Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
73
Добавлен:
09.02.2016
Размер:
22.03 Кб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ

1. Отбасы үшін тамақ пісірілетін және қасиетті орын:

A) Ошақ.

B) Төр.

C) Самаурын.

D) Қазан.

E) Босаға.

2. Сарматтар қандай тілді ел болған?

A) Үнді.

B) Ирак.

C) Иран.

D) Қытай.

E) Орыс.

3. Қайыр хан әскерімен Отырар қаласын неше ай қорғаған?

A) 12 ай.

B) 10 ай.

C) 5 ай.

D) 8 ай.

E) 4 ай.

4. Өртке оранған ұшағын жау танкілерінің шоғырына құлатып қаза тапқан, Кеңес Одағының Батыры, Қарағандының өкілі, ұшқыш:

A) Нұркен Әлиев.

B) Төлеген Тоқтаров.

C) Әбдір Нығматуллин.

D) Нығмет Нұрмақов.

E) Нұркен Әбдіров.

5. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жөніндегі коституциялық заңның қабылданған уақыты:

A) 1991 жылы 20 тамыз.

B) 1991 жылы 2 қазан.

C) 1991 жылы 1 желтоқсан.

D) 1991 жылы 16 желтоқсан.

E) 1990 жылы 25 ақпан.

6. Қарлұқ қағанаты неше жылға жуық өмір сүрді?

A) 170 жылға.

B) 300 жылға.

C) 50 жылға.

D) 100 жылға.

E) 400 жылға.

7. Әбілқайыр хандығының құрылуы қай мемлекеттің құлауы нәтижесінде болды?

A) Моғолстанның.

B) Көк Орданың.

C) Жоңғар қағанатының.

D) Шағатай мемлекетінің.

E) Ақ Орданың.

8. ХVІ ғ. Сауран қаласы ...

A) Сауда орталықтарымен белгілі болды.

B) Қолөнер бұйымдарымен белгілі болды.

C) Мықты қорғаныс жүйесімен белгілі болды.

D) Діни ғимараттарымен белгілі болды.

E) Әкімшілік орталығы ретінде белгілі болды.

9. Қалмақтарға қарсы «Аңырақай шайқасы» болған жыл:

A) 1728 ж.

B) 1727 ж.

C) 1725 ж.

D) 1729 ж.

E) 1726 ж.

10. Ш. Уәлихановтың туған жері.

A) Бурабай.

B) Құсмұрын бекінісі.

C) Қарқаралы.

D) Сырымбет өңірі.

E) Баянауыл өңірі.

11. Абайдың туған жері.

A) Шыңғыс тауы.

B) Дегелең тауы.

C) Семей қаласы.

D) Аягөз бекінісі.

E) Тарбағатай тауы.

12. 1911 жылы Орынборда шыққан ’’Маса’’ атты шығарма жинағының авторы:

A) С.Дөнентаев.

B) А.Байтұрсынұлы.

C) С.Торайғыров.

D) Ш.Құдайбердіұлы.

E) М.Дулатұлы.

13. «Қазақ халқының 500 әні мен күйі» жинағының авторы:

A) М.Төлебаев.

B) Е.Ерданаев.

C) Е.Брусиловский.

D) А.В.Затаевич.

E) Ә.Қашаубаев.

14. Авторы Е. Бекмаханов болған “Қазақ КСР тарихы” қашан жарық көрді?

A) 1946 ж.

B) 1944 ж.

C) 1943 ж.

D) 1947 ж.

E) 1940 ж.

15. Қазақстан тарихы үшін көптеген құнды мәліметтер бар ежелгі ирандықтардың қасиетті кітабы:

A) Фипитака.

B) Библия.

C) Құран.

D) Авеста.

E) Інжіл.

16. 1867-1868 жылғы реформа бойынша Орал және Торғай облыстары енген генерал-губернаторлық.

A) Түркістан.

B) Орынбор.

C) Батыс Сібір.

D) Астрахан.

E) Далалық.

17. Қазақ ауылдық пролетариаттың әлі қалыптаспаған тобы.

A) Шыңғыс ұрпақтары.

B) Молдалар.

C) Жатақтар.

D) Малшылар.

E) Егіншілер.

18. Х1Хғ. соңында жұмыс орнын өз еркімен тастап кеткендерге қолданылған жаза түрі.

A) 3 айға дейін тегін қоғамдық жұмысқа тарту.

B) 3 жылға дейін абақтыға жабу.

C) Дүре соғу.

D) Ескерту жасау.

E) 3 айға дейін абақтыға қамау.

19. Ұйғыр халқының музыка өнері, әні мен биі жөнінде құнды ой-пікірлер қалдырған ғалым.

A) Е.Бутаков.

B) А.Левшин.

C) П.Семенов –Тян-Шянский.

D) Г.Потанин.

E) Ш.Уәлиханов.

20. Құрманғазының Исатай Тайманұлына арнаған күйі.

A) «Кішкентай».

B) «Ақсақ киік».

C) «Адай».

D) «Көбік шашқан».

E) «Ақбай».

21. Тарбағатай мен Алтайдағы партизан отрядтары.

A) “Алтайдың қызыл тау қырандары”.

B) “Дала қырандары”.

C) “Қызыл қырандар”.

D) “Алтай қырандары”.

E) “Қыран дружинасы”.

22. Қазақ АКСР-нің Орталық Атқару Комитеті «қазақ»деген нақты атауды қабылдаған жыл:

A) 1933 ж.

B) 1936 ж.

C) 1925 ж.

D) 1929 ж.

E) 1920ж.

23. Күштеп ұжымдастыруға қарсы наразылықтар кезінде Иран пен Ауғанстанға көшіп кетуге мәжбүр болған көтерілісшілер шоғырланған аудандар:

A) Қарақұм, Батпаққара.

B) Созақ, Сарысу.

C) Балқаш, Сарқант.

D) Өскемен, Самар.

E) Маңғыстау, Ойыл.

24. Қазақстанның екі палаталы парламентіне сайлау қашан болды?

A) 1991 ж. күзде

B) 1995 ж. күзде

C) 1994 ж. күзде

D) 1992 ж. күзде

E) 1993 ж. күзде

25. Мезолит дәуірінде домалақ ұштары бар садақтарды не үшін пайдаланды?

A) Терісі бағалы аңдарды аулау үшін.

B) Садақтың ұшу қашықтығын ұлғайту үшін.

C) Бұғыларды аулау үшін.

D) Құстарды аулау үшін.

E) Соғып алуды күшейту үшін.

26. Тас ғасырында үңгір қабырғаларында салынған суреттерде сүйектен жасалған мүсіндерде нені бейнелеу кең таралған?

A) Аңшылық өмірді .

B) Жануарларды.

C) Тайпаның пірі әйел ана бейнесі.

D) Дәстүрлі билерді.

E) Аңшы ер адамдарды.

27. ІХ-Х ғ.ғ. алғашқы мұсылман бейіттері табылған жер.

A) Шу алқабында.

B) Ыстықкөл ауданында.

C) Арал ауданында.

D) Балқаш ауданында.

E) Отырар оазисінде.

28. 1916 ж. 23 тамызда қазақ ақсүйектерін қара жұмысқа шақырудан босату туралы құпия бұйрыққа кім қол қойды?

A) Патша.

B) Генерал-губернатор Куропаткин.

C) Уезд бастығының көмекшісі - Хлыновский.

D) Есаул Бакуревич.

E) Әскери губернатор Фольбаум.

29. ХХ ғасырдың 60 жылдары еліміздегі ғылыми-техникалық прогрестегі негізгі бағыттарының бірі.

A) Автоматтандыру.

B) Роботтандыру.

C) Механикаландыру.

D) Электрлендіру.

E) Компьютерлендіру.

30. «Невада-Семей» экологиялық қозғалысының басты мақсаты:

A) Полигонның табиғатқа, адам денсаулығына зиянды екендігін ашық айту.

B) Гуманистік,адамгершілік принциптерді қалыптастыру.

C) Дүниежүзілік жұртшылықтың назарын аударту.

D) Қазақстанда орналасқан Семей және басқа полигондарды жабу.

E) Полигоннан зардап шеккендерге көмек көрсету.

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ

ПӘНІНЕН СЫНАҚ БІТТІ

A

C

C

E

D

A

E

C

D

B

A

B

D

C

D

B

C

E

E

A

A

B

E

B

A

C

E

B

D

D

Соседние файлы в папке каз тарихы