Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
12
Добавлен:
09.02.2016
Размер:
21.39 Кб
Скачать

ҚАЗАҚ ТІЛІ

1. Бірыњѓай ашық дауыстыдан болѓан сµзді табыњыз.

A) Іні.

B) Бауыр.

C) Наѓашы.

D) Қарындас.

E) Әке.

2. Буынѓа д±рыс бµлінген сµзді кµрсетіњіз.

A) Хаба-рла-ма.

B) Хаба-р-ла-ма.

C) Ха-бар-ла-ма.

D) Хаб-ар-ла-ма.

E) Ха-ба-рла-ма.

3. Сан есімніњ с±рақтарын табыњыз.

A) Не істеді? Қайтті?

B) Кімніњ? Неніњ?

C) Қанша? Неше?

D) Қандай? Қай?

E) Кім? Не?

4. Барыс септік жалғаулы сұрау есімдігін көрсетіңіз.

A) Немен?

B) Нелер?

C) Нені?

D) Неде?

E) Неге?

5. Болымды етістікті анықтањыз.

A) Айқайлама.

B) Келтірме.

C) Берген жоқ.

D) Ойна.

E) Айтқан емес.

6. Антоним сөздерді табыңыз.

A) Ақсақ - тоқсақ.

B) Көреген - қыран.

C) Серуен - сейіл.

D) Ақ ниет - жауыз.

E) Жаяу - жалпы.

7. Қай қосымша дұрыс жалғанған, дұрысын көрсетіңіз.

A) Педагогтар.

B) Машинистке.

C) Ведомостьқа.

D) Тарихтің.

E) Фактіні.

8. Дара сөзді табыңыз.

A) Өнімділік.

B) Ер-тұрман.

C) Өнеркәсіп.

D) Қарасу.

E) Үлкен-кіші.

9. Күрделі сөзді табыңыз.

A) Ауыздық.

B) Білімді.

C) Белбеу.

D) Он кітап.

E) Түйіншек.

10. Жұрнақ арқылы жасалған зат есімді анықтаңыз.

A) Көл.

B) Отын.

C) Арман.

D) Дос.

E) Үй.

11. "Мыс", "міс" - шылауларының мағынасын анықтаңыз.

A) Күшейткіш.

B) Лептік.

C) Сұраулық.

D) Болжалдық.

E) Шектік.

12. Сөздердің септеулік шылау арқылы байланысын көрсетіңіз.

A) Ескірген себепті ұмыту.

B) Бас сүйек.

C) Оқудан келу.

D) Бас қосу.

E) Балаға үйрету.

13. Әр түрлі мағынаға ие бола алатын одағайды көрсетіңіз.

A) Әттеген-ай.

B) Тәйт.

C) Бәрекелді.

D) Пар-пар.

E) Алақай.

14. Дефис қойылатын орынды белгілеңіз.

A) Әуел бастан.

B) Сәске түс.

C) Самал жел.

D) Премьер Министр.

E) Аңқау түлкі.

15. Кейінді ықпалды табыңыз.

A) Бәрібір.

B) Әр күні.

C) Ала кел.

D) Тұрғанбек.

E) Аспалы.

16. Атау септігінде тұрған сөзді табыңыз.

A) Кітаптан оқы.

B) Кітап жатыр.

C) Кітап алдым.

D) Кітапта бар.

E) Кітаптың беті.

17. Сын есімнің асырмалы шырай түрін көрсетіңіз.

A) Көкшілтім.

B) Қалалық.

C) Аса әдемі.

D) Әп-әдемі.

E) Көгірек.

18. Баяндауыш қандай сөз табынан жасалғанын көрсетіңіз.

Нағыз теңіз романтикасы деген осы.

A) Зат есім.

B) Есімдік.

C) Одағай.

D) Етістік.

E) Үстеу.

19. Жалпылауыш сөзі бар сөйлемді табыңыз.

A) Ұлттық ойындар мыналар: “Алтыбақан”, “Тоғызқұмалақ”, “Ақсүйек”.

B) Біз бастаңғы жасап жатырмыз.

C) Күші жағынан арыстандай кісі.

D) Тіл –адам баласын қазіргі өркениетке жеткізген ұлы күш.

E) Жаңа жеккен ат басымен алысады.

20. Жақсыз сөйлемді табыңыз.

A) Күз келді.

B) Бізге көбірек оқу керек.

C) Құлаққа ұрған танадай.

D) Жер жыртқан тракторлар гүрілі алыстан құлаққа шалынады.

E) Мың тоғыз жүз тоқсан бес.

21. Құрмаластардың ішінен қарсылықты бағыныңқы салаласты табыңыз.

A) Бұл менің туған жерім болса да, сырын сізден аз біледі екем.

B) Дәметкенжанды жазып кеткен соң, соның орнына келіп отырмын.

C) Құла қасқа болмағанда, тіпті, жоғалтып ек.

D) Қайыр Мараттың біресе ол жағынан, біресе бұл жағынан шықты.

E) Шай жиналысымен, қонақтарды Мырзаш шақырып әкетті.

22. Қыстырма сөзі бар сөйлемді табыңыз.

A) Мен, шынымды айтайын, қорқудамын.

B) Жаман айтпай, жақсы жоқ.

C) Көктем айларында біресе жаңбыр, біресе қар жауады.

D) Үлкенді сыйлау – асыл қасиет.

E) Тұрмыс құр, балам.

23. Көп құрамды төл сөзді сөйлемді табыңыз:

A) «Ертең күн ашық болады»,- деді көкем.

B) Қартаң әйелдер: «Құдай көңіліңді өсірсін»,-деп ризашылықтарын білдірді.

C) – Бұл вальс қой өзі?- деп Әбіш біраз ойланды да: - Қайдан үйренгенсің?- деді.

D) Сәбит әдейі амандасқалы келгенін айтты.

E) Ол: «Ертең Амандық сабақтан қалмасын»,-деп тапсырма берді.

24. Қос нүкте қойылмайтын орынды көрсетіңіз.

A) Іліктес салалас құрмаласқа.

B) Бірыңғай мүшелердің алдынан келген жалпылауыштан кейін.

C) Жалпылама мәнді зат есімнен кейін.

D) Төл сөздің алдынан келген автор сөзінен кейін.

E) Одағай сөзден кейін.

25. Сөйлемдерден омоним сөздерді табыңыз.

A) Базардан алма сатып алдық. Кітапты алма.

B) Жазғы демалыс жақындады. Демалысқа шықты.

C) Күн бұлттана бастады. Бүгін күн жылы.

D) Көшеде машина көп. Көп жаңалық естідім.

E) Айгүл көршілерімен тату. Көршілер демалуға кетті.

26. Синонимдік қатарды көрсетіңіз.

A) Жалаң аяқ, жалаң қабат.

B) Хабар, хабарла.

C) Аузын буған өгіздей, айқайлау.

D) Үй жабдығы, киіз үй.

E) Ымырт жабылды, көз байланды, кеш түсті.

27. Күшейткіш үстеуі бар сөйлемді табыңыз.

A) Шарасыздан айтқанға келісті.

B) Ауыл реңі мүлдем жүдеу еді.

C) Жаздыгүнгідей емес, ауыл үйлері біріне-бірі әдейі жақын қонған.

D) Аққасқаны Қасен мен Бейсенбай зорға айырып алды.

E) Аққасқа көлденең келіп, Көксеректі құлақ шекеден ала түсті.

28. Сөз тіркесінің байланысу тәсілін белгілеңіз.

Жұқа кітап.

A) Шылау.

B) Дауыс ырғағы.

C) Жалғау.

D) Септік жалғау.

E) Орын тәртібі.

29. Адамда жақсы қасиет болмаса, оған бақ та, бақыт та қонбайды.

Алғашқы үтір неге байланысты қойылған, дұрысын табыңыз.

A) Қимыл - сын бағыныңқылы сабақтас.

B) Түсіндірмелі салалас.

C) Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас.

D) Шартты бағыныңқылы сабақтас.

E) Мезгіл бағыныңқылы сабақтас.

30. Коммуникативтік және экспрессивті эстетикалық сөздер - қай қатарға тән, табыңыз.

A) Биология .

B) Әдеби тіл.

C) Математика.

D) Табиғаттану.

E) Тарих.

ҚАЗАҚ ТІЛІ

ПӘНІНЕН СЫНАҚ БІТТІ

E

C

C

E

D

D

E

A

C

B

D

A

C

D

D

B

C

B

A

B

A

A

C

E

A

E

B

E

D

B

Соседние файлы в папке Казак тили