Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
11
Добавлен:
09.02.2016
Размер:
20.44 Кб
Скачать

ҚАЗАҚ ТІЛІ

1. Бітеу буынды сµзді кµрсетіңіз.

A) Апа.

B) Ат.

C) Теже.

D) Әке.

E) Тµрт.

2. Жалпы есімді табыңыз.

A) Сырдария.

B) Құлагер.

C) Аспан.

D) Алматы.

E) Гүлнар.

3. Негізгі сын есімді көрсетіңіз.

A) Шаруақор.

B) Табыскер.

C) Биік.

D) Білгіш.

E) Тұсаулы.

4. Бµлшектік сан есімді табыњыз.

A) Екі жарым.

B) Ж‰здеген.

C) Он тоѓызыншы.

D) Тµртеу.

E) Сегіз.

5. Туынды етістікті табыњыз.

A) Шегеле.

B) Ж‰гір.

C) Айт.

D) Отыр.

E) Секір.

6. “Үлкен”сөзінің антонимін табыңыз.

A) Қысқа.

B) Ұзын.

C) Аласа.

D) Кіші.

E) Дәу.

7. Еріндік, езулік араласып келген сөзді көрсетіңіз.

A) Көздегені.

B) Бұлбұл.

C) Жону.

D) Мотор.

E) Таныс.

8. Орфография бойынша дұрыс жазылғанын табыңыз.

A) Дүниеқор.

B) Дүние ғор.

C) Дүние қор.

D) Дүніеқор.

E) Дүниехор.

9. Түбір сөзді табыңыз.

A) Сөйлес.

B) Дала.

C) Кешкі.

D) Көкте.

E) Сана.

10. Мына сөздердің ішінен біріккен сөзді табыңыз.

A) Адам.

B) Түндік.

C) Жазушы.

D) Шегара.

E) Балықшы.

11. Есімдікті табыңыз.

A) Сонау, мына.

B) Әрине, мүмкін.

C) Белсенді.

D) Бәрекелді, пәлі.

E) Қызыл, көк.

12. Қиысуды көрсетіңіз.

A) Менің бақытым.

B) Жазғы көйлек.

C) Он екі мың.

D) Еңбекті бағалау.

E) Шақырылғандар келді.

13. Жекіру одағайын табыңыз.

A) Соң.

B) Жә.

C) Еһе.

D) Жуық.

E) Әлде.

14. Қыстырма сөзге байланысты тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді көрсетіңіз.

A) Амал нешік келдім.

B) Дүниеде сірә сендей маған жар жоқ.

C) Менің білуімше, ел бір заманда қой сияқты болған.

D) Байқаймын – ол мені танитын адамға ұқсайды.

E) Ең әуелі: жайдақ суға теңгердіңіз…

15. Ілгерінді ықпалды көрсетіңіз.

A) Түнгі.

B) Бұзса.

C) Достық.

D) Сенбеді.

E) Сөзшең.

16. Ілік септігінің дұрыс қолданылуын табыңыз.

A) Бізбен.

B) Оқуың.

C) Ауылың.

D) Оның.

E) Бердің.

17. Көмектес септігіндегі сөзбен тіркесіп тұрған шылауды көрсетіңіз.

A) Кітап жөнінде.

B) Көбейтумен қатар.

C) Лажсыздан көну.

D) Ауылға таман.

E) Халқым үшін.

18. Күрделі бастауышты табыңыз.

A) Есепсіз есесін жібермейді.

B) Ілбіген де ілгерілейді.

C) Шабан атқа жер шалғай.

D) Қолы шебер еді.

E) Еңбек еткен - ер атанар.

19. Тұрлаулы мүшелердің арасына қойылатын тыныс белгілердің қойылу себебін көрсетіңіз.

Алыстан қарауытқан - қора.

A) Есімше - сын есім.

B) Есімше - зат есім.

C) Зат есім - зат есім.

D) Сын есім - зат есім.

E) Зат есім - есімше.

20. Сөйлемнің түрі, дұрысын белгілеңіз.

Әлін білмеген әлек.

A) Толымсыз

B) Жалпылама жақты

C) Жақсыз

D) Құрмалас

E) Атаулы

21. Себеп бағыныңқы сабақтас сөйлемді көрсетіңіз.

A) Сәния бірінші орында.

B) Қарақоға көз ұшында көрінгенмен, біздің ауылдан екі-үш шақырым шамасы бар.

C) Қара басыма пайдасыз екен деп, мен көптің мұңын аяққа баса алмаймын.

D) Ойлай берсең, ой деген не қызыққа келер кез.

E) Мен жайлауға ертең барамын.

22. Қыстырма сөзді табыңыз.

A) Түу, мына күннің боранын-ай.

B) Қалай, құлағың ашылды ма?

C) Бар болғыр, жай болушы ма еді?

D) Тәйт, қой дедім ғой мен саған.

E) Меніңше, сенің ойың дұрыс.

23. Төл сөз автор сөзінен кейін тұрғандағы тыныс белгісінің қойылуын көрсетіңіз.

Ғабиден Мұстафин былай деді Жазушы болу үшін негізгі үш шарт: ой, алғыр тіл, талант керек.

A) Автор сөзі,- Төл сөз.

B) Автор сөзі, Төл сөз.

C) «Автор сөзі» - Төл сөз.

D) Автор сөзі: «Төл сөз».

E) Автор сөзі: Төл сөз.

24. Қай сөйлемде тыныс белгілері дұрыс белгіленген, көрсетіңіз.

A) "Биік мансап, биік жартас", - дейді Абай.

B) Биік мансап - биік жартас - дейді Абай.

C) "Биік мансап - биік жартас", - дейді Абай.

D) "Биік мансап, биік жартас" - дейді Абай.

E) Биік мансап, биік жартас, - дейді Абай.

25. «Барғысы бар, келгісі бар» -сөздері қай қатарға тән, табыңыз.

A) Антоним.

B) Синоним.

C) Омоним.

D) Диалект.

E) Кәсіби сөз.

26. Ұлыс, нөкер, жасақ сөздері қай елден келгенін белгілеңіз.

A) Моңғол.

B) Араб.

C) Иран.

D) Грек.

E) Орыс.

27. Себеп-салдар үстеулі тіркесті көрсетіңіз.

A) Шикілей жеу.

B) Кеңк-кеңк күлу.

C) Бүгінге дейін.

D) Кезек-кезек қағысу.

E) Шарасыздан көну.

28. Фразеологизмді көрсетіңіз.

A) Жазира дала.

B) Қолы ашық.

C) Жақын туыс.

D) Жол мұраты.

E) Шежірелі ел.

29. Жайылмалы әрі өз ішінде үтірлері бар бірыңғай мүшелердің арасына қойылатын тыныс белгісін табыңыз.

A) Қос нүкте.

B) Көп нүкте.

C) Нүкте.

D) Нүктелі үтір.

E) Үтір.

30. «Рецензия» - қай елдің сөзін табыңыз.

A) Иран.

B) Қазақ.

C) Орыс.

D) Парсы.

E) Латын.

ҚАЗАҚ ТІЛІ

ПӘНІНЕН СЫНАҚ БІТТІ

E

C

C

A

A

D

A

A

B

D

A

E

B

C

C

D

B

E

B

B

C

E

D

C

D

A

E

B

D

E

Соседние файлы в папке Казак тили