіктігі қандай?

  47. Оңтүстік-Батыс Азия құрамына неше ел кіреді?

  48. Оңтүстік Азия құрамына неше ел кіреді?

  49. Оңтүстік-Шығыс Азия құрамына неше ел кіреді?

  50. Шығыс және Орталық Азия құрамына неше ел кіреді?

  51. Азиядағы бір ұлтты емес елді анықтаңдар?

  52. Азиядағы артта қалған елдерді анықтаңдар?

  53. Ресей және Қытай аралығында орналасқан елді атаңдар?

  54. Қазақстанмен тікелей шекараласпайтын елді атаңдар?

  55. Токайдо - Жапониядағы ең ірі?

  56. Жан басына шаққандағы ЖІӨ-нің көрсеткіші жоғары елді атаңдар?

  57. Сыртқы сауда көлемі жөнінен Жапония дүние жүзінде нешінші орын алады?

  58. Қытай жері арқылы ағып өтпейтін өзенді атаңдар?

  59. Электр энергиясын өндірудің жалпы көлемі жөнінен Жапония дүние жүзінде нешінші орын алады?

  60. Жапонияның қара металлургия өнеркәсібі үшін шикізат қайдан әкелінеді?

  61. Жапония өнеркәсіп роботтарын шығару мен оны өндірісте пайдаланудан дүние жүзінде нешінші орын алады?

  62. Жапонияда неше экономикалық аудан бар?

  63. Қытай Халық Республикасы қай жылы тәуелсіздік алды?

  64. Түркия жағалауын шаймайтын теңізді атаңдар?

  65. ОПЕК құрамына кірмейтін елді атаңдар?

  66. АҚШ-тың қандай қаласы оның «автокөлік астанасы» деп аталады?

  67. АҚШ-тың «Силикон аңғары» қандай шаруашылық саласына маманданған?

  68. АҚШ-тағы адамның шаруашылық әрекеті әсерінен қатты өзгеріске ұшыраған табиғат зонасын атаңдар?

  69. АҚШ жері арқылы неше сағаттық белдеу өтеді?

  70. АҚШ әкімшілік жағынан неше штаттан құралады?

  71. АҚШ-тағы геотермалды станциялар қайда салынған?

  72. АҚШ жеріндегі күшті желдер қалай аталады?

  73. АҚШ-тың байырғы халықтарын атаңдар?

  74. АҚШ-та неше ірі мегалополис бар?

  75. АҚШ-тағы әуе-ғарыш өндірісі қай қалада шоғырланған?

  76. АҚШ-тың қай қаласы «мұнай химиясының астанасы» деп аталады?

  77. АҚШ жерінде неше өнеркәсіптік белдеу қалыптасқан?

  78. АҚШ-тағы «бидай белдеуі» қандай жазықта орналасқан?

  79. АҚШ-тағы «жүгері белдеуі» қандай жазықта орналасқан?

  80. АҚШ-тағы «мақта белдеуі» қандай жазықта орналасқан?

  81. АҚШ-тың «жеміс-жидек себеті» қандай жазықта орналасқан?

  82. АҚШ-тың «экономикалық астанасы» қандай қала?

  83. АҚШ-та неше экономикалық аудан бар?

  84. АҚШ-тағы атақты «Силикон аңғары» қандай штатта орналасқан?

  85. 2002 жылғы қысқы олимпиада ойындары АҚШ-тың қандай қаласында өткізілді?

  86. АҚШ-та неше ұлттық саябақ бар?

  87. Канада электр энергиясын өндіруден дүние жүзінде нешінші орында тұр?

  88. Канадалықтардың өмір жасының орташа ұзақтығы?

  89. Канаданың әлемдік нарықтағы басты маманданған салалары?

  90. Канада жер көлемі жөнінен дүние жүзінде нешінші орын алады?

  91. Ацтектер өркениетінің орталығы қай жер?

  92. Майя өркениетінің орталығы қай жер?

  93. Инктер өркениетінің орталығы қай жер?

  94. Латын Америкасында күміс қоры жөнінен дүние жүзінде бірінші орында тұрған ел?

  95. Амазонка ормандарында ағаштың қанша түрі кездеседі?

  96. Миллионер қалалар үлесі қандай елде басым?

  97. Латын Америкасындағы мыс өндіруден жетекші елді атаңдар?

  98. Солтүстік Америкалық еркін сауда аймағы (НАФТА) құрамына Латын Америкасының қандай елі мүше?

  99. ОПЕК құрамына Латын Америкасынан қандай ел кіреді?

  100. ЖІӨ-нің жалпы көлемі жөнінен алғашқы ондыққа кірген Латын Америкасы елін атаңдар?

  101. Африканың минералды ресурстарының ішіндегі дүниежүзілік маңызы бар түрлері?

  102. Африканың ең биік шыңы?

  103. Африкадағы энергетикалық қуаты аса жоғары өзен?

  104. Африкада ауыл шаруашылығы қажетіне кеңінен қолданылатын табиғат зонасы?

  105. Африкадағы қала халқының үлесі ең жоғары ел?

  106. Африка халқының ұдайы өсу қарқыны?

  107. Африкадағы ұлттық саябақтардың жиі шоғырланған ауданы?

  108. Африкадағы мұнай мен табиғи газ қандай құрылымдарға сәйкес келеді?

  109. Африка саваннасына тән ағаштар?

  110. Африкадағы қорғауға алынған жерлердің жалпы саны?

  111. Африкадағы халқы ең көп ел?

  112. Мадагаскар аралындағы малагасийлықтар қалай қалыптасты?

  113. Африканың тек мақта өсіруге маманданған елдері?

  114. Африканың тек какао өсіруге маманданған елдері?

  115. Африканың тек кофе өсіруге маманданған елдері?

  116. Африканың тек құрма өсіруге маманданған елдері?

  117. Теңіз жүк айналымының көрсеткіші бойынша Африкадағы алдыңғы ел?

  118. Мұнайды сыртқа шығаруға маманданған Африка елдері?

  119. Мысты сыртқа шығаруға маманданған Африка елдері?

  120. Темір кенін сыртқа шығаруға маманданған Африка елдері?

  121. Уран кенін сыртқа шығаруға маманданған Африка елдері?

  122. ОАР-дың «экономикалық астанасы» қандай қала?

  123. Африка елдері ішкі айырмашылықтарына қарай неше аймаққа бөлінеді?

  124. ОАР шаруашылығының жетекші саласы?

  125. Аустралияны ашқан саяхатшы?

  126. Мұхит аралдары құрамына кірмейтін арал?

  127. Аустралия климаттық жағдайы жағынан қандай материк деп аталады?

  128. Аустралия халқының құрамындағы аборигендер үлесі қанша?

  129. Аустралиядағы халықтың орташа тығыздығы 1км2-ге неше адамнан келеді?

  130. Аустралия халқының қанша пайызы қалада тұрады?

  131. Аустралия халқының қанша бөлігі ЭБХ-ты құрайды?

  132. Аустралия алтын өндіру мен оны сыртқа шығарудан нешінші орында?

  133. Аустралиядағы қойдың жалпы саны қанша?

  134. Аустралия дүние жүзінде боксит өндіруден нешінші орында?

  135. Аустралия дүние жүзінде жүн өндіруден нешінші орында?

  136. Аустралияның сыртқы жүк тасымалында қандай көлік пайдаланылады?

  137. Аустралияның ішкі жүк айналымында қандай көлік басым пайдаланылады?

  138. Аустралиядағы жолаушы тасымалында қандай көлік басым пайдаланылады?

  139. Ядролық қаруларды сынауды тоқтату мақсатында құрылған қозғалыс?

  140. Чернобыль АЭС-індегі апат қашан болды?

  141. Озон қабатының қандай маңызы бар?

  142. Алғашқы атом бомбасы Жапонияның қандай қаласына тасталды?

  143. Озон қабатының жұқаруына себепкер химиялық қосылыс?

  144. Ұзаққа созылатын қуаңшылық жиі байқалатын жерлер?

  145. Дүние жүзі елдері азық-түлікпен қамтамасыз етілу деңгейі бойынша неше топқа бөлінеді?

  146. Сарқылатын табиғат ресурстарын атаңдар?

  147. Дүние жүзінде жан басына шаққанда жылдан-жылға өнделетін жер үлесінің ауданы?