Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
11
Добавлен:
09.02.2016
Размер:
48.64 Кб
Скачать

І нұсқа

  1. Емлеге сай жазылған сан есімді табыңыз:

А) 25-қазан

В) қырық- елу үй

С) 2009-жыл

Д) ХХI-ші ғасыр

Е) қырық-елуге – тарта адам

  1. Ауыспалы мағынада сөзі бар мақалды көрсетіңіз:

А) Күннің шуағы жылы, ананың құшағы жылы

В) Ерінбеген етікші болар

С) Ес-ақыл қоймасы

Д) Әмірші де анадан туады

Е) Гүл өссе- жердің көркі

  1. Айтылуы бойынша дұрыс берілген сөзді көрсет:

А) Құлан құйрық

В) Құлаң ғұрық

С) Құлан ғұрық

Д) Құлам ғұрық

Е) Құлын ғұрық

4.Тәуелденген сөзді белгіле:

А) Ұшқынсын

В) Өмірі

С) Ұрысты

Д) Білімді

Е) Келмеді

5. Күрделі сан есімнен жасалған баяндауышты табыңыз: А) Осы араға жиналғанымыз-жетеу. В) Жиналысқа келгендері- он-ақ адам С) Жеті жердегі жеті-қырық тоғыз. Д) Оның жасы жиырмада. Е) Оның қасиетті саны – бес.

6.Айқындауыш мүше қатысып тұрған сөйлемді табыңыз: А) Біз, жастар,еңбекте,оқуда алда болуымыз керек. В) Содан бері бір қыс, екі жаз өтті. С) Осы кезде Айқыз ірілеу бір тасқа келіп, жармасып жатыр еді. Д) Мүйізінен шап беріп ұстады да, сол қалпы қатты да қалды. Е) Ұжым тамаша табыстарға жетіп келеді.

7.Жалпылауыш сөздердің анықтамасы қайсы? А) Бірыңғай мүшелерден бөлініп айтылады, жеке сөйлем мүшесі болады. В) Бірыңғай мүшелердің мағынасын нақтылап тұр. С) Сөйлем мүшесіне талданбайтын сөйлем. Д) Бірыңғай мүшелерден тыс жүретін сөздер. Е) Бірыңғай мүшелермен қызметтес болып,оған жинақтау мағынасын қосатын сөздер.

8. Қай салалас сөйлем екенін табыңыз:

Менің артымнан тағы бір қыз туады, әке –шешем атын Балтуған қояды.

А) Ыңғайлас В) Қарсылықты С) Себеп-салдар Д) Түсіндірмелі Е) Талғаулы

9.Талғаулы салаласты табыңыз: А) Оның үсті-басын тінтіп шықты,-кәмпит атаулыдан ештеңе жоқ. В) Мұнда ертерек кел, немесе ініңді жібер. С) Ат аспанға екі аяғын көтерді, енді бірде екі құлағын түріп тұра қалды. Д) Жол ұзақ, сол үшін жатып демалуымыз керек. Е) Жаз жаңбырлы болып, егінге құрт түсті.

10. Қатыстық сын есімге қайсысы жатпайды?

А) денелі жігіт

В) жабық есік

С) жапырақты аула

Д) ұзын айна

Е) Қойлы ауыл

11 Жалпыға ортақ , бірізділік талабына тән қатарды белгілеңіз.

А) Радио тілі

В) Ауызекі тіл

С) Халықтық тіл

Д) Әдеби тіл

Е) Газет-журнал тілі

12. Деректі зат есімдер қай қатарда?

А) қой, сиыр ешкі

В) әуен, махаббат

С) көңілді, қапалы

Д) жаман, жақсы

Е) өмір, көмір

13. Мекен пысықтауыш тап:

А) Сыпайыны үйде сынама, түзде сына

В) Бүгін тату, ертең сату

С) Түстік өмірің болса, кештік мал жина

Д) Қорыққан бұрын жұдырықтар

Е) Еңбек ер атандырар

14. Интонация арқылы байланысқан сөздерді белгілеңіз:

А) Сәбит-жазушы. В) Алым-салық жинады. С) Төрт-бес ат. Д) Аман-есен жету.

Е) Үлкендер үйге оралды

15. Сөздердің байланысу тәсілінің қанша түрі барын белгілеңіз:

А) 4 В) 3 С) 2 Д) 5 Е) 6

16. Сөз тіркесі білдіретін синтаксистік қатынастар нешеу? А) 4 В) 3 С) 2 Д) 5 Е) 6

17. Толықтауыштық қатынастың байланысу түрлері: А) Меңгеру В) Матасу,қабысу С) Жанасу,матасу Д) меңгеру,қабысу Е) меңгеру жанасу

18. Есімді сөз тіркесін көрсетіңіз: А) Біліміне таңғалды. В) Әнді тыңдады. С) Кеше келді. Д) Ақылды қыз. Е) Көп ойланды.

19. Туынды сын есімді көрсетіңіз:

А) Биік.

В)Таза.

С) Өнерлі.

Д) Қара.

Е) Көкшіл.

20. Есептік сан есімді көрсетіңіз:

А) Отыз бес шамалы.

В) Отыз бес-отыз бестен.

С) Отыз бес бүтін.

Д) Отыз бесінші.

Е) Отыз бес.

21. Қыстырма сөзді табыңыз: А) Өзің бір қызық жан екенсің. В) Жолдас командир,жолдас комиссар. С) Алдымнан жақсы кездестің-ау,шырағым. Д) Ата,немереңіз келді. Е) Қорыта келгенде, баяндама толық жасалған.

22. Бірыңғай мүшелердің анықтамасын табыңыз: А) Дыбысталуы бірдей сөйлем мүшелері. В) Тұлғасы әр түрлі сөйлем мүшелері. С) Синтаксистік қызметі бірдей, тұлғалас сөйлем мүшелері. Д) Әр түрлі сұраққа жауап беретін сөйлем мүшелері. Е) Әр сөз табына жататын сөйлем мүшелері.

23. Тыныс белгісі дұрыс қойылған қаратпа сөзді табыңыз:

А) Сірә,бүгін күн суытар? В) Ауа райы қандай тамаша? С) Тыңда, дала, Жамбылды. Д) Күмбірлеген домбыра дауысы естілді. Е) Жолдастар тынышталыңыздар.

24. Кіріккен сөзді анықтаңыз

А) Тасбақа

В) Көкжиек С) Сөйтіп Д) Бекзат

Е) Айдана

25. Көсемшенің жұрнағын тап: А) -мақ,-мек,-бақ,-бек,-пақ,-пек В) -малы,-мелі,-балы,-белі,-палы,-пелі С) -у Д) -ғалы,-гелі,-қалы,-келі

Е) –ар. –ер -р

Жауаптары:

1.В

2.С

3.В

4.В

5. С

6. А

7. Е

8. А

9. А

10. Д

11. Д

12. А

13. А

14. А

15. А

16. В

17. А

18. Д

19. С

20. Е

21. Е

22. Е

23. Е

24. С

25. Д

Соседние файлы в папке ЕНТ каз тили-1